Әлеуметтік сақтандыру – бұл екі мағынада түсіндіріледі:
1. әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі; экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны;
2. азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.
Әлеуметтік сақтандырудың ерекшелігі – жұмыс берушілердің және мемлекеттің қолдауымен жұмыскерлердің мақсатты жарналарынан құралатын мамандандырылған қорлардан қаржыландыру, яғни әлеуметтік сақтандыру кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың міндетті жарналарынан құралатын ерекше қорлардың есебінен жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі мынадай негізгі элементтерді қамтиды:
· мемлекеттік көмек берудің дәстүрлі нысаны (әлеуметтік көмек);
· әлеуметтік жеңілдіктерді қоса халықтың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жиынтығы;
Әлеуметтік сақтандырудың екі нысаны бар, олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру және ерікті әлеуметтік сақтандыру. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бюджеттен тыс мақсатты (мемлекеттік немесе қоғамдық) қорлар арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің бір түрі.
Бұл қорлардың тапшылығы жағдайында мемлекет оларға мемлекеттік бюджет қаражатынан көмек көрсетеді. Сөйтіп, ол осы қорлардың қаржылық орнықтылығының және міндетті Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасының іске асырылуының кепілі болып табылады.
Екі түрі бар, олар: міндетті жалпы сақтандыру және міндетті кәсіптік сақтандыру. Міндетті жалпы сақтандыру еңбек шартымен немесе келісімшартпен жұмыс істейтін барлық тұлғаларға қолданылады. Міндеті кәсіптік сақтандыру жарақаттану қауіпі жоғары, ерекше қауіпті және еңбек етуге жағдай қолайсыз жұмыстарда істейтін тұлғаларға қолданылады. Ерікті әлеуметтік сақтандыру мемлекеттің (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыруды қолдауы жоқ болғанда ұжымдық ынтымақ және өзара көмек қағидаты негізінде құрылады. Адам және бүкіл қоғам үшін барынша мәнді қажеттіліктерді қанағаттандырудың мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктері халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізі болып табылады.
Әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілеттігін уақытша немесе үнемі жоғалтқан азаматтар үшін сақтық әдісін қолданумен қорды қалыптастыруға және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды білдіреді. Бұл ретте жұмыс істеген немесе уақытша ауру себепті жұмыс істемейтін азаматтардың контингенттерін ойға алу; сөйтіп, әлеуметтік сақтандырудың маңызды ерекшелігі сол, оның бүгінгі немесе бұрынғы жұмыскерлердің еңбек қызметімен тікелей байланысты болып табылатындығы.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап айтқанда, оның құрамды бөліктері бірінің - жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен - еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттьің іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.
1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін күнкөрістің ең төменгі денгейін сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
3) зейнетақы жинақақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
4) зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
8) қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
9) зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру - зейнетақылық келісімшартқа сәйкес жұмыскерлердің және (немесе) олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақы қалыптастыру арқылы және мамандандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақылар төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары қолданылады.
Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады.
1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.
Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді. Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.
2. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.
Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.
3. Резервтерді қалыптастыру - әлеуметтік сақтандыруды қаржыландыру әдісі.
Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың екі негізгі әдісі қалыптасқан. Ынтымақтастық қаржыландыру («pay-as-you-go» немесе «бірден төле» деген мағынаны білдіреді) - бұл жүйеге төленетін ағымдағы жарналар ағымдағы жәрдемақыны төлеу үшін пайдаланылатын қаржыландыру әдісі.
Резервтік әдіс - бұл ағымдағы жарналардан активтер қалыптастыру үшін қолданылатын қаржыландыру әдісі, бұдан болашақта алушыларға әлеуметтік төлемдер төленеді. Бұл әдістің ерекше сипаттрына жарналардың тұрақты деңгейін, жүйенің қаржылық тұрақтылығының бұзылу тәуекелділіктерін уақытында бағалау мүмкіндігін жатқызуға болады. Халықаралық тәжірибелерге жасалған талдауларды ескере отырып, Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландырудың моделін жасағанда басымдық резервтік әдіске беріледі.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің тәжірибесінде бұл әдіс былайша жүзеге асырылады: еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу бойынша Қордың алушылардың алдындағы міндеттемесі ұзақ мерзімді сипатта болады. Мысалы, еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер алушы зейнеттік жасқа толғанша төленуі мүмкін; өз кезегінде асыраушысынан айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер асырауында болған балалар кәмелеттік жасқа толғанша төленеді, не олар оқу орындарының күндізгі бөлімінде (колледждерде, ЖОО-ларда) оқуларын жалғастырған жағдайда сол оқу орнын бітіргенше төленеді.
4. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің тағы бір ерекшелігі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары арасындағы қызметтерді бөлу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қордың қызметіне бақылау және қадағалау жұмыстары бекітілген.
Қорға - әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтік төлемдерді қаржыландыруға Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (ЗТМО) өтінішін уақытында орындау, әлеуметтік аударымдарға, әлеуметтік төлемдерге мониторинг, Ұлттық банк арқылы инвестициялық қызмет бекітілген.
Қазақстан Республикасында әлеметтік аударымдардың уақтылы және толық төленуін бақылау қызметтері Қаржы министрлігінің салық органдарына жүктелген.
Қордың активтерін сенімді басқару оларды қаржылық құралдарға инвестициялау жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Қордың және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық қатысушыларының арасында Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік қорғапу деңгейін арттыру және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық мушелерімен бірігіп жүйені жетілдірудің жаңа міндеттері тұр.
Қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуін бақылауды стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы және уәкілетті орган жүзеге асырады.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационар жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына 1-қосымша
Жеке басын куәландыратын құжаттың № ___ ________ _____ ж. берді
Тіркелген жері ________________________________________________
Тұратын жері __________________________________________________
Туған жері ____________________________________________________
Туған күні "___"______________ _________ жыл
Жәрдемақының түрі мен мөлшері _________________________________
Мүгедектік санаты _____________________________________________
Туыстары (заңды өкілдері) _____________________________________
_______________________________________________________________
(туыстық қатынасы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын
мекенжайы, байланыс тел.)
ТІНІШ
______________________________________________________
(қызмет алушының Т.А.Ә.)
стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге
мұқтаж болғандықтан, __________________________________________
медициналық-әлеуметтік мекемеге тұрақты/уақытша (керегін сызу)
тәулік бойы тұруға қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1)________________________ 2)_________________________
3)________________________ 4)_________________________
5)________________________ 6)_________________________
6)________________________ 8)_________________________
9)________________________ 10)________________________
Медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылдаудың, онда ұстаудың,
одан ауыстырудың және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп
ережелерімен таныстым.
20___жылғы "___" ___________ _________________________________
(Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)
Құжаттарды қабылдаған _________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
20___жылғы "___" ___________
Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационар жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына 2-қосымша
МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
____________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні «___» _____________ __________жыл
Үйінің мекенжайы ____________________________________________________
Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды, азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа) ______
_____
Медициналық тексеру:
(негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)
хирург ______________________________________________________________
_____
невропатолог ________________________________________________________
_____
психиатр ____________________________________________________________
_____
окулист _____________________________________________________________
_____
отоларинголог _______________________________________________________
_____
дерматовенеролог ____________________________________________________
_____
фтизиатр ____________________________________________________________
_____
терапевт/педиатр ____________________________________________________
_____
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________
_____
Көрсеткіштер бойынша:
стоматолог __________________________________________________________
эндокринолог ________________________________________________________
кардиолог ___________________________________________________________
ортопед _____________________________________________________________
нарколог ____________________________________________________________
онколог _____________________________________________________________
гинеколог ___________________________________________________________
зертханалық зерттеулердің нәтижелері:
қанның жалпы анализі ________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
қандағы RW анализі __________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
қандағы АИТВ анализі ________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
зәрдің жалпы анализі ________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
балапан ішек құрты анализі __________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
ішек тобының анализі ________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
Қорытынды ___________________________________________________________
_____
(стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсеткіштер бар ма)
М.О.
Медициналық ұйымның басшысы: ________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
20___ жылғы «___» _________________
Халықты әлеуметтік қорғау
саласында стационар жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына 3-қосымша
Қызмет алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы (мониторингі) бойынша журналдың/электрондық картотеканың нысаны
Қызмет алушының Т.А.Ә. ______________________________________________
Туған күні «___» _______________ _________ж.
Диагнозы ____________________________________________________________
_____ ________ бастап _____ _______ қоса алғандағы кезеңге әзірленген жеке жұмыс жоспарына мониторинг
Қызмет алушыны қадағалау кезеңі:___ _____ бастап __ ____ қоса алғанда
№ | Қызмет алушының жай-күйі туралы белгі, оның ішінде | Жеке жұмыс жоспарын түзету туралы шешім (қызмет көрсетудің қандай түрі қайта қаралуға тиіс екенін көрсету) | Мониторинг жүргізу күні | Мониторингті жүзеге асырған маманның Т.А.Ә. және қолы | |
оң өзгерістер бар (сипаттап беру)* | өзгерістер жоқ немесе нашарлады (себебін көрсету) | ||||
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман ________ ___________________________
(қолы) (Т.Ә.А., күні)
Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
ТІНІШ
_____ жылы «___»__________ туған, ___________________________________
мекенжайы бойынша тұратын ___________________________________________
(Т.А.Ә.)
жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж болғандықтан _________________________________________________
(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)
күндіз болуға қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1) _______________________ 2) _______________________
3) _______________________ 4) _______________________
5) _______________________ 6) _______________________
6) _______________________ 8) _______________________
9) _______________________ 10) ______________________
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдаудың, онда болудың, одан шығарып тастау және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстым.
20 ___ жылғы «___»_________ _________________________________________
(Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)
Құжаттарды қабылдаған _______________________ 20 __ жылғы «___»______
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы жартылай стационарлық
жағдайда арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
_____________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні «____»_________ _____ жыл
Үйінің мекенжайы ____________________________________________________
Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды, азық-түлікті көтере алмаушылық және сол сияқты)
_____
_____
Медициналық тексеру:
(негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)
хирург ______________________________________________________________
_____
невропатолог ________________________________________________________
_____
психиатр ____________________________________________________________
_____
окулист _____________________________________________________________
_____
отоларинголог _______________________________________________________
_____
дерматовенеролог ____________________________________________________
_____
фтизиатр ____________________________________________________________
_____
терапевт/педиатр ____________________________________________________
_____
_____
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________
Көрсетілімдер бойынша:
эндокринолог ________________________________________________________
кардиолог ___________________________________________________________
ортопед _____________________________________________________________
нарколог ____________________________________________________________
онколог _____________________________________________________________
гинеколог ___________________________________________________________
зертханалық зерттеулердің нәтижелері:
қандағы RW анализі __________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
қандағы АИТВ анализі ________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
жалпы зәр анализі ___________________________________________________
(мерзімі, нәтижесі)
балапан ішек құрты анализі (балалар үшін) ___________________________
(мерзімі,нәтижесі)
_____
ішек аурулар тобының анализі ________________________________________
(мерзімі,нәтижесі)
Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы: _____
_____ (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болу үшін медициналық қарсы
көрсетілімдер бар ма)
М.О.
Медициналық ұйымның басшысы: __________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
20___ жылғы «___»___________