Бөлімшелер мен бөлімдер жазылма сапқа машиналардың бойымен, маңдайшеп бойынша бір сызық бойымен, ал взводтар мен роталардың лектері Жарғыда белгіленген немесе командир белгілеген машиналардың немесе бөлімшелердің арасындағы аралықтар мен ара қашықтықтарда сапқа тұрады. Бұл ретте жеке құрам машиналарда болады немесе машиналардың алдында взводтардың және роталардың бойымен машиналардың алдында үш адымнан жақын емес болатындай екі қатарлы немесе бір қатарлы саппен сапқа тұрады, машиналардың механик-жүргізушілері және жүргізушілері өз бөлімшелеріндегі сапқа тұрады.
Бөлімшелер жорық сапқа машиналардың бойымен лектер бойынша немесе бөлімшелер лектері бірінің артынан бірі Жарғыда белгіленген немесе командир белгілеген сапқа тұрады.
Бөлімшенің және танк экипажының сапқа тұруы:
а - бронетранспортердің алдында; ә - жаяу әскер машинасының алдында; б – танкінің алдында.
Жаяу әскерді машиналарға, бронетранспортерлерге, автомашиналарға және т.б. машиналарға отырғызу кезінде бөлімшелерде қажет болған кезде әскери қызметшілерге және әскери мүліктерге машиналар бойынша санақ жүргізіледі, сондай-ақ отырғызу тәсілі көрсетіледі. Жеке құрамды машиналарға отырғызу алдында қарудың оқталғандығы тексеріледі, ал егер қозғалыс оқталған қарумен жүргізілсе, онда олардың тежегішке қойылғандығы қадағаланады, сүңгі-пышақтар алып тасталады.
Әрбір машина үшін офицерлерден, прапорщиктер немесе сержанттардан машина басшысы (бөлімше командирі) тағайындалады. Машина басшысына жүргізушіні қоса алғанда машинадағы бүкіл жеке құрам бағынады.
Аға командирдің белгісі бойынша бақылауды бөлімше командирі (машина басшысы) жүргізеді, автомобильдерде, бұдан басқа, автомобиль қорабының оң жақ алдыңғы бұрышында бақылаушы ретінде тағайындалған адам орналасады.
Қозғалыс кезінде автомобиль қорабының кемер (борт) ілгегі бекіткішіне бақылау жасап отыру үшін алдынғы және артқы кемерлердегі шеткі орындарда отырған сарбаздар арасынан «кемерші» тағайындалады. Артқы жақта келе жатқан машиналарға, тіркемелі әскери техникаға және жаяу әскердің ұрыс машинасының есіктері ілгектерінің бекітіліуіне бақылауды автомобильдің артқы қабырғасындағы оң жақ отырғышта отырған сарбаз жүргізеді.
«МАШИНАҒА» пәрмені бойынша жаяу әскердің машинасымен және бронетранспортермен, сондай-ақ автомобильмен және танкімен тасымалданатын жеке құрам машинаның алдына 33,34-суреттерінде көрсетілгендей сапқа тұрады. Машина кемерлерінен отырғызу кезінде бөлішенің жеке құрамы отырғызу люктерінің немесе артқы дөнгелектің
Взводтың жеке құрамымен машиналар алдында сапқа тұруы:
жеке құрам – екі қатарлы сапта; машиналар сызық бойымен
денгейінде лектерінің бастарымен қатарласады. Осы пәрмен бойынша танкінің экипажы танкінің алдына бір қатарлы сапқа тұрады. Танкінің командирі алдынғы шынжыр табаннан екі адым алда, ал экипаждың қалған құрамы-командирден солға қарай орналасады.
Жеке құрамды машиналарға отырғызу:
- жаяу әскердің машиналары мен бронетранспортерлеріне люктері арқылы;
- автомобильдерге – оң, сол және артқы кемерлер арқылы;
- жабық қорапты автомобильдерге артқы кемер арқылы жүргізілуі мүмкін.
Жолдың оң жағында тұрған машинаға сол жақ кемер арқылы отырғызуға рұқсат етілмейді.
«МАШИНАҒА» пәрмені бойынша жаяу әскердің машиналарына және бронетранспортерлерге отырғызу кезінде тағайындалған жауынгерлер десанттық бөлімшенің артқы есігін (отырғызу люктерінің қақпақтарын), автомобильдерде жүргізушілер қажеттілігіне орай артқы кемерді ашады. Отырғызу аяқталғаннан кейін артқы есіктер (отырғызу люктерінің қақпақтары, кемерлер) жабылады.
«ОРЫНДАРЫҢА»пәрмені бойынша бөлімшелер машиналардағы өз орындарына тірек ретінде дөңгелектер, шынжыр табандар, аяқ салғыштарды пайдаланып жылдам орналасады.
Отырғызу кезінде отырғызуды жүргізген немесе артында тұрған әскери қызметшілерге беретін қару рота пулеметтерін және басқада ауыр қаруды қоспағанда ыңғайлы етіп алынады. Отырғызу аяқталғаннан кейін қару тізенің арасына қойылып, екі қолмен ұсталады. Автомттар бөлімше командирінің пәрмені бойынша «кеудеге» алынуы мүмкін. Зат қапшықтары және шинельдің
Жеке құрамды отырғызу үшін сапқа тұрғызу:
а – жаяу әскердің машинасындағы отырғызу люктері арқылы; б - бронетранспортерлердің люктері арқылы; в – автомобильдің артқы кемері арқылы; г – десанттарды танкіге отырғызу. орамдары бөлімше командирінің (машина басшысының) нұсқауы (пәрмені) бойынша шешіледі және машинаға орналастырылады.
Бөлімшенің командирі (машина басшысы) жеке құрамды отырғызудың дұрыстығын қадағалайды, ал отырғызу аяқталғаннан кейін есіктердің (люктердің) және кемерлердің бекітілгенін тексереді, ұрыс машинасындағы өз орнына және бронетранспортердегі машина командирінің орнына, ал автомобильде – жүргізушінің қасына немесе аға командирдің нұсқауы бойынша автомобиль қорабының сол жақ, алдыңғы бұрышына отырады.Бөлімше қозғалысының басталуы алдында машиналар қозғалтқышын қосу және қыздыру жүргізетін алдын-ала «ОТАЛДЫР» пәрмені беріледі.
«МАРШ» пәрмені бойынша барлық машиналар өздері тұрған сапта бір мезгілде қозғалысты бастайды немесе арақашықтықтарды және аралықтарды қабылдап қайта сапқа тұрады. Егер лектегі машиналардың арасындағы арақашықтық 10м-ден көп болмаса, машиналар белгіленген арақашықтықты ала отырып, қозғалысты кезектесіп бастайды.
Қозғалыстың тәртібін және жылдамдығыи, сондай-ақ демалысқа арналған аялдаманы айқындау кезінде жауынгерлік Жарғыларда баяндалған нұсқауларды басшылыққа алу қажет. Машиналар арасындағы арақашықтықтар жылдамдыққа және қозғалыстың шарттарына қатысты болады және орта есеппен 25-50м болуы мүмкін. Арақашықтықты өзгерту үшін: «АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ҰЛҒАЙТ», «АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ҚЫСҚАРТ» пәрмендері беріледі.
Қозғалыс кезіндегі бұрылыстарды бағыттаушы машинадан кейін кезектесіп (кірумен) немесе бір мезгілде барлық машиналар (бөлімшелер) жасауы мүмкін.
«НАЗАРА САЛ, МЕН СИЯҚТЫ ЖАСА» пәрмені бойынша кезектесіп, сырт айналып бұрылыс жасау үшін басқа машина төменгі жылдамдықта
Жеке құрамды орналастыру: