Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Жастағы науқас бала З. 4 страница
| |||
№48 ЕСЕП
Науқас 70 жаста, соңғы үш жылдан бері кіші дәретке шығудың қиындауы мазалайды. Кіші дәретке әлсіз, сығырайған ағынмен әрең шығады, және жиі қыстайды. Қарап тексергенде оң жақ шап аймағында, ұманың түбі тұсында мөлшері 6 х 6см болатын, жатқан кезде жоғалатын, консистенциясы жұмсақ – эластикалық, пішіні домалақ келген түзіліс анықталады. Ұрық шылбыры түзілістің сыртында жатыр, сыртқы шап сақинасы 1,5см. Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| ||||
№49 ЕСЕП
Науқас сол жақ шап аймағындағы томпайған түзіліске, ұмасының сол жақ бөлігінің ұлғаюуына шағымданады. Қарап тексергенде, науқас тік тұрған халде шап каналы бойымен ұмаға дейін жететін томпайған түзіліс анықталады. Жұмыртқалар пальпацияда анықталады. Ұрық шылбырының элементтері түзілістің ішкі бетінде орналасқан; Жатқан кезде томпаю кішірейеді. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| ||||
№50 ЕСЕП
Науқас К. 18 жаста, сол жақ шап аймағында ауыратын ісік тәріздес түзілістің пайда болуына, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына бір апта болған. Суықтау және физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Тексергенде сол жақ шап аймағында көлемі 4 х 5 см шығатын, тығыз, айқын ауыру сезімді ісік тәріздес түзіліс анықталды. Түзілістің айналасындағы тері гиперэмирленген, ісінген. Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
№51 ЕСЕП
18 жасар науқас ауыр күйде. Сана есі сақталған. Сұрастырғанда қудалаушылардан қашып жүргенде құлап, байқамай, сорайып тұрған ағаш түбіріне ішімен ұрылғаны анықталған. Қарағанда: терісі мен көзге түсер шырышты қабықтары бозарыңқы, тері салқын. Тамыр соғысы минутына 120, толуы әлсіз, ырғақты, қан қысымы 70/40 мм сын. бағ., жүрек тондары басыңқы, ырғақты. Ішінің алдыңғы терісінде, ақ сызық бойымен кіндіктен 2-3 см жоғары соққы тиген жерде қызару бар. Ішінің алдыңғы беті, әсіресе жоғарғы бөлімдері, тыныс алуға шала қатысады. Беткей пальпацияда ішінде қарқынды ауыру сезімі, етінің қатаюы анықталған. Ішастарының тітіркену белгілері оңтай әлсіз. Қандай анатомиялық ағзалар зақымдануы мүмкін?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| ||||
№52 ЕСЕП
18 жасар науқас биіктігі 10 метр трамплиннен жығылғаннан 1 сағат өткеннен кейін жедел жәрдем шақырған. Науқас есінде. Ішінің жалпылай ауыруына шағымданады. Тері беттері бозарыңқы, пульсі минутына 96, қан қысымы 110/70 мм. сын. бағ. Іші кеппеген, тыныс алуға қатысады, бұлшық еттері қатаймаған. Щеткин-Блюмберг симптомы шүбәлі. Іштің бос қуыстарында топастық жоқ. Бауыр топастығы сақталған. Рентгендік зерттеуде іш қуысында өзгерістер табылмаған. Нб -128 г/л, Нт - 37%, лейкоциті -12 мың. Зәрінде еш өзгеріс жоқ. 1,5 сағаттан кейін науқастың күй-жағдайы тез төмендеген: қанды құсық, тынышсыздану пайда болған. Пульсі жиі, минутына 120 соққы, қан қысымы 90/60 мм. сын. бағ., терісі бозарыңқы, салқын тер.
Науқастың күй-жағдайының нашарлауы немен байланысты?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| ||||
№53 ЕСЕП
23 жасар науқас хирургиялық бөлімшеге ауыр күй-жағдайында, ес-түссіз жеткізілген. Шапшаң көмек дәрігерінің сөзінен оны машина қағып кеткені белгілі болған. Қараған кезде басында, беттерінде сыдыру, оң жақ сирақ сүйектерінің төменгі бөлігінің жабық сынығы анықталған. Ауруханаға жол-жөнекей шокка қарсы шаралар жасалып, анальгетиктер енгізілген. Хирургияның қабылдау бөлімінде науқас есіне келген, ауызынан алкоголь иісі шығады, зақымдану жағдайы есінде жоқ. Қосымша байқауда ішінің алдыңғы бетінде сыдыру табылған. Терісі бозарыңқы, тамыр соғуы жиі, минутына 100 соққы, қан қысымы 90/60 мм. сын. бағ. Іш бетінің қозғалысы шектелген, бұлшық еті қатайған, палпацияда жайылмалы қатты ауырсыну бар, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перкуссияда іш қуысының бос жерлерінде тұйық дыбыс. Қан талдауы - эритроциттері 2 млн., Нб - 68 г/л., гематокриті -30%., лейкоциті -10 мың. Қандай диагноз қоясыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| ||||
№54 ЕСЕП
Науқас Р. 60 жаста. Шағымы: жалпы әлсіздік, басының айналуы, қара сұйық нәжіс. Соңғы тәулікте қатты әлсіреген, басы айналған. Науқаста 3 рет сұйық нәжіс болған және қысқа уақыт есінен айрылған. Үш тәулік бұрын аспирин ішкен. Науқас ұзақ уақыт созылмалы пневмониямен ауратын болып шықты.Сонымен қатар гиперацидті гастритпен ауырады. Жалпы жағдайы орташа.Терісі бозарған, мұздай тер ағуда.Тамыр соғуы 116 рет 1минутта. А/Д105/60 мм рт.ст. Тілі құрғақ. Іші жұмсақ,ауру сезімі жоқ. Алдын ала қандай диагноз қоясыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| ||||
№55 ЕСЕП
Науқас Н 58 жаста, шағымы: 4-6 күн бойы қара нәжіс, жалпы әлсіздік, басының айналуы.Науқастың айтуы бойынша 20 жылдан бері 12-елі ішектің ойық жарасымен аурады. Науқасты жиі мазалайды, Бір апта бұрын мазалаған. Емханада тексерілгенде Нв-48 ед. ФГДС: 12 елі ішектің созылмалы ойық жарасы, көлемі 1,2см. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз? Тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| ||||
№56 ЕСЕП
Науқас А 70 жаста, 20 жылдай асқазан ойық жарасымен ауырған. Бірнеше рет ауруханада және амбулаторияда емделген. Өткен жылы жеңіл дәрежеде қан кету белгілері болған, консервативті емнен кейін тоқтаған. 4 сағат бұрын құсқан,түсі кофе тәрізді,қысқа уақыт есінен айрылған, мелена. Жағдайы ауыр.Терісі бозарған.А/Д80/40 мм.рт.ст. Тамыр соғуы 120 минутына. Эр-2,3 млн. Нв-62г/л. Қосалқы ауруы: ЖИА, гипертониялық ауру, қант диабеті.
Диагнозы қандай? Сіздің тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
|
№57 ЕСЕП
15 жастағы бала. Шағымы: қара нәжіс, әлсіздік. Науқас 3 күн ауырған. Жағдайы орташа. А/Д 100/60 мм.рт.ст. Тамыр соғуы минутына 100. Науқас гематолгта тізімде тұрған. Бұрын ФГДС жасалған - патология жоқ.
Диагнозы қандай? Сіздің тактикаңыз?
. ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| |||||||||
№58 ЕСЕП
Жеке шарушылық күзетшісі жұмыс кезінде оң иық аймағынан оқ жарақатын алған Қарап тексергенде: оң иық аймағының алдыңғы бетінде аздап қанаған оқ жарасы бар, арытқы бетінде – дәл сондай көлемі үлкен, шеті біркелкі емес жара бйқалады. Анамнезінен – науқасты 30метр қашықтықтан пистолетпен атқан. Көрші кәсіпорнының денсаулық сақтау пунктінде кезекшілікте отырған фельдшерге қаралған. Тапсырма 1.Алдын ала диагнозды қойыңыз, оны негіздеу. 2. Жедел медициналық көмек алгаритмін құраңыз
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| |||||||||
№59 ЕСЕП
Қылмыскер пышақпен жаралаған науқас келіп түсті. Шағымдары: Кеуде қуысының оң жақ бөлімндегі және оң қол аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздігіне, бас айналуына. Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта, науқас қызбаланған жағдайда, Пульсі ритмді, 90 мин АД -100/70 мм.рт.бғ. Терісі бозғылт, оң қар (тоқпан жілік) аймағының ішкі бетінде кесілген жарасы 2,5-3см бар, қатты және солқылдап қан ағып жатыр. Кеуде қуысының оң жақ бөлімнде көптеген кесілген тері жарақаттары бар, қан ағыу шамалы. Тапсырма 1.Алдын ала диагнозды қойыңыз, оны негіздеу. 2. Жедел медициналық көмек алгаритмін құраңыз.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| |||||||||
№60 ЕСЕП
10 жасар баланы алып келд, қолдан жасалған жарылыс құралының салдарынан оң көзі мен оң қол басы жарақаттанған Шағымдары: Оң көз және оң қол аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздігіне, бас ауруы, лоқсу, көз назарының төмендеуі. Объективті: Жағдайы ауыр,, Пульсі ритмді, 90 мин АД -100/70 мм.рт.бғ. Терісі бозғылт, екі көз қабағында көптеген ұсақ кесілген жаралар, оң көзінің қарашыгынан жоғары 8-10 сағатаумағында тесіп өткен ұзындығы 10мм жара байқалады. Көз қарашығы овальді, медиальді жаққа ығысқан. Оң алақан аймағында 3,5х 2 см шеттері тегіс емес жара, аздап қан ағады, ауруына байланысты саусақтарының активті қимылдары шектелген. Тапсырма 1.Алдын ала диагнозды қойыңыз, оны негіздеу. 2. Жедел медициналық көмек алгаритмін құраңыз, негіздеңіз. 3. Екі көзге дәкелік таңба салу әдісін фантомда көрсетіңіз.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| |||||||||
№61 ЕСЕП Заут асханасының аспазшысы, аяғы тайып, аяғына ыдыстағы қайнақ суды құйып алды. Сол жердегі фельдшер келіп жетті. Объективті: Жағдайы қанағаттанарлық, Пульсі ритмді, 90 мин АД -120/80 мм.рт.бғ. Екі аяғы аумағындағы күю ауру сезіміне шағымдалады. Жарақаттанушы қысқа шалбармен, аяғында тек жіңішке бауы бар сырғытпасы ғана болған. Қарап тексергенде: екі балтырының да алдыңғы бетінде және аяғының басында сырт жағында үлкен торсылдақтар пайда болған, ішінде сұйықтық жиналған. Торсылдақтар арасында гиперемирленген жерлер бар. Тапсырма 1. Алдын ала диагнозды қойыңыз, оны негіздеу. 2. Күйік ауруының дамуының себебін және күйік аймағын анықтаудың әдістерін айтып беріңіз 3. Жедел медициналық көмек алгаритмін құраңыз
.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| |||||||||
№62 ЕСЕП
Тұрғылықты мекен жайы жоқ, орташа алкогольді мастану дәрежелі науқас келіп түсті. Далада температура 0 – ден төмен кезінде ол вокзал саяжайында ұйықтап қалған. Объективті: сол колының саусақтары көгеріп бозарған, қимылдары шектелген, сезімталдығы анықталмайды. Бірнеше минуттан кейін саусақ терілері көгеріп, ісініп, ауырсынуы үдей түсті және мрамор түсті болды, саусақ қимылдары байқала бастады. Тапсырма 1. Алдын ала диагнозды қойыңыз, оны негіздеу. 2. Жедел медициналық көмек алгаритмін құраңыз, және госпитализацияға профильді бөлімшені атаңыз
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| |||||||||
№63 ЕСЕП
50 жастағы ер адам келіп түсті. Шағымдары – сол жақ сан аймағының ауру сезіміне және жүрген кезде күшейе түседі. Айтуы бойынша бір сағат бұрын жүк түсіріп жатқанда, ауыр қапшықпен ұрып алған. Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ортан жілік сыну белгілері байқалмайды Сол жақ санының алдыңғы бетінде теріастылық қан құйылулар байқалады. Сан аймағының әсіресе төменгі және ортаңғы бөліктерінің ұлғаюы байқалады.
Тапсырма 1. Алдын ала диагнозды қойыңыз, оны негіздеу. 2. Жедел медициналық көмек алгаритмін құраңыз, және госпитализацияға профильді бөлімшені атаңыз
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| |||||||||
№ 64 ЕСЕП
62 жастағы әйел адам қаралуда, шағымдары: сол тізе аймағының ауру сезімі, жүрген кезде ұлғаяды. Екі күн бұрын асфальтке тізісімен құлаған. Үйде компресс жасаған – көмегі жоқ. Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Температура 36,7, сол аяғы жартылай бүгілген қалыпта. Тізе буыны ұлғайған, ісінген. Алдыңғы бетінде 4х6 см сырылған жара. Тізе буынында қозғалыс шектелген ауру сезіміне байланысты. Тапсырма 1. Алдын ала диагнозды қойыңыз, оны негіздеу. 2. Жедел медициналық көмек алгаритмін құраңыз, және госпитализацияға профильді бөлімшені атаңыз
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| |||||||||
№65 ЕСЕП Жүргізуші жол-транспорт оқиғасынан сансыз көп жұмсақ тіндерін соғып алды, беттің жұмсақ тіндерінің кесілген және соғылған жарақаты, науқас ГИБДД қызметкерлерінің здравпункітіне жеткізілді онда алғашқы медициналық көмек көрсетілді (50% анальгин2,0мл, кордиамин 2,0мл, И.П.П қолдана жараға асептикалық таңғыш қойылды). Фельдшер зақымданғанға қарап: науқас бозарған, сұраққа ақырын, қысқа сөзді жауап береді, бас айналуына, құлақ шуына, жүрек айнуына, көз бұлдырауына шағымданады.Тыныс алуы беткей, тыныс алу қозғалысы минутына 30-ға дейін, АҚҚ 90/50 мм рт ст. Қарағанда көкірек қуысы, аяқ-қол сынуының анық белгілері байқалмайды. Ішін қарағанда іш бұлшық етінің кернелу, тітіркену симптомы, іш қуысындағы сұйықтық белгілері жоқ. Экспресс анализде Hb 134г/л. Тапсырма 1.Тұжырымда жәнеболжамалы диагнозды негізде. 2. Жедел медициналық көмек алгаритмін құраңыз.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| |||||||||
№66 ЕСЕП
Спорттық күрес кезінде күрескер сол жақ иық буыны аймағының жіті ауырғанын, қозғалуының шектелуін байқады. Обьективті; науқас жарқаттанған иығын сау қолымен ұстап, басы ауырған иығына қарай иіліп тұр, иық буыны деформацияланған,терісі бұзылмаған,пальпация кезінде иық сүйегінің басы қолтық шұңқырында анықталады, спортсмен ауыру сезімінен ыңырсып жатыр. Тапсырмалар: 1.Тұжырымда және болжамалы диагнозды негізде. 2. Алғашқы жәрдем көрсетудің алгоритімін дәлелде және құрастыр.
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
| |||||||||
№67 ЕСЕП
Дата добавления: 2016-12-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 457 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно |