Жоспар
I. Кіріспе
II. Мекеме жайлы мағлұмат
2.1 Мекемедегі қауіпсіздік шаралары
III. Теориялық бөлім
3.1 Әлеуметтік жұмыстың негізгі технологиясы
3.2 Тұтынушылардың түрлі топтарына тәжірибе қолданудың ерекшелігі, типологиясы
3.3 Әлеуметтік қызмет бойынша мамандар
3.4 Әлеуметтік қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар
IV. Практикалық бөлім
V. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
VII. Қосымша
Кіріспе
Мен, Бозтаева Назерке Серғазықызы 1998 жылы Өскемен қ. дүниеге келгенмін, 2014 жылы Өскемен қаласының №45 бейімделген орта мектебінің 9 сыныбын бітірдім. 2014 жылы Қазақстан-Американдық Еркін Университетінің колледжіне "Әлеуметтік жұмыс" мамандығына түстім.
Мен, Бозтаева Назерке қыркүйек айының 5 күні мен қазан айының 15 күні аралығында «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде іс-тәжірбиеден өттім. Мекеме тарапынан тағайындалған тәжірибе жетекшісі Абилмажинова Гулназ Казезбековна болды. Тәжірибе өткен кездердің алғашқы күндерінде мен Департаментпен, оның ішкі тәртібімен, жұмыс уақытымен және қауіпсіздік ережесімен таныстым. Және де егерде өрт, су тасқыны немесе жер сілкінісі болып жатқан жағдайда қандай амал-шаралар қолдану немесе қайда хабарласу керек екенін айтып, осы мекеменің сызба нұсқасымен және Департаменттің мекен-жайымен таныстырды.Сонымен қатар мені жұмыс режимімімен таныстырды. Департаментте барлығы 51 мемелкеттік қызметкер және 21 штаттан тыс қызметкер жұмыс атқарады. Департаменттің жұмыс уақыты дүйсенбіден жұмаға дейін жалғасады. Жұмыс 9:00 ден басталып кешкі 18.00 ге дейін жалғасады, ал түскі үзіліс 13.00 ден 14.00 аралығында бір сағатты құрайды. Осы күндері мені сол мекемеде қызмет атқарып жүрген қызметкерлермен және осы мекемедегі бөлімдермен таныстырды.
II. Мекеме жайлы мағлұмат
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2001 жылғы 1 наурызда құрылған. Департамент басшысы – Сәтеков Болат Кәлімұлы.
Департаменттің атауы: «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Департаменттің негізгі міндеттері әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және арнайы әлеуметтік қызметтер саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Департаменттің жетістіктері: Облыс әкімшілгімен ұйымдастырылған «Туған ел-алтын бесігім» акциясына қатысып, «Саханадағы халықтық мекеме» номинациясы бойынша марапатталды.
Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері Шығыс Қазақстан обылысының мемлекетік қызметкерлері арасындағы спартакиадаға қатысып, жүлделі орындарды еншіледі.
Департаменттің жалпы ережелері:
- Басқа осы салада жұмыс істейтін фирмалар мен агенстволармен қарым – қатынасқа түспеу.
- Клиенетпен жұмыс кезінде қызметтік этиканы қатаң ұстану.
- Клиентпен жұмыс кезінде клиент талаптарын барынша қанағаттандыру.
- Клиентпен жұмыс кезінде клиентпен персонал арасында тек қызметтік серіктестік орнату.
- Клиентпен жұмыс кезінде клиенттің жағдайын өз жеке бас мәселесін шешу үшін пайдаланбау.
- Клиентпен жұмыс кезінде клиенттің өзін - өзі барынша ыңғайлы сезіну үшін жағдай жасау.
- Клиентпен жұмыс кезінде клиентпен барынша адал болу.
- Клиентпен жұмыс кезінде клиенттің эмоционалдық күйіне қарамастан клиентпен барынша сыпайы болу.
- Клиентпен жұмыс кезінде клиенттің әрбір өтініші әдептен аспайтындай жағдайда мумкіндігінше жүзеге асыру.
Мекемедегі қауіпсіздік шаралары
Өрт кезіндегі әрекеттер туралы ереже
Айғай-шу шығармау! Егер сабыр сақтап және ақылмен әрекет етсең қауыптен тез арыласың. Есіңізде болсын!!! Сіздің құтқарылуыңыз «101» қызметінен басталады!
1. Өрттің пайда болғаны туралы «101» телефоны арқылы, мекен-жайды, қабатты, өрттің тұтанған жерін нақты көрсете отырып, өрт күзетшілеріне тез арада хабарлау.
2. Рубильникті сөндіру арқылы электр желістерін тоқтату.
3. Вентиляцияны сөндіріп, ауа кіргізбеу үшін шамаңызға қарай есіктерді және терезелерді жабу.
4. Мекеменің кіреберісінде өрт қызметкерлерін қарсы алуды қамтамасыз ету.
5. Тұтанған өртті сөндіру үшін күшіңізбен шаралар қолдану, жеке басыңыздың қауіпсіздігін сақтай отырып, жарақат алғандарды және мүлікті құтқару.
6. 5-ші тармақты орындай алмасаңыз, эвакуация жолдары арқылы бөлмеден тез арада шығыңыз.
7. Түтін күшейе түссе, мұрыныңызды және аузыңызды дымқыл шүберекпен жауып, түтін бөлменің жоғарғы бөлігінде жиналатындықтан, еденге жақынырақ күйде бөлмеден шығуды қарастырыңыз.
Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ереже
1. Мекемені тазалықта ұстау. Тез жанғыш заттарды сақтамау. Эвакуациялық жолдарға кедергілер келтірмеу.
2. Технологиялық процесстер өткізу, құрал-жабдықтармен эксплуатация жүргізу және өндірісте өрттік қауіптік жұмыстар атқару кезінде, жауапты тұлғалар өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
3. Шылымды арнайы орындарда шегу. Отпен жұмыстар атқару 9-ӨБ рұқсаты болуы тиіс.
4. Арнайы киімдерді уақытында тазалыққа өткізу және оны жекебас сөрелерде сақтау.
5. Жауапты адамдар өрт немесе жарылыс болдырмау үшін КИП көрсеткіштеріне көңіл бөліп отыру.
6. Өрт жағдайларында өрт кезіндегі әрекеттер туралы ережеге сәйкес әрекет ету.