Лекции.Орг
 

Категории:


Назначение, устройство и порядок оборудования открытого сооружения для наблюдения на КНП командира МСВ


Архитектурное бюро: Доминантами формообразования служат здесь в равной мере как контекст...


Электрогитара Fender: Эти статьи описывают создание цельнокорпусной, частично-полой и полой электрогитар...

Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелерде тамақтанудың ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.



2. Мақсаты:Студенттерге мектепке дейінгі мекемелерде тамақтанудың ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар туралы түсінік беру.

3. Дәріс тезисі:

Мектепке дейінгі балалар мекемесінде:

1. Мектепке дейінгі балалар мекемесінде тәулік бойы балалардың келуіне байланысты 4 түрлі тамақтану ұйымдастырылады. Ол тағам құндылығының тәуліктік қалпын қамтамасыз етеді. (таңғы ас, бесін ас, түскі ас, кешкі ас).

2. Мектепке дейінгі балалар мекемесінде і 2-сағат бойы балалардыд келуіне байланысты 4 түрлі және 3 түрлі тағамдану тәртібі тәжірибеленеді. Бірінші жағдайда балалар кешкі асты 1 сағат ерте ішеді (18 сағатта), екінші жағдайда - бесін ас кешкі ас пен бесін асқа тағамдық жүктеме кіргізеді. Және бұған 100% тәуліктік тағамдық құндылың қамтамасыз етіледі.

3. Мектепке дейінгі балалар мекемесінде 9-10 сағаттын ішінде балалардың келуіне байланысты тағам тәртібі 3 түрлі және 75% тәуліктік тағам құндылығын қамтамасыз етеді, Бұл жағдайда медицина қызметкерлері ата-аналарға үйдегі кешкі ас түрлері бойынша тәуліктік тағамдануды толыққанды қамтамасыз ету мақсатында ұсыныстар беру керек.

Балалардың дұрыс тамақтануы тек оның тәртібін дұрыс ұйымдастырғанда ғана мүмкін.

Оның ережелері:

1.Тамақтанудың уақыттары мен олардың араларындағы үзілістерді қатал сақтау;

2.Тамақтанудың аралық физиологиялық дұрыс уақыты;

З.Тамақтың бөлек-бөлек уақыттардағы саны және сапасы бойынша дұрыс бөлінуі;

4.Балалардың тамақ ішудің және тәртібінің шарттары. 1-7 жас аралығындағы балалар үшін арасында 3,5-4 сағат үзіліспен күніне 4-5 рет тамақтану ең дұрысы болып есептеледі. Одан артық некем тамақтану тиімсіз. Тамақтану уақыты тұрақты болу керек. Бұл асқазанның дұрыс сөл бөлуіне көмектеседі. Арасындағы үзілістерде балаларға ешқандай ас бермей және соңғы ас ұйқы алдында кемінде 2 сағат бұрын болу керек. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда тәбеті бұзылып, ас қорытылуы нашарлайды. Бір күндік ас мөлшері әрбір мерзімдерге дұрыс бөлінуі керек. Тамақтанулар санына байланысты таңғы ас пен кешкі ас біркүндік мөлшердің 20-25%-ын, түскі ас - 30-35%, 2-ші түстем кейінгі ас - 10-15% құрайды. Кейбір жағдайларда 5% мөлшерінде ауытқулар болуы мүмкін. Физикалық және сезімталдық жүктеме асқазан сөлдерінің бөлінуін төмендетеді. Сол себепті тамақтану алдында балаларға міндегті түрде 30 минуттық демалыс болу керек. Тамақтанудың ұзақтығы да реттелуі керек. Таңғы ас пен кешкі ас үшін ұзақтығы - 15-20 мин., түскі ас үшін - 20-25мин.

4. Иллюстрациялы материалдар:слайдтар

5.Әдебиет:

Азақ тілінде

Негізгі:

1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

баспа орталығы.2008.

2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.

Қосымша:

1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.

Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.

2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.

3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными

терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.

 

6.Қорытынды сұрақтары:

1. Ас мәзірін құруда қандай гигиеналық талаптар қойылады?

2. Тағамға кім және қайда медициналық қадағалау жүргізеді?

3. Тамақтануға байланысты мектепке дейінгі мекемеде ненеі үйретеді?

4. Ас мәзіріндегі энергетикалық құндылықты қалай бөледі?

5. Тамақты өзі жеуді балаларға қай жастан бастап үйрету керек?

№12

Дәрістің тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, гимназияларда, лицейлерде тамақтануын ұйымдастырудың қағидалары.

2.Мақсаты:Студенттерге жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, гимназияларда, лицейлерде тамақтануын ұйымдастырудың қағидалары туралы түсінік беру.

Дәріс тезисі.

Орта білім беретін мектептерде:

Медицина қызметкерлерінің міндеті мектеп оқушыларын 100% ыстық тағаммен қамтамасыз етуімен байланысты (ыстық таңғы ас және де түскі астармен және түстен кейінгі жеңіл тагам ұзартылған күн топтары балаларына).

Ол үшін мына ұсыныстарды ескеруі қажет:

І.Тамақтану арасындағы уақыт 3 сағат немесе 4.5сағаттан артық болмауы керек. Мөлшерлі тамақтану тәртібі келесідей:

- таңертеңгі ас үйде - 7.00-7.30;

- танертеңгі ас мектепте - 2-ші немесе 3-ші қоңыраудан соң;

- күні ұзартылған топтар үшін түскі ас мектепте -13.00-13.30;

- күндізгі ұйқыдан кейінгі бастауыш сыныптарға және күні ұзартылған топтар үшін түстен кейінгі ас - 17.00-17.30.

2 -Танертеңгі асты ішу жақсы ұйымдастырылып, 10 минуттан аспауы керек, бастауыш оқушыларына сынып бөлмелерінде тамақтануы мүмкін.

3.Асқазан, ішек, бауыр, бүйрек аурулары бар балаларға диеталық тамақ беріледі, медициналық қызметкерлер осындай балалардын тізімін құрады, ал асханаларда олар үшін белек үстелдер қойылады.

Кәсіптік - техникалық оқу орнында:

1.Асты тиімді ұйымдастыру тек оқу орнында тамақ қоймасы орналасқанда ғана мүмкін. КТО үйінің құрылысы асханасыз салынбайды.

2.Тамақтану тәртібі 3 ретті тамақтан (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) тұрады. Сирек жағдайларда ғана 2 рет тамақтану кепікі ассыз (жатақханада тұратын адамдардың болмауына байланысты, сонымен қатар, тамақ қоймадан алыстығынан).

3.Көбірек жүктемеге байланысты мамандықты меңгерген жасөспірімдерге 4 рет тамақтану қажет(2-ші таңертенгі ас немесе түстен кейінгі ас).





Дата добавления: 2016-11-24; просмотров: 713 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

  1. Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
  2. Бір жастан жеті жасқа дейінгі баланың тамақтануы.
  3. ВВГ, ДВГ және СВГ кезінде дезинфекциялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  4. Госпитализацияға дейінгі этаптағы жедел медициналық жәрдем
  5. Дәріс Құрылыс керамикасы өндірісіне қажетті шикізаттар қасиеттері және қойылатын талаптар
  6. Дәрістің тақырыбы: Жыныс клеткалары
  7. Делетін етке қойылатын талаптар.
  8. ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. Тақырыбы: Бөлмеге күн сәулесінің түсу режимін, табиғи және жасанды жарықты гигиенгалық
  9. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  10. жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы
  11. Лағы естімейтін (саңырау) білім алушылардың оқу жетістіктеріне қойылатын талаптар
  12. лекция.Тақырыбы:Этностық кикілжіңдер


Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.004 с.