Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Оқу курсы және семестрі: 1 курс, 1 семестр




СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

АЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

 

 

Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

 

 

Пән: Әлеуметтану

Пәннің коды: Soc 1104

Мамандығы: 5В 110100 «мейірбике ісі

Оқу сағатының/кредиттің* көлемі: 90 сағ./2 кредит

Оқу курсы және семестрі: 1 курс, 1 семестр

 

 

Семей 2014 ж.

       
       

Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында Әлеуметтану типтік оқу бағдарламасы негізінде құрылған.

 

Автор: т.ғ.м., Садықова Л.К.

Кафедра отырысында талқыланған _____________2014 ж. №____ хаттама

 

 

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. _____________ Сергазина Г.М.

 

 

 

Оқытушылар жайлы мәліметтер:

№ № Т.А.Ә Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы
1. Сергазина Г.М. т.ғ.к., доцент ШҚО әлеуметтік-экономикалық, экологиялық дамуы
2. Нургазы Куаныш Тарих магистрі Шеттегі Қазақстардың әлеуметтік, мәдени мәселелері. Қазақ халқының мәдени-философиялық дамуы
3. Казыбаев С.К. Аға оқытушы Халықтардың ұлттық өзіндік санасының дамуы (қазақ халқының мысалында)
4. Садыкова Л.К. Тарих магистрі 1940-1950 ж.ж. Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
5. Сергазинова К.Т Тарих магистрі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ барлаушыларының ерлігі

 

Байланыс ақпаратты: кафедраның орналасқан жері (мекен жайы, корпус, аудитория)

Телефондар, электрондық мекен жайы

Семей қаласы: Ленина-3, 3- қабат

315-каф.меңгерушінің кабинеті

317- лаборанттар бөлмесі

314,316- оқытушылар бөлмесі

301-313 – оқу бөлмелері

 

Пәннің саясаты:

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

• Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

• Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

• Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

• Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және сақтау.

• Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

• Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

• Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

• СОӨЖ (студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

• Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.

• Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

• Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

• Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

• Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

• Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

• Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

• Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

• Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

• Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады, емтиханнан шығарылғаны туралы акт жасалады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

• Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

• Себепсіз және себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

• Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса бір ай ішінде өтеуі керек.

• Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды білімалушы 2 апта бойы қосымша оқыту түрі ретінде (ҚОТ) ақылы негізде өткізіледі, ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады.

• Егер білімалушының қосымша оқыту түріне және факультативті сабақтарға қажеттілігі болған жағдайда, онда да ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. ҚОТ барлық түрлері ақылы негізде өткізіледі.

• Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеу – дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.

• Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға 2,33 (70 %) артық баға қойылмайды.

• Себепті жағдай бойынша босатқан сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға жауап берген бағасы қойылады.

• Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

• Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

• Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою үшін өтінім деканаттан рұқсатнама беру сәтінен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

• Білімалушы бекітілген уақытта екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттесталмаған деп есептеледі. Пәндердің аудиторлық (дәрістер, практикалық) сабақтары жалпы сағаттар көлемі босатылғандар санына байланысты мынадай әкімшілік шаралар енгізілсін:

- 5 - 10% - ескерту

- 11 - 15% - сөгіс

- 16-24% - қатаң сөгіс

• Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.

• Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті. Себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

• Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында сақталады.

• Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына журналда «0» қойылады. Және оның рейтингі автоматты түрде төмендейді.

• Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.

• Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, қосылады, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде эмтихандық ведомсотіге қойылады.

• Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады.

• Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

• Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.

• Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

• ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

• Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

• Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

• Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

• Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.

Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

• «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

• «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оңды бағасын оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

• Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

 

Кіріспе

Адам және қоғам жайлы басқа ғылымдардың қатарында әлеуметтануға әлеуметтік өмір, тұлғаның әлеуметтік өзара іс әрекеті туралы ғылым ретінде ерекше орын беріледі. Социум мәселелері қаншалықты күрделі болса, оларды шешуде жеке тұлға және оның адам мен қоғам жайлы білімі үлкен рөл атқарады. Әлеуметтану адамдар өз өмірін қамтамасыз ету үшін, қоғамдық қатынастарды реттеу, жаңа ұрпақты жалғастыру және қоғамды тұтастық ретінде сақтау үшін өздері қалыптастыратын күрделі әлеуметтік жүйелерді, әлеуметтік институттарды түсінуге көмекетеседі. Әлеуметтану адамзат өлшемендегі қандайда болсын құбылысты қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдерін және әлеуметтік салдарын көруге мүмкіндік береді. Оқу курсында «әлеуметтік», «әлеуметтік қатынастар», «әлеуметтік іс-әрекет», «әлеуметтік бақылау», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік және адамгершілік нормалар», «тұлға», «тұлғаның әлеуметтенуі», «әлеуметтік орта», «әлеуметтік үрдістер» және т.б. категориялар мен ұғымдардың мағынасы қарастырылады. Әлеуметтануда әлеуметтік өмірді ғылыми тануға, адамның әлеуметтік шындықпен байланысын тану сияқты мәселелерді қарастыру ерекше орын алады. Ол үшін әлеуметтік ойлау мен білімді игеру қажет.

2. Пәннің мақсаты: «Әлеуметтану» курсын оқыту студенттердің қажетті білім алуын және болашақ маман ретінде қоршаған әлеуметтік әлем туралы ғылыми танымның методологиясын меңгеруді мақсат етеді, сонымен қатар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік құрылымдар мен әлеуметтік қатынастардың қызмет ету және даму ерекшелігі жайлы, адамның әлеуметтік шындықпен өзара байланысы және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары жайлы мағлұмат береді.

3. Оқытдың міндеттері:

- студенттердің қоғам, әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтардың пайда болу табиғаты, әлеуметтік үрдістер мен әлеуметтік өзгерістердің түрлерімен бағыттарын талдаудағы әлеуметтік көзқарас жайлы ғылыми танымды меңгеруі;

- әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы және дамуының негізгі жағдайлары мен типологиясын, әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара байланыстың формаларын анықтау және талдай білу;

- студенттердің тұлға, әлеуметтену формалары, бағыттары және ерекшеліктері жайлы, әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формалары жайлы әлеуметтік көзқарас тұрғысындағы ғылыми танымды меңгеру;

- әлеуметтік зерттеулердің методологиясы мен әдісі жайлы білімдерін қолдана білу;

Оқытудың соңғы нәтижелері:

«Әлеуметтану» пәнін оқытудың соңында

Студент білу керек:

- әлеуметтік білімді жүйе ретінде;

- әлеуметтік-гуманитарлық таным жүйесіндегі әлеуметтік білімнің алатын орны;

- әлеуметтанудың категориялары мен заңдарын және олардың әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің аралас категорияларымен байланысын;

- жалпы әлеуметтік теорияның негізгі мектептері, қалыптасу кезеңдері мен мәселелері және оның қазіргі жағдайы;

- әлеуметтік білімнің салалық құрылымы жайлы.

Студент істей білу керек:

- әлеуметтанудың объектісі мен пәнін анықтау;

- әлеуметтік ой-пікірлердің негізгі бағыттарына бағдар ұстау;

- әлеуметтік жүйелерді ажырата білу;

- әлеуметтік теориялардың алғышарттарын, құрылымын, мәселелері мен қайшылықтарын талдай білу;

- нақты әлеуметтік зерттеулердің методологиялық алғышарттарын жасай білу;

- жалпы әлеуметтанудың моделдеріне, принциптеріне және әдістеріне сүйене отырып әлеуметтік ақпаратты талдай білу;

- әлеуметтік мәдениеттің дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік қайшылық жағдайларды білу, оларға бағдар ұстау;

- әртүрлі әлеуметтік тақырыптарға пікірталастар, дебаттар жүргізу.

4. Реквизитке дейінгі: «Әлеуметтануды» оқу үшін студенттерге Адам, қоғам,құқық,экономика,өзін-өзі тану пәндерін бойынша білімдері қажет.

5. Реквизиттен кейінгі: ә леуметтану бойынша алған білім экономикалық теория, саясаттану,философия пәндерін оқуы қажет.

6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде қоғам және оның даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған философия білімінің саласы болып табылады. Курстың мазмұны әлеуметтік қатынастарды оқу барысындағы әртүрлі теориялық перспективаларды салыстыратын жалпы әлеуметтанудың негізгі саласын қамтиды. Курстың негізгі тақырыптары әлеуметтік қатынастардың күрделі әлеуметтік субъектілерінің көптүрлілігі идеясының маңына жинақталған. Мысал ретінде қазіргі қоғамдардағы стратификациялық қатынастардың дамуына әсер ететін қоғамның дәстүрлі жіктер мен үрдістерге жіктелуі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 430 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2253 - | 2077 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.