Лекции.Орг


Поиск:




Лекция сабағының тақырыбы:Философия мәдениет феномені хақысында. 13 страница




Шоқан өз тұсындағы қоғамда әлеуметтік таптар мен топтар арасында қарама-қарсылықтың бар екенін түсінді. Ол: «Ақсүйектер мен ауқатты адамдардың, әуелі жоғары мәртебелі қауым адамдарының мүддесі көбіне қауымның, көпшіліктің мүддесіне кереғар, қарама-қарсы келеді», - деген қорытынды жасады. «Бүкіл ұлттың мүддесі, - деді Шоқан, - қатал әділеттілікке жүгінгенде, жеке қауымның пайдасынан жоғары болуы керек».

Өткен ғасырдың 60-жылдарында патша үкіметі бірнеше экономикалық, әлеуметтік реформалар жүргізді. Бұл реформалар қазақ халқына көптеген ауыртпалық әкелді. Шоқанның ол өзгерістерден күткен үміті ақталмады, патшаның отаршылдық саясаты күшейе түсті. Халықтың әлеуметтік жағдайын зерттей отырып, Шоқан қазақ халқының әлауқатының күннен-күнге нашарлап бара жатқанын көрді, оның басты себебі патша үкіметінің қазақ жерін отарлауынан екенін түсінді. «Қазақтардың өрісі мен қонысы» туралы мақаласында ол: «Қазақтар көрер көзге ұланғайыр жердің иесі болып отырса да, шын мәнінде, қазіргі кезде оның аз ғана бөлігін пайдаланады, сондықтан да жерге ылғи мұқтаж болып келеді», - деп ашына жазды.

Қазақ өлкесін округтерге бөліп, басқарудың жаңа түірн енгізу іске асырылғаннан кейін де, Шоқан басқару ісіне өз халқының өкілдерін ара-ластыру арқылы аз да болса оның саяси-әлеуметтік жағдайын жеңілдетуді ойлады. 1857 жылы жариланған “Баянауыл округі туралы” деген мақала-сында округтерді басқару үшін қазақ халқының мұң-мұқтажын өзгеден гөрі жақсы түсінетін қазақтарды қою қажеттігін дәлелдеп жазды. Бірақ оның бұл әркетінен ештеңе шықпады.

Ш.Уәлиханов қазақ округтерініуң басында білімді сұлтандар тұрса, қоғамда әлеуметтік әділеттік орнар еді деп үміттенді. Сондықтан да 1862 жылы Атбасар округі бойынша сұлтан болып сайлануға кандидатурасын ұсынды. «… Ойлағаным – оқыған билеуші сұлтанның қандай пайдасы болатынын жерлестеріме өз ісіммен көресті еді», - деп жазады. Бірақ Шоқанның бұл ізгілікті ойы іске аспай қалды. Патша әкімдері оның аға сұлтан болуына кедергі жасап, сайлатпай тастады. Отаршылдық саясат жүргізуші патша өкіметі билеп тұрған мешеу қоғамда әлеуметтік әділеттік болуы мүмкін емес. Алайда Шоқан Уәлихановтың қазақ қоғамында әлеуметтік теңдік орнату, демократиялық өзгерістер енгізу, халық мүддесіне сай келетін реофрмаларды іске асыру, білімге, прогреске жеткізу туралы ойлары өзінен бұрынғы және сол кезеңдегі ұлы ойшылдардың көзқарастарымен үндес болды. Сондықтан да оның ғылыми тұжырымдары мен болжамы бүкіл адамзат жасаған қоғамдық ойдың өзық үлгісі болып табылады.

Ш.Уәлихановтың терең ғылыми мұраларының құндылығы қазіргі кезде де маңызын жойған жоқ. Өз халқының болашағы үшін ой кешіп, аянбай еңбек етіп, аз ғұмыр жасаса да, келешек ұрпақ үшін қоғамдық ғылымда озық ой-пікір қалдырған Шоқанның ұлы тұлғасы әр уақытта жоғары тұрады.

Шоқан В.Г.Белинскийдің., Н.Г. Чернышевскийдің, А.И.Герценнің еңбектерін оқып үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселесінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау 19 ғасырдың орта кезінде-ақ айтқан. «Қазақтардағы шамандықгың қалдығы» атты еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім, әрқашанда түпсіз сырға толы ғажайып таңданудың пәні болды деп көрсетеді. Шамандықтың шығуының бір себебі табиғатқа құштар болу дейді. Екінші ғажайып нәрсе Адам, адамның терең ойға және танып-білуге ұмтылған рухы деп көрсетеді. Яғни, адамдардың ішкі дүниесі, оның қоршаған дүниеге қатынасы зертт еуді қажет ететін мәселе есебінде қаралды.

Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында татар және Бұқара молда-ларының таратып жүрген діни қағидаларының халыққа тигізіп жүрген зияндығын баса айтты. Қазақ жұртына бүл молдалардың айтып жүрген уағыздары «ой мен сезімнің дамуын тежейтін өлі схоластикадан басқа ештеңе әкелмейді» деп көрсетеді.

Уәлиханов мәңгілік, шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты. Дін түрлерінің ішінде Уәлиханов ислам мен христиандыққа қарағанда, буддизмді «гуманды ілім» деп бағалады. Жалпы алғанда, Уәлиханов дүниетантанушы, оның шығармашылық мұрасы мен практикалық іс-әрекеті Орта Азия мен Қазақстанның рухани қалыптасуы жолындағы үлкен белес болып табылады.

Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1871-1889).болды. Ол өзі туған қазақ қоғамының жай-күйін зерттеп, оның дүниежүзілік алдыңғы қатарлы өркениеттен артта қалауының басты себебі қазақ арасында оқу-білімнің тарамағандығынан деп түйіндеді. Сондықтан да ол бар күш-жігері мен мен уақытын жас түлектерді оқытуға жұмсады. Халықтық училищенің инспекторы бола жүріп, Ыбырай төрт екі сыныптық училище, 7 облыстық мектеп, Орскіде мұғалімдік мектеп, Торғайда кәсіптік училище, Ырғыздар қыздар училищесін аштырды. Оларда 211 бала оқыды. Ол барлық болыстарда мектеп ашуды күн тәртібіне қойды. Орыс-қазақ мектептерінде оқитын балаларға арнап 1879 жылы алғаш рет қазақ тілінде орыс алфавитімен «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы жазды. Ыбырай мектептерде оқып, білім алған қазақ балалары қараңғылықтан шығудың жолын түсінеді, өз халқын өркениеттілік жолға нұсқайтын болады деп сенді.

Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Жұт жылдарында мал көп өліп, халық кедейшілікке ұшырап отырды, сондықтан қазақ қоғамын прогреске жеткізудік жолы – отырықшылық өмірге көшу деп білді. Мал қазақта көп, бірақ қажетті бұйым алу үшін тері, май, жүн, басқа да заттары орыс, татар, Бұхар саудагерлеріне арзан бағаға өткізуге мәжбүр болып келеді.

Сондықтан да бұл мұқтаждықтан шығу үшін отырықшылыққа көшу, мал қораларын, жылы үйлер салу, қолөнерді дамыту қажет деп көрсетеді. Ыбырай қазақтарды кәсіпшілікке үйретуді мектептен бастау керектігін айтып, жергілікті жерде кәсіби мектеп ашуды талап етті. Соның нәтижесінде Ырғызда 20 қыз оқитын кәсіптік училище ашқызды. Өзі де сабақ беріп, кәсіптің, отырықшылықтың артықшылығын шәкірттердің зейініне құйып отырған.

Ол Н.И.Илминскийге жазған бір хатында: «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылыққа, тұрмыстың артықшылығына, мысалы, құрғақ, жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласына тәрбие-лік мәні бар жұмыс деп білемін» – дейді.

Ыбырай мәдени дамудан шетте қалудың себебі жалқаулықтан, сондықтан да барша адам өз бақытын еңбектен табуға тиіс, тек адал еңбек қана адамзат бақытының негізі деп қарады. Н.А.Мазохинге жазған хатын-да: «Ендігі жерде мынадай ақылды бұлжытпай ұстаңыз, бұл менің айтып отырған ақылым емес, атақты философ-педагог Коменскийдің ақылы. Ол кісі: «Қолындағы барын қанағат ете білетін адам – шын бақытты адам және біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам шын бақытты адам», - деген екен. Ал тағы бір араб философы «Бақыттылық пен байлық неде?» дегенде: «Ынсаптылықта» – деп жауап берген екен. Міне осы ақылды алыңыз” – дейді.

Ыбырай өмір сүрген кезде қазақ даласы облыс, округ, уездерге бөлініп басқарылатын. Бұл әлеуметтік жағдайды шиеленістірді. Болыстар сайла-нып қойылды, қоғам саяси партияларға бөлінді. Олардың арасында болыс сайлауы үшін талас-тартыстар жүріп отырды. Болыс болу үшін патша әкімшілігінің шенеуніктеріне пара берілді, ал оған шығын халықтың есебінен өндірілді. Бұл - қанаудың бір түрі. Ыбырай осы жағдайларды қатты сынады. Ол қазақ даласындағы әділетсіздікті, заңсыздықты көріп күйінді, заңның әділетті болуын көкседі. Заң әділетті болмаса, адамның адамдығы сақталмайтындығын айта келіп, бұл ойын шәкірттеріне жеткізу үшін өзі жазған оқу құралдарына осы тақырыпқа арналған қысқа, көркем әңгімелерін енгізді. Мысалы, «Петр патшаның терлегені» дейтін әңгімесінде өзінің алпауыттарына нақақтан біреудің жерін алып бергені туралы қазылар (сот) алқасының әділ үкіміне риза болған. Петр патша: «Заңға мен мұнша көнгенімде, бөтендер көнбістік етуді ойынан шығарсын», - деген әмірлі сөз айтады.

Ресейдің даңқты патшасының аузымен айтылған бұл шешім, әрине, Ыбырайдың өз көзқарасын көрсетеді.

Ыбырай адамдарды азаматтық бауырластыққа, ол жасаған қазынаны байытуға шақырады. «Мен күшімнің жеткенінше, туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан ешуақытта да қайтпаймын», - деп жазды ұлы ағартушы.

Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына туған ел халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Уәлиханов секілді Алтынсаринда өз халқының арта қалушылығын жою ағартушылықта деп сенді.

Ы.Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, деген мен ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арналған шығармаларында дүниеге көзқарастық пікірлер қалыптастырған. Оның көптеген өлеңдерімен, әңгімелерімен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жас», «Өзен» сияқты өлеңдерінде табиғатгы өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы: «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым», «Мұсылманшылықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылықтың түтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды атай келіп, «мұның бәріде жалғыз теңдесі жоқ бір Құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық-қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды.

Ұлы ағартушының істеген ісінің, шығармаларынан өз халқына деген зор махаббатын, үлкен қамқорлығын көруге болады. Сонымен бірге Ыбырай қазақ халқы басқа халықтармен ынтымақтастықта болуын және олардың мәдениетімен үлгі алуын керектігін әр уақытта уағыздап отырды. Ыбырай толығымен ағартуды жақтады, мектепті діннің ықпалынан ажырату үшін күресті, исламның феодалды - клерикалды иделогиясын сынады, мұсылман дін басыларын, олардың діни схоластикалық білім жүйесін әшкерледі.

Тарих пен қоғамдық құбылыстар, қоғамды өзгерту жолдары туралы мәселелерінде Алтынсарин ғылыммен ағартушылыққа, олардың түрленуші күшіне сенім білдіреді.

Революцияға дейінгі қазақ мәдениет тарихындағы ең ірі тұлға қазақтың ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, ағартушы, кемеңгер ойшыл – философ Абай Құнанбаев -(1845- 1904) болды.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Семей облысы, Абай ауданында, Шыңғыс тауында туылды. Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбаев аға сұлтан қызметін атқарған ірі феодал болған. Құнанбай өз тұсындағы ел билеушілердің көбіне қатал, салмақты болады. Ақыл – ой да, қажыр-қайрат та әмір, билік, батылдығы да мұның атын көпке мәлім еткен.

Абай алғашқы білімді өз үйінде жалдамалы молдадан алады. Бұған қосымша ел шешендерінің шебер тілді мақалдап айтқан тұспал әңгімелері, халықтың ақын жырау, жыршы, ертекшілері Абайдың алғашқы сәбилік сезіміне түрткі салып, ойын оятқан рухани күштер болды. Он жасқа келгенінде әкесі Абайды Семейдің мешіт жанындағы медресесіне түсіреді. Мұнда Абай үш жылын өткізеді. Абайдың зеректігі, ұғымталдығы соншалық, ол молдасының арабша кітабынан түрікшеге аударып бір-ақ рет оқып берген сөздерін жатқа айтып бере алатын болған. Зеректігі арқасында Абай медресе дәрістерінен көп бос уақыт ұтып, сол артылған уақытында Шығыс ақындары Науаи, Низами, Фирдауси сияқтылардың шығарма-ларымен танысады. Бұлардың еңбектеріндегі адамгершілік идеясы, ашық ойлар, реалистік мотивтер жас Абайға үлкен ой салады. Медресенің қатал тәртібін бұзып, сол кезде Абай өз бетімен орыс мектебіне барып, онда үш ай ішінде орысша сауаттанып шығады.

Жасы он үшке толғанда ерте есейіп, ақылы тола бастаған өткір зейінді, ерекше талапты шәкіртке жаста болса оқу, тәрбие беретін мектептің есігі біржола жабылады.

Бұл кездері ел арасы, ру айты-тартысы, Құнанбай тобының тізесі батқан түрлі жұртышылықтың наразылығы күн санап күшейіп жатты. Абайды әкесі осы додаға араластырып, өзіне жәрдемші, орнын басар ұлық етуді ойлайды. Сол мақсатта оны оқудан ерте айырды. Жаңа жағдай Абайды ел өмірін, қазақ қоғамын жете тануға жәрдемдеседі. Абайдың практикалық іс-әрекеті процесінде ой дамытып, тіл шеберлігін шыңдауына қажетті мүмкіндіктер жасады. Абайға ендігі зор тәрбиеші – ұстаз қазақтың қалың бұқара халқы бола бастайды. Осылайша Абай ел даналығы мектебіне кіріседі.

Ру тартысына еріксіз тартылған Абай әкесінің әділетсіздігі мен қаталдығына көне алмады. Құнанбайдың мүдделері мен көздеген ниеттеріне көбіне қайшы келіп, көптеген даулы мәселелер жөнінде адалдыққа баққан әділетті шешімдер шығарып отырады. Абайдың өзінің достары мен кеңесшілерін, халықтың ішінен қарапайым болғанымен дана, адал адамдардың арасынан іздеуі және талай жылдардан бері орыс мәдениетіне бой ұруы Құнанбайға ұнамады. Айлакер өктем әке мен қайсар мінезді, шыншыл баласынынң арасындағы елеулі қайшылықтар мен қақтығыстар барған сайын жиілеп, ақырында, Абай жиырма сегізге келгенде аралары мүлдем алшақатаумен тынды.

Отыз жастан асқанда Абай тек творчестволық жұмыспен айналысуға көшеді. Осы жылдары Абай орыстың жер аударылған Михаэлис, кейіннен сол арқылы Долгополов, Леонтьев, С.С. Гроз сияқты революцияшыл демократтармен танысады. Абай орыстың атақты ойшылдары, атақты жазушылары А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крыловтың, М.Е.Салты-ков-Щедриннің Л.Н.Толстойдың, И.С. Тургеневтің, А.И.Герценнің, В.Г. Белинскийдің, М.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың, Гете, Байрон және т.б. шығрмаларын жатқа оқиды.

Абайдың ағартушы болып қалыптасуына батыс европа елдері, орыс мәдениеті, орыс достарының игі әсері мол болса, ал оның гуманист ойшыл болуына шығыс және төл халықының мәдениетінің орны ерекше болған. Абайдың философиялық ой-пікірі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс классиктері Фердауси, Сағди, Ширази, Низами, Навойлардың шығармалардың және ислам философтарының көзқарастарын жетік білді, сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің философиялық шығармаларымен және Сократтың еңбектерімен толық танысты.

Абайдың рухани болмысын терең танып білу үшін жоғарыда айтылған «екі жаққа», яғни батыс пен шығыстың рухани қазыналарын барынша терең бойламайынша, оларды екшеп сусындаған ақын ойының соқпақтарымен жете отырып зерттемейіне, көздеген нысанға дәл жету қиын-ақ.

Абайдың әділеттілігі, адалдығы халық арасында оның даңқын бұрын-ғыдан да арттыра түсті. Бұрын теңдік ала аламай, есере қолы жетпей, зорлық-зомбылықтың тақсіретін тартып жүрген нашарлар мен кедейлер ағылып Абайға келіп, мұң-мұқтажын шаға бастады. Қалың қазақ қамын ойлаған Абай феодалдық, байшылдық, рушылдық салтына қарсы күресті, тайсалмай ашықтан-ашық жүргізумен болды.

Абайдың есімімен қазақтың мәдениеті мен әлеуметтік-философиялық ойлары тарихындағы сапалы жаңа кезең байланысты. Қазақ ағартушысы қазақ өмірін жан-жақты бейнелейтін екі жүзден астам өлеңдер, үш философиялық-этикалық поэмалар және қырық бес қара сөздерден тұратын өсиет жанрындағы терең философиялық ой толғаулар жазып қалдырды.

Абай өзінің дүниеге көзқарасын жүйелі және нақтылау білідіретіндей соңында арнайы философиялық еңбектер қалдырмағандықтан оның позицияларын бағалаудағы пікірлер де біркелкі емес. Философиялық негізгі мәселесін шешуде біреулері оны деист (О.Сегізбаев), екіншілері пантеист (Н.Жандилдин), үшіншілері материализм (М.Бурабаев, О.Сегіз-баев) төртіншілері материализмі мен реализмі араласып тоқылысып жатады (Қ.Бейсембаев), деп көрсетуге әрекеттер жасады. Дегенмен, қолымызда ойшылдың арнайы философиялық таракттары жоқ болған-дықтан, оны не материализм, не идеализм лагерінен іздестірудің немесе оны бірде деизмге, бірде теизмге жақындасып қарастырудың жөні жоқ сияқты. Асылы Абай дүниетанымын әлемдік философиялық жүйелерге тықпыштамай-ақ өзінің шығарамашылығынан қарастырған дұрысырақ болар деп қазіргі философымыз Ғ.Есімов өте орынды атап көрсетті.

Сонымен қатар, Абайдың дүниетанымында жүйе жоқ деген пікірлермен де келісуге болмайды. Себебі, Абай – дүниеге көзқарасы әбден қалып-тасқан ғұлама, оның шығармалары өзіндік философиялық түйіндерге толы.

Абай дүниетану жолында өткен замандардың кемеңгер философтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой- пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданды. Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған басты философиялық мәселелер: құдай мен табиғат, адам мен құдырет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, солардың барлығына Абай алға басарлық тұрғыдан жауап беруге тырысты.

Абай өзінің философиялық көзқарасында: дүниенің, әлемнің объективтік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай, бейне бір ағып жатқан судай әрекеттеніп өзгеріп отырады деп таниды. Бұл жөнінде Абай былай деп тұжырымдайды: «Дүние бірқалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды», «Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел», «Алдыңғы толқынағалар, артқы толқын -інілер, кезектене бөлілер, баяғыдай көрінер» дейді.

Абай адамды дүниені ең маңызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша; адамның хайуаннан айрылатын екі үлкен қасиеті бар, оның бірі: дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды үйрену, екіншісі: көпке пайдалы еңбек істеу. Бұл жөнінде былай дейді: «Дүниені көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдей, ең болмаса денелей білмесе, адалдықгың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмайды, хайуан жаны болады». Абай: адамның бойындағы асыл қасиеттің бірі - еңбек, бұл - тек өзінің қара басының қашын ғана күтпеген еңбек емес, пайдасы көпке тиетін еңбек деп есептейді: «өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың», «әрекет қыл, пайдасы көпке тисін» дейді.

Абай: адамның ақылды, білімді болуы оның тумысынан емес, айна-ладағы дүниені сезіп-біліп, үйренуінен, еңбек етуінен деп қарайды. «Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, - дейді Абай - жаралып, жасалып қойған нәрселерді көзбен көріп, ақылмен біліп сезбекпіз». Демек,

Абай білудің сезімдік және ақылдық таным арқылы болатынын құп-тайды. Бірақ ол ақиқатты анықтаудың өлшемі ақыл деп есептейді: «Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз, ақсақал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі сол айтты, ақылменен жеңсеңіз». «Ақыл мизаң, өлшеу қыл» деп танымдағы ақылдық рөлін көтермелеп, рационалистердің позициясына жақындайды.

Абай гуманистік көзқарасты насихаттады. Ол адам атаулы жараты-лысында бірдей деп қарады. Өзін өзгеден артық санайтындарды сөгіп, «менімен сен теңбе деп мақганасың, білімсіздік белгісі ол баяғы деді. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» дейді. Ол жалпы адамзатты түгел сүюге және оларды тең көруге үндейді, өте ауыр азап арқалаған адамдарға жанашырлық істеп іш күйдіруді дәріптейді.

Абай өз кезінде қазақ қоғамының болмысына үңіле қарап, адамгершілік мінез-құлық формасын ұсынады: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз... Өсек, өтірік, мақганшақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпанын білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз. Жамандық көрсең нәпірәтілі, суытып, көңіл тыйсаңыз, жақсылық көрсек ғибратілі, ойы ойға жинаңыз» деп әдептілікпен қайырымдылықгы дәріптейді: 'Тадалат пен мархабат- көп азығы, қайда көрсең болып бақ соған көмек «дейді.

Абайдың ойынша, елдің жақсы - жаман болуының тетігі оның ынтымақ- берекесіне байланысты. Ол: «Берекелі болса ел- жағасы жайлау ол бір көл, берекесіз болса ел- суы ашыған батпақ көл», дейді. Абайдың байқауынша, ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бүзатындар еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып-ішу адам баласын аздырады: «Тамағы тоқгық, жұмысын жоқтық, аздырар дам баласын», «Еңбек етсең ерінбей, тойады қарның тіленбей», «Еңбек қылмай мал дәулет болмас, қардың суы сықылды тез таусылар» дейді.

Абай өз кезінде ислам дінінде ықгиқат қылған мұсылмандардың бірі еді, сондықган «дүниені жаратқан» деген сенімге шек келтірмейді, бірсыпыра пайымдауларында ислам дінінің дағдылық қағидаларына ойысып отырады. Бірақ сопылықты, дәруіштікті дәріптеуші ислам оқымыстыларына Абайдың көзқарасы мүлде басқаша болды. Олар дүниенің ісі уақыттық пәни «жалған», нағыз бақилық - мәңгі өмір ақыретте, адам шынайы рақатты ақыретте көреді, сондықтан дүниеден безіп, бұл жалғанды тек құдайға құлшылық қылумен өткізу керек деп уағыздаса, Абай адамдарды осы дүниеде игілікті еңбек етіп, өнер - ғылым тауып, өз тіршілігін оңалтып, рахат көруге насихатгайды. Халықты өнер- ғылым жолына жұмылдырады: «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай бабтанба», «Болмасаңда ұқсап бақ, бір ғылымды көрсеңіз, Онда болмақ қайда деп, айтар ғылым сүйсеңіз» дейді. Дүние бір алып құрылыс, оған әрбір адам өз үлесін қосу керек деп тұжырымдайды: «Әсемпаз болма әр неге, өнерпаз болсаң әр қалан».





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-07; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2063 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

600 - | 560 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.