#28
*!40 жастағы ер адам. Анасаркаға дейін массивті ісінулер, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Анализдерінде: қан сарысу креатинині 70 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖНТ: протеинурия 8 г/тәу, эр. 2 к/а. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қандай?
*Нефриттік синдром
*+Нефротикалық синдром
*Нефро-нефриттік синдром
*Жекелеген несептік синдром
*Тез үдемелі гломерулонефрит
#29
*!30 жастағы әйелде суықтанғаннан кейін шамалы ісінулер пайда болды, АҚҚ 150/95 мм.с.б. Талдауларда: ЭТЖ 55 мм/сағ., холестерин 4,0 ммоль/л. Несепте: протеинурия 1,5 г/л, макрогематурия. ШСЖ 47 мл/мин. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қандай?
*Нефриттік синдром
*+Нефротикалық синдром
*Нефро-нефриттік синдром
*Жекелеген несептік синдром
*Тез үдемелі гломерулонефрит
#30
*!18 жастағы жігіт әскерге баруға комиссиядан өту кезінде кездейсоқ анықталған микрогематурияға байланысты терапевтке қаралды. Анамнезінен бүйрек аурулары анықталмады. АҚҚ 120/80мм. с.б. Ең дұрыс болып табылатын сіздің тактикаңыз қандай?
*Стероидтар тағайындау
*Антибиотиктер тағайындау
*Цистоскопия жасау
*бүйрек биопсиясына жіберу
*+Эритроциттерді ажырату талдауларын жүргізу
#31
*!Ер адам 40 жаста. Анасаркаға дейін массивті ісінулер, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Анализдерінде: қан сарысу креатинині 70 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖНТ: протеинурия 8 г/тәу, эр. 2 к/а. Қандай патогенетикалық ем мейлінше дұрыс болып табылады?
*Стероидтар + нефропротективті ем
*Стероидтар + мофетил микофенолаты
*+Стероидтар + циклофосфамид
*Стероидтар + циклоспорин-А
*Стероидтар + плазмаферез
#32
*!30 жастағы әйелде суықтанғаннан кейін шамалы ісінулер пайда болды, АҚҚ 150/95 мм.с.б. Талдауларда: ЭТЖ 55 мм/сағ., холестерин 4,0 ммоль/л. Несепте: протеинурия 1,5 г/л, макрогематурия. ШСЖ 47 мл/мин. Қандай емдеу тактикасы мейлінше оптимальды болып табылады?
*Преднизолонмен монотерапия
*Дезинтоксикациялық ем, плазма
*+Тұзсыз емдәм, симптоматикалық ем
*Преднизолон мен гепаринді тағайындау
*Преднизолон мен цитостатиктерді қосып тағайындау
#33
*!17 жастағы науқаста гломерулалық гематурия анықталды. Амбулаторлық жағдайда бұл науқасқа қандай жүргізу тактикасы мейлінше дұрыс?
*Цистография және цистоскопия жасау
*Уролог кеңесі
*Бақылауды қажет етпейді
*Эскреторлы урография жасау
*+ АҚҚ, протеинурияны, креатинин деңгейін бақылау
#34
*!38 жасар науқас тағамдық улануға күдікпен «жедел жәрдем» көлігімен жеткізілді. Түскен кезде үнемі жүрегінің айнуына, әрбір тағам қабылдағаннан кейін құсуға, аузының құрғауына шағымданады. Хал-жағдайының нашарлауы қандай да бір себепсіз соңғы күндері байқалған. Соңғы жыл ішінде жоғары шаршағыштықты байқаған, жалпы әлсіздік, басының айналуы жиі мазалай бастаған. Соңғы 3 жылда АҚ0-ң жоғарылауына байланысты бақыланады. Бұрын баспамен жиі ауырған. 12 жыл бұрын тонзилэктомия жасалған. 10 жыл бұрын зәрінде кездейсоқ белок табылған, бірақ бұған байланысты тексерілмеген. Қарағанда: дене салмағының жеткіліксіздігі байқалады, беті аздап ісіңкі, денесі мен қолдарының бұлшықеттерінің жекелеген тартылуы байқалады. Жүректің сол шекарасы солға қарай 2 см-ге кеңейген. Жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, қолқа үстінде 2 тон күшейген. ЖЖЖ минутына 88 рет, АҚ 170/115 мм с.б. Өкпенің артқы төменгі бөлімдерінде қатаң тыныс. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ішек бойында сезгіштік артқан. ЖҚА: Нв 92 г/л, Л. 7,2х10 9/л, ЭТЖ 24 мм/сағ. ЖЗА:менш.салм. 1006, белок 0,65 г/л, Лейк. – 12 к/а, өзгерген эр. – 10-12 к/а, цилиндрлер гиалинді және түйіршікті 5-6 к/а. Қандағы креатинин: 356 мкмоль/л. Ең мүмкін деген диагнозыңыз қандай?
*ЖИА, ЖСЖ
*ЖІИ, БЖЗ
*Жедел гломерулонефрит, БЖЗ
*+Созылмалы гломерулонефрит, БСА
*Тез үдемелі гломерулонефрит
#35
*!27 жастағы әйелде баспадан кейін табандарының ісінуі пайда болды, АҚҚ 150/100 мм с.б., протеинурия 1,65 г/л, микрогематурия. Жедел гломерулонефрит диагнозы қойылды. Пенициллинмен, гипотензивті және несеп айдайтын дәрілермен ем жүргізді, нәтижесі болмады. 2 ай болды бетінің, балтырының, табандарының ісінуі сақталған, тұрақты протеинурия (6,6 г/л-ге дейін), АҚҚ 130/90 – 150/100 мм с.б. диагнозды нақтылау үшін тағы да қандай қосымша зерттеу әдісі қажет?
*АСЛО
*+Бүйрек биопсиясы
*cANCA, pANCA
*Креатинин, мочевина
*ANA, dsDNA-ге антидене
#36
*!21 жастағы колледж студенті теріде бөртпелердің пайда болуына, іштегі және тізе, тобық буындарының ауру-сезіміне, несеп түсінің қызаруына шағымданумен түсті. Ауру бөртпелердің пайда болуымен басталды, олар тобықтан басталып, санға дейін жайылған. Ешқандай инфекциямен ауырмағанмын дейді. Науқасты қарағанда: ісінулер жоқ, t 360С, АҚҚ 120/80 мм с.б., пульс 76 уд/мин. Геморрагиялық папулезді бөртпелер аяқтарында, сандарында, ішінде симметриялы орналасқан. Несеп талдауларында: протеинурия 1,5 г/л, эритроциттер 20-30 к/а. Қан талдаулары қалыпты. Қандағы креатинин 80 мкмоль/л. ANCA, криоглобулиндер, РФ және вирусты гепатиттерге анализ - теріс. Ең мүмкін деген диагнозыңыз қандай?
*IgA нефропатия
*+Геморрагиялық васкулит
*Жүйелі қызыл жегі
*Тромбоцитопениялық пурпура
*Постстрептококкты гломерулонефрит
#37
*!60 жастағы ер адам. Өткен жылы өкпенің аденокарциномасы (d 4 см) анықталып, оң жақ төменгі лобэктомия жасалған. КТ-да бауырға метастаздар берілген, кеуде лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Бірнеше апта ішінде жағдайы нашарлап, әлсіздік байқалады. Тәуліктік протеинурия – 2,7 г/тәу. Қанда: мочевина 30 ммоль/л, креатинин 450 мкмоль/л. Бүйрек биопсиясы жасалды: гломерулалық базалды мембрана қалыңдаған, ұсақ субэпителиалды депозиттермен. Бұл науқаста қандай жағдай дамыған?
* Гудпасчер синдромы
*+Мембраналық нефропатия
*Фокалды-сегментарлы гломерулосклероз
*Тез үдемелі гломерулонефрит
*Минималды өзгерістермен гломерулонефрит
#38
*!49 жастағы ер адам қан аралас жөтелге шағымданады. Анамнезінде 3 жылдан бері мұрнының бітелуі мазалап, мұрын қуыстарының қабынуы байқалған. Соңғы 3-4 айда тез шаршағыштық, t 37,80C-қа дейін, жөтел қан аралас қақырықпен, ентігу және салмағының азаюы. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 130/80 мм с.б., аускультативті өкпеде шашыранды сырылдар, теріде бөртпелер жоқ. Зертханалық: HCT 33, лейкоциттер 12 тыс, креатинин 176 мкмоль/л, мочевина 10,7; ANCA оң. Несеп талдауы: бос гемоглобин +, белок 2+, эритроциттер анықталмады. Қақырықты бак.себу-теріс. Өкпенің биопсиясы: некротикалық гранулемалар анықталды. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қандай?
*Саркоидоз
*Туберкулез
* Гудпасчер синдромы
*+ Вегенер гранулематозы
*Түйінді периартериит
#39
*! 49 жастағы ер адам қан аралас жөтелге шағымданады. Анамнезінде 3 жылдан бері мұрнының бітелуі мазалап, мұрын қуыстарының қабынуы байқалған. Соңғы 3-4 айда тез шаршағыштық, t 37,80C-қа дейін, жөтел қан аралас қақырықпен, ентігу және салмағының азаюы. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 130/80 мм с.б., аускультативті өкпеде шашыранды сырылдар, теріде бөртпелер жоқ. Зертханалық: HCT 33, лейкоциттер 12 тыс, креатинин 176 мкмоль/л, мочевина 10,7; ANCA оң. Несеп талдауы: бос гемоглобин +, белок 2+, эритроциттер анықталмады. Қақырықты бак.себу-теріс. Өкпенің биопсиясы: некротикалық гранулемалар анықталды. Аталған тактикалардың қайсысы мейлінше жасаған дұрыс?
*Азатиоприн тағайындау
*Преднизолон тағайындау
*+Циклоспорин + преднизолон
*Триметропин-сульфаметоксазол
*Туберкулездің 4 компонентті емі
#40
*!25 жастағы жігіт белдегі шамалы ауру-сезіміне, макрогематурияның пайда болуына шағымданды. Бұл белгілер жедел фарингиттен соң 24 сағаттан соң пайда болған. Анамнезінен белгілі болғандай, бұрындарда жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы кезінде макрогематурия эпизодтары байқалған, алайда дұрыстап тексерілмеген де. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 110/70 мм с.б. Зертханалық: ж. белок 65 г/л, холестерин 4,1 ммоль/л, креатинин 84 мкмоль/л, мочевина 4,3 ммоль/л, ШСЖ 128 мл/мин. Несеп талдауларында: белок 0,5 г/л, эритроциттер 20-30 к/а. аталған патологиялардың қайсысы мейлінше гематурияның себебі болуы мүмкін?
*+IgA нефропатия
*Гломерулосклероз
*Бүйрек веналарының тромбозы
*Шенлейн-Генох пурпурасы
*Постстрептококкты гломерулонефрит
#41
*!25 жастағы жігіт белдегі шамалы ауру-сезіміне, макрогематурияның пайда болуына шағымданды. Бұл белгілер жедел фарингиттен соң 24 сағаттан соң пайда болған. Анамнезінен белгілі болғандай, бұрындарда жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы кезінде макрогематурия эпизодтары байқалған, алайда дұрыстап тексерілмеген де. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 110/70 мм с.б. Зертханалық: ж. белок 65 г/л, холестерин 4,1 ммоль/л, креатинин 84 мкмоль/л, мочевина 4,3 ммоль/л, ШСЖ 128 мл/мин. Несеп талдауларында: белок 0,5 г/л, эритроциттер 20-30 к/а. Науқасқа бүйрек биопсиясы жасалды, онда мезангийдің пролиферациясы, иммунды кешендердің жиналуы анықталды. Бұл сипаттама гломерулопатияның қандай морфологиялық вариантына сәйкес келеді?
*Минималды өзгерістер ауруы
*Экстракапиллярлы гломерулонефрит
*Мембранопролиферативті гломерулонефрит
*+Мезангиопролиферативті гломерулонефрит
*Диффузды эндокапиллярлы пролиферативті ГН
#42
*! 45 жастағы ер адам ісінулерге, несептегі өзгерістерге шағымданумен келіп түсті. Бірнеше ай болды аяқтарының ісінуі және протеинурия 0,5-1 г/тәу. байқалды. Өздігінен емделіп, фуросемид қабылдаған. Емханаға ісіктерінің ұлғаюына байланысты келіп отыр. Қарағанда: қабақтарының, аяқтарының айқын ісінуі, асцит. АҚҚ 110/70 мм рт ст. Зертханалық: жалпы белок 36 г/л, альбумин 22 г/л, холестерин 9,2 ммоль/л, креатинин 74 мкмоль/л, мочевина 4,9 ммоль/л. ЖНТ: белок 4,4 г/тәу, эр. 10-12 к/а. Бұл жағдайда қандай асқыну дамуы мейлінше ықтимал?
*ТШҚҰ-синдромы
*+ Бүйрек веналарының тромбозы
*Артериалық гипертензия
*Бүйрек жетіспеушілігі
*Бауыр жетіспеушілігі
#43
*! 22 жастағы қыз 6 апта болды, Шенлейн-Генох пурпурасына байланысты амбулаторлық бақылауда жүр. Қарағанда: өзін-өзі сезінуі жаман емес, АҚҚ 158/90 мм с.б., арқасында, сандарында және аяқтарында аздаған макуло-папулезді бөртпелер көрінеді. Зертханалық: альбумин 35 г/л, мочевина 8,0 ммоль/л, креатинин 118 мкмоль/л. ЖНТ – белок жоқ, эритр +.
Ең оптималды болып табылатын еміңіз қандай?
*Плазмаферез
*Цитостатиктер
*+ААФ тежегіші
*В/і иммуноглобулин
*Стероидтардың үлкен дозасы
#44
*!Техникумда оқып жүрген 20 жастағы жігіт. 17 жасында жедел ревматоидты артритпен ауырған, преднизолонның қайталамалы курстарымен (максималды 15 мг тәулігіне) емделген. Ауру басталған соң екі жалдан кейін үдемелі протеинурия анықталып, бір жыл ішінде нефротикалық синдром дамыды: тәуліктік протеинурия 10 г, жалпы белок 46 г/л, альбумин 12 г/л, холестерин 9,88 ммоль/л, ЭТЖ 60 мм/сағ. Нефропатияның қандай түрі дамығанын болжауға болады?
*ЖҚЖ
*+Бүйрек амилоидозы
*Гломерулонефрит
*Интерстициалды нефрит
*Бүйрек қан тамырларының васкулиті
#45
*!19 жастағы науқаста тұмаудан соң тұрақты макрогематурия, ентігу, қан түкіру байқалды. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында: екі жақты диссеминирленген өкпенің зақымдалу белгілері. 2 апта ішінде науқас жағдайы нашарлап, қандағы креатинин деңгейі 326 мкмоль/л-ге дейін жоғарылады. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қандай?
* Гудпасчер синдромы
*+Вегенер гранулематозы
*Интерстициалды нефрит
*Постинфекциялықй гломерулонефрит
*Бронхогендік рак кезіндегі паранеопластикалық нефропатия
#46
*!Ходжкин лимфомасымен 20 жастағы науқаста анасаркаға дейін массивті ісінулер пайда болды, АҚ 90/55 мм. С.б., қан сарысуындағы креатинин 65 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 19,3 ммоль/л, протеинурия 12 г/тәу, эр. 2 к/а. Нефробиоптатты сәулелі микроскоппен қарағанда өзгерістер жоқ. Ең мүмкін болатын диагноз:
*+Минималды өзгерістер
*Жедел постинфекциялық ГН
*Мембранозды гломерулонефрит
*Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз
*Мембранозды-пролиферативты гломерулонефрит
#47
*!19 жастағы жігіт бас ауыруына, қабақтары мен аяқтарының ісінуіне шағымданып терапиялық бөлімшеге түсті. Қарағанда: қабақтары мен аяқтары аздап ісінген, АҚ 160/90 мм с.б.. Зертханалық: қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, ж. белок 60 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, калий 5,0, холестерин 5,6 ммоль/л; несепте белок 2 г/л, эритроциттер к/а көп мөлшерде, лейкоциттер 2-3 к/а. Қанның бақылаулық талдауында креатинин 300 мкмоль/л, мочевина 16 ммоль/л, жалпы белок 56 г/л., несепте белок 2,2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде. Тез үдейтін гломерулонефрит болжанды. Биопсия жүргізгенде бүйрек зақымдалуының қандай морфологиялық нұсқасы анықталуы ықтимал?
*+Экстракапиллярлы ГН
*Мардымсыз өзгерістер
*Мембранозды гломерулонефрит
*Мезангиопролиферативті гломерулонефрит
*Мембранопролиферативті
#48
*!35 жасар науқаста ұзаққа созылған отит, субфибрилді температура, 0,33 г/л протеинурия, микрогематурия анықталды. ЖҚА ерекшеліктерсіз. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу қажет?
*+ АНЦА титрі
*IgA, IgG, IgM деңгейі
*Иммунограмма – CD4, CD8
*ЖҚЖ, инфекцияларға тексеру
*Айналымдағы иммунды кешендер
#49
*!29 жастағы науқаста нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен ем нәтижесіз. Бүйрек биопсиясының қорытындысы: сәулелі микроскопия – күмістендіру кезінде капиллярлар қабырғасын бойлай субэпителиалды «тікенектер»; иммунофлюоресценция – IgG + С3 гранулярлық жарқырауы; электронды микроскопия – ретті субэпителиалды иммунокешенді депозиттер. Нефротикалық синдромның екіншілік сипаты жоққа шығарылды. Диагнозыңыз қандай және емдеудің ең оңтайлы варианты?
*Мембраналық нефропатия және симптоматикалық ем
*+Мембраналық нефропатия және циклоспорином-А-мен емдеу
*Экстракапиллярлы ГН және метилпреднизолонмен пульс-терапия
*Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз және преднизолонмен емдеу
*Мембрано-пролиферативті ГН преднизолонотерапияның альтернирлеуші емі
#50
*!Нефрологиялық бөлімшеге 19 жастағы қыз ісінулермен түсті, АҚҚ 150/100 мм. с.б. несепте белок 3,3 г/л, эритроциттер жаппай. Тез үдемелі гиперкреатининемия анықталды, оған бүйрек биопсиясы жасалды. Күтілетін нәтиже мейлінше қандай болуы мүмкін?
*Диффузды мезангиопролиферативті гломерулонефрит
*Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз
*Эндокапиллярлы гломерулонефрит
*+Экстракапиллярлы пролиферация
*Минималды өзгерістер
#51
*! Нефрологиялық бөлімшеге 19 жастағы қыз ісінулермен түсті, АҚҚ 150/100 мм. с.б. несепте белок 3,3 г/л, эритроциттер жаппай. Тез үдемелі гиперкреатининемия анықталды, оған бүйрек биопсиясы жасалды. Ең бірінші кезекте жүргізілетін емдеу тактикасы қандай?
*+Метилпреднизолонмен және циклофосфамидпен пульстік ем
*Преднизолонды циклоспорином А-мен біріктіру
*Преднизолонды альтернирлеуші режимде
*Преднизолонды эндоксанмен бірге тағайындау
*Метилпреднизолонмен пульстік ем
#52
*!Нефрологиялық бөлімшеге 19 жастағы қыз ісінулермен түсті, АҚҚ 150/100 мм. с.б. несепте белок 3,3 г/л, эритроциттер жаппай. Тез үдемелі гиперкреатининемия анықталды, оған бүйрек биопсиясы жасалды. Биопсияда тез үдемелі гломерулонефрит белгілері. Иммуносупрессивті ем жүргізілуде. ТҮГН кезінде ремиссияға жеткеннен кейін қандай демеуші ем жүргізу көрсетілген?
*Көрсетілмеген
*Стероидтардың альтернирлеуші режимі
*Циклофосфамидті ½ дозада жалғастыру
*Циклофосфамидті күнара тағайындау
*+Азатиоприн немесе микофенолат+преднизолон
#53
*!19 жастағы қыз айқын ісінуге, асцитке, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырған. АҚ 110/70 мм с.б., несебі ашық түсті. ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0-2, меншікті салмағы – 1025. Биопсияда ФСГС анықталды. Осы патологияда қандай препарат көрсетілген?
*Азатиоприн
*+Такролимус
*Преднизолон
*Циклофосфамид
*Микофенолат мофетил
#54
*!17 жастағы қыз жүйелі қызыл жегі диагнозымен 4 жылдан бері бақылануда, иммуносупрессивті ем қабылдауда. Люпус-нефрит дамығанда қандай симптомды кешен дамуы мейлінше ықтимал?
*Нефриттік синдром, гиперкреатинемия, гематурия
*Жекелеген несептік синдром протеинурия және гематурия түрінде
*Нефротикалық синдром, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия
*Нефриттік синдром, артериалық гипертензия, олигурия, азотемия
*+Жедел нефриттік синдром, гипокомплементемия, ДНК-ға антидене титрлері
#55
*!Науқаста қан түкіру және тез үдемелі гломерулонефрит анти-ГБМ-антиденелермен. Ең оптимальды болып табылатын емдеу тактикасын көрсетіңіз?
*Циклоспорин + плазмаферез
*Преднизолон per os ұзақ уақыт
*Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
*Аминохинолин қатарындағы препараттар – негізгі емдеу жолы
*+Стероидтар мен цитостатиктерді қосып пульстік ем, плазмаферез жасау