Құрал – жабдықтар: Колба (стакан).Бірінші жағдайда суық сумен толтырылған.
Екінші жағдайда ыстық сумен толтырылған. Секундомер.
Зерттелуші – физикалық дені сау, жүргізілген тәжірибе нәтижелерін қызықтырмайтын адам.
Жұмыс жағдайы: Бөлме температурасы тұрақты.
Жұмыс барысы: Адам терісіне суық және жылы заттың әсерін екі реттік талдау жүргіземіз. І талдау – ұзақ жанастыру. ІІ талдау – қысқы уақыттық, жиі жанастыру.
Суық сумен толтырылған колбаны маңдаймен 2 – 5 минут бойы жанастырамыз. Жанастыру доғарылғанда, суықты сезу жалғаса береді, бірақ бұл сезім біртіндеп жойылады. Жүргізу тәртібін өзгертеміз, яғни 2 – 5 минут бойы, 1 – 3 секунд жиілікпен колбаны жиі – жиі маңдаймен түйістіреміз. Нәтиже барысында суықты сезу тәжірибе бойы тұрақты болып қалады, ал жанастыру сезімін біз жанастыру жиілігі бойынша сеземіз.
Осы тәжірибені жылы (ыстық) сумен жүргіземіз.
Жылы сумен толтырылған колбаны маңдаймен 2 – 5 минут бойы жанастырамыз. Жанастыру доғарылғанда, жылуды сезу жалғаса береді, бірақ жылуды сезу алдыңғы тәжірибедегі суықты сезуге қарағанда жылдам жойылады.
Жанастыру жағдайын жоғарыда жүргізілген тәжірибеге сай өзгертеміз. 2 – 5 минут бойында жанастыру жиілігі 1 – 3 секунд. Колбаны алғанда жылуды сезу жойылады. Кезекті жанастыру және жылуды сезу Үзілген сипатта болып табылады.
Тұжырымдар: тәжірибе нәтижесінде жылуға қарағанда суықтық тітіркендіргіш әсері айқын деген қорытынды жасаймыз.
«Астана медицина университеті» АҚ | ӘӨ-07.1.15 | |
Қалыпты физиология кафедрасы | 98 бет 139 |
Жұмыс
Дәм сезу табалдырығын анықтау.
Жұмыс барысы: Зерттелетін адамның тіл ұшына пипеткамен бір тамшы берілген ерітіндіні тамшылатады. Олар оны жұтып, ерітіндінің дәмін анықтайды.
Нәтижесі:
Зат | Дәм сезу табалдырығы |
Тәтті | |
Ащы | |
Тұзды | |
Қышқылды |
Жұмыс №5
Жобаларды салу
«Астана медицина университеті» АҚ | ӘӨ-07.1.15 | |
Қалыпты физиология кафедрасы | 99 бет 139 |
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУЛЕР
(тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)
Тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейро-физиологиялық механизмдері.
Сағат саны:4
Курс: 2
Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»
Дайындаған: Ибраева С.С
Астана, 2013ж.
«Астана медицина университеті» АҚ | ӘӨ-07.1.15 | |
Қалыпты физиология кафедрасы | 100 бет 139 |
1. Тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейро-физиологиялық механизмдері.
2. Мақсаты: Ағзаның шартты рефлекторлық қызметі және оның нейрофизиологиялық механизмдері. Жоғарғы психикалық қызметтерін оқу.
3. Оқу мақсаты: Студентке жоғары жүйке іс – әрекеті, туа біткен мінез – құлық (шартсыз рефлекстер және инстинкт), және организмнің бейімделіу әрекетінің маңыздылығын қалыптастыру, жіктелу туралы ұғым беру. Шартты рефлексті құрастыру әдістеріне және шартсыз бен шартты орталықтардың аралығындағы уақытша байланыстың түзілу жолдарын талдауға үйрету. Орталықтардың орналасуы меншартты-рефлекторлық байланыстың негізгі механизмдері мен түзілу заңдылықтарын ұйымдастыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жоғарғы жүйке іс-әрекеті жайында түсінік.Тәртіптің туа біткен түрлері (шартсыз рефлекстер және инстинктер). Олардың организмнің бейімделу іс-әрекеті үшін маңызы, жіктелуі.
2. Жүре пайда болған тәртіп- мінез- құлық. Шартты рефлекс, жануарлар мен адамдардың үнемі өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайына бейімделу түрі ретінде.
3. Балада шартты- рефлекторлық іс-әрекеттің пайда болуы.
4. Шартты рефлекстің пайда болу және көріну заңдылықтары. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. Шартты рефлекстердің жіктелуі.
5.Шартты рефлекстер пайда болуының физиологиялық механизмдері, олардың құрылыстық- қызметтік негізі (И.П. Павлов, П.К. Анохин).
6.Үлкен жарты шарлар қыртысының талдау- синтездеу іс-әрекеті.
7. Динамикалық стереотип, оның физиологиялық маңызы, еңбек дағдыларына үйренудегі және оларға ие болудағы маңызы.
8.Қызметтік жүйелер тұрғысынан қарағандағы біртұтас мінез-құлықтық актінің архитектурасы. (П.К. Анохин).
9. Шартты рефлекторлық іс-әрекеттің тежелуі. Қыртыстық тежелудің түрлері.
10.Тежелудің қыртыстағы талдауға және шартты-рефлекторлық іс-әрекетке қатысы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)
1. Егеуқұйрықтарда белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру.
2. Тәжірибелік жануарларда тәртіптік реакцияларды зерттеу.
6. Әдебиет:
1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.
2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.
3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.
Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.
27. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.
Қосымша:
28. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.
29. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның
нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.
7. Бақылау: Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу және билет бойынша жазбаша бақылау.
«Астана медицина университеті» АҚ | ӘӨ-07.1.15 | |
Қалыпты физиология кафедрасы | 101 бет 139 |