Пациентті тексеру сұрастырудан басталады. Негізгі шағымдарға тез шаршағыштық, әлсіздік, жалпы немқұрайлық, пациенттің қызыл иегінен, мұрыннан, жатырдан қан кетеді. Қан ұю дәрісі бұзылғанда денеде гематомалар жиі байқалады. Темір тапшылық қан аздықтың түрінде науқастар бор, көмір, құм жеуге әуес болады. Аддисон – Бирмер ауруында тәбеті төмендеп, тілі күйіп, іш өтуі байқалады. Ақ ноғанада уыттану белгілері басты белгі болып білінеді де ағзаның қорғаныш қызметі төмендейді. Қан аздықта жиі кездесетін шағымдар: тез шаршау және ентігу, әлсіздік, бас айналу және жүрек жиі қағуы байқалады. Кейін осы шағымдарға жүректің әлсізденгені қосылады. Сұрастырған кезде аурудың қашан және қалай дамығаның білу керек. Аурудың пайда болу себептерін анықтағанда маңызы зор. Сонымен қатар қандай тексерулер өткізілгенін және олардың берген нәтижесі қандай болғаның анықтау қажет. Қолданған емнің түрін және оның тиімділігін білудің де дерт анықтамаларының маңызы зор. Науқасты жалпы қараған кезде жалпы жағдайын бағалауға болады. Қан аздықты тері мен кілегей жамылғысының түсі ақшыл тартқанынан байқауға болады. Қан аздықтың кейбір түрлерінде мысалы, В12 – тапшылық түрінде тері лимон түсті болып келеді. Сонымен қатар тілдің емізікшелері тегістеліп, тіл жылтыр болып байқалынады. Оның себебі қан аздықтың бұл түрінде болатын эритроциттердің ыдырауына байланысты. Оның нәтижесінде қанда көбейген билирубин теріге сарғыш түс реңін береді. Геморрагиялық диатезде тері астына, кілігей қабаттарға қан құйылғанын көріп, байқауға болады. Қан құйылудың белгілері әртүрлі түрде болып кездеседі. Ол кейде ұсақ нүкте тәрізді, кейде қан құйылған жердің көлемі үлкен болады. Қараған кезде байқауға болатын белгілерге мойында, бұғана астында, қолтықта және шапта үлкейген бездерді табуға болады. Лимфа түйіндерінің үлкеюі ақ ноғана ауруының белігісіне тән. Сипалау әдісінде лимфа бездерінің қатайғанын, тығыздығынын, лимфа бездердің астыңғы қатарда орналасқан тіндермен жабысқанын байқауға болады. Сүйектердің буындарын сипалаған кезде ауырсыну сезімін сезуге болады. Сипалау мен тықылдату әдісін науқасқа жүргізгенде бауыр және көк бауырдың көлемінің ұлғайып, кейде олардың кіші жамбастың астаушасына түсіп кеткендігін байқауғңа болады. Қан ауруларындағы жүрек – тамыр жүйесі бір бірімен аралас байланысы болғандықтан, олардың қызметтерінің бұзылуы міндетті түрде байқалады. Науқаста жүрек қағысы жиілеп, тахикардия байқалады. Қанның зертханалық тексеріс әдістері жалпы қан аурулардың дерт анықтамсын өткізгенде маңызды роль атқарады. Қанды морфологиялық тексеруге лейкоциттердің жалпы саның есептеу және олардың түрлерінің ішіндегі ара қатынасты анықтау, эритроциттердің, тромбоциттердің саның анықтау, ЭТЖ және гемоглобиннің мөлшерін анықтау жатады. Бұл жалпы қанның клиникалық анализі деп аталады. Жалпы клиникалық анализі қанның барлық ауруларында жүргізіледі. Қан аздықтың барлық түрлерінде эритроцитпен гемоглобиннің мөлшерінің азаюы байқалады. ЭТЖ – ғы қан тұтқырлығы азайғанда және ағзадағы қабыну дәрістерінде көбейеді. Ақ ноғана ауруында қанның құрамында көп мөлшерде жас, қалыпты жетілмеген бластық лейкоцит торшалары байқалады. Сонымен қатар кейбір қан ауруларында тромбоциттердің мөлшері азаяды. Тромбоциттердің негізі қызметі – қан ұю дәрісіне қатысу.
Сонымен бірге тромбоциттердің антигендік те қасиеті бар. Тромбоциттің көрсеткіш санының азаюы геморрагиялық диатездің негізгі себебі болғандықтан, ол қансырауға әкеліп соғады. Қандағы тромбоциттердің қалыпты түрде жеткіліксіз салдарынан, қан ұю дәрісінің ұзақтығы созылып, қансыраудың болуына әсер етеді. Қан ауруларының дерт анықтамасын жүргізгенде ради белсенділік изотоптарды қолданады (сканерлеу тексеріс түрі). Көбінесе ради белсенділік хромын жиі қолданылады. Ол көк тамырға ертінді түрінде жіберіліп, көк бауырда, бауырда, сүйектің кемік затында, лимфа түйіндерінде жиналады. Ради белсенділік хромын жібергенде эритроциттердің көлемін және қанның сары суын анықтауға мүмкіндік туғызып, эритроциттердің өмір сүру ұзақтылық уақытын анынтауға болады. Көк бауыр және бауырды сканерлеу әдісімен зерттеген кезде олардың орналасу қалыпын, көлемін және пішінін анықтауға болады.
Ауру тарихы. Сұрастырған кезде аурудың қашан және қалай басталғанын, қалай дамығанын білу керек.
Аурудың пайда болу себептерін (науқас адамның өз ойы бойынша) анықтағанның да маңызы зор. Сонымен қатар,қандай тексерулер өткізілгенін және олардың нәтижесі қандай болғанын да анықтау қажет. Қандай ем қолданғаны және оның тиімділігін білудің де диагностикалық маңызы көп.
Өмір тарихы. Өмір тарихын талдаған кезде қанның кейбір ауруларының (гемолитикалық анемия,гемофилия) тұқым қуалау жолымен дамитынын естен шығармау керек. Ол үшін науқас адамның тума-туысқандарының ішінде қан аздықпен не қансырағыштықпен ауыратындардың бар - жоғын анықтау керек. Қанның кейбір аурулары кәсіби сырқат ретінде дамиды,кейбірі организмнің түрлі улармен уланғанына байланысты,не радиоактивті сәулелердің әсерінен пайда болады. Сондықтан науқас адамның қорғасын, бензол, сынап, мышьяк, фосфор, хром т.б. қоспаларымен улану және радиоактивті заттармен зақымдану мүмкіншілігі барын мұқият сұрап,анықтау керек. Қанның көптеген аурулары организмнің басқа ағзаларының не жүйелерінің ауруларына байланысты да дамиды. Бүркемелі қан ағуы болатын ауруларда (асқазан-ішек жолының жаралары мен ісіктері,өкпе туберкулезі, эзофагит, бронхоэктазия ауруы т.б), қарынның кілегей қабығының зақымдануында, қарынды операция жолымен алып тастағанда қан аздық пайда болады. Қан аздықтың ауыр түрі бүйрек ауруларында да (бүйрек шамасыздығының салдарынан)болады. Бауырдың созылмалы аурулары геморрагиялық синдромның пайда болуына себеп болады. Гемолитикалық не апластикалық анемиялар және геморрагиялық синдром кейбір дәріні (сульфалниламидтер, амидопирин, левомицетин, цитостатиктер т.б)дәрігердің бақылауынсыз, көп мөлшерде қабылдағаннан да пайда болады.
Тексерудің физикалық тәсілдері.
Қарау. Анемияның ауыр түрлерінде, лейкоздың терминальды сатысында қан аздықтың салдарынан кома дамиды. Анемияда тері және кілегей қабықтардың түсінің ақшыл (бозғылт, қуқыл) тартқанын байқауға болады. Анемияның кейбір түрінде (гемолитикалық анемия, В12-дефицитті анемия) терінің түсі ақшылсары болып өзгереді. Оның себебі анемияның бұл түрлерінде болатын гемолизге байланысты. Гемолиз нәтижесінде қанда көбейген билирубин теріге сарғыш рең береді. Қанда эритроциттің саны көбейгенде, айналымдағы қан мөлшері көбейгенде беттің,мойынның, қолдың терісінің түсі қызыл шырайлы болып келеді. Геморагиялық диатезде тері астына, кілегей қабықтарға қан құйылғанын көруге болады. Қан құйылудың белгілері әр түрлі болады.Ол кейде ұсақ нүкте тәріздес болады, кейде қан құйылған жердің көлемі үлкен болады. Тері астына көп мөлшерде қан құйылуды қан сүйелі деп атайды.Тері астына құйылған қанның түсі біртіндеп шиелі қызыл түстен жасыл сары түске айналады. Ол құйылған қан ішіндегі пигменттердің алмасуына (билирубин,биливирдин) байланысты.Тері құрғақ болады,ол түлей бастайды. Шаш көп түсетін болады. Ол көбіне қиылып түседі. Аддисон-Бирмер анемиясында қабынуға байланысты тіл қызыл түсті болады (сондықтан оны “кардинал” тілі деп атайды),оның бүртіктері тегістеліп кетеді
Сондықтан тілдің үсті жалтырап,лактелген сияқты болып көрінеді. Кейде тілде тілік болады. Көрсетілген өзгерістер бар тіл Хантер тілі деп аталады. Жедел лейкозда және агранулоцитозда некрозды жаралы ангина және стоматит жиі кездеседі. Олардың себебі лейкоциттердегі сан және сапа өзгерісіне байланысты дамитын организмнің қорғаныс функциясының нашарлауы. Қараған кезде байқауға болатын белгілерге мойында,бұғана астында,қолтықта және шашта өскен бездер мен сол жақ қабырға астының шығыңқы болуы (спленомегалия) жатады.
Пальпация Қан жүйесі ауруларын анықтауда пальпация әдісімен сүйек жүйесін тексереді: жалпақ сүйектер мен түтік төрізді сүйектердің эпифизін басып, соғып қарай, ауыру сезімі бар-жоғы аныкталуы тиіс.
Маңызды клиникалық мәліметтерді лимфа бездері мен талақтың палыіациясы кезінде алуға болады. Лимфа бездерінің қатты үлғаюы көбіне лимфолейкоз, лимфогранулематоз, лимфосаркома ауруларында байқалады. Бүл кезде алдымен лимфа бездерінің бір тобы зақымдалса, кейін басқа топтарға да тарайды жөне де тек қана беткей орналасқан бездер гана емес, терендегі (кеуде, іш қуыстарындағы) бездер де зақымданады. Лимфа бездерінің үлкеюі тек қан жүйесі емес, басқа да аурулардың (туляремия, туберкулез, обырдың мета-с-таздары, ВИЧ-инфекциясы т. б.) да көрінісі болуы мүмкін.
Лейкоздар мен лимфомаларда үлкейген лимфа бездері ауырмайды, олар айналасындағы теріге жабыспаған, іріңдемейді. Лимфогранулематоз, әсіресе лимфосаркома ауруларында, бездер қатайған, бір-бірімен қосылып үлкен конгломераттар (15—20 см диаметрлі) түзеді.
Талақтың палыіациясы науқас шалқасынан, не оң жақ бүйіріңде жатқан кезінде жасалынады. Бірінші жағдайда науқас басын төсек-те төмен салып, қол-аяқтарын жазып жатады. Ал екінші жағдайда науқасты оң жағына жатқызады, басын кеудесіне қарай төмен иіп, шынтақтан бүгілген сол колын кеудесінің үстіне салады, оң аяғы түзу жатады, сол аяғын тізе мен жамбастан бүккен қалпында үстай-ды. Осы қалыпта қүрсақ бүлшық еттері босаңсып, талақ алға жыл-жиды. Дәрігер науқастың оң жағынан, бетпе-бет отырады. Дәрігердің сол қолы кеуде клеткасының үстінде, VII мен X қабырғалар ара-сьшда, қолтық асты сызықтарының бойына орналасады жөне кеудені жайлап басып, оның тыныс алу кезіндегі қозғалысын азайтады. Дөрігер оң қолын X қабырғаның шетіне қосылған түсына, саусақтарын бүгіп қояды. Егер де алдымен қарау немесе перкуссия әдіс-терімен тексеру кезінде көк бауырдың үлкейгендігі анық білінсе, онда оң қолды оның алдынан, төменгі шетіне қояды. Одан соң науқас демін шығарған шақта, дәрігер оң қолының саусақтарымен ішті баса отырып, кейін науқастан терең дем алуды сүрайды, осьлайша бірнеше рет қайталайды. Үлкейген талақ пальпация дүрыс жасал-ған уақытта, дем алу кезівде темен түскен кеуде пердесімен итеріліп, алдыңғы төменгі шетімен дөрігердің оң қол саусақтарына тіреліп барып, әрі қарай сырғанатып жасайды.Осы тәсілді бірнеше рет қайталап, талақтың өлшемін, ауыру сезімін, тығыздығын, пішінін, қозғалғыштығын, алдыңғы шетінде орналасқан өзгерістерді анықтауға болады. Қалыпты жағдайда талақты пальпация әдісімен зерттегенде анықталмайды. Бүл әдісімен төмен түскен (энтероптоз) кезінде және көбіне үлғайғанда ғана байқауға болады. Көк бауырдың үлкеюі жүқпалы ауруларда (іш сүзегі, вирусты гепатит, сепсис, безгек т. б.), бауыр циррозында, талақ венасының тромбозында және көптеген қан жүйесі ауруларында (гемолиздік анемия, тромбоцитопениялық пурпура, жедел және созылмалы лейкоздар) кездеседі. Көк бауыр өлшемінің қапы үлғаюын слленомегалия (грекше зріеп — талақ, те&аз — үлкен) деп атайды. Созылмалы миелолейкоздың сощы кезеңдерінде талақ шпің бүкіл сол жақ бөлігін алып жатады, ал теменгі полюсы кіші жамбас аймағына дейін түсуі мүмкін. Жүқпалы аурулардың жедел түсында талақ жүмсақ болады, сепсисте қамыр төрізді, ал созылмалы түрінде, бауыр циррозы және лейкоздар кезінде, әсіресе амилоидоз ауруында талақ тығызданып, қолға қатты сезінеді. Пальпация жасағанда талақ көбінесе ауырмайды. Ауру сезімі талак инфарктінде, периспленитге, сондай-ақ оның тез үлғаюы нөтижесінде сыртқы қабаты созылғаңца (көк бауыр тромбозы кезінде веналық қанның іркілуі) пайда болады. Әдетге талактың беті тегіс болып келеді, кедір-бұдырлылық, перислленит, мерез, эхинококктық жылауық, талақ өспелері сияқты аурулардың бірден-бір белгісі болып есептелінеді.
Талақ қалыпты жағдайда жақсы қозғалып тұрады, оның бұл қасиеті периспленитге нашарлай түседі.
Перкуссия Қан жүйесі ауруларын зертгеуде перкуссияның маңызы аса зор емес: ол тек талақтың өлшемдерін шамалап анықтауға ғана мүмкіндік береді. Талақтың маңында перкуссия кезінде тимпанккалық дыбыс беретін қуыс ағзалар (асқазан, ішектер) орналасқандықтан, оның өлшемі мен шекаралары бүл әдіспен дэл анықталынбайды.
Перкуссияны науқастың түрған немесе оң жақ бүйіріне жатқан қалпындажүргізеді. Талақтың көлденең өлшемін анықтау үшін пер-куссияны X қабырғаның үзындышн ойша қүрсақ жаққа созып, 4 см-дей латеральды бастаймыз. Қалыпты жағдайда талақтың түйық-тығы IX—XI қабырғалар аралығында анықталады. Түйықтықтың өлшемі 4-6 см. Талақтың үзындык влшемін X кабырғаны соққы-лағанда анықтайды, оның үзындық өлшемінің көлемі 6-8 см.
Аускультация Периспленитте талақ үстінен іш пердесінің үйкеліс шуын естуге болады. Талақтың қатысы бар басқа ауруларды анықтауда аускультация қолданылмайды.