Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысы аумағында Арал-Сырдария бессейннің жанында судың негізгі көзі беттік объектілер –Сырдария өзені және оның тармақтары, сонымен қатар ұсақ кезендік су ағындары, көлдер, жерасты көздер болып табылады.
Сырдария өзені. Бассейннің негізгі өзені Сырдария өзені -бұл Арал теңізінен қоректенетін су артериясының бірі болып табылады. Сырдария бастауын Ферғана алабында Нарын және Қарадария өзендерін қоса Қазақстаннан тыс жерде бастайды. Қалыптасу аумағында ағынның (бассейннің таулы бөлігі) негізгі қоректену көзі болып маусымдық қарлы жамылғының жайылма суы болып табылады, мұздықтың суы және «мәңгі қарлар», сонымен қатар жаңбырлы сулар кіші меншікті салмақты құрайды. Қосылған жерден жалпы ұзындығы 2212 км, ал Нарының бұлағынан -3019 км. Қазақстан аумағында өзеннің ұзындығы Шардара су бөгенінен Арал теңізіне дейін 1627 км құрайды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында -346 км, Қызылорда облысында -1281 км.
Қазақстан аумағында Сырдария өзені үш тармаққа бөлінеді: Келес өзені (сағадан 1727 км), Құрықкелес өзені (сағадан 1711 км), Арыс өзені (сағадан 1727 км). Төменде Арыс өзені, Сырдария өзенінің құйылысы көп салалар,тармақтар және арналар құра, ойпатты, иіректі жағалауларда ағып өтеді. Бассейнде Сырдария өзені,оның төменгі ағысындағы ауданында,Қызылқұмдардың құмды массивтері арасында көне құрғақ арналар кең таралған. Оның ішінде ең ірілері болып Жаңадария, Қуандария, Иқандария және басқалары болып табылады. Бұл арналар өте иректі және жалпы бағыттары шығыстан және солтүстік-шығыстан батысқа және оңтүстік-батысқа қарай бет алған. Кейбір құрғақ арналар Сырдариядан суды транзиттеуге қолданады, Қызылқұмдардың Сырдария маңы бөлігін суару және суландыру үшін жіберіледі.
Арыс өзені Сырдария өзенінің оң жақ тармағы болып табылады; бастауын Қуан-Бастау бұлақты көлінен алады. Өзеннің ұзындығы 378 км, сужинағыштың көлемі 14900 км2. Таулы бөлікке бассейннің барлық көлемінің 50 % келеді. Жалпы тармақтар –Жебағлысу,Ақсу,Боролдай, Бадам.
Қаратау жотасындағы оңтүстік-батыс бөктерінің ең ірі өзені болып Бугунь өзені болып табылады. Ол Қаттабугунь және Балабугунь өзендерінің қосылумен пайда болады. Олар Құмкөл көліне құйылады. Өзеннің ұзындығы 164 км, сужинағыштың көлемі 4680 км2.
Келес өзені - Сырдарияның оң жақ тармағы; Бастауын Қаржантау тауларынан алады. Өзеннің ұзындығы 241 км, бассейннің көлемі -3310 км2.
Шардара бөгені Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысында Түркістан тауларынан солтүстікке қарай Сырдарияның орта ағысының соңғы бөлігінде орналасқан, Жазық дала жазығының бөлігін, Арнасай және Сырдария алқаптарының төменгі жағын алады. Бөген екі бөгетпен пайда болды, біріншісі Шардара тауындағы Сырдария өзенінде және екіншісі қайта жабылған Арнасай ойпанымен. Арнасай бөгеті Қазақстан және Өзбекстан шекарасында орналасқан.
№ 12 билет
1.Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай отырып, Вернадский қандай қорытындылар жасады?
Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi В.И. Вернадский жасады. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық табиғатқа әсер ету масштабын бағалады.
В.И. Вернадскийдiң айтуы бойынша, биосфера — жалпы планеталық қабықша, тiрiшiлiгi бар және оның әсерiне ұшырап отырған Жер бөлiгi. Биосфера құрлықтың, теңiздiң және мұхиттың барлық ауданын алып жатыр, және тiрi организмдер қызметiмен жасалынған жыныстары бар Жер бөлiгi кiредi.
Атмосферада тiршiлiктiң жоғарғы шегi озонды экранмен анықталады — озон газының 16-20 км биiктiгiндегi жұқа қабат. Ол Күннiң қауiптi ультракүлгiн сәулесiн ұстап қалады. Мұхитта тереңдiгi 10-11 км-ге дейiн тiршiлiк бар. Жердiң қатты бөлiгiнiң 3-7 км тереңдiгiне дейiн белсендi тiршiлiк болады (мұнайлы жердегi бактериялар). Организмдердiң қызметiнiң тұнбалы жыныстар түрiндегi нәтижесi одан ары қарай тереңдiкте де болады.
Тiрi организдердiң миллиард жылдар бойы белсендiлiгi, зат алмасу, өсуi, көбеюi бiздiң планетамыздың осы бөлiгiн өзгерттi. Барлық түрлер организмдерiнiң барлық массасын В.И.Вернадский Жердiң тiрi заты деп атады. Тiрi заттың химиялық құрамына да өлi табиғат құрамына кiретiн атомдар кiредi, бiрақ мөлшерi әртүрлi. Тiрi заттар зат алмасу барысында химиялық элементтердi табиғатқа шығарады. Сөйтiп, биосфера химизмi өзгередi.
В.И.Вернадский жер бетiнде үздiксiз қызмет ететiн химиялық күш жоқ, сондықтан тұтас алынған тiрi организмдерден басқа өте құдiреттi күш жоқ деп жазды. Миллиардтаған жыл бойы фотосинтездеушi организмдер Күн энергиясының көп мөлшерiн байланыстырып, химиялық жұмысқа айналдырады. Оның қорының бiр бөлiгi геологиялық даму барысында таскөмiр және тағы басқа тыңайған жерiне жиналды. Фотосинтез нәтижесiнде атмосфераның оттегiсi жиналды. Ертедегi Жердегi атмосферада басқа газдар: сутегi, метан, аммиак, көмiрқышқыл газы болды. Оттегi нәтижесiнде озонды экран түзiледi. Бұл газдың молекуласы оттегiнiң 3 атомынан тұрады және молекулярлы оттегiге ультракүлгiн сәулесiнiң әсерiнен түзiледi. Сонымен, тiршiлiктiң өзi атмосферада бұл сәулелердiң көп мөлшерiн ұстап қалатын қорғаныш қабатын түздi.
Қазiргi атмосфераның көмiрқышқыл газының көп бөлiгi көптеген тiрi заттардың тыныс алу процесiнде немесе органикалық жануда түзiледi. Атмосфералық азот тiршiлiк қызметiнiң нәтижесiнде, яғни бiрнеше топырақ бактерияларының белсендiлiгi нәтижесiнде түзiледi.