Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ылмыстық құқық ТЕСТЛЕР (Қарағанды) 1 Нұсқа

 

1. Жай адам өлтірудің кеңінен таралған түрі (ҚР ҚК 99 б.):

- адамдар тобының өлтіруі

- бiрнеше рет кісі өлтіруі

+ ұрыс пен төбелес кезінде кісі өлтіруі

- қанды кек себебі бойынша кісі өлтіруі

- аса қатігездікпен кісі өлтіруі

 

2. Жеке адамға қарсы қылмыстарына жатпайды:

- кісі өлтіру

- қорқыту

- азаптау

+ мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің өміріне қол сұғу

- адамды ұрлау

 

3. Басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiрудің субъектісі болып табылады:

- 24 жасқа толған есi дұрыс жеке адам

- есi дұрыс 18 жасқа толған жеке адам

+ есi дұрыс 14 жасқа толған жеке адам

- есi дұрыс 12 жасқа толған жеке адам

- есi дұрыс 20 жасқа толған жеке адам

 

4. 2007 жылғы 11 мамырдағы ҚР ЖС нормативтiк қаулысына сәйкес ҚК 99-бабы 2 б. 3 т) тармағы бойынша дәрменсiз жағдайға не жатады:

+ жас балалар, қартайған және ауыр науқас адамдар, сондай-ақ психикалық ауытқудан зардап шегушi адамдар жатқызылуы мүмкiн.

- адамды ұрып соғып, сосын өлтіру

- аса қатыгездікпен адамды өлтірсе

- жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тiнiн пайдалану мақсатымен өлтірсе

- жүктi екендiгi айыпкерге белгiлi әйелдi, көптеген адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған

 

5. ҚР ҚК 99-бабының құрамы құрылысына байланысты:

- формальды құрам

+ материалды құрам

- формальды-материалды құрам

- келте құрам

- жай құрам

 

6. «Зорлау» (ҚР ҚК 120-б. 1-б.) деп түсініледі:

+ жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп, не жәбiрленушiнiң дәрменсiз күйiн пайдаланып жыныстық қатынас жасау

- жәбiрленушiнiң еркімен табиғи түрде жыныстық қатынас жасау

- жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбiрленушiнiң дәрменсiз күйiн пайдаланып табиғи емес жыныстық қатынас жасау

- күш қолданбау арқылы жыныстық қатынас жасау

- психикалық және күш қолданбау арқылы жыныстық қатынас жасау

 

7. «Науқасқа көмек көрсетпеудің» (ҚР ҚК 320-б. 1-б.) объективтік белгілері:

+ науқасқа көмек көрсетуге міндетті адамның дәлілсіз себептермен көмек көрсетпеуі

- егер бұл жәбірленушінің өліміне әкеп соқса

- егер бұл ауыр зардаптарға әкеп соқса

- ҚР заңына сәйкес немесе арнайы көмек көрсетуге мiндеттi адамның әрекеті

- егер бұл қасақана науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса

 

8. Төмендегілердің қайсысы формальды құрамды қылмыс болып танылады:

+ бас бостандығынан заңсыз айыру, зорлау

- алаяқтық

- тонау

- ұрлық

- сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету

 

9. Абайсызда қазаға ұшырату ауырлататын мән-жайлар кезінде жасалуы мүмкін бе (ҚК 104б.):

- иә, егер ол бұзақылық ниетімен жасалса

- жоқ

+ иә, екi немесе одан көп адамды өлтiру

- иә, егер бұрын сотталған болса

- иә, пайда табу мақсатымен жасалса

 

10. Аффект жағдайында болған адам өлтiрудің сараланған түрі келесідей мән-жайлар кезiнде жасалса орын алады (ҚР ҚК 101 б. 2 б.):

+ ҚР ҚК 101 б. 1 бөлiгiнде аталған мән-жайлар кезiнде жасалған екi немесе одан да көп адамды өлтiру

- әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк өшпендiлiк себебi бойынша

- аса қатыгездiкпен жасалған

- көптеген адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған

- пайда табу мақсатымен

 

11. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзудің (ҚР ҚК 105-бабы) объектісі:

- азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар

- адамның физикалық қол сұғылмаушылық құқығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар

- адамның денсаулығы

+ адам мен азаматтардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар

- адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетi

 

12. 2007 жылғы 11 мамырдағы ҚР ЖС нормативтiк қаулысына сәйкес екі немесе одан да көп адамдарды өлтірген жағдайға не жатады:

- бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған жағдайда, екi және одан да көп әрекеттердi жасаған кездер

+ кiнәлiнiң бiр мезгiлде бiрнеше адамға қаза келтiру ниетi негiз болып табылады.

- бiр адамды өлтiру және басқа адамды өлтiруге оқталғандық жасау

- дұрыс жауабы жоқ

- түрлі ниетпен бiр адамды өлтiру және басқа адамды өлтiруге дайындық жасау

 

13. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзудің (ҚР ҚК 105-бабы) әдістері:

- заңға қайшы негіздермен жұмысынан шығару

+ адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы

- ұрып-соғу

- азаптау

- қызығушылықпен қарау

 

14. Өмірге қол сұғушылыққа жатпайды:

- кісі өлтіру

- жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі

- өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу

+ денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

- абайсызда кісі өлтіру

 

15. Келтірілген зиянды ауыр деп санауға негіз беретін негізгі белгілерінің бірі болып табылады:

+ денсаулығының ұзаққа бұзылуы

- жалпы еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан

- түсiк тастауы

- денсаулығының қысқа мерзімдей бұзылуы

- жарақаттар мен гематомалар

 

16. Зорлау аяқталды деп саналады (ҚР ҚК 120-бабы):

- белгілі бір зардаптың келуі

- жыныстық құмарлықты қандырғаннан кейін

+ жыныстық қатынастың басталуынан бастап

- соққыға жығу, жәбірленушіні шешіндіру

- ниеттің анықталуы

 

17. 2007 жылғы 11 мамырдағы ҚР ЖС нормативтiк қаулысына сәйкес ҚК 120-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген өзге ауыр зардаптар деп нені түсіну керек:

+ қылмысты жасаудың нәтижесiнде жүктi болуды немесе жүктiлiктiң үзiлуiн, жәбiрленушiнiң өзiн-өзi өлтiруiн, психикалық ауру және тағыда басқалардың орын алуын түсiну керек

- масқаралайтын мәліметтерді жариялау

- мүлікті құртамын деп қорқыту және оны құртуды түсіну керек

- зорлау барысында жәбірленушінің киімдерінің жыртылуы немесе өзінде болған құнды заттардың жарамсыздануын түсіну керек

- өзін масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп қорқытуды түсіну керек

 

18. Адамды ұрлаудың (125-бабы) тікелей негізгі объектісі болып табылады:

+ адамның физикалық жеке бостандығы

- адамның қауіпсіздігі

- адамның денсаулығы

- меншік қатынастары

- адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетi

 

19. 2007 жылғы 11 мамырдағы ҚР ЖС нормативтiк қаулысына сәйкес аса қатыгездікпен адамдарды өлтірген жағдайға не жатады:

- атыс қарумен жүрегіне атып өлтіру

+ жәбiрленушiнi өлер алдында ұрып-соғу немесе жарақаттардың көп болуы, ұзақ уақыт бойы азаптау және т.б. өлтіру

- пышақпен тамырын кесіп өлтіру

- басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалса

- дәрменсiз жағдайда екендiгi айыпкерге белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен ұштасса

 

20. Кісі өлтіру құрылысына байланысты:

- формальды

+ материалды

- келте

- тек қана формальды

- женілдететін

 

21. Пайда табу мақсатымен кісі өлтіру қандай түріне жатады:

- жай

+ сараланған

- артықшылығы бар

- негізгі

- келте

 

22. Жаңа туған баланы өлтірудің (ҚР ҚК 100-бабы) субъектісі болып табылады:

- жұбайы

- жақын туыстары

- жаңа туған сәбидің апасы

- кез келген адам

+ тек қана жаңа туған сәбидің анасы

 

23. Аффект жағдайында жасалған адам өлтiру (ҚР ҚК 101-бабы) субъективтік жағынан қалай жасалады:

+ қасақана

- тікелей қасақаналық

- жанама қасақаналық

- абайсызда

- немқұрайдылықпен

 

24. ҚР ҚК 117 бабындағы соз ауруын жұқтырғаны үшін қылмыстық жауаптылық болуы мүмкін:

+ өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адам

- өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлуге мүмкін емес адам

- тек қана өзiнде соз ауруы жоқ екендiгiн бiлетін адам

- өзiнде соз ауруы бар екендiгiн ұғынады, зардаптардың болуын тiлемесе де, бұған саналы түрде жол беретін адам

- өзінде соз ауруы бар екендігі туралы ескертілген адам

 

25. Қауiптi жағдайда қалдыру (ҚК 119-бабы) жауатылыққа әкеп соғуы мүмкін, егер:

- ерге жәбірленуші дәрменсіз жағдайда болса

- ол адамға адамгершілік көмек жасауға мiндеттi болса

- ол адамға құқықтық көмек жасауға мiндеттi болса

+ол адамға құқықтық көмек жасауға мiндеттi болса және ол адамға көмек көрсету мүмкiндiгi болған

- зардаптың келуі

 

26. ҚР ҚК 106-бабының 2 б. қандай белгілері кінәні ауырлататын жағдайларға жатпайды:

- аса қатыгездік

- бірнеше рет

- көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты

- бұзазылық ниетімен

+ қызғаншақтықпен

 

27. Адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кінәнің қандай нысанымен жасалады:

- тікелей қасақаналық

- абайсыздықта

+ кінәнің екі нысанымен

- жанама қасақаналық

- менмендікпен

 

28. Жала жабу (ҚР ҚК 130-бабы) объективті жағынан:

+ басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату

- басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн түсiру

- жеке сипаттағы мәліметерді тарату

- басқа адамның қылмыс жасағандығын хабарлау

- БАҚ арқылы көрiнеу жалған мәлiметтер тарату

 

29. Жала жабудың заты болып табылады:

- жалған мәліметтер

- нұқсан келтiретiн мәліметтер

- шындыққа жанасатын мәліметтер

+ жалған және нұқсан келтiретiн мәлiметтер

- интимді сипаттағы мәліметтер

 

30. Қорлау (ҚР ҚК 131-бабы):

- басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсіз түрде кемсіту

- жеке сипаттағы мәліметерді тарату

+ басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту

- жәбірленушінің және оның жақын туыстарының ар-намысы мен қадiр-қасиетiн түсiру

- жәбірленушінің қызметтік жағдайына байланысты ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту

 

31. ҚК 132-бабы - кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартудың субъектісі:

- жеке тұлға, 14 жас

- жеке тұлға, 16 жас

+ жеке тұлға, 18 жас

- жеке тұлға, 15 жас

- жеке тұлға, 17 жас

 

32. «кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартудың» (ҚР ҚК 132-б.) субъектісі болуы мүмкін:

- сатушы, ата-аналары, заңды өкілі

- 15 жасқа толған адам

+ ата-анасы, педагог, не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адамдар, 18 жасқа толған адам

- 16 жасқа толған адам

- ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне заңмен жүктелмеген өзге адамдар

 

33. ҚР ҚК-нің 132-бабының ниеті:

- пайдакүнемдік

- өш алу

- тәуелділік

+ кез келген ниет

- қызғаныштық

 

34. «Кәмелетке толмағандарды саудасы» (ҚР ҚК 135-б.) субъектісі болуы мүмкін:

- 13 жастағы сатушы

- 13 жастағы сатып алушы

- 18 жасқа толмаған адам

+ балалар үйінің қызметкерлері немесе асыраушы және қараушы органдар

- кәмелетке толмаған адам

 

35. «Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару» (ҚР ҚК 139-б.) – бұл:

- ата-ананың сот шешiмi бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты 18 жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден төрт айдан астам әдейi жалтаруы

- ата-ананың сот шешiмi бойынша кәмелетке толмаған балаларын төлеуден әдейi жалтаруы

- ата-ананың сот шешiмi бойынша 18 жасқа толған балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден жалтаруы

- ата-ененің сот шешiмi бойынша кәмелетке толмаған балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш күннен астам әдейi жалтаруы

+ ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты 18 жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы

 

36. «Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудың» (ҚР ҚК 133-б.) объективтік белгілері:

+ кәмелетке толмаған адамды есеңгiрететiн заттарды пайдалануға не уытқұмарлыққа не спирттік ішімдіктерді бірнеше рет пайдалануға не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту

- ересек адамның қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тартуды ұсынудың аяқталған сәтінен бастап

- кәмелетке толмағанды жезөкшелiкпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту

- кәмелетке толмағанның қылмыс жасаған сәті

- кәмелетке толған адамды уытқұмарлыққа не спирттiк iшiмдiктердi ұдайы тұтынуға тарту

 

37. «Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеудің» (ҚР ҚК 151-б.) субъектісі кім болып табылады:

+ сайлау комиссиясының, немесе референдум жүргiзу жөнiндегi комиссияның мүшесi

- 20 жасқа толған барлық адамдар

- 18 жасқа толған барлық адамдар

- 21 жасқа толған барлық адамдар

- 16 жасқа толған барлық адамдар

 

38. Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтарудың» (ҚР ҚК 139-б.) субъектісі:

- кәмелетке толған балалар

- ата-аналары

+ ҚР ҚК-нің 139-бабының 1 б. ата-анасы, ҚР ҚК-нің 140-бабының 2 б. ер жеткен балалары

- еңбекке жарамсыз ата-аналары

- кәмелетке толмаған балалар

 

39. ҚР ҚК-нің 133-бабы кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудың ұғымы:

- қылмыстық қызмет

- бұзақылық

+ кәмелетке толмаған адамды есеңгiрететiн заттарды пайдалануға не уытқұмарлыққа не спирттік ішімдіктерді бірнеше рет пайдалануға не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту

- есірткіге ұқсас заттарды қолдануы

- қаңғыбастықпен айналасуы

 

40. Қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартуда (ҚР ҚК-нің 133-бабы) ауырлататын мән-жайлардағы субъектілері:

- есі дұрыс, жеке тұлға, 16 жас

- ІІО-ның қызметкері

- кәмелетке толмағандардың жақын туыстары

+ кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттері жүктелген адам, ата-анасы, педагог

- өзге де адам

 

41. Кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекетке тартудың субъектісі (ҚК 133-бабы):

- жеке тұлға, 14 жас

+ жеке тұлға, 18 жас

- жеке тұлға, 19 жас

- ерекше қауіпті баукеспе

- жеке тұлға, 16 жас

 

42. Кәмелетке толмағандарды қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудың аяқталуы:

- жас балалардың қылмыс жасаған сәтінен

+кәмелетке толмағанның қоғамға жат әрекеттер жасау туралы ниеті пайда болған кезде

- қорқыту қолданғаннан

- зорлық қолданғаннан

- дұрыс жауабы жоқ

 

43. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегі мiндеттердi орындамағаны үшін қандай жағдайда қылмыстық жауапкершілік басталады (ҚР ҚК-нің 140-бабы):

- ауыр зардап болғанда

- әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін

- қамқоршылық-қорғаншы органдарының қорытындысының болуы

+ кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу міндеттерін дәлелсіз себептермен орындамауы немесе тиісінше орындамауы

- дұрыс жауабы жоқ

 

44. «Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеудің» (ҚР ҚК 151-б.) субъектісі кім болып табылады:

+ сайлау комиссиясының, немесе референдум жүргiзу жөнiндегi комиссияның мүшесi

- 20 жасқа толған барлық адамдар

- 18 жасқа толған барлық адамдар

- 21 жасқа толған барлық адамдар

- 16 жасқа толған барлық адамдар

 

45. «Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және ҚР дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу» (ҚР ҚК 147-б.) - деп танылады:

+ адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмірі туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе

- егер осы әрекеттер ірі зиян келтiрсе

- жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiмен жинау немесе тарату

- егер осы әрекеттер жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрсе

- оның жеке немесе отбасы құпиясын құрамайтын мәлiметтер

 

46. «Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзудың» ауырлататын мән жәй (ҚР ҚК 149-б. 2-б.) - деп танылады:

- күш қолданбаймын деп қорқыту

+ күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп немесе адамдар тобымен жасалса немесе түнгі уақытта немесе заңсыз тінтумен ұласқан дәл сол әрекет, сол сияқты тұрғынжайдан заңсыз шығару

- балаларының көзінше жасалса

- тұрғын үйге заңсыз кіргізіп алумен ұштасса

- ұйымдасқан топпен, қылмыстық сыбайластықпен

 

47. «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу» (ҚР ҚК 152-б.) - деп танылады:

- кез келген белсенді әрекетте

- қызметкермен еңбек шартын заңды тоқтату

- кәсіби міндеттерін орындамау

- жұмыскермен еңбек шартын заңды тоқтату

+ ҚР еңбек заңнамасын азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтіруге әкеп соққан өзге де бұзу

 

48. Дәрігерлік құпияны жария етудің (ҚР ҚК-нің 321-бабы) заты:

- жалпы жағдайы туралы мәліметтер

- емделу курсы туралы мәліметтер

- науқастың медициналық куәландырудың қорытындылары

+ аталғандардың барлығы

- науқастың ауруы туралы мәліметтер

 

49. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың субъективті жағы (ҚР ҚК-нің 152-бабы):

- тікелей қасақана

+ абайсыздық кінә

- екі нысанды кінә

- қасақан және абайсызда

- немқұрайдылық

 

50. Басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу қай уақытта аяқталған болып саналады:

- басқыншылық соғысты тұтандырудан

+ басқыншылық соғысты жоспарлағаннан, дайындағаннан, тұтандырғаннан немесе жүргізгеннен

- ҚК 160 бабының 1 бөлімінде көрсетілген әрекеттердің барлығының болуы қажет бола ма

- зардаптың болуынан.

 

51. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру:

- материалдық құрам

+ формалдық құрам

- қысқартылған құрам

- формальды-материалдық құрам

- аралас құрам.

 

52. Жаппай қырып-жою қаруын өндіру, иемдену немесе өткізудің объектісі:

- мемлекеттік экономикалық құрылысы

- мемлекеттік саяси құрылысы

+ адамгершіліктің қауіпсіздігі

- ҚР суверенитеті

- халықтың денсаулығы

 

53. Жаппай қырып жою қаруын өндіру, иемдену немесе өткізудің заты:

+ химиялық, биологиялық, ядролық сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрлері

- атыс қаруы

- химиялық, бактериологиялық, сол сияқты атыс қаруы

- тек атом қаруы

- суық қару

 

54. Геноцидтің /ҚР ҚК 168-бабы/ объективтік белгілері:

+ ұлттық, этностық, нәсiлдiк немесе дiни топты осы топтың мүшелерiн өлтiру, олардың денсаулығына ауыр зиян келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп беріп жіберу, күштеп көшіру не осы топтың мүшелерін қырып-жою мақсатында өзге де тіршілік жағдайларын туғызу арқылы толық немесе ішінара жоюға бағытталған қасақана іс-әрекеттер

- бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп бiреуге беру

- осы топтың мүшелерiн қырып-жоюға есептелген өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы толық немесе iшiнара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер

- 1, 2, 3 тармақшаларда көрсетілген белгілердің барлығы геноцидтің белгілері болып табылады

- дұрыс жауабы жоқ

 

54. Экоцидтің /ҚР ҚК 169-бабы/ анықтамасы:

- геноцидтің бір түрі

- өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiн жаппай абайсызда жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын абайсызда улау

- адамдарды, өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою

+ өсiмдiктер әлемін немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфераны, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық зілзаланы немесе төтенше экологиялық ахуал туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де iс-әрекеттердi жасау

- дұрыс жауабы жоқ

 

55. Жалдамалылық /ҚР ҚК 170-бабы/ үшін жауаптылық қашан басталады:

+ жалдамалыны жалдануға азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтығыста, соғыс қимылдарында немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне пайдалану не мемлекеттік аумақтың тұтастығын бұзу

- жалдамалыны қарумен қамтамасыз еткеннен бастап

- оны қарулы жанжалда немесе соғыс қимылдарында пайдаланудан бастап

- адамның қазасына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққаннан бастап

- қаржыландырудан бастап

 

56. ҚР ҚК 174-бабы, 1-б. көзделген әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырудың субъектісі кім бола алады:

- 16-ға толған кез келген адам

- 18-ге толған кез келген адам

- лауазымды адамдар

- қоғамдық бірлестіктердің басшылары немесе өзге де қызметкерлері

+ 14-ке толған кез келген адам

 

57. Мемлекетке опасыздық жасаудың (ҚР ҚК 175-бабы) объектісі:

-аумақтық қол сұғылмаушылық

+мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздері мен қауіпсіздігі

-әскери күші

-Қазақстан Республикасының егемендігі

-қоғамдық қауіпсіздік.

 

58. Тыңшылықтың (ҚР ҚК 176-бабы) нәрсесі - заты:

+ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер

- әскери құпияны құрайтын мәліметтер

- өзге мәліметтер

- барлық аталған мәліметтер

- қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер

 

59. Тыңшылықтың (ҚР ҚК 176-б.) субъектісі:

- ҚР азаматы немесе азаматтығы жоқ адам

- ҚР азаматтығы бар адам

+ шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам

- мемлекеттік қызметке тұрған ҚР азаматы

- туыстық азаматтар

 

60. «Экстремизм» (ҚР ҚК 50-б. ескертуінің 2-б.) белгiлерi бар қылмыстар деп танылады:

- қарақшылық (ҚР ҚК 192-б.)

- Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қол сұғушылық (ҚР ҚК 178-б.)

- адамды кепілге алу (ҚР ҚК 261-б.)

+ 174, 179, 181, 184, 258, 267-б.2,3-б., 404, 405-бабында көзделген қылмыстар

- адамды ұрлау (ҚР ҚК 125-б.)

 

61. ҚР ҚК 178-бабында көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық аяқталған деп саналады:

+ өміріне қол сұққаннан бастап

- денсаулығына зиян келтіргеннен бастап

- өміріне қастандық жасағаннан бастап

- дене жарақаттарын келтіргеннен бастап

- ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағаннан бастап

 

62. Диверсия (ҚР ҚК 184-бабы) аяқталды деп саналады:

- жарылыс жасауда

- өрт қоюда

- жаппай улауда

- осыларды жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерді жасауда

+ мақсатын анықтау керек

 

63. 185-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария етудегі кінә:

- тікелей қасақаналық

- жанама қасақаналық

- абайсыздық

+ қасақана немесе абайсызда

- немқұрайдылық

 

64. 185-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария етудің заты:

+ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер

- әскери құпия

- қызметтік құпия

- өзге мәліметтер

- коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер

 

65. 186-бап. Мемлекеттiк құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалтудағы кінә нысаны:

+ тура ниет

- жанама ниет

- менмендік

- немқұрайдылық

- абайсыздық

 

66. 388-бап. Жұмылдыруға шақырылудан жалтарудағы кінә нысаны:

- тура ниет

- жанама ниет

- абайсыздық

- кінәнің аралас нысаны

+ менмендік.

 

67. 175-бап. Мемлекетке опасыздық жасау үшін жауаптылық қай жастан басталады:

- 14 жастан

+ 16 жастан

- 18 жастан

- 21 жастан

- 15 жастан

 

68. 175-бап. Мемлекетке опасыздық жасаудың тікелей объектісі:

- қоғамдық қауіпсіздік

+ Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

- мемлекеттік қауіпсіздік

- экономикалық жүйе

- аумақтық тұтастық

 

69. 175-бап. Мемлекетке опасыздық жасаудың құрамы:

- материалдық

- формальдық

+ келте

- ауырлатушы

- формальді-материалдық

 

70. Мемлекетке опасыздық жасаудың субьектісін көрсетіңіз:

- 16 жасқа толған,есі дұрыс, жеке тұлға

+ Қазақстан Республикасының азаматы

- лауазымды тұлға

- азаматтығы жоқ тұлға

- шетел азаматтары

 

71. Көрсетілген белгілердің қайсысы тыңшылықтың объективтік жағының міндетті белгісі болып табылады (ҚР ҚК 176 бабы):

- әрекеттің жасалуы.

+ қылмыстың жасалу әдісі.

- қылмыстың зардабы.

- шпионаждың жасалу орны.

- қылмыстың жасалу уақыты.

 

72. Кімді тыңшылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға болады - ҚР ҚК-ң 176 бабы:

- 16 жасқа жеткен тұлға.

- 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы.

- 14 жасқа толған кез-келген тұлға.

+ шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар.

- лауазымды тұлғалар.

 

73. Президенттің өміріне қол сұғушылық болып табылады:

- Президентті өлтіру.

- денсаулыққа ауыр және орташа ауырлықтағы зардап келтіру.

- Президентті қорлау.

+ Президентті өлтіру немесе өлтіруге оқталу.

- жоғарыда аталғанның барлығы.

 

74. Ұрлықтың (ҚР ҚК-188 бабы) саралаушы белгісі:

- алдын-ала сөз байласқан адамдар тобымен.

- бірнеше рет.

- тұрғын үй-жайға, қоймаға заңсыз кiру

- қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiру.

+ жоғарыда көрсетілгеннің барлығы.

 

75. Талан-тараждың түріне жататын қылмыстарды көрсетіңіз (ҚР ҚК Ерекше бөлім 6-т.):

+ ұрлық, тонау, алаяқтық, қарақшылық

- көрінеу қылмыстық жолымен табылған мүлікті сатып алу немесе сату

- алдай немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру

- қорқытып алушылық

- автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену

 

76. Тонау аяқталды деп саналады:

- мүлікке физикалық ие болу.

- мүлікті алудан.

- мүлікті алуға оқталғаннан.

- мүлікті иемденгеннен.

+ заңсыз иелену, пайдалану, билік ету.

 

77. Тонауда кішігірім мөлшер үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады ма:

- қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

- қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

- жауаптылыққа тартылмайды.

+ әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

- дұрыс жауабы жоқ.

 

78. Тонау барысындағы зорлаудың түсінігі:

- соққылар мен жарақаттар.

- жәбірленушіні байлау.

+ денсаулық пен өмірге қауіпсіз кез-келген зорлау.

- адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлау.

- денсаулыққа жеңіл зиян келтіру.

 

79. 2003 жылғы 11 маусымдағы ҚР ЖС нормативтiк қаулысында жасырын түрде жасалынды деп не айтылған:

- жәбiрленушi немесе мүлiк қарамағында немесе күзетуiнде тұрған адамдар бар кезде не бөгде адамдардың көзiнше ұрлау

+ егер кiнәлi адам айналасындағылар үшiн өзi байқатпай әрекет жасадым деп санаса, көрiп тұрған оның қылмыстық сипатын түсiнбеген жағдайларда да

- мүліктін иесі көріп түрады

- уақытша пайдалану үшiн бөтеннiң мүлкiн заңсыз алып қою

-иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау.

 

80. Қарақшылық (ҚР ҚК 192 б.) аяқталды деп саналады:

+ тек қана шабуыл жасау сәтінен кезден

- бөтеннің мүлкін алған кезден

- бөтеннің мүлкін ұстап қалған кезден

- шабуыл жасау ойы болған сәтінен

- зардабының пайда болуы қажет

 

81. Талан-тараждың түріне жататын қылмыстарды көрсетіңіз (ҚР ҚК Ерекше бөлім 6-т.):

+ ұрлық, тонау

- адам өлтіру

- зорлау

- терроризм

- қорқытып алушылық

 

82. Талан-тараждың түріне жатпайтын қылмыстарды көрсетіңіз (ҚР ҚК Ерекше бөлім 6-т.):

- тонау

- ұрлық

- алаяқтық

+ автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену

- адам өлтіру

 

83. «Қорқытып алудың» (ҚР ҚК 194-б.) объективтік жағының белгілері:

- бөтен мүлікті иелену

+ күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру қатерін төндіру

- дене және психикалық мәжбүрлеуді қолданған уақыттан бастап

- жәбірленушіні немесе оның жақындарын өлтіру

- дене және психикалық күш қолданған уақыттан бастап

 

84. «Қарақшылықтың» (ҚР ҚК 192-б.) «Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру» (ҚР ҚК 193-б.) айырмашылығы:

- қылмыстың объектісі бойынша

+ қылмыстың заты мен объективтік жағының белгісі бойынша

- қылмыстың тәсілі бойынша

- қылмыстың субъективтік жағы бойынша

- қылмыстың барлық құрамының элементтері бойынша

 

85. ҚР ҚК 191-б.2-б. "1"-тармақшасымен көзделген «Тонау» - деп түсініледі:

+ жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып, не осындай күш қолдану қатерін төндіру

- жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына ауыр зиян келтіру

- 16 күнге дейін тез жазылатын жарақат: ұрып-соғу, денеге дақ салу, тырнау, шымшу т.б.

- өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен бірге ұрлау мақсатымен шабуыл жасау

- жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірумен бірге ұрлау

 

86. «Меншікке қарсы қылмысық құқық бұзушылықтарға» (ҚР ҚК Ерекше бөлім 6-т.) жатады:

+ сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу

- контрабанда

- тонаушылық

- тұтынушыларды алдау

- адам өлтіру

 

87. «Қарақшылық» аяқталды деп танылады (ҚР ҚК 192-б.):

- бөтен мүлікті иелену

- бөтен мүлікті иелігіне беру туралы талап қою

- шабуыл жасау ойы болған сәттен бастап

+ кінәлінің жәбірленушінің мүлкіне ие болу немесе ие болмауына қарамастан шабуыл жасағаннан бастап

- денсаулығына зиян келтіргеннен бастап

 

88. Алаяқтық аяқталды деп саналады:

- алдаған кезден бастап.

- сенімге қиянат жасаған сәттен бастап.

+ бөтеннің мүлкін иемденген сәттен бастап.

- бөтеннің мүлкіне құқық алмаған сәтте.

- зардап пайда болған сәттен бастап.

 

89. Алаяқтық барысындағы алдаудың түсінігі:

- бөтен пәтерге кіру мақсатында алдау.

- бөтеннің мүлкіне құқығы жайлы жалған хабарлама.

- мәлімет жайлы хабарламау.

+ тұлға хабарлауға тиісті міліметтерді хабарламау мен жалған мәліметтерді хабарлау.

- адастыру.

 

90. Алаяқтыққа қандай әдіс тән:

+ алдау және сенімге қиянат жасау әдісі.

- алдау әдісі.

- сенімге қиянат жасау әдісі.

- құпия әдіс.

- кез-келген әдіс.

 

91. 2003 жылғы 11 маусымдағы ҚР ЖС нормативтiк қаулысында ашық түрде жасалынды деп айтылған:

- егер кiнәлi адам айналасындағылар үшiн өзi байқатпай әрекет жасадым деп санаса

- шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен ұштасқан шабуыл жасау

-уақытша пайдалану үшiн бөтеннiң мүлкiн заңсыз алып қою

-иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау

+ жәбiрленушi немесе мүлiк қарамағында немесе күзетуiнде тұрған адамдар бар кезде не бөгде адамдардың көзiнше бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемденсе.

 

92. Қорқытып алушылық пен қарақшылықты саралау, оларды ажырату критерийлері:

- аяқталу сәті бойынша.

- қол сұғу заты бойынша.

+ зорлықтың сипаты бойынша.

- саралаушы белгілері бойынша.

- жоғарыда аталған белгілердің барлығы.

 

93. Қорқытып алушылық барысында қол сұғудың заты не болып табылады:

- материалды құндылықтар

- ақша.

- автокөлік құралдары.

- құқық

+ мүліктік сипаттағы әрекеттер, мүлік, мүлік құқығы

 

94. Қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемденудің түсінігі:

-сатып алу.

-тегін алу.

-алдау жолымен.

-барлық аталған әдістер.

+кез-келген әдіс.

 

95. 2003 жылғы 11 маусымдағы ҚР ЖС нормативтiк қаулысына сәйкес кiнәлi қаруды тек қолданамын деп қорқытса ҚР ҚК қандай бабымен сараланады:

+ ҚР ҚК 192-бабының бiрiншi бөлiгi бойынша.

- ҚР ҚК 192-бабының екінші бөлiгi бойынша.

- ҚР ҚК 191-бабының бiрiншi бөлiгi бойынша.

- ҚР ҚК 191-бабының екінші бөлiгi бойынша.

- дұрыс жауап жоқ

 

96. Бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны және бүлдіргені үшін жауаптылық (ҚР ҚК 202 б.):

-формальді құрам.

-келте құрам.

+айтарлықтау залал (айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын залал мөлшері.)

-келтірілген ірі мөлшердегі және елеулі зардап.

-ірі мөлшердегі зардап.

 

97. Ұйымға тиесілі кішігірім мөлшердегі ұрлық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады ма:

-қылмыстық жауаптылыққа тартылады

- тек қылмыстық жауаптылыққа тартылады

- ешқандай жауаптылыққа тартылмайды

+ әкімшілік жауаптылыққа тартылады

- дұрыс жауабы жоқ

 

98. Бөтеннің мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру үшін жауаптылық (ҚК 204 б):

- формальді құрам.

- келте құрам.

- елеулі залал келтіру.

- келтірілген ірі мөлшердегі және елеулі зардап.

+ абайсызда ірі залал келтірсе.

 

99. Ұрлықтың көлемі кішігірім деп саналады,егер де ұрланған мүліктің бағасы аспайтын болса:

- бір айлық есептік көрсеткіштен.

- бес айлық есептік көрсеткіштен.

- жиырма айлық есептік көрсеткіштен.

+ он айлық есептік көрсеткіштен.

- ұрлықтың көлемі маңызды емес.

 

100. ҚР ҚК-188 бабында көзделген ұрлықтың заты қалай болады:

- радиоактивті құралдар,қару,қару-жарақ.

- есірткі заттары немесе психотроптық заттар.

- сауда кәсіпорындарының саудалық чектері.

- бөлінбейтін және күрделі заттар,үй жануарлары, ақша т.б.

+ материалды мүліктер.

 

101. 2003 жылғы 11 маусымдағы ҚР ЖС нормативтiк қаулысына сәйкес кiнәлi көрiнеу жарамсыз немесе оқталмаған қарумен қорқытса ҚР ҚК қандай бабымен саралау керек:

+ ҚР ҚК 191-бабының бiрiншi бөлiгi бойынша

- ҚР ҚК 192-бабының бiрiншi бөлiгi бойынша

- ҚР ҚК 192-бабының екінші бөлiгi бойынша

- ҚР ҚК 191-бабының екінші бөлiгi бойынша

- дұрыс жауап жоқ

 

102. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысында автокөлікті ұрлау қылмысы орын алады ҚР ҚК-ң 200 бабы:

- Ауыр сырқаттанған адамды ауруханаға жеткізу мақсатында автокөлікті өз бетімен ұрлау.

- Тұлға өз атына жазылмаған автокөлікте рұқсатсыз кетіп қалады.

+ Автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету).

- Көлікті бөлек бөлшектерін иемдену мақсатында ұрлау.

- Сату үшін ұрлау.

 

103. Құрылысы бойынша тонаудың құрамы:

+ Материалды құрам.

- Формальді құрам.

- Келте құрам.

- Формальді- материалды құрам.

- Тек қана келте құрам

 

104. Қарақшылықтың (ҚР ҚК-192 б.) ұғымы:

+ бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл.

- иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау

- бөтен мүлікті жасырын ұрлау

- бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу

- бөтен мүлiктi ашық ұрлау

 

105. Қарақшылықтың (ҚР ҚК 192б. 4 б.) аса ауырлататын мән-жайлар:

- алдын-ала сөз байласқан адамдар тобымен,

- жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес кұш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту

- бірнеше рет

- тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға қоймаға, заңсыз кiру

+ аса ірі мөлшерде, қылмыстық топ жасаса

 

106. Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет ҚР ҚК-ң 214 бабы:

- Тіркеусіз.

- Арнайы рұқсатсыз.

- Лицензиялау жағдайын бұзумен.

- Аса ірі мөлшердегі зардап немесе табыс табумен ұштастырып жасаса;

+ Жоғарыда аталғанның барлығы.

 

107. ҚР ҚК-ң 231 бабында көзделген қылмыстың объективтік жағы - жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу:

- Жасау.

- Сату мақсатында сақтау.

- Сату

- Сақтау

+ Жоғарыда аталған әрекеттің біреуі жасалса жеткілікті.

 

108. Контрабанда қашан аяқталған болып саналады:

- Тауар және құндылықтар кедендік шекара арқылы өткен кезден.

- Мемлекеттік шекарадан тауарларды заңсыз өткізуге арналған арнайы қоймалар жасалынған кезден.

- Контрабандалық тауар шекаралық пунктіден шығарылған сәттен бастап.

+ Мемлекеттік шекарадан өткізілетін тауарлар мен құндылықтар кедендік декларацияда көрсетілмеген болса.

- Міндетті түрде зардап орын алуы тиіс.

 

109. Қандай жағдайларда ақшаны жасау мен сатуда немесе бағалы қағаздарды сату мен жасаудың құрамы болмайды ҚР ҚК 231 бабы:

- ҚР Ұлттық банк банкноттарын қолдан жасау.

- Мемлекеттік зайымның облигацияларын қолдан жасау.

+ Айналымнан алынған валютаны қолдан жасау.

- Шетел валютасын қолдан жасау.

- Акцияларды қолдан жасау.

 

110. Жалған ақшаны қолдан жасау қашан аяқталған деп саналады:

- Ақшаны қолдан жасау үшін материалдар алған сәтен бастап.

- Жалған ақшаны жасау әрекеті жүзеге аспаған сәттен бастап.

+ Жалған ақшаны дайындаған сәттен бастап.

- Жалған ақшаны сатқан сәттен бастап.

- Дұрыс жауабы жоқ.

 

111. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу қылмысының заты не болып табылады:

- Айналымнан шыққан банкноттар.

- Лоторея билеттері.

- Дайындау техникасын өрескел бұзумен дайындалған банкноттар.

+ Айналымдағы банкноттар.

- Шетелдік бағалы қағаздар.

 

112. «Параға коммерциялық сатып алудан» (ҚР ҚК 253-б.) «Пара берудің» (ҚР ҚК 367-б.) айырмашылығы:

- субъективтік және объективтік жағынан

- субъектісі және субъективтік жағынан

+ объектісі, субъектісі және объективтік жағынан

- субъективтік жағынан

- кінә бойынша

 

113. Экономикалық контрабанданың нысандары:

- Кедендік бақылаудан жасыру.

- Кедендік құжаттарды алдаумен қолдану.

- Тауарларды декларацияламау.

- Жалған декларациялау.

+ Аталған белгілердің біреуінің болуы жеткілікті.

 

114. Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызметін объективтік жағы мынадай әрекеттердің жасалуымен сипатталады ҚР ҚК-ң 214 бабы:

- Жерге қатысты заңсыз келісімдерді тіркеу.

- Белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін арнайы рұқсатты беруден жалтару.

+ Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті тіркелусіз жүзеге асыру.

- Банктік қызметті арнайы рұқсатсыз жүзеге асыру немесе лицензиялауды бұзу.

- Дұрыс жауабы жоқ.

 

115. Кәсіпкерлік қызмет заңсыз болып табылады:

+ Рұқсат беру лицензиясында рұқсаттың басқа түрі көрсетілсе.

- Тауарларды көрінеу заңсыз жол мен иемденсе.

- Жеке маңызы жоқ жұмыстарды өзінің жеке жұмыс көлемімен орындаса.

- Лицензияда көзделмеген жұмыстарды орындау,бірақ ұйымдар мен азаматтарға залал келтірілмесе.

- Жоғарыда көзделгеннің барлығы орын алса.

 

116. Өкілеттіктерді теріс пайдаланудың /ҚР ҚК 250бабы/ кінәсі:

+ тікелей қасақаналық;

- жанама қасақаналық;

- абайсыздық;

- кінәнің аралас нысаны.

- немқұрайдылық;

 

117. Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі:

- коммерциялық және өзге де ұйымдардың дұрыс қызметі;

- азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері;

- өзге коммерциялық ұйымдардың мүліктік мүдделелрі;

- Қазақстан Республикасының экономикалық құрылымы;

+ дұрыс жауабы жоқ;

 

118. Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардан айырмашылығы:

- объектілері бойынша;

- объективтік белгілері бойынша;

- субъективтік белгілері бойынша;

+ объективтік және субъективтік белгілері бойынша;

- тәсілі бойынша;

 

119. Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы басқару функцияларын атқарушы адамдардың өкілеттіктерін асыра пайдалануы құрылымы жағынан:

+ материалдық;

- формальдық;

- формальді -материалдық;

- қысқартылған;

- келте құрамға жатады;

 

120. Коммерциялық сатып алудың заты:

- тек ақшалар;

- ақша және мүлік;

- ақша және әртүрлі бағалы қағаздар, сондай-ақ мүлікке құқық беру;

+ ақша, бағалы қағаздар, мүлік, мүліктік сипаттағы қызмет көрсету;

- дұрыс жауабы жоқ;

 

121. Міндеттеріне адал қарамау /ҚР ҚК 254-бабы/ жасалған деп саналады:

+ егер ол адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;

- егер ол ауыр зардаптарға әкп соқса;

- адам өлімі және ауыр зардаптардың жоқтығы;

- осы зардаптардың төну қаупі сәтінен бастап;

- зиян келтіргеннен бастап;

 

122. Параға коммерциялық сатып алудың (ҚР ҚК 253-бабы) ауырлатушы белгілері:

- бірінші рет жасау;

- осы қылмыс үшін бұрын сотталған адам жасаса;

- осы қылмысты қайталап жасау;

- мемлекеттік қызметкердің жасауы;

+ дұрыс жауабы жоқ;

 

123. Өкілеттіктерді теріс пайдаланудың – ҚР ҚК 250-бабы – объективтік жағы:

+ материалдық құрам;

- формальді құрам;

- қысқартылған құрам;

- аралас құрам;

- дұрыс жауабы жоқ.

 

124. Өкілеттіктерді теріс пайдаланудың – ҚР ҚК 250-бабы – зардаптары:

- мүліктік:

- тәндік;

- моральдық;

- пайданы жіберіп алу;

+ аталғандардың



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
I УРОВЕНЬ, 2011-2012 уч.год | Емтихан сұрақтарының тізімі
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1258 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2649 - | 2219 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.023 с.