C) Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен жұмыс iстеу қағидаларын бұзу
D) Радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды, ядролық материалдарды жымқыру немесе қорқытып алу
E) Сапасыз салынған құрылыс
F) Ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
G) Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
H) сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтік қызмет көрсетуді тиісінше орындамау
Бандаға тән белгілер:
A) топтың тұрақсыздығы
B) топтың бір үлкен қылмыс жасау мақсатында ұйымдастырылғандығы
C) топтың ұйымдасқандығы
D) азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатының болуы
E) топтың қаруланғандығы
F) мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен байланысының болуы
G) құқық қорғау органдарының өкілдерімен сыбайлас жемқорлық байланысының болуы
H) терроризм актісін жасау мақсатын көздейтіндігі
«Адамды кепілге алу» (ҚР ҚК 261-бабы) құрамының белгілері:
A) қоғамдық қауіпсіздікті бұзу мақсатының болуы
B) халықты үрейлендіру мақсатының болуы
C) материалдық және өзге де мүліктік зиян келтіру мақсатының болуы
D) мемлекетті, ұйымды немесе азаматты белгілі бір әрекет жасауға күштеу мақсатының болуы
E) кепілге алынған адамды босатудың шартының қойылатындығы
F) мемлекетті, ұйымды немесе азаматты белгілі бір әрекет жасаудан бас тартуға күштеу мақсатының болуы
G) кепілге алынған адамды жезөкшелікпен айналысуға көндіру мақсатының болуы
H) кепілге алынған адамды қанау мақсатының болуы
«Тағылық» (ҚР ҚК 294-бабы) құрамының объективтік жағын сипаттайтын белгілер:
A) қоғамдық тәртіпті барынша арсыздықпен бұзу
B) мемлекет қорғайтын табиғи объектiлерді жазулармен немесе суреттермен бүлдіру
C) кінәлінің қылмыстық жауапқа тарту жасына толуы
D) адам денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру
E) имандылықты қорлайтын жазбаларды жазған немесе суреттерді салған адамның лауазымдық жағдайы
F) көліктегі мүлікті бүлдіру
G) ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен бүлдіру
H) адам денсаулығына ауыр зиян келтіру
«Бұзақылық» (ҚР ҚК 293-бабы) құрамын сипаттайтын белгілер:
A) қоғамдық тәртіпті аса қатігездікпен бұзу
B) ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен бүлдіру
C) адам денсаулығына ауыр зиян келтіру
D) көліктегі мүлікті бүлдіру
E) барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасау
F) ірі мөлшерде материалдық зала келтіру
G) азаматтарға күш қолдану не оны қолдану қатерін төндіру
H) мемлекет қорғайтын табиғи объектiлерді жазулармен немесе суреттермен бүлдіру
Қылмыстық жауаптылық он төрт жастан бастан белгіленген қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар:
A) терроризм актісі
B) террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру
C) террористік немесе экстремистік даярлықтан өту
D) ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу
E) трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу
F) бандитизм
G) ауырлатушы мән-жайларда жасалатын бұзақылық
H) тағылық
Істің мән-жайларына қарай террористік немесе экстремистік деп танылатын қылмыс түрлері:
A) Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік
B) Диверсия
C) Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру
D) Геноцид
E) Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту
F) Терроризма актісі
G) Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру
H) Сепаратистік әрекеттер
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша экстремистік деп танылатын қылмыстар:
A) Экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу
B) Жалдамалылық
C) Жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құру
D) Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту
E) Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу
F) Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру