Абай қазақ тұрмысында ислам дінін, оның иделогиялық сипатын алған тұңғыш ойшыл. Ақын өлеңдерінде де, қара сөздерінде де алла деген ұғым жиі кездеседі. Абайдың құдай, Алла деп айтып жүргені қазақта ғасырлар бойы сіңісіп келе жатқан дәстүрлерден алшақтап кетпеу еді.
Құдайдың мәнін анықтай келе Абай оны табиғат пен бүкіл әлеммен теңестіре қарастырады. Алла тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшем мен өлшеусізді білуге болмайды. Біз Алла тағала «бір» дейміз, «бар» дейміз», ол бір» демектік те ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол «бір» демектік те Алла тағалаға лайықты кел-мейді. Бір деген сөз әлемде, ал әлем – Құдайда орналасқан деп Абай құдайды табиғатқа жайылып сіңісіп кетеді деп қарастыратын пантеистік пікірге барады.
Ислам идеологиясында Алла мен адам қатар айтылмайды, олардың арасында дәнекер жартқанның расулы (елшісі) Мұхаммед пайғамбар бар. Адамның Аллаға тікелей пайғамбарсыз шығуі діннен безгендік.
Абай шығармаларында Алла үш мағында қоладанылған:
1. Онтологиялы мазмұнда, яғни Алла – шындық ақиқат: дүниенің хақ-тығын, барлығын бейнелейтін, адам еркінен, санасынан тыс объективтік реалдылық. Бар шындықты жоқ деуге болмайды. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, рас сөз ешқашан жалған болмас» - деуі Алланың шындық ретінде мойындаушылық.
2. Космологиялық мәнде, демек, Алла әлемді жаратушы құдірет. Алла махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй, дейді Абай. Алланы сүюдің мәні ол – жаратушы. Абай Алланы сүюге шақыру жолында суфистер философиясындығындай мистикаға ұрынбай, гуманистік бағыт ұстанған. Ол сопылар сияқты Аллаға құлшылық жолында дүние қызығын тәртіп қылуға қарсы. Ол «азаматтың бәрін сүй бауырым деп және хақ жолы деп әділетті», - деп адамдарды дініне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлуге үзілді-кесілді қарсы. Қоғам өмірінде ислам идеологиясы үстем болып тұрғанда мұндай асқақ гуманистік ой қорыту дінге айтылған нақты сын.
3. Гносеологиялық тұрғыда ислам дінінде Алланы тану, оның расулы пайғамбар арқылы болмақ, ал Абай болса пайғамбарды тануға шақыр-майды. «Дүние, шаруа, мінез күнде өзгерер, кезекпенен нәби келер», деп пайғамбарлықты қалыпты жағдай ретінде айтады. «Пайғамбарлар мен әулиелер ахырет қамын ойлатты, дүние қамын ойлатпады»... Міне, исламдағы суфистік дүниетанымды Абай осылайша сынға да алып отыр. Абайдың «адам» туралы ой толғаныстарында көптеп айтылмаса да, суфизм мен буддизмнің әсері анық байқалады. Ақын адамды Алламен бірге атап қоймайды, тіптен керек десеңіз адамның дамуын шектемей, оны тек биіктетіп әкетеді. Алла жаратушы, Алла шындық, бірақ өмірдің, әлемнің қозғаушы күші – адам. Мұндай гуманизм буддизмге тән.
Алланы сүю деген сөз ойшылдың түсінігінде, адамның өз бойындағы рухани қуатын ашу дегенмен пара-пар. Алла жаратушы болғанмен, жарылқаушы болғанмен ол адамзатқа қызмет ететін рух. Алла мен адам бір-бірінсіз мәнсіз, мағынасыз болмақ. Алла шындық болған соң, ешқашан адам өлмек емес. Сондықтан да Абай «мені мен менікінің айырылғанын өлді деп ат қойыпты өңкей білмес» деуі орынды.
Абай өлеңдерінде осылайша жалқыдан жалпыға, тұтастықтан жеке нәрсеге дейін түсіндірілетін үлкен-үлкен ойлар бар. Осылардың арасын-дағы ішкі логикалық, диалектикалық байланыстарды дұрыс түсінген Абай таңғажайып философ Гегельдің деңгейіне дейін көтеріле толғайды. «Тіпті, Абайдың қай жерде ақын, қай жерде ойшыл, философ екенін айырудың өзі қиын», - дейді Ж.Әбділдин.
Ағартушы ғылым мен дінді ымыраға келтіруге жасаған әрекетінде, құдайға орын аз қалып, ғылымның шапағаты басым болып тұрады. «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орынына бармайды.
Құдай не табиғатпен, не ғылыммен теңестіріліп, солармен біте қайна-сып, сіңісіп кетеді. Ғылымды игерген адам ғана құдіретті бола алады. Бұл жердегі Абайдың мақсаты құдайдың емес, іліммен қарулана білген адамның күшін көрсетуде, ғылымның рөлін құдіреттендіре түсуінде. Ғылым мен техниканың қарқындап дамуы табиғаттың тылсым күшін адам еркіне бағындырып, адамға қызмет еткізеді деген ағартушылық идеяны ұстанады. Абайдың осындай қайшылықты пікірлерінің өзінде прогрессивті жаңа ойлардың лебі есіп отырады.
Ойшылдың дүниеге көзқарасынынң орталығында әрдайым адам проблемасы қойылады, адамды философиялық, биологопсихологиялық, этикалық, эстетикалық тұрғыларда қарастырады.
Адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызып, Абай оның басқа құбылыстардан ерекшеліктерін, ішкі мәнін ашуға тырысады. Оның түсінуінше, қайрат, жүрек, ақыл тек адамға тән қасиеттері, ақылдылық өтірікті ақиқаттан ажыраттырады, қайрат адамды алға қойған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылдырады. Жүрек әділеттілік пен әділеттісіздікті білдіреді. Адамның ақылдылығы, саналығы, Абайдың ойынша білімділік пен ғылымды зерттеумен, дүние құбылыстарының ішкі сырын білумен болмақ. Абай философияның негізгі мәселесінің екінші жағында анық материа-листік тұрғыда шешті. Дүниені тану, ақиқатты білу адамға ғана тән қасиет болуға тиіс: «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адалдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады» дейді ол. Танымның, ақиқаттың көзі философтың айтуынша, адамдар сезім мүшелері көмегімен танып білетін объективтік реалдылық болып табылады. Сана, таным дегеніміз – объективтік дүние құбылыстары мен процестерінің адам басында бейнеленуі. Адам бес сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниеден хабар алады. Ойлану үшін материалдар жинайды. «Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол көп жинағы бар адам: сынап, орындысын, орынсызын – бәрінде бағанағы жиған нәрсе-леріңнен себеп қылып, аралап табады. Бұлай етіп бұл қаракетке түсінген адамды ақылды дейміз». Бұл жерде философ таным процесінің жоғарғы сатысы – абстаркциялық ойлау кезіндегі болып жататын анализбен синтез және т.б. таным әдістері негізінде жиналған хабарларды тұжырымдау жөнінде әңгіме етеді. Абай танымның сезімдік және логикалық сияқты негізгі сатыларын егжей-тегжейлі саралап бермегенімен оларды орны-орнымен сипаттап, мәнін ашуға дейін әрекет жасайды. Абайдың көзқарасынша тарихи шектеулі таным процесінің бұл сатыларының диалектикалық өзара байланысы мен маңызын ғылыми тұрғыда ашып беруге мүмкіндік бермеді. Дегенмен, Абайдың көзқарасынша таным процесіндегі сенсуалистік және рацио-налистік кезеңдер материалистік тұрғыда дұрыс бағаланады.
Сонымен, ағартушы Абай Құнанбаев қазақ халқын экономикалық және мәдени мешеулікке қарсы күреске, отырықшылққа, шаруашылық пен мәдениетті жан-жақты дамытуға, халықты ағартуға, білімге шақырады. Ол қазақ елін алға бастыруда басқа халықтардан үлгі алып, олардың мәдениетін, білімін, тілін, ғылымын үйренудің қажеттігін атап көрсетті. «Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі – деп жазады ол.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ философиясының ерекшелігі.
2. Қорқыт философиясының мәні?
3. Ақын-жыраулар философиясындағы батырлық мәселелері қалай қарастырылды?
4. Абайдың ұсынған ұран қандй?
5. Абайдың философиялық еңбектерін атаңыз?
№10 Лекция сабағының тақырыбы: ХХ ғ. мен ХХІ ғ. қарсаңы мәдениеті контексіндегі батыстық философия.
1. Сабақ жоспары:
1. ХХ ғ. батыс философиясының мәні мен негізгі бағыттары.
2. Позитивизм және оның түрлері.
3. Прагматизм, структурализм және поструктурализм.
4. Экзистенциализмнің негізгі ұғымдары.
2. Сабақ мақсаты:
ХХ ғ. философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Әр дәуірдің өзіне тән философиясы болады. Буржуазиялық қоғамда философияның толып жатқан ағымдары бар. Олар бірінен –бірі сырт көрінісі жағынан айырылады, мазмұны жағынан біріне-бірі жақын. Осы ағымдардың негізі идеализм. Бұл ағымдар қоғамның үстемдік етуші тобына қызмет етеді, оның әлеуметтік саяси мүддесін негіздейді. Бұл ағымдардың өзінде қарама-қарсы бағыттар бар.
Батыстың философиялық білімнің саясаттануына және идеологиялануына капитал елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен тәуелді елдер арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық революциядан туған дүниежүзілік проблемалар зор әсерін тигізуде. Сондықтан Батыс философиясында көптеген ағымдар мен бағыттар бар.
Қазіргі батыстық философияда мына ағымдарды атап айтуға болады: позитивизмнің қазіргі түрі – неопозитивизмнің қазіргі түрі – неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм және иррационализмнің түрлері; діни философияның түрлері – неотомизм, персонализм т.б. Сонымен қатар бұлардан басқа прагматизм, антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы субъективтік және объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды.
Философияны ғылымдардың ғылымы, көзқарас, дүниетаным ретінде қараудан бас тартқан ағымдар ХІХ ғасырдың екінші жартысында бой көрсете бастады. Солардың ішінен Франция жерінде пайда болып, кейін өзге елдер ойшылдарына да зор әсері тиген позитивизм (позитивизм – негізгі, қажет деген сөзден шығады) ағымын атап өтуге болады. Оның негізін қалаған француз философы және ғалымы О.Конт болды. Конт және оның жақтастары (Англияда Г.Спенсер, Дж.Милль т.б.) философияның негізгі проблемаларын қажетсіз дей отырып, тек жаратылыстану ғылым-дарының көзқарастық, танымдық жақтарына көңіл бөліп, оларды асыра дәріптеді. Сөйтіп философия ендігі жерді жаратылыстану салаларының, басқа ғылымдардың жиынтығын негіздеп, оларды теорияға айналдырып, қажетті көзқарас тудырушы болуы керек еді. Бір сөзбен айтқанда, философия басқа ғылымдарға тек қызмет етуші рөл атқару керек.
Мұндай позитивистік көзқарас, әсіресе, Гегельдің диалектикасын лақтырып тастау, оны жаратылыстану салаларының өкілдері игере алмағандығы ХІХ ғасырдың аяғындағы ғылымдардың қауырт дамуына үлкен кедергі болды.
Олардың мақсаты — ғалымдарды толып жатқан алдын ораған ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым өз алдына философия. Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Былайша айтқанда, әрбір ғылымда пайдалы да, пайдасыз да ойлар болады. Мақсат, дейді позитивистер, солардың тек дұрысын, пайдалысын қабылдап, пайдасызынан арылу. Ондағы ойы — француз революциясының теориялық негізі болған XVІІІ расырдағы француз материализмінен бас тарту. Олай болса, позитивизм — идеалистік философия, оның ішінде субъективтік идеализм. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолы жеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күрескен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата бет бұрды.
2-3. Позитивизм эволюциясы осы дәуірдің ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі - позитивизм, екінші кезеңі - эмпириокритицизм, үшінші кезеңі — неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Себептері: алдымен позитивизмнің пайда болуына әсер еткен Гегель диалектикасының дүниеге келуі. Буржуазия идеологтары содан кауіптенді. Диалектика метафизиканың кемшіліктерін айқын көрсетті. Одан соң, сол кезге дейінгі философия ғылымдардың ғылымы делініп келді. Бірақ нақты ғылымдардың тез қаулап дамуы философияның енді ғылымдардың ғылымы емес екенін айқын дәлелдеді. Осы себепті арнаулы философиядан бас тартып, жаңа жол іздестіріле бастады.
О.Конт (1798-1857) Француз философы және позитивизмнің негізін қалаушы.
Ақиқаттық философиялық ілімінде, әсіресе ғылымдардың дамуының маңыздылығында О.Конт өзінің философиясын бірінші орынға қояды, яғни оның пікірінше рухани қабылдауға негізделген пікірлерге орын жоқ, табиғаттың тек сыртқы көрінісін қарастыру керек дейді. Мұндай ілім позитивтік, ал О.Конттың философиясы позитивизм деп аталды. Яғни, философия ғылыми танымның дамуына кедергі болатын керексіз нәрсе деген көзқарас алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мәнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді дедеі. Конттың пікірінше, адамның таным процесі құбылыстардың сырт көрінісін сиапаттап, классификациялауға әрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп әуре болмауы тиіс.
Материализм дәстүрлі түрде жаратылыстануға жақын болды. Бірақ материализмнің категориялардың кілті материя болса, оның мазмұны абстрактілік оймен тану болып табылды. Ал О.Конттың пікірінше, жаратылыстану табиғаттың объектілерін шынайы түрде белгіленген қосымша түсінік түрінде материя түсінігін қажет етпейді. Сондықтан да Конт өзінің философиясын материализмге жатқызудан бас тартады.
Позитивизм сонымен қатар субъективтік идеализмді қанағат тұтпайды, былай қарағанда позитивизмнің онымен бірге теориялық қайнар көзі бір екені бақыланған – яғни сенсуалистік ілім. Бірақ, Д.Юмның субъективтік идеализмі солипсизм мен агностицизмге келсе, ал позитивизм олса, қарама-қарсы түрде жаратылыстану жүйесінің дамуына және қоғам туралы ілімнің дамуына бағытталған.
Сонымен, О.Конт философиядағы қалыптасқан бағыттардың бірі болудан бас тартады, оның талабы бойынша позитивизм басқалармен сәйкес емес, жаңа философиялық ілім болуын талап етеді. Ол ойша абстрациялық тәртіптен позитивке, яғни жаратылыс ғылымға туындау негізімен ғылыми классификациясын қарастырды. Сөйтіп, математика мен логика Конт позитивтік ғылымдарға жатқызған жоқ. өйткені бұл ғылымдар табиғат пен қоғамның шынайы объектілерін сипаттамайды деді. Математика мен лгиканың ақиқаттық критерийінің қорытындысы ішкі логикалық қайшылықсыз және пікірлерінің аяқталуы болып табылды. Математикалық санау мен логикалық силлогизмдер табиғаттың қайсібір объектісіне қолданылуға болады, бірақ математика мен логиканың өздері табиғат пен қоғам туралы спецификалық ғылымдар болып табылмайды. Таным объек-тісін күрделінуінде О.Конт позитивтік ғылымдарды қатарына қояды: механика, физика, химия, биология. Бұл қатар тәртіп түрінде құрылып, Конт оған атау берді – социология.
Конт «позитивистік философияның» бастапқы тезисі ғылымның құбылыстардың сыртқы келбетін суреттеумен шектелуі жөніндегі талап. Конт осы тезиске сүйене отырып «метафизика» яғни құбылыстардың мәні туралы ілім жоюылуға тиіс деді. Конт ауқымды ғылыми-жаратылыстану материалдарын синтездеуге тырысты. Бұл әрекет Конттың философиялық айқындамасына байланысты ғылымның бұрмалауына апарып соқтырды.
Табиғатты тану тарихын Конт үш сатыға бөлді. Осы салалардың әрқайсысы дүниетанымдық белгілі бір типіне теология, метафизика және позитивистік дүние танымға сай келді. Бірінші теологиялық кезеңде – адам ақыл-ойы құбылыстарды жаратылыстан тыс күштердің тәңірінің ықпалы-мен түсіндіруге тырысты. Метафизикалық дүние таным Конт бойынша теологиялық дүниетанымның өзгерген түрі. Мұнда барлық құбылыстардың негізі абстарктылы метафизикалық мәселеде деп білді.
Теологиялық және метафизикалық дүниетанымның орнына Конт бойынша «позитивистік әдіс» келеді, ал ол «абсолюттік білімнен бас тартуды қажет етеді.
О.Конттың үш мүшелі формуласы ғылым мен философияның шын мәніндегі бұрмалап көрсетті. Өзінің үш мүшелік схемасын Конт ғылым-дарды саралау, азаматтық тарихты жүйелеу үшін пайдаланды.
Сонымен қатар социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуына да О.Конттың есімімен байланысты болды. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философияның курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көрді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын қояды. Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.
О.Конт жеке тұлға мен қоғамды зерттеді. Соған байланысты қоғамның құрылымын 4 топқа бөледі.
1. Ғылыми философияның эстетикалық саласындағы қызмет істейтіндер жоғары тапты құрайды.
2. Өндіріс және сауда қаржы саласында жұмыс істейтін адамдар.
3. Егінші диқандар тобы.
4. Жұмысшылар тобы.
Сонымен О.Конттың социологиялық концепциясында басты екі идея жатыр: 1) Қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса. 2) Әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне кәміл сенді.
Герберт Спенсер (1820-1903) – ағылшын философы және социолог, позтивизмнің негізін қалаушылардың бірі, либералды буржуазия идеоло-гиясының өкілі. Спенсердің философиялық көзқарастары Юмның, Кант-тың, Мильдің ықпалымен қалыптасты. Оның жүйесінде «танылмайтын» туралы ілім елеулі орын алды. Спенсердің ойынша, кез келген ғылыми ұғым қайшылықты, сондықтан да танылмайды. Заттардың мәніне енуіне ғылымның қабілетсіз екендігінің басқа айғағын Спенсер ғылымның инди-видтің тек шектеулі тәжірбиесінен, яғни жалған негізден ғана көре білді. «танылмайтындықты» мойындау діннің негізінде жатыр, осыған орай Спенсер ғылым мен діннің жақындығын пайымдады. Спенсер іліміндегі субъективтік-идеалистік қағидалар мен агностицизм объективтік идеализм әлементтерімен («абсолюттік реалдылықты» адамның сезінуі мен әсерле-нуінің көзі деп мойындау) және жеке ғылымдар проблемаларын стихиялы-материалистік түсіндіруімен ұштасты.
Сонымен қатар, Спенсер Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен, эволюция үрдісімен айналысты. Спенсер қоғамды биоло-гиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат қоғамының тарихына да қолдануға болады деп мойындады. Сонымен ол эволюциялық гипотезаны дәлелдеу үшін өзінің алдына көптеген эмпирикалық қорытындылар жасауды мақсат етіп қояды. Спенсер бұл эволюциялық процестің үш түрін көрсетеді: бейорганикалық, органикалық және жоғары органикалық. Ол эволюцияны жоғары органикалық түріне баса көңіл аударды. Сондықтан да, социология осы жоғары органикалық эволюцияны зерттеуі керек деп санады. Бірақ, оның пікірінше, әлеуметтік құбылыстар көбіне қоғамды құраушы бөліктердің қасиеттеріне өмір сүру жағдай-ларына тәуелді болып келеді. Егер әр әлеуметтік топты қоғамды құраушы бөлік ретінде алатын болсақ, Спенсердің пікірінше, адамдардың топқа бірігу себебі, олар үшін бастапқы қажеттілік болып есептелген. Демек, адамдардың топқа бірігуін, Спенсер, әр индивидтің дамуы үшін қажетті бастапқы шартты жағдай деп есептейді.
Адамдардың физикалық, эмоциялық және интеллектуалдық параме-тірлерін Спенсер әлеуметтік құбылыстардың бастапқы шарттары деп есептесе, ал одан кейінгі шарттарды әлеуметтік эволюция туғызып оты-рады деп есептеген. Себебі, ол адам әрекетінің және әлеуметтік құбылыс-тарының табиғат жағдайына тәуелді екендігін көрсетеді. Яғни, эволюциялық процесс барысында қоғамдық прогресс табиғаттың құбылмалы жағдайларына дағдылануға мәжбүр болады деп есептейді. Осының нәтижесінде «табиғи іріктеулер» болады да, өмір сүруге қабілетті әлементтер ғана сақталады деп көрсетеді.
Демек жануарлар дүниесіндегідей «табиғи сұрыптау» қоғамға да тән қасиет деп таниды. Сондықтан қоғамның әлеуметтік құрылымы әлементтерінің өмірге бейімделгені ғана қалады да, қалғаны жойылып отырады.
Спенсердің социологиялық танымын қорытындылайтын болсақ, бірін-шіден Спенсер биологиялық организм мен әлеуметтік организм ретіндегі қоғам арасындағы анологиялық талдау жасады. Яғни қоғамда, биологиялық организмдер сияқты «бастамалық көздерарқылы дамып отыратынын атап көрсетті. Екіншіден, ол қоғам құрылымындағы бөліктер арасындағы өзара байланыстылықты көреді. Үшінішіден, әлеуметтік организмді құрайтын әлементтердің әрекеттерін үйлестіру үшін басқарушы орталықтың қажеттігін және орталық пен бөліктер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін буындардың болуын анықтайды.
XІX ғасырдың аяғы — XX ғасыр басында позитивизмнің жаңа дәуірі туды. Ол эмпириокритицизм деп аталды. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ біздің сезімдеріміздің жиынтығы, қосындысы (кешені), деді. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда алшақ. Айталық, позитивизм филосо-фияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эмпириокритицизм біздің сезімімізден тыс ешнәрсе жоқ, барлық дүниені біздің сезіміміздің нәтижесі деген қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды.
Оның өкілдері болып: Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896). Эмпириосыншылдар позитивистердің ғылымды философиядан бөліп алу идеясын ары қарай жалғастырып, философияның мақсаты – ғылыми деректерді тұжырымдап қорытындылар жасау емес, таным теориясының ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізінде қалыптасқан таным теориясы объективті нақтылықты шынайы түрде танып білуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан жаңа таным теория мынадай қағидаларға сүйену керек: объективті нақтылық дегеніміз «бейтарап» түйсіктердің, әлементтердің (бөлшектердің) комплексі (жиынтығы). Сонымен қатар сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді деген жалған пікір таратқан махист Р.Авенариусты В.И. Ленин «Материализм мен эмпирио-критицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған. Эмпириокритицизмнің өзі үш түрге бөлінеді: махизм, конвенционализм, иманеттік мектеп.