Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жерге орналастырудың даму тарихы




ХХ ғасырдың басында, жердің көбі жеке меншікте болған кезде шаруа ұжымдарының, шаруа жеке меншігінің отрубтық және қыстақтық жерлерінде және помещиктердің және басқа жерлердің шекаралары өте дәл аналитикалық тәсілмен жасалған. Жерге орналастыру жұмыстары көбінесе жер бөлудің математикалық және геодезиялық тәсілдерін қолдану және жерді пайдалану құқығы заңмен бекітілген жұмыстарды орындаумен шектелген. Революцияға дейінгі жерге орналастыру жұмыстары жоғарғы айтылған тәсілдермен орындалған [4].

Үлкен жер пайдаланушылар, ұжымшарлар мен кеңшарлардың жер пайдаланулары пайда болған кезден бастап жерге орналастыру ғылымы өте тез дами бастады, ал жерге орналастыруды жобалау, осы жұмыстардың құралы ретінде, өте тез дами бастады. Техниканы, адамдардың ұжымдық бірлестік еңбегін тиімді пайдалану және ірі жер аумағын ұтымды пайдалану үшін жерге орналастыру жұмыстарының жаңа тәсілдерін ойлап табу керек болды [5].

Шекараларды жер бетінде белгілеу, планға түсіру және жер пайдалану құқығын бекітетін актілермен қамтамасыз ету, яғни техникалық және құқықтық аспектілерімен бірге экономикалық және қоғамдық мәселелерді шешу керек болды: жаңа ұжымшарлар мен кеңшарлардың шаруашылық орталықтарын, өндіріс бөлімшелерін орналастыру және ұйымдастыру, ауыл шаруашылық алқаптарының түрлерін және құрылымын жарамды түрге келтіру, дұрыс ауыспалы егістіктерді енгізу және т.б.

Шаруашылық аралық және ішкі шаруашылық жерге орналастыру пайда болды.

Осы жұмыстарды орындау үшін ғылымның мәнін көтеру керек болды. Жерге орналастыру жұмыстарында және ғылымында қоғамдық-экономикалық бағыт жер өлшеу, техникалық (геодезиялық) жұмыстардан басым бола бастады.

Жерге орналастырудың ұжымшарлар мен кеңшарлардың (1932-38ж) кезеңінде ғалымдардың арасынан көп еңбек сіңірген ғалымдарды атап кетейік: И.Д.Шулейкин, Н.В.Бочков, С.А.Удачин, Н.Н.Бурихин және т.б. Кейінгі кездегі ғалымдардың арасынан М.А.Гендельман, Е.Д. Тихомирова, Э.А.Шойхет, М.Д.Спектор, Я.Я.Мауль, Л.И.Подольский, С.Н.Волков, А.А.Варламов, П.С.Шевченко, Ж.Т.Сейфуллин Н.Л. Озеранская, Э.В.Белоусова және Ж.К.Қырықбаевтарды атауға болады.

Совет үкіметі кезінде жерге орналастыру ғылымының жалпы теориясы жақсы дамиды: табиғаттық аймақтардың, экономикалық аудандардың ерекшеліктерін ескеретін жерге орналастыру жұмыстарының жаңа әдістері жақсы дамиды.

Жерге орналастыру келесі жұмыстармен және ғылымдармен өте тығыз байланыста орындалады: жерді инженерлік-техникалық жабдықтау, жердің құнарлығын бағалау, ауылшаруашылықтық карта жасау, аудандық ауыл шаруашылық пландау, келешек жоспарлау, көп жылдық болжау, мелиорациялау, агроорман мелиорациясы, елді мекенді планды жоспарлау.

Жерге орналастырудың мазмұны және шешетін мәселелері

Қазіргі кездегі қолданыстағы Жер кодексінде «Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде белгіленген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қаралған және бекітілген жердің нысаналы мақсаты, жерді пайдалану мен оны қорғау режимі, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерінің шекарасы, жердің сапасы мен мөлшері туралы және басқа деректер жер құқығы қатынастары субъектiлерiнiң орындауы үшін міндетті болып табылады» делінген [1, 149-151баптар]. Жерге орналастырудың мәні осы бір жер заңдылығының бабында нақтылы көрсетілген. Ал мазмұны мен шешетін мәселелерін келесі анықтама көрсетеді:

Жерге орналастыру дегеніміз – жер қатынастарын реттеуге, жерді, өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік ретінде толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға, жер заңдылығын жүзеге асыруға және оның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.

Жерге орналастыру арқылы тек қана жерді емес және одан ажырамайтын өндіріс құралдарын неғұрлым толық, дұрыс және тиімді пайдалануды ұйымдастыруға, егіншілік мәдениетін арттыруға және жерді қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралары іске асырылады.

Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алқаптары мен учаскелері болып табылады.

Жерге орналастырудың мазмұнықоғамдық өндірістің, әсіресе аграрлық секторының экономикалық талабына сәйкес анықталады. Негізгі жерге орналастыру жұмыстары мыналар: ауылшаруашылық және басқа қажеттіліктерге жаңа құнарлы жерлерді іздеп табу, ауылшаруашылық мекемелерінің, шаруа қожалықтарының және басқа шаруашылық құрылымдардың жер пайдалануларын жаңадан құру және барларын жақсартып, қайтадан құру, ауылшаруашылық мекемесінің жерінде ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жүргізу; мемлекеттік, жеке және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және бөліп беру; қалалардың, поселкелер мен ауылды елді мекендердің шекарасын өзгерту және белгілеу.

ҚР-да жерге орналастыру қызметі жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыруды келесі жобаларды орындау негізінде қамтамасыз етеді:

- ғылыми негізделген болжамдар түріндегі бас республикалық схема;

- облыстық және әкімшілік аудандардың жерге орналастыру схемасы;

- шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары;

- ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;

- учаскелік жерге орналастыру, жақсарту, мелиорациялау, рекультивация жөніндегі жұмыс жобалары [6].

Жерге орналастыру келесі мәселелерді қамтиды және қамтамасыз етеді:

1) ландшафтық-экологиялық негізде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді;

2) қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді;

3) белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын (шегін) анықтау мен белгілеуді, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;

4) белгiлi бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;

5) жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді;

6) жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;

7) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;

8) жер ресурстарының жай-күйi мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды қамтиды және қамтамасыз етеді.

Барлығы жерде салынады, орналастырылады, сондықтан мемлекеттік, жеке меншікке және қоғамдық ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлу, қала, поселке және ауылдардың шекараларын анықтау және өзгерту мемлекеттік жерге орналастырудың ажырамайтын бір бөлігі деп атауға болады.

Жерге орналастыру жұмыстарына топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық және т.б. зерттеу және ізденіс жұмыстары жатады. Олардың материалдары тек қана жерге орналастыру жобасын жасауда және негіздеуде қолданылып қоймай, мелиорация, жол салу және басқа құрылыстарда және т.б қажеттіліктерде пайдаланылады.

Әртүрлі схемалар мен болжамдар жобаларға қарағанда нақты мәселелерді қамтымайды, ұзақ мерзімге және ауқымды аймақтарға жасалады. Олар жерді пайдалану бойынша жалпы концепциялар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға арналады. Сонымен бірге болжам схема мен бағдарламаларда жерді және онымен ажырамас байланыстағы өндіріс құралдарын тиімді пайдалану және жағымсыз құбылыстардан қорғау мәселелері де қаралады. Болжаулар арқылы жер ресурстарын пайдалану шаруашылық іс-әрекеттерінің даму бағыттары алдын-ала ғылыми тұрғыдан белгіленеді [7].

Жерге орналастыру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша немесе мүдделі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі.

Жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша жүргiзiлетiн жерге орналастыру жұмыстары олардың тиісті жергілікті атқарушы органға беретін өтініштерінің негізінде жүзеге асырылады.

Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы мекемелер мен жерге орналастыру жұмыстарын орындауға лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.

Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртібін және технологиясын жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік белгілейді және олар нормативтік құқықтық актілермен бекітіледі. Олар - жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшін міндетті.

Жерге орналастыру мазмұнының күрделігіне қарай түрлерге және түр тармақтарына бөлінеді. Оның өзіндік әртүрлі формалары объектінің аймақтық табиғи және экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылықтың әлеуметтік және өндірістік типіне, жерде шаруашылық жүргізудің көп түрлі формаларының әрекет етуіне байланысты.

Ал жерге орналастыруды жүргізудің өндірістік және құқықтық процестері бірнеше кезеңдерден тұрады. Оларға:

- дайындық жұмыстары;

- жобаны құру;

- жобаны қарау және бекіту;

- жобаны жер бетіне түсіру;

- жерге орналастыру материалдарын және құжаттарын тағайындау және иесіне, тапсырма берушіге тапсыру;

- жерге орналастыру жобасының орындалуына авторлық бақылау жасау кезеңдері жатады.

Бұл жерге орналастыру кезеңдері бір-бірімен көлемі және мазмұнымен айрықша және олар әртүрлі әдістермен орындалады.

Өз есебінен әзірленетін және жүзеге асырылатын ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын және жерді ұтымды пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға байланысты жобаларды жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) өкілетті органдарымен келісімі бойынша жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар, басқа да тапсырыс берушілер бекітеді.

Ал жер учаскелерінің шекарасын қалыптастыруға, оларды белгілі бір жерде белгілеуге, жер учаскесінің жоспарын дайындауға байланысты жерге орналастыру құжаттамасын, сондай-ақ жерге орналастыру жөніндегі жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының арнайы тақырыптық карталарын жасау жөніндегі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, топырақты зерттеу, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарының материалдарын, белгіленген тәртіппен келісілген жерге орналастыру құжаттамасын жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың өкілетті органдары бекітеді. Жерге орналастыру құжаттамасына өзгерістер құжаттаманы бекіткен органның рұқсатымен ғана енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Жер кодексі бойынша жерге орналастыруды жүргізу бойынша тапсырыс беруші, жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші, жерге орналастыруды жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері көзделуі мүмкін үшінші тұлғалар, сондай-ақ жерге орналастыру құжаттамасы келісілетін және оны бекітетін мемлекеттік органдар мен басқа да тұлғалар жерге орналастыру процесіне қатысушылар болып табылады.

Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың әрқайсысының міндеттері және құқықтары заң бойынша анықталған. Мысалы, жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі тапсырыс беруші жеке өзі немесе өкілі арқылы жерге орналастыру процесінің барлық сатысында қатысуға, жерге орналастыру ісінің материалдарымен танысуға, өз ұсыныстарын қарауға енгізуге және жерге орналастыру процесінде туындаған келіспеушіліктерді шешуге қатысуға құқығы бар.

Жобалау және іздестіру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның келесідей құқықтарын атап өтуге болады:

- мемлекеттік органдардан жерге орналастыру жөнінде қажетті ақпарат алуға;

- тапсырыс берушілермен шарт жағдайларында қарым-қатынас орнатуға;

- жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру барысына қандай да бір ерекше рұқсатсыз бақылау жасауға, жергілікті атқарушы органдарды оның нәтижелері туралы хабардар етуге және жерді пайдалану мен қорғау iс-тәжiрибесiн жақсарту жөнінде ұсыныс енгізуге;

- жерге орналастырудың ескірген схемалары мен жобаларын жетілдіру немесе қайта өңдеу жөнінде ұсыныстар енгізуге.

Жоғарыда айтылғандай, жерге орналастыру процесінде тапсырма беруші мен оны орындаушыдан басқа жерге орналастыру барысында құқықтары мен заңды мүдделері қарастырылуы мүмкін үшінші тұлғалар болады. Олар жерге орналастыру мәселелері талқыланғанда қатысуға және жерге орналастырудың барысы мен нәтижелері туралы өз мүдделерін көздейтін ақпарат алуға құқығы бар. Сондай-ақ, жерге орналастыру процесінде өздерінің мүдделерін қозғайтын заңсыз әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға құқылы.

Жерге орналастыру процесiнiң барлық қатысушылары келесі шарттарды орындауға міндетті:

- Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтауға;

- жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты құзыретті мемлекеттік органдар талаптарын орындауға;

- жерге орналастыру процесінде жер учаскелерiнiң меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге.

Атқарушы органдар жобалау құжаттамасы бойынша келісім жасау және оны бекіту іс әрекеттерін бір ай ішінде орындауға мiндеттi.

Жерге орналастыру жұмыстарын орындауға тапсырыс беруші:

- жерге орналастыруды жүргізу мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, ерекше жағдайлары мен мерзiмдерiн анықтауға;

- қажетті материалдар мен құжаттарды беруге;

- жұмысты қаржыландыруды ұйымдастыруға;

- орындалған жұмыстарды бір ай iшiнде қабылдауға немесе дәлелді түрде бас тартуға міндетті [1, 151 бап].

Жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші:

- барлық жұмыстарды қолданыстағы нұсқаулықтар мен әдістемелік нұсқауларға, сондай-ақ шарттарға сәйкес орындауға;

- зерттеу, іздестіру және өзге де жұмыстарды орындауда топырақтың құнарлы қабатын бүлдіре отырып жүргізілген жер учаскелерiнiң жай-күйін бастапқы қалпына келтіруге;

- жерге орналастыру құжаттамасында көзделген іс-шаралардың дұрыстығы, сапасы мен экологиялық қауіпсіздігі бойынша жауап беруге мiндеттi.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2842 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2281 - | 1988 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.