Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа таратылатын материал. Сабақ тақырыбы: Есту, тепе-теңдік талдағыштары.




Сабақ тақырыбы: Есту, тепе-теңдік талдағыштары.

 

Жұмыс №1

Сүйектік және ауалық өткізгіштігін зерттелуі

Жұмыс барасы: Сүйекті өткізгішті байқау үшін дыбыс шығарғыш камертонның аяғын зерттелушінің самайдың ортасына орналастырады. Зерттелуші екі құлағымен де дыбысты бірдей күшпен еститіндігін белгілейді. Содан соң бір құлаққа мақта тығып, тәжірибені қайталайды. Мақта тығылған құлақта дыбыс қатты естілетін сияқты болады. Бұл кезде дыбыс есту рецепторларына бассүйектің ең қысқа жолымен жеткендігімен түсіндіріледі. Әріқарай екінші зерттелушінің құлағын бірінші зерттелушінің мақта тығылмаған құлағын резеңкелі түтікпен жалғастырады. Екінші зерттелуші дыбысты дәл солай естиді, себебі дыбыс толқындарының кеңістікті бағанада таралуы жүреді.

Сүйекті және ауалық өткізгіштікті салыстыру үшін сонымен қатар Ринне тәжірибесі жүргізіледі. Дыбыс шығарғыш камертонның аяғын самай сүйегінің емізікше тәрізді өсіндісіне тығыз жанастырады. Зерттелуші біртіндеп әлсізденген дыбыс естиді. Дыбыс өшкен кезде камертонды құлаққа апарады. Зерттелуші қайта дыбыс естиді. Секундомер көмегімен дыбыстың естілу уақытын анықтайды. Тәжірибе кезінде есту талдағышы бейімделмеуі үшін камертонды 0,5м алшақтатады, кішкене уақытқа қайта құлаққа әкеледі.

Қорытынды:

Жұмыс №2

Тепе-теңдік аппаратың қызметтік тұрақтылығын анықтау

Айналдыру сынамасы

Жұмыс барысы: з ерттелушіні Барани орындығына денесін бекіту үшін планканы бекітіп отырғызады. Көлденең көзді нистагм болуы үшін оны басын 15 бұрышқа түсіруін сұрайды. Тәжірибе жүргізуші секундына жарты айналым жылдамдығымен зерттелушіні бір қалыпты айналдырады. 10 секундтан кейін орындықты кенеттен тоқтатады да, зерттелушіні көзін ашуынсұрайды. Бір уақытылы секундомерді қосады. Нистагм жоғалған кезде секундомерді тоқтатып, оның ұзақтылығын есептейді.

Келесі зерттеуді бастамас бұрын зерттелушіні Барани орындығында айналдырғанда қандайда бір сезіну пайда болса ол туралы айтуын сұрайды. Оның көзін байлап 1 секундте жарты айналым жылдамдығымен 10 рет айналдырады. Зерттелуші қозғалыс басында айналысты сезінеді және оның бағытын анықтайды. Содан соң қозғалыс бір қалыпты болғанда, ол бұл сезінуді жоғалтады да, орындықтың тоқтағанын хабарлайды. Орындықты тоқтатқан кезде зерттелушіде кері айналыс сезімі пайда болады.

Барани модификациясындағы кілтеуіш байқауы

Зерттелушіден 0,5см бас деңгейі арақашықтығында қарандашты орналастырады. Қарандашқа қарап, көзін жұмып қарандаштың жоғарғы ұшына сұқ саусақпен жанасуын сұрайды. Ізінше жоғарыда айтылған орындықта айналдырады. Орындықты тоқтатқан соң ол қолын алдына созып, көзін ашпай қайта қарандаштың жоғарғы ұшына жанасуға тырысады.

Отолитты байқау

Зерттелушіні Барани орындығына отыруын, көзін жабуын және басын 90 алға июін сұрайды. Орындықты айналдырады. 5 рет айналдырған соң орындықты

«Астана медицина университеті» АҚ     ӘӨ-07.1.15
Қалыпты физиология кафедрасы   92 бет 139

 

кенеттен тоқтатады, бұл кезде ортаңғы сызықтан корпустың ауытқуын бақылайды. Пульстің жоғарылауын және төмендеуін байқайды.

Қорытынды:

Жұмыс №3

Бинауральді дыбыс

Камертон сипаты Өткізу типі Камертон дыбысын қабылдау ұзақтығы
Қалыпта Зерттелушіде
Оң құлақ Сол құлақ
  Ауалы      
Сүйекті      
  Ауалы      
Сүйекті      
  Ауалы      
Сүйекті      
  Ауалы      
Сүйекті      
  Ауалы      
Сүйекті      

Жұмыс барысы: з ерттелушіні орындыққа тәжірибе жүргізушіге арқасымен отырғызады. Зерттелушінің құлағына фонендоскоптың резеңкелі түтігінің ұшын кигізеді, фонендоскопқа дыбыс шығарушы затты әкеледі. Қай жағынан дыбыс шығып тұрғанын көрсетуін сұрайды. Содан соң фонендоскоптың бір түтігін одан ұзынына ауыстырады да, тәжірибені қайталайды. Зерттелуші дыбыс көзі қысқа түтік жағынан екенін хабарлайды.

Қорытынды:

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-17; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1017 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2312 - | 2039 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.023 с.