E) аса ірі мөлшерде табыс алу
F) кәсіпкерлік қызмет субъекттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру
G) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға монопольдық жағдайлар жасау
H) заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау мақсатының болуы
«Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу және жария ету» (ҚР ҚК 223-бабы) құрамының белгілері:
A) коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын құжаттарды ұрлау
B) коммерциялық немесе банктік құпияны білетін адамдарды параға сатып алу
C) компьютерлік желіге заңсыз кіру
D) коммерциялық немесе банктік құпияны білетін адамдарды өлтіру
E) әрекеттерді бірнеше рет жасау
F) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіру мақсаты
G) ірі мөлшердегі табысқа иелену
H) жаман ниеттерінің болуы
«Заңсыз сыйақы алу» (ҚР ҚК 247-бабы) құрамының объективтік жағының белгілері:
A) кінәлінің міндеттеріне жатпайтын жұмыстарды атқаруы немесе қызметтер көрсетуі
B) бизнес жүргізу саласында жалпы қамқорлыққа алатыны үшін материалдық сыйақы беру
C) сыйақыны қорқытып алумен ұштастыра алу
D) кінәлінің міндеттеріне жататын жұмыстарды атқаруы немесе қызметтер көрсетуі
E) субъектісі – мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдарда басқарушылық қызмет атқаратын тұлға
F) жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу
G) субъектісі – мемлекеттік емес ұйымда басқарушылық емес қызметтер атқаратын тұлға
H) материалдық сыйақаны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызметтерді алу
«Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу» (ҚР ҚК 231-бабы) құрамының заты:
A) айналымнан алынған шетел валютасындағы банкноталар
B) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалған банкноталары мен монеталары
C) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы жалған мемлекеттік бағалы қағаздар
D) жалған шетел валютасы немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздар
E) айналымнан алынған шетел валютасындағы монеталар
F) КСРО Орталық Банкінің жалған банкноталары мен монеталары
G) жоқ мемлекеттің банкноталары мен монеталары
H) төлем карточкалары, банк карточкалары
«Оңалту және банкроттық кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер» (ҚР ҚК 237-бабы) құрамының объективтік жағының белгілері:
A) несие берушілердің мүдделеріне елеулі зиян келтіру
B) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік туралы мәліметтерді жасыру
C) мүлікті өзгенің иелігіне беру
D) несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзу
E) ірі залалдың келтірілуі
F) төлем қабілетсіздікті жасау немесе ұлғайту
G) «басқа да ауыр зардаптардың» болуы
H) бухгалтерлік есеп жүргізуге уәкілетті адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметтерді құжатқа түсіруден жалтаруы
Формальды құрамды экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар:
A) жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу (ҚР ҚК 231-бап)
B) ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚР ҚК 235-бап)
C) бағалы қағаздармен операциялар жүргізу қағидаларын бұзу (ҚР ҚК 228-бап)
D) азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы (ҚР ҚК 244-бап)
E) бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі (ҚР ҚК 227 бап)
F) ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару (ҚР ҚК 245 бап)
G) заңсыз сыйақы алу (ҚР ҚК 247 бап)
H) кредитті заңсыз алу және бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану (ҚР ҚК 219 бап)
Оңалту және бакроттық кезеңдегі құқыққа сыйымсыз әрекеттердің (ҚР ҚК 237 бап 1 бөлімі) түрлері
A) бюджеттік несиені нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау
B) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зинетақы қорын, банкті мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелу
C) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкердің субьектісін құру
D) коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы
E) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, орналасқан жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру