Ауру адамның санасы (есі) көптеген ауруда бұзылмайды. Мұндай жағдайда науқас адам өмір сүретін ортаның өзгеру құбылыстарына сәйкесті (адектатты) реакция жасайды. Бұл жағдайды анық сана немесе ауру адамның есі дұрыс деп атайды. Ал кейбір науқастарда ауру адамның (есі) санасы бұзылады. Сана бұзылуының екі түрі бар:
1. Сананың депрессивті (лат.depressioндеу, бәсеңдеу) бұзылуы.
2. Сананың ирритативті (лат. Irritatio-қозу, қобалжу, тынышсыздану) бұзылуы.
Сананың депрессивті бұзылу түрлеріне:
1. ступор (лат. stupor –есеңгіреу, мелшиіп қатып қалу)
2. сопор (лат. Soрor – ұйқы)
3. кома (грек. Koma – терең ұйқы) жатады
Ступор не есеңгіреуде науқас адам айналасындағы құбылысты жөнді айырып білмейді, қойған сұрақтарға көп кешігіп жауап береді, мелшиіп қатып қалған белгі көрсетеді.Ступор контузияда (лат.contusio жалпы жарақаттану, басты соғып алу) уланғанда т.б жағдайларда кездеседі.
Сопор терең ұйқыдағы жағдай. Науқас адамды қатты дауыспен, не жұлқылап оятуға болады. Бірақ ол сол бойда тағыда ұйқыға кетеді. Сана бұзылуының бұл түрі қатаң жұқпалы ауруларда (сүзектерде) және диабеттік, уремиялық және бауыр комасының бастамасында кездеседі.
Кома деп науқастың ессіз күйін атайды. Кома қант диабетінде (диабеттік және гипогликемиялық кома), уремияда несеп - haima қан несепқан), бауыр функциясының бұзылғанында (бауыр комасы), қатты уланғанда (морфиймен, ұйқы дәрілерімен, алькогольмен, көміртегі шалатотығымен т.б.), жұқпалы ауруларда, бас миы ауруларында (миға қан құйылу, мидың жарақаттануы, мидың ісігі), анемияда және эпилепсияда (гр. еpilepsia – талма) кездеседі.
Сананың ирритативті бұзылатын түрлерінің ішінде ішкі ауруларда жиі кездесетіні сандырақ. Ол жұқпалы ауруларда және уланғанда кездеседі.
Аурудың төсектегі қалпы. Өмір сүрудегі белсенділік амалына қарай барлық науқас адамдар жатпай жүргендер және төсек тартып жатқандар болып екі топқа бөлінді. Төсек тартып жатқандардың төсекте 3 түрлі қалпы болады:
1. Еркін не активті (лат. аctivus әрекетшіл, әлігерлі) қалып. Бұл қалыпта науқас адам өз мүшелерін еркін қимылдата алады, төсекте қозғалуына, бір бүйірден екінші бүйірге ауысып жатуына мүмкіншілігі бар.
2. Қимылсыз, не пассивті (лат. Рassives енжарлық, керенаулық) қалып. Науқас адамның төсекте қимыл жасауына мүмкіншілігі жоқ, төсекте жатқызған қалпын өзгерте алмайды. Бұл қалып сол болғанда, комада және әбден арып, әлсіздегенде кездеседі.
3. Мәжбүр қалып деп ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалыпты айтады. Сондықтан да ауру адам ол қалыпта амалсыз болады. Оның ішінде өте жиі кездесетіндері мыналар:
1) тұрған күйінде қалшиып қатып қалу. Стенокардияда (өліп кету үрейінен), қуық ауруларында, қуық түбі безінің ауруларында (тік ішек қатты ауырғандықтан адам отыра алмайды) және ұстамалы ақсақтық жағдайда (жүреген кезде аяқтың бұлшық еті ауруы өршелене түсетіндіктен науқас адам бір жүріп, бір тоқтап қозғалады) кездеседі.
2) Ортопноэ (гр. ortos, pnoe) тік отыру қалпы, ентіккенді азайтады
3) Амалсыз бір бүйіріне жату қалпы:
а) жүрек ауруларында науқас оң бүйіріне жатады (сол
бүйрегі жатқаннан жүрек қысылады);
4) амалсыз етпетінен жату іш өрімі қысылғаннан (ұйқы безінің ісігі, қарынның артқы қабырғасындағы жара, талақ венасының тромбозы (пайда болатын ауруға тән. Бұл жағдайда іш өрімінің қысылуы азаяды, сондықтан ауырғандықтан бәсеңсиді
5) амалсыз шалқасынан жату, іш ауырғанда және полиартоиттерде кездеседі
6) амалсыз шынтақпен тізеге отыру қалпы. Бұл қалыпта эксудативті перикардитте болатын ентігу азаяды.
Ауырудың жалпы кейіпі(пішіні, habitus) Жалпы кейпі деген ұғымға аурудың 1 дене құрылысы және конституциясы
2 өзін ұстау келбеті және жүрісі
3 күйлілігі (семізділік) жатады
Дене бітімі дұрыс (келісті) және келіссіз (оғаш) болып екіге бөлінеді. Деформациясы (лат. Detormatio бұрмалау, қате) жоқ. Мүшелерінің өзара мөлшерлік қатынасы сақталған дене дұрыс не пропорциональды дене деп аталады. Мүшелердің өзара мөлшерлік қатынасы сақталмаған және мүшелерінің деформациясы бар дене келіссіз не пропорциональсыз дене деп аталады. Тұқым қуалаушылықпен өмір сүру ортасының әсерінен туған организімнің функциялық және морфологиялық белгілерінің жиынын конституция деп атайды. Конституцияның 3 түрі болады.
1. нормостениялық
2. гиперстениялық
3. астениялық
1 сурет Адамның
конституцияларының түрлері
А - астеникалық
Б - қалыптылық
В – гиперстеникалық
Морфологиялық тұрғыдан алғанда гиперстениктердің денесінің көлденең мөлшері ұзындық мөлшерінен басым болады. Кеуденің ұзындығы қол аяқ ұзындығынан басымдау, ал іштің (құрсақтың) ұзындығы кеуде қуысы ұзындығынан басымдау болады. Бұлар орта бойлы, не ортадан төмен бойы бар бар адамдар функциялық (лат.functio – орындау) тұрғыдан алғанда, гиперстениктерге баяу зат алмасуы тән. Сондықтан бұл адамдарда зат алмасу аурулары басқалармен салыстырғанда, жиірек кездеседі. Мысалы: атеросклероз, қант диабеті, өт және бүйрек тасы, семіздік.
Астениктерде дененің ұзындық мөлшері көлденең мөлшерінен басым болады, қол аяғының ұзындығы кеуде ұзындығынан, ал кеуденің ұзындығы құрсақтың ұзындығынан басым. Бұлардың бойлары ұзын болады. Зат алмасуы көтеріңкі болады. Астениктерде невроз аурулары, өкпе түберкүлезі, асқазан жарасы, спланхноптоз (іш қуысы ағзаларының төмен түсуі) жиірек кездеседі. Нормостениктерде дене құрылысының қатынас мөлшерлері сақталған, зат алмасу қалыпты жағдайда болады.
Адамның өзін ұстау келбеті организмнің жалпы тонусын (лат.tonus ширақтық, күштену) сипаттайды. Сау адамға денені тік ұстау мен серпінді де екпінді жүріс тән. Жүрістің бұзылуының неше түрі неврологияда кезедеседі. Терапияда жүрістің бұзылуы (мардымсыз жүріс) полиартриттерде кездеседі.
Күйлілік жағдай деп тері асты шел мен бұлшық еттерінің даму дәрежесін атайды. Күйлілікті анықтайтын 2 тәсіл бар.
Бірінші тәсіл қабырға асты тұсында екі саусақтың арасына алынған тері мен шелдің қалыңдығы қалыпты жағдайда 2 см шамасында болады. Екінш і тәсіл белгілі жағдайларды сақтап (ашқарынға, ішек пен қуықты босатқаннан кейін, киімді шешіп) таразымен өлшенген адам денесінің массасын (салмағын) тиісті массамен салыстыру. Тиісті массаны анықтау үшін см-мен өлшенген бой ұзындығынан 100 санын алу керек
Күйліліктің бұзылу түрлері арықтау мен семіру Арықтау (не азу):
1) созылмалы қызу болатын жұқпалы ауруларда
2) асқорыту мүшелерінің ауруларында (қылтамақ, қарын жарасы,
панкреатит, энтерит)
3) зат алмасу бұзылғанда (қант диабеті)
4) уланғанда (қатерлі ісік, түберкүлез, бауыр циррозы)
5) ішкі секреция бездерінің ауруларында (Симондс ауруы, Аддисон
ауруы, Базед ауруы)
6) психикалық ауруларда (психогендік анорексия) кездеседі
Арықтаудың титығына жеткен түрін кахексия деп атайды. Семіру негізінен эндокриндік ауруларда (Иценко-Кушинг ауруы мен синдромы, микседема т.б.) және тамақты көп ішіп, аз қимыл жасағаннан болады (алиментарлық семіру)
Жамылғы келбеті (тері мен кілегей қабықтарды) қарау
Теріні қарағанда: 1. оның түсін
2. терідегі бөртпелердің түрін
3. терідегі жараны, тері тесігін, тыртықты
4.терінің түктері мен тырнақты
5.тері асты шелдің ісігін анықтау
Терінің түсі: Тері астымен өтетін кішкене тамырлар капиллярлардың түсі тері арқылы өтіп оған қалыпты жағдайдағы терінің түсі күлгін қызғылт түс береді. Жалпы сау адамда терінің түсі адамның нәсіліне байланысты.
Ауру адамда тері түсінің бозаруы (құқылдық, бозарыңқы) қызару, көгеруі, сарғаюы және қола түсті болуы байқалады.
Терінің ағарыңқы (бозаруы) түсі адамның конституциясына сай қалыпты жағдайда да кездеседі.
Сырқаттанғанда тері түсінің бозару себептері:
1. қан аздық (анемия)
2. қолқа қақпақтарының ақаулары
3. бүйрек аурулары
4. тамырдың жедел әлсіздігі (шок, коллапс)
5. созылмалы уланулары (сынаппен, қорғасынмен)
6. күшті ауырғандық
Физиологиялық (қалыпты) себептер: күшті сезім билеу (эмоция) жағдайлары (үрей, қорқыныш)
Терінің қызаруы. Физиологиялық жағдайда қызару ұялағанда, қатты ашуланғанда байқалады.
Сырқаттанған кезде терінің қызару себептері:
1. қызу көтерілу, қызу көтерілігенде тері түсі қызармайтын ерекше жағдайларға қызудың қансырауымен, ревматизм мен және сепсиспен тіркесімді кездесуі жатады. Бұл тіркесімде терінің түсі ағарып кетеді.
2. Полицитемия (циркуляциядағы қан массасының көбеюі)
3. Гипертония ауруы
4. Уланулар: кейбір дәрілермен (амилнитрат, атропин, опий):
5. Беттің қызаруы қант диабетінде кездеседі
6. Көбелек тәріздес эритема екі беттің қызаруы мұрынның үсті арқылы жалғасады.
7. көз шарасы айналасының ісінген эритемасы (көзілдірік симптомы) дерматомиозитке тән
Терінің көгеруі ( цианоз). Цианоздың негізгі механизмі қанда көгілдір түсті редукцияланған гемоглабиннің көбеюі:
Тері көгеруінің негізгі себептері:
1. дем алу (тыныс алу) мүшелерінің ауруы
2. жүрек тамыр аурулары
3. қанның қан уларымен улануы
Тері мен кілегей қабықтардың сарғаюы. Физиологиялық жағдайда терінің сарғаюы ішінде каротині (сары түсті зат) көп жемістерді көп жегеннен болады (мандарин, апельсин т.б.) Кейде сары түсті дәрі қабылдағанда да болады (мыс.акрихин)
Патологиялық жағдайларда тері сарғаюының негізгі себептері:
1. от жолдарының тығындалуы
2. бауыр клеткаларының жарақаттануы
3. эритроциттер гемолизі. Патологиялық тері сарғаю теріге билирубин жиналғаннан болады
Терінің қола түсті болуы Аддисон ауруын да кездеседі.
Теріде меланиннің көп жиналғанынан болады.
Тері бөртпелері - Эритема –терінің шағын көлемеінің қызаруы. Эритема тері асты капилляр тамырлардың кеңуінен пайда болады. Кейде терінің қызарған жері деңгейінен аздап көтеріңкі де болуы мүмкін (тілмеде кездеседі, қызарған жер сипағанда ауырып тұрады)
Алиментарлық эритема - кейбір тағамдарға сезімталдықтың ерекше күшейгенінен болады (шаян етіне, уылдырыққа, сүзбеге, шоколадқа, жұмыртқаға т.б.) Медикаментоздық эритема - кейбір дәрілер әсерінен болады (сезімталдық артқаннан): опий, хинин, атропин, сульфаниламидтер, антибиотиктер т.б. Инфекциялық эритема - кейбір жұқпалы ауруларға тән: сепсис, қызамық (скарлатина), тілме (рожа) Розеола – қызғылт түсті дөңгелек бөртпе. Тері деңгейнен жоғары көтерілмейді. Розеоланың пайда болуы капиллярдың жергілікті кеуіне байланысты. Негізінен жұқпалы ауруларға тән. Іш сүзегінде розеола ауру басталғаннан 7-9 күн кейін құрсақ терісінің бүйір бетінде және кеуденің төменгі жағында пайда болады. Пайда болғаннан 3-7 күннен кейін жойылып кетеді.Бөртпе сүзекте розеолла аурудың 5-ші күніне құрсақ кеуде терісінде, қолдың име бетінде пайда болады да 5-8 күннен кейін жоқ болып кетедеді, не петехияға (кішкене көлемде терінің қанталауы) айналады. Розеола себебі болатын басқа аурулар: мерез, миллиарлы түберкүлез, безгек, қайталама сүзек.
Түйіншек (папула) розеоланың әрі қарай дамуынан пайда болады. Кеңіген тамырлардың айналасында эксудациялық процеске байланысты тері ісініп көтеріле бастайды да, розеоланың орнына түйіншек пайда болады. Себептері: қызылша, сифилис (мерез), шешектің бастамасы. Түйінді эритема қабынуға байланысты тері ісініп, диаметрі 3-5 см түйін пайда болады. Түйінді эритема ревматизмде, түберкүлезде және аллергиялық ауруларда кездеседі. Көпіршік (везикула ) ішінде ұйыма сұйық бар эпидермисте орналасқан диаметрі 1-5 мм қуыс. Көпіршіктің бір түрі ұшық. Ұшық (герпес) пневмонияда, грипте және менингитте кездеседі. Көпіршік ішіндегі ұйыма сұйық іріңдегеннен (пустула) пайда болады. Іріңдік сепсисте түйнемеде және шешекте кездеседі. Күлдіреуік (уртика) диаметрі 2-3 мм ден 10 см және одан да үлкен, қызғылт, қызғылт, ақшыл қызғылт, не ақ түсті тері деңгейінен көтеріңкі тұратын, терінің жедел қабынғанынан болатын қуыссыз элемент. Күлдіреуік қатты қышиды. Ол есекжемде кездеседі.
Терінің қанталуы геморрогиялық диатезге (қансыруға икемділік күй) тән.
Терінің жарасы, тесілуі және тыртығы. Терінің және тері асты тканьдары-ның терең жарақаттануын (улкус) деп атайды. Тері жарасы қан және лимфа айналасының бұзылғанынан (венаның варикозды кеңеюі, тромбофлебит, жүрек шамасыздығы) қан тамырларының өзгерістерінен (атеросклероз, Рейно ауруы), трофикалық өзгерістен (нерв жарақаттанғанда) түберкүлезде, мерезде пайда болады. Тері ойығы терінің ұзақ уақыт басылып қалғанынан пайда болады. Негізгі себептері: сал ауруы, кома және әлсіздік.
Тыртық. Физиологиялық жағдайда тыртық босанған әйелдерде болады.
Патологиялық жағдайда:
1. Тері жарасының және жарақаттанған жері жазылғанда пайда болады.
2. Шешекте (бұжыр бет) түйнемеден кейін
3. Иценко-Кушинг аруында
4. Мерезде (жұлдыз түрлі тыртық)
5. Түберкүлезде (мойында) кездеседі