Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


азақ поэзиясындағы ұйқас сапасы




Өлең тармақтарындағы аяққы сезердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады. Ұ. Өлең жолдарын бір-біріне келген дейді, өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір бүтін етіп тұтастырады, соңдықтан әр шумақтың немесе әр тираданың ұйқасы, суреті ез алдына бөлек-бөлек болып келеді. Қазақ өлеңі, оның ішінде Абай өлеңдері де аяққы ұйқасқа құрылған. Абай өлеңдерінде ұйқастың қазақ әдебиеті теориясың айтылатын түрлерінің (қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқастар) бәрі бар. Абайдың ерен ақындық шеберлігі мен жаңашылдығының көрінісі - өлеңнің шумақты-шумақсыз құрылымына, сондай-ақ, шумақты өлеңдерінің неше тармақтан тұратындығына қарай ұйқас суретін құбылту - Ақынның 4 тармақты, 7-8 аралас буынды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа құрылған. Мыс.:

Желсіз түнде жарық ай, - а

Сәулесі суда дірілдеп. – б

Ауылдың жаны терең сай, - а

Тасыған өзен күрілдеп. - б

Абайдың 4 тармақты бірөңкей 7 буынды немесе бірөңкей 8 буынды өлеңдері -а, -б, -а, -б және -а, - а, -б, -а суретті ұйқаспен жазылған. 6 тармақты, шумақты кейбір ұйқас өлеңдері -а, -б, -а, -б, -в, -в түрінде келеді, бұл да Абай шығармаларынан басталатын ұйқастың түрі: Ғашықтық іздеп тантыма - а Аз күн әуре несі іс? - б Өзіңнің қара артыңа, - а Өткен өмір бейне түс. - бСинтаксистік құрылымы мен композициялық құрылысы, ырғағы менұйқас суреті жағынан қазақ поэзиясына Абай әкелген соны дұниелер - оның сегіз аяқтары, яғни, 8 тармақты, шумақты 3 өлеңі. Бұлардың ұйқас суреті -а, -а, -б, -в, -в, -б, -г, -г. Мұндағы -а, -а, -в, -в, -г, -г ұйқасымен берілген тармақтар өзара бір-бірімен синтаксистік әрі мағыналық жұптар түзеді, Абай поэзиясындағы ұйқасқа қатыстырылған сөздер өлеңнің мазмұнына, ойына, стилінетікелей қатысты болып келеді. Оның Абайдың 1923 ж. Қазанқаласындажарықкерген өлеңдер жинағының алғашқы ішкі екі беті сатиралық өлеңдерінде адамның мінез-құлығын жағымсыз жақтан көрсететін сезердің бір тобы еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер. Сондықтан ақын «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»деген өлеңін бастан-аяқ қыртың, бұртың, тырқың, жырқың сияқты жағымсыз бейнелі сезердің ұйқасына құрады, жұртым, ұртың, құлқын деген мәнді, «бояусыз» сөздерді соларға ұйқастырады. Далпылдап, жалпылдап, бартылдап, барқылдап, шаңқылдап, тарқылдап «Болыс болдым, мінеки» деген өлеңінде, бос салақтап, бұтып-шатып, қудай атып деген сияқты бейнелі сөздер жағымсыз бейне жасау үшін ұйқасқа алынады. Тек жағымсыз бейнелерді жасауға ұйқасатын сөздерді таңдап алу - Абай шеберлігінің бір қыры. Мыс., «Единица - жақсысы, Ерген елі - бейне нөл.., Единица кеткенде, Не болады өңкей нөл» деген ойды бір өлеңінің өзегі еткен Абай орыстың «ноль» сөзін бейне етіп қазақ поэзиясына енгізеді де, оған ой екпінін түсіру үшін өлеңді бастан-аяқ осы сездің ұйқасына құрады. Абай портрет жасауда да, пейзаж беруде де ұйқасты шебер пайдаланады. - ып (-іп, -п) жұрнақты өткен шақ көсемше тұлғасымен келген етістік ұйқастардың барлығы дерлік бейнелі қолданыстар, олар жазды күнгі ауыл суретін беруге (Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап...), көбінесе, адамдардың қимыл-әрекеті арқылы олардың портретін жасауға қолданылады. Абайдың жалпы етістік тұлғаларын өлең ұйқасына алып бейне жасауға қатыстыруы бұрыннан келе жатқан поэтикалық амалды нығайтып, одан әрі дамытуы болса, екінші жағынан, оның өзіне тән қолтаңбасы. Өйткені, Абай пайдаланған етістік ұйқастар байырғы қазақ поэзиясындағы ашық райдағы тиянақты баяндауыштар емес (барады, алады, қалады сияқты), -ып жұрнақты тиянақты да, тиянақсыз да болып қызмет атқаратын көсемшелер, да шылауымен келген шартты рай тұлғасы (Жарқ етпес қара көңлім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да...), барыс септіктегі -у жұрнақты тұлғасы («Интернатта оқып жүр» деп басталатын өлеңінің ұйқастарын қараңыз), -мақ жұрнақты тұлғасы («Тотықұс түсті көбелек», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» сияқты өлеңдерінің ұйқасына назар аударыңыз) болып келеді. Өлеңнің көптеген шумақтары мен жеке бөліктерінің 1 ұйқасты (моно рифмалық) немесе әр түрлі ұйқасты болып келуінің оның композициясы мен ойдың берілу сипатына тікелей қатысы бар. Бір ұйқас тәсілі қазақ поэзиясында бұрын да қолданылып келген, бірақ, ол көбінесе, 7-8 буынды шумақсыз жыр өлшемінде қолданылған, ал, Абай бұл тәсілді 11 буынды 4 тармақты өлеңдеріне де енгізген және етістік бір айқаспен қатар, өзге сөз тұлғаларын да пайдаланған. Бір ұйқасты Абай әдейі қалайды, өйткені, ол ең алдымен ой тұтастығын жасауға көмектеседі. Өлеңді шумақтарға топтастыруда ұйқас сурет - ең негізгі белгі. Абай өлеңдерінде тек 4 тармақты емес, 6 тармақты (алты аяқ), 8 тармақты (сегіз аяқ), 14 тармақты, кейде аралас тармақты болып құрылған өлеңдерінде ұйқас негізгі роль атқарады. Сонымен қатар, Абайда ұйқас - тирада деп аталатын өлең құрылымын жасауға қатысады. Тирада - бір өлеңнің тармақ саны әркелкі болып келген бөліктері. Бұндай бөліктердің ара жігін айыратын ұйқас болады. Мыс., ұйқасқан сөздеріне қарай «Қайғы шығар ілімнен» деп басталатын өлеңі 7 бөліктен тұрады: 1-бөлік 8 тармақты ұйқасатын сөздер: ілімнен, білімнен... мінімнен, 2-белік4тармақтықайда жоқ, пайда жоқ, 3-бөлік 10 тармақты дәулетке, келбетке... әлбетте, 4-бөлік 12 тармақты ұлықтап, қызықтап... құрықтап, 5- бөлік те 12 тармақты қансаңыз, салсаңыз... ол қарыз, 6-бөлік 10 тармақты бурыл шаш, топтан қаш... өлсең де аш, соңғы 7-бөлік 4 тармақты қайда жоқ, пайда жоқ тирадалар. Бұл өлеңнің әр бөлігінде тармақ сандары ғана әркелкі емес, ұйқас суреттері де әр түрлі: 8, 10, 12тармақты бөліктер -а, -а, -б, -а, -в, -а, -г, -а, -д, -а болып ұйқасса, 4 тармақты 2 бөлік -а, -б, -в, -б ұйқасымен келеді. Соңғы ұйқас суреті өте сирек, ол өз алдына жеке шумақ не тирада құрастырудан гөрі, тұтастың сынығы іспетті. Абайдың бірқатар өлеңі тирада құрылымымен келген. Ұйқасына қарай топтасқанда «Ғылым таппай мақтанба...» деп басталатын өлеңі 2-ақ бөліктен тұрады: біріншісі 43 тармақты 1 тирада болса, 2-бөлігі 34 тармақтан құрылған 1 тирада. Сол сияқты Абайдың «Бәтен елде бар болса...» деп басталатын өлеңі 17 бөлікке бөлінген, 17 тирададағы құрылған шығарма деп тануға болады. Мұндағы әр бөліктің жігін айырып тұрған - ұйқастырылған сөздер. Әр бөлік тирада болғандықтан, тармақ сандары әр түрлі: бірінде көп, бірінде өте аз. Тирадаға құрылған өлеңдердің қатарына «Сап, сап, көңлім, сап, көңлім», «Болыс болдым, мінекей»т. б. өлеңдері жатады. [1] Қазақ поэзиясында тілдің табиғатына, қазақ тіліне тән үйлесімділік заңы (сингорманизм) орайлас толымды ұйқас өте жиі қолданылады да, ал толымсыз, жұтаң ұйқастар сирек кездеседі. Толымды ұйқасты профессор Қ.Жұмалиев құрылым жағынан үндестігі екі буынды немесе үш буынды түгелдей қамтиды деп қараған. "Ұйқасатын сөздер соңғы екі буынның бастапқы дыбысынан басқа дыбыстарының дәлме-дәл ұйқасып келуі мүмкін (кейде екі буынның түгел ұйқасуы, тіпті үш буынның дыбыстары бірдей келуі де мүмкін). Бұл ұйқасты толымды ұйқас деп атаймыз"[1]. Әрине ұйқастың неғұрлым буын саны көбірек болса, үйлес сөздердің үндестік қуаты, әуезділігі, құлақы әсері арта түседі. Қазақ поэзиясында жиі қолданылатын төрт буынды ұйқастардан (құздарының-мұздарының-ызғарының) мұны анық байқаймыз. Ал, егер ұйқасқан сөздер бір буынды болса және дыбыс үндестігі дәлме-дәл толық болса, оны да толымды ұйқас дейміз. Ұйқасқан буындардың, сөздердің үйлестік жақындығы алдымен сәйкес дыбыстардың сөздің ішінде қай буында, буынның ішінде қай орында тұрғандығында үлкен мән бар. Ұйқастағы ең соңғы буынның үйлесетін буынмен үндестігі өте- мөте толық болуы шарт. Оның алдында өзіне сәйкес буынмен дыбыс үндестігі жағынан аздап болса да алшақтық, ал соңынан санағанда үшінші, әсіресе төртінші буында бірталай алшақтық болуы ықтимал. Алайда бүл ұйқастың дәлме- дәлдігіне, толымдылығына нұқсан келтіре алмайды: Мысалы:
"Мен көрдім сынық қанат көбелекті.
О да білер өмірді іздемекті." (Абай)
Мұндағы көбелекті -іздемекті деген сөздердің соңғы сәйкес буындары толық үйлесіп келетіндіктен, осы сөздердің басындағы буынның бірыңғай еместігі байқалмайды.[2]

10. А. Байтұрсыновтың қазақ өлеңінің ырғақ жүйесі стуралы тұжырымы

 

С.Маулен

 

2012 жылы 5 қыркүйек сағ.15-00. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындақазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сырбай Мәуленовтің 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Кештің модераторы – Алматы экономика және статистика академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Күләш Қайранасырқызы Оңалбаева жүргізді. Кеште Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мыңбай Рәш, белгілі жазушы, «Қазақ» газетінің Бас редакторы Қоғабай Сәрсекеев, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Марфуға Айтхожина, сыншы, «Сын» журналының Бас редакторы Бахыт Сарбалаев, ақын Аманхан Әлімұлы, қызы Сақыпжамал Мәуленова С.Мәуленов туралы қызықты естеліктер, әсерлі әңгімелер айтты. Ж.Елебеков атындағы эстрада –цирк колледжінің студенттері С.Мауленовтің өлеңдерін оқыды. Кеш аясында «Сыршыл лириканың сұлтаны» атты Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығына арналып безендірілген кітап көрмесі қойылды. Еске алу кешіне С.Мәуленовтің отбасы, ғалымдар, Қазақстанның белгілі ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері, әдеби-шығармашылық ұйымдар, ЖОО студенттері, оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты. Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Әдебиет шебері С. Мәуленовтің шығармашылық жолы 30-шы жылдардың екінші жар­тысынан бастау алады. Оқырмандар ақынның поэтикалық талпынысымен танысып, қазақ сөз өнерінің қабілетті жас дарынымен толысқанын алғашқы өлеңдерінен-ақ байқады. 1941 жылы С.Мәуленов майданға шақырылып, майданда атқыштар ротасы командирінің орынбасары, кейінірек саяси жетекшісі болды. Ленинград қоршауын бұзып шығу кезінде ауыр жараланды. Соғыс жылдарынан кейін «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналының редакторы қызметін атқарды. Ақын аударма саласында да жемісті еңбек етіп, орыс әдебиетінің классиктері А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, М.В.Ломоносов, Н.А.Некрасов, В.В.Маяковский және бауырлас республи­калардың, шетел әдебиетінің классиктері Дж.Г.Байрон, Пьер-Жан Беранже, Перси Биши Шелли, Р.Бернс т.б. бірқатар көрнекті ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударды. С.Мәуленов балалар әдебиетіне үлес қосып, балаларға арналған бірқатар кітаптар жазған. Әр жылдары жазылған публицистикалық мақалалары жинақталған екі кітабын жарыққа шығарды. Ақынның шығармашылығында жауынгер-ақынның, азамат-ақынның, лирик-ақынның ұстанымы айқын көрінеді. С.Мәуленов Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «1-дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Ту», «Халықтар Достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, А.А.Фадеев атындағы медальмен марапатталған. Ақын есімі Алматы, Астана, Қостанай, Арқалық, Қызылорда қалаларында көше аттарына, 3 мектепке берілген.   Сырбай Мәуленов поэзиясындағы табиғат лирикасының көрінуі   Миркемелова Айнұр Білісбайқызы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Практикалық лингвистика кафедрасыныңаға оқытушысы, филология магистрі   Әлемдік поэзия өкілдерінің шығармашылығына назар салғанда олардың қай-қайсысының да соқпай өтпейтін нысанасы бар екенін көруге болады. Ол – табиғат. Лирикадағы табиғаттың суреттелуінің өзі түрлі бейнелеу тәсілдерімен жүзеге асатынына арғы-бергі кезеңдегі поэзиялық туындылардан көп мысалдар келтіруге болады. Адам мен табиғат – күллі өнер туындысының нысаны. Әсіресе сыршыл жанр лирикада жыл мезгілдері, уақыттың әрбір сәті түрлі тәсілмен жырланып, өзгеше бітімді көркем бейнеге айналды. Соның мысалы ретінде қазіргі лирикамыздағы түннің, іңірдің, кештің, таңның бейне (персонаж) дәрежесіне көтеріліп, кескінделуін сөз етсек, көп қырлы көркемдік әлемінің терең сырына қанығарымыз анық. Өнердің ең сезімтал түрі саналатын поэзиялық туындыларда басты нысан табиғат болса, табиғатқа телінетін адами әрекеттің де түбін мифологиялық ойлау жүйесінен іздейміз. Мифологиялық ойлау дәуіріне тән мифтік санада күллі табиғат тірі, саналы рух түрінде қабылданды. Адам мен табиғат тепе-тең, ойлау, қайғыру, қуану сияқты сезім күйлері адамға тән екені сияқты табиғатқа да тән деген сенім көркемдік ойлау жүйесіндегі бейнелі, астарлы, ишаралы мәндерге негіз болғаны белгілі. Сондай-ақ табиғат құбылысы мен адами көңіл-күйді қатарластыра суреттейтін психологиялық егіздеу де ұлттық фольклорлық мұралардан бастау алып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасын тапқан көркемдік тәсіл. “Ер Тарғын” жырындағы Тарғынның “Күнді бұлт қоршайды” деп басталатын әйгілі монологы – табиғат пен адам болмысын жарыстыра суреттеудің, яғни психологиялық егіздеудің қайталанбас хас үлгісі. Қазақ табиғат лирикасындағы ізденістер мен жетістіктерді сөз етер болсақ, алдымен тіл мен бейнелілік мәселесіне назар аударарымыз заңды. Поэтикалық ойлау жүйесіндегі қалыптасқан дәстүрлі суреттемелердің жаңа, соны көркемдікпен баюы жекелеген ақын шығармашылығындағы ізденістермен тікелей байланысты. Адам назарын аударатын және адам тіршілігімен етене байланысты табиғаттың тылсым құпия сыры көп. Адамзат жаралғалы, тіпті одан да бұрын жаратылған заңғар, биік таулар мен шалқыған айдынды көлдер, ширатылып аққан өзендер қай заманда да ақын қиялын тербетіп, оның назарынан тыс қалмаған. Себебі қай ақынды алмаңыз, ең алдымен өзі өскен жердің табиғатын жырлап өткен. Сырбай да сол дәстүрді жалғастырушы. Ол тек тау суретін жырлауға бір топ өлең бағыштаған. “Көк таулар”, “Қаратау”, “Алатау”, “Таулар күледі”, т.б. Бұл өлеңдері біріне-бірі ұқсамайды, тақырыбы бір болса да, себебі, айтар ойы алуан түрлі. Ақынға таудың тәкаппар биіктігі, жықпыл-жықпыл тастары, асқар шыңдары, зеңгір көкпен таласқан шоқылары рух береді, содан барып лирик табиғатпен сырласып өзі де бір іштей тілегендей сыр төгеді. Ақын тауды тура табиғи кейпін жырлаудан гөрі тауды фон етіп алып өзінің сезім дүниесін, көңіл-күй әлемінің тебіренісін осы фонға ұштастырып жібереді. Табиғи көрініс те, ақын сезімі де ұштасып өлең әлемінің терезесін айқара ашып жібергендей болады. Бойды билеген сезім қуаты табиғат құбылысымен астасып кетеді, кейде салыстырып жібергендей, кейде теңеп отырғандай, енді бірде тебіреніс, толғаныс сәтіндей қабылданады. Тауды жырлай отырып, түйдек-түйдек ой айтады, философиялық топшылаулар жасап, адам психологиясына жарасымдылық ұғымының эстетикалық мәнін сіңіріп жібереді. Тау – қайсарлықтың, қаһарлылықтың, биіктіктің, сонымен қатар сұлулық пен кербездіктің, алыптықтың да символы ретінде көрінеді. Жылдың әр мезгілінде тауды адам психологиясына, көңіл-күйіне ықпал, әсері де әрқилы, сондықтан лирикалық өлеңдерінде тарлант талант табиғат құбылыстарын әр қырынан жырлайды. Жай жырлап қана қоймай, ізденіп, бұрын ешкім айта алмаған көркемдік әлеміне соны із салады. Мұқағали терең халықтық поэзия үрдісін бойына сіңірген ақын. Тау табиғатының тылсым сырының ақын қиялын тербетіп, сезіміне ыстық шоқ тастап, бойына қуат дарытып отыруы да сондықтан. Ақын табиғаттың әсемдігін жырлай отырып, өзінің табиғатқа деген қатынасын білдіріп отырады: Таулар күледі, Төбесіне күн шыққанда. Тастар күледі, Төсіне көк қына гүл шыққанда. Ақын күледі, Айлар бойы дірілдеп. Жүрегінен жыр шыққанда [1,178]. С.Мәуленов поэзиясының табиғатпен тұтастығы ақын даналығының әрі ажырамас бөлшегі әрі адастырмас өлшемі. Ол өзінің поэзиясына нәр мен қуатты туған жер табиғатынан алады, сондықтан өзінің сөзін де, жырын да соған арнайды. Ақын өлең жолдарынан табиғат құбылысының мінезін сезесің, әрі сыршыл лирик өзінің сезімін де қоса өреді. Ол үшін туған жердің көктемі ала бөтен ыстық. Ақын көктем тақырыбына әр алуан жыр арнады. Оның әрбір өлеңі – жаңа бір дүниенің кілтін ұстатқандай. Бірін-бірі қайталай бермейтін көктемнің әр қилы суретін, көрінісін әр алуан қырынан аша жырлайды. С.Мәуленовтің қай өлеңін оқысаң да, үлкен эстетикалық ләззатқа бөленіп, жан дүниең жадырап сала береді. Далаға жайып көк жібек, Өзен боп өзі дірілдеп, Гүл болып қызыл желбіреп, Көктем сұлу келеді, Құшағын жайып елжіреп. Жыл құсымен қиқулап, Бұлағымен бұрқылдап, Көктем сұлу келеді, Балбыратып денені, Бойды билеп, сиқырлап [1,33]. Немесе: Қиқулап жеткен көктемде Құстар толды көк көлге. Бүр жабысып бұтаққа, Мал жайылды бөктерге. Құлайды ойға қыраттан Қош айтысып, сыңсып қар. Қанып ішіп бұлақтан, Жайған жасыл бүршік тал [2,188]. Көз алдыңа сиқырлы сұлу әлем елестейді. Ақын өзге жан аңдай алмас сұлулықты байқайды. Сол сұлулықты сұлу сөз, сұлу бейне, сұлу өрнекпен кестелейді. Табиғатты көркем туындыға тиек еткенде, әрбір суреткер оған өзінің қарым-қатынасын, кейде көзқарасын білдіріп отырады, сол арқылы адам тағдырын, тіршілігін жырлауды белгілі деңгейде нысана етеді. Асып-тасудан аулақ, дархан пейілді ақынның берекелі ұстамдылығы, сабырлылығы жүріп өткен өмір жолдарындағы ізі секілді өлеңдерінен де өз өрнегімен өрнектеліп жатады. Ақынның “Табиғат пен адам” атты өлеңіне назар аударайық: Сөйлетсе егер өзендерді, Тіл берсе егер ормандарға, Талай өткен кезеңдерді, Айтар еді бар ғаламға [3,293]. Немесе: Тасқын шайса, күнге қызып, Желге үстімді кептіремін. Желмен жайлап бірге жүріп, Тау боп биік көк тіредім. Жоқ ұштығы жол шегімнің, Аспан мен Жер – сол серігім. Мен – дүние өлшемімін, Мен – табиғат бөлшегімін [1,242] – деп, Сырбай тербегеніндей, әр ақын өзін табиғат-ананың бір бөлшегімін деп санайды. С.Мәуленов жырларындағы күтпеген жерден көлденең шыға келетін соны образдылық – бейнелік тосындық қазақ поэзиясының көркемдік тәжірибесін байытты. Болмысты, табиғатты, т.т. басқалар ауызға алмаған, “аңғармаған” қырынан таныту – ақындық қырағылықтың, суреткерлік мергендіктің жемісі. Мәселен: “Жазғы сурет” атты өлеңіндегі: Көк жүзінде дөңгеленген кептердей, Сүттей аппақ жарқырайды жазғы ай. Аспан беті ашық жатқан дәптердей, Ал жұлдыздар соған түскен жазудай. ...Жел қарғиды қарағайдан секіріп, Соның лебі – бұтақтардың дірілі [2,191], – деген жолдардағы алғашқы шумақтағы әдемі көрініске бәлендей таңдана қоймаймыз. Ал жел қарағайдан қарғып секіргенде, бірден елең еткізеді. Гәп – қимылда немесе қозғалыста емес. Мәселе желге “жан” бітіп, қарғып желпінуінде.Егер алғашқы шумақта, көзге елестерліктей нақты дәйек – суреттер салыстыру арқылы сабақтасып, суреттер ұжымының ұясындай әсер етсе, кейінгісінде бұтақтардың дірілінен басқа “қолға ұстарлықтай” ештеңе жоқ. Жел қарғып түскен де, кеткен де, жүрген де жоқ; қарғиды – демек, жалғасып жатқан процесс. Сенбеске лаж жоқ: дәлел – бұтақтардың дірілі. Ойнаған, ойқастаған, жортқан, жортақтаған емес, ағаштардың арасымен қарғиды. Бұрын-соңды көрінбеген қозғалысты түйсікпен танып, ақылмен шамалаймыз. Көзге көрнектеліп көрінбесе де, көңілмен аулайтын көркемдік әлемі өзгеге ұқсамайтын, өзгені еске салмайтын “біртуарлығымен” жаңаша [4,459]. Келтірілген шумақтардағы ой, сезім, табиғат, болмыс құбылыстарын көркемдік материал, мазмұн, әрі бейнелік толғанысты жеткізуге қажетті құрал ретінде пайдалану талабы жыл өткен сайын нығая береді. Адам мен қоғам бойындағы құбылыстарды, ерекшеліктерді ақын салыстыра, сабақтастыра жырлайды. Табиғат әлемі – С.Мәуленов үшін сарқылмас эмоциялық қуат, қанаттандырушы рух, түпсіз бейнелілік қазына. С.Мәуленовтің табиғат лирикаларының тақырыбы әр алуан, бояу нақышы, бейнелеу машықтары, поэтикалық ізденістері де басқа ақындарға ұқсай бермейді. С.Мәуленов қазақ поэзиясына айрықша өнімді еңбек етіп, жемісті жырлар қалдырған талант.
 
  Өткен ғасырдың елуінші-тоқсаныншы жылдары аралығында қазақ жырына қа­зына қосып, елді елең еткізіп, топ жарған тұлғалы ақындардың ең басында сырлы өлеңнің сұңқары Сырбай Мәуленов тұр­ды. Сол бір жылдарда Сырбай лирика­сы­ның сырлы әлемімен тыныстап, өмір сүр­ген өлең сүйер қауым жарқыл қаққан най­зағайдай жалынды жырлардың жаңғыры­ғын әлі күнге дейін естен шығармай жадында сақтап келеді. Оның жастық шағы, бозбала кезеңі бүкіл халықтың басына түскен ауырт­па­лық – сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келді. Сол соғыстың алдында ол Қостанай өңі­ріндегі боздала – «Жаркөл» стансасынан Отан алдындағы борышты мінде­тін атқа­ру үшін әскерге алынып, Дондағы Рос­товтан бір-ақ шыққан болатын. Сол кез­дің өзінде-ақ болашақ ақынның жыр жолдары жас жүрегінде ұшқын ата бастап еді: – Он сегізде әскермін, Ростовта келемін. Күздің желі ұшырған, Жаздың жасыл желегін. Көзден ұшты кешегі, Аққу сынды айқай жаз. Донда толқын көшеді, Сол толқынға айтам наз. Дабыл жиі қағылып, Оятады ұйқымнан. Тек түсіме енеді. Алыстағы үй – туған. Аптада бір келеміз, Казармаға қонақтай. Шығармақшы бізді Отан, Шынықтырып болаттай. Бұл – 1940 жылдың қазан айында Дондағы Ростовта жазылған өлең. Ақынның өзі айтқандай, «болаттай шы­ныққан» бозбала Отан алдындағы мін­детті әскери борышын абыройлы атқарып елге оралған бетте, жайнаған жаз айында ойда-жоқта сұрапыл соғыстың от-алауы бұрқ ете қалады. Міне, осы сәттен бастап, бейбіт өмір­дің бей-жай күйін, алаңсыз кескін-кел­бе­тін кестелеп, өз өлеңіне арқау етіп жүрген жас ақынның жырлары туған елден қан майданға аттанған алғашқы сәттен бастап-ақ, мүлде бөлек күй кешіп, ерекше бұлқынысқа ие болады. Қоңырау қағылып, Жылжыды эшелон. Сағымды жамылып, Қалды артта неше жон. Қалды артты туған үй, Қара түн жасырып. Дауыл боп тула күй, Жарқыра жас үміт. Мен енді жауынгер, Қатерге буған бел. Батысқа жол тарттым, Сен үшін, туған ел. Бұл 1942 жылдың қоңыр күзінде, «Жаркөл» стансасында қан майданға аттанып бара жатқанда жазылған жыр. Алғашқы адымнан бастап мазасыз күй кешіп, тұтана бастаған жырдың алау-оты бара-бара ақ жалынға айналып, көңілінің көгінде тынымсыз нажағай ойнап жатты. Барған бетте от пен оқтың ортасынан бір-ақ шығып, қан майданға қапысыз араласып кеткен ақынның бұдан былайғы жырларының бәрі де жалынды, дабылды, зеңбіректің үніндей ызалы да ызғарлы. Қып-қызыл боп тұтылып, Бұлтқа кірді азалы ай. Қара аспанда қанжардай, Жарқылдады нажағай! Бұл жас жауынгердің қан майданның ортасынан туған сол кездегі сұрапыл соғыстың жанды суреті, жалынды жүрек үні. Осыдан бастап, өмірінің соңына дейін Сырбай өлеңдері қызыл шоқтай жанып, алаудай жалындап, үзілмес жырға, сөнбес нұрға айналды. «Жаркөлден» жол тартқан эшелон оны Волхов майданынан бір-ақ шығарды. Осы сәттен бастап, ақынның өлең-өмірі Волхов даласымен біте қайнасып, қан май­дан­ның қатал суреті, қаһарлы бейнесі бір сәт қағас қалған емес. Көзі көрген оқиға – көңіл-күй сезімдері жан түкпірінде ши­ыр­шық атып, от-жалынмен араласып, өлең болып өріліп, жыр болып төгіліп жатты. Шаршаған жол батып, Волховтың батпағында. Жатыр бие толғатып, Зеңбіректің арт жағында. Фугас бомбасы, Жерді өртеген қиын күнде. Тіршілік жолдасы Бүлкілдейді биенің бүйірінде. Адамдай жапа шегіп құса-мұңнан Сәби бір үн сағынған. Жалын тарап, көзіне үнсіз қарап. Солдат оның сипайды құрсағынан. Шашыраған көк жалынан бүркіп темір, Орманның іші үрейлі. Ал оттың ортасында – Шіркін өмір, Құлын боп кісінейді! Мұндай мұңлы сурет, талайлы тағдыр қалайда қайталанбайды. Бұған дейін адам­зат баласының басынан сұмдық-сұра­пыл, сойқанды соғыстың сан түрі жүректі тітіркенткен шығар. Майдансыз-соғыссыз кезең, адамзат баласының бей­біт дүниесі бір қалыпты болады деп, еш­кім де кепілдік бере алмайды. Болашақ­тағы соғыс үні бұдан да үрейлі, бұдан да қатал, бұдан да қаһарлы. Адамзат баласы «басқа бермесін» деп тілейтін соғыс­тың жолы – басқа жол, қысқа жол. Қазір дүниеде ақ пен қараның, адал мен арам­ның, жақсылық пен жамандықтың, өмір мен өлімнің арасында жүріп жатқан толассыз арпалыс, қиян-кескі қақтығыс, атыс-шабыс, қантөгістің баршасы ол соғысқа мүлде ұқсамайды. Ол соғыстың басы мен аяғы бар, біртұтас кезеңі бар, от-жалын өзегі бар жанды соғыс – қанды соғыс. Содан болар, солдаттың көз алдында қанды кезеңмен қат-қабат жанды сурет – жануардың жан күйзелісі арқылы ақын шабыты шиыршық атып, бұрын ешкім бейнелеп бермеген біртұтас суретті көл­денең тартады. Бұл – қанша қырғын, қанша жойқын болса да енді ешқашан дәл осылай қайталанбайтын құбылыс. Осы құбылысты қайталанбайтын хас тұлға – ақын Сырбай ғана сырлы сөзбен, мұңлы көзбен бейнелеп беріп отыр. Бұл кешегі өткен сұрапыл соғыстағы енді ешқашан қайталанбайтын құйқа тамырды шымырлататын шынайы құбылыс – қатал көрі­ніс. Бұл Сырбай сынды хас таланттың ғана қолынан келетін, қаламынан туатын сирек сурет. Бас-аяғы үш шумақтан тұра­тын қысқа өлеңінің өн бойынан сұрапыл соғыстың ызғарлы лебі, шиыршық атқан ақын жүрегі, «құлын боп кісінеген» қу тіршіліктің қатал реңі тал бойыңды тітіркендіріп жіберері хақ. Осы сұрапыл соғысқа қалам ұстаған талай ақын қатысып, қан кешіп жан берді. Артында соғыс тақырыбын соқталаған қанша қазына жыр қалды. Соның бәрін көңіл сүзгісінен өткізсең дәл осы Сырбай сомдаған сұрапыл көрініс еш ақынның қаламына ілікпеген екен. Өлеңдегі сұм­дық оқиғаны көз алдыңнан өткізе бере, соңынан шырқыраған құлын дауысы құ­лағыңнан кетпей, толғатқан биедей мең-зең күй кешесің. Бұл ақын табысы, ақын шеберлігі, нағыз ақынның қайталанбас қолтаңбасы! Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақ елінен қан майданның басынан аяғына дейін қатысып, керзі етігі мен сұр шинелі үстінен түспей, қанмен хат жазған қан­ша­ма қаламгерлер болды. Әр өлең жолынан қан майданның оқ-дәрісінің иісі мүң­к­іп тұратын Қасымның мұңлы жыр­ла­ры­ның өзі неге тұрады?! Абдолланың арпалысты сәттері, Жұмағали Саинның сағы­ныш­қа толы сырлы жырлары, Тоқаштың өршіл отты толғаулары, Әбудің ақша бұлтпен сырласқан ұлпадай нәзік сезімді майдан әсерлері сыншылардың талай әңгімесіне арқау болары хақ. Әйтсе де, сырлы сөзбен сурет салып, бүкіл майдан болмысын жыр мақамымен бейнелеу сыршыл ақын Сырбайдың ғана қолынан келгені яғни, қаламынан туғаны бұл күнде қалың оқырманға тайға басқан таңбадай анық та қанық белгілі жай. Мың қолдар сау болсын деп, Мен бір қолымды бердім. Мың жолдар жалғансын деп, Мен бір жолымды бердім, – деп тебі­ренген ақын қан майданнан жаралы болып, ерте оралып, елге келген ақын, со­ғыс­тан қайтқан солдаттарды өз көзімен көрді. Енді сол оқиға соғыстан соңғы жаздың, соғыстан соңғы жайсаң жылдар­дың жалынды жыршысына айналды. Жаутаңдап қарап дала тұр, Көз жасын сүртіп жаңа бір. Хабарсыз ұлын сұрауға Жолыңды тосып ана жүр. Кетерде солдат жарының Ішінде қалған ана жыл. Көкемді айтпай танырмын, Деп бір сәби бала жүр. Қайрылмай қалай кетесің. Хабарсыз қалай ол тоқтар. Көрдің бе оның көкесін, Соғыстан қайтқан солдаттар! Ащы зар, зәрлі запыран, ызалы үн, ызғарлы үкім. Осының бәрі – бес шумақ өлеңнің өн бойына сыйып тұр. Әсілі, Сырбай Мәуленов дөп сөйлеп, келте қайыратын, қысқа да нұсқа өлеңдердің ұстасы. Бір-екеуін мысалға келтірейік. Дауылдан күту жақсылық, Торыққанның белгісі. Жауыңнан күту жақсылық, Қорыққанның белгісі. немесе, Саясыз таудан пайда жоқ, Сапсиып жалғыз тұрғанмен. Құрақсыз көлде көрік жоқ, Жағаны жарып ұрғанмен. Махаббат сезімі жайлы: Бір кезде қара көзің қайда маған, Бір кезде майда сезім аймалаған. Бұл күнде көрген түстей жоғалыпты. Қашасың мені көріп айдаладан. Мұндай бұлт астынан шыға келген жарық күндей жан жадыратар жалқы шумақтар Сырбай шеберлігінің қапысыз куәсі болып, көркін келтіріп тұрады. Соғыстан соң Сырбай ауа, күн, жел, тау, тас, өзен-көл – жалпы, туған табиғат туралы көп толғанып, поэзия әлеміне парасатты, көрікті қолтумалар ұсынды. Мәселен, Сырбай сұлулық символы ақ қайыңды қалай жырлайды. Бізге әлімсақ­тан белгілі қайыңдар бар. Мәселен, Абайдың аударма болса да төл туындыдай әсер ететін ұзын қа­йы­ңы, Құрманғазының күйге айналған қы­зыл қайыңы, Шашу­бай­дың әнге айналған сыр­лы қайыңы, Мұ­қағалидың мұңлы қа­йы­ңы, Төлегеннің нұрлы қайыңы. Осылай қайыңдар гале­рея­сы тізбектеліп, ұзара бе­реді, ұласа бере­ді. Ал Сырбайдың ақ қа­­­йы­­ңы мүлде басқа күйде, басқа сипатта: Тұр ақ қайың түнде де, Сұңғақ бойын сақтап тік. Құйылады гүлдерге, Айдан саулап аппақ сүт. Ауылдың бір шетінде, Жатыр өзен ұйықтап. Дірілдейді бетінде Әлгі аппақ сүт ұйып қап. Жеңіл өлең – желдірме сөз, бояуы қа­нық емес, бейнесі анық емес, құнды құді­ретінен гөрі, құрғақ сүгіреті басым бейнеден гөрі бұл ақ қайыңның сыры да, сымбаты да, болмысы да бөлек. Сырлы жанды сурет, тың теңеу, ақ қайыңға жан бітіріп, туған табиғатынан ажырағысыз, келісті кескін, көркем келбет сыйлайды. Сырбай жырларын қазақ даласының көркем шежіресі деуге әбден хақымыз бар. Өйткені, қазақ жерінде ол жырлам­а­ған тау, ол жырламаған өзен-көл жоқ. Сыр­бай жырлаған сол өлкенің тасына гүл, табиғатына тіл бітеді. Мәселен, ақын­ның «Ұлытау» деген өлеңіне үңіліп көрейік: – Қойыны қоңыр салқын күз деміндей, Көрініп қыр арқасы қыз беліндей. Ұлытау қарсы алдымнан шыға келді, Арманды ғасырлардың тізбегіндей. Ұлытау арқасы арса, жақпар-жақпар, Ұлытау бойы борша, шатқал-шатқал. Ұлытау бір қария даладағы Маңдайы тарам-тарам қатпар-қатпар. Осылай басталатын сыршыл өлеңде көне Ұлытаудың терең тарихы көңіл көм­бесінен қопарылып, тарих таңбасындай көз алдыңа келіп, сұлу сөздің сымбаты жүрекке жетіп жатыр. Сырағаң қазақ жерінің қай түкпірін жырласа да, одан бір ерекше сыр тауып, құдірет күйін шертіп, алған тақырыбы­ның құпиясын ашып, құндағын шешіп, оқушыңа ой салады, өміріне бағыт, көңі­лі­не шабыт сыйлады. Тағы бірде, «Қар­қа­ралы маған алғаш жолықтың, жыры болып Қасым Аманжоловтың...» деп бастайды да, ғажайып өлкенің ғасыр салған таң­басын тамсана жырлап, тарихына терең үңіледі, үңіліп қана қоймай, түкпірінен сыр суыртпақтап, сырлы суретке, көркем кескінге орын береді, орнықты ой айтады. Дала табиғаты Сырбай жырларының алтын арқауы, таусылмас тақырыбы. Оның кін­­­дік қаны тамған Торғай өлкесі туралы өлеңдерінің өзі бірнеше кітаптың басын құ­рар еді. Арқалы ақын Қазақстан аумағы­­нан шығып, өзге елдердің өзен-көлдеріне, тау-тасына, жалпы табиғат көр­кіне оның тұлғалы азаматтарына өлең­нен өрнек салып, көркем ойдың көкжие­гін кеңейте түседі. Әсіресе, оның бұрынғы кеңестік ке­зең­дегі достас елдердің даңқын көтеріп, салтын әспеттеуге келгенде сол жердің өз перзентінен кем түспей, шынайы сүйіс­пен­шілігін сездіреді, ақ жүректен шыққан адал сөзін арнайды. Әсіресе, оның Та­тар­станға барғанда жазған жырлары жүрекке жылы тиеді. Таңдамалы кітабына кірген «Түркімен туындылары», «Беларусь дәп­те­рі» сынды қиялдары шын шабыттан шыққан шырайлы шығармалар. Сырағаңның қаламы жеке тұлғаларға келгенде жүйткіп шыға келеді. Оның «Өлім­­ге жан екенсің қия алмайтын, Ажал­дың құ­­­­шағына сия алмайтын, Қане­ки, қазақ кім? – деп сұрағанға, көрсетсең еш адамға ұялмайтын» деген өлеңі бұл күнде жалпақ жұртқа кеңінен тарап кетті. Немесе, батыр Бауыржан туралы тірі кезінде жазылған:...Ескерткіш боп тұрып қалмай бір жерде, Тірі болып жүргеніне қуанам», деген жолдары оқушы жүрегі­нен ешқашан өшкен емес. Сырағаң өзі ірі тұлғалы кісі еді. Сол ірі тұлғадан гүлдей нәзік лирикалық туындылар дүниеге келетін. Дауысы зор бол­ғанмен жаны нәзік. Әйтсе де әділет­сіздікке төзбейтін ұлт туралы ұлы идеялар айтып, оны өлеңмен үнемі өріп отыратын. Батыл жүректен нәзік, сыршыл лирика туындайтын. Тбилисиден Ереванға кетерде, Грузин қызы кезіктің сен бекерге. Алты-ақ минут қалды пойыз жүруге, Алты минут танысуға жетер ме?! Сызық тартып көктегі құс жолындай. Қалдың есте Церетели томындай. Пойыз жылжып жүре берді асығыс, Терезеден өзің болып көрінді ай. Жалындаған шабытымның құсы боп, Көздеріңнен тастап кеттің ішіме от. Ұзақ жолда серік болдың сен маған, Қиялдағы көрген ғажап түсім боп. Осы үш шумақ өлеңнің ішінде қанша­ма сыр, сағыныш жатыр. Бір жалт ете қал­ған сезімнің оты өшпей жүрегіңе мәң­гі шырақ жағып кеткендей, өзек тілген өкініш, өмірге деген құштарлық махаббат құдіретін, оның тылсым сырын жан түкпірінде оятқандай әсер етеді. Сырағаңның ғашықтық, махаббат та­қы­рыбын тамсана жырлаған өлеңдері аз емес. Соның бәрінде де ақын ақ жүрегін жайып салып, өмірдегі шынайылық кен тазалықтың үлгісін ұстанады, көкірекке күй, көңілге ой салады. Алайда, мен Сырағаң шығармасының, әсіресе, оның нақышына келтіре жырла­ған нәзік лирикаларының сан-салалы қыр-сырын ашқан талай толғаулар ұсын­ған болатынмын. Ол мақалаларым негі­зін­де мен Сырағаңның махаббат тақыры­бына біраз мән берген болатынмын. Бұл жолы Сырағаң шығармасының алтын ар­қауы, өмірінің өзегі соғыс-майдан тақы­ры­бындағы жырларына кеңірек тоқталып, соның құндағын ашып, құпиясын ақтар­ғым келді. Сырағаңның майдан тақырыбы теңіздей терең, даладай кең, мұхиттай мол мұра. Оның қыр-сырын ашып, терең талдап, зерттеп, зерделеу бо­лашақтың ісі. Алайда, Сырағаң шығарма­ла­ры туралы кезінде Ә.Тәжібаев, М.Қара­таев, Ә.Шә­рі­пов, С.Қирабаев сынды қа­ламгер сыншылар өз пікір-пайымын айтып, өлеңдерінің өрнегін ашып, өресін танытатын талай талдаулар жасаған. Қазақ әдебиетінің поэзия саласына тұ­тас бір майдан сарынын алып келген даладай дархан дарынды ақын Сырбай Мәу­ле­нов кезеңі өлең өлкесінде өшпес із қал­дыр­ды. Қырқыншы жылдардан бастау ал­ған майдан тақырыбы елуінші жыл­дар­да­ғы Хрущев кезеңіндегі «жылымықта» тіз­­гін жіберіп, Абай-Мағжанның сыршыл поэзиясы ұлт әдебиетіне сыналап да кіре бастады. Тың серпінді, ойлы филосо­фия­лық өлеңдер оқырмандар жүрегіне жол тартты. Әде­биетте Қасым поэзиясымен қоса, солардың соңын ала Сырбайдың сыршыл лирикалары өз өрнегін тапты. Қасымнан кейін абдырап қалған жас қа­ламгерлер енді Сырбайға сүйеніп, Сыр­бай­ға иек арта бастады. Осы орайда қуатты қаламгер, туындыларын әлем таныған Әбіш Кекілбаевтың мына бір ғибратты сөзі еске түседі. Біз бала кезімізден бастап Сырбайша оқуға, Сырбайша жазуға, Сырбайша сөй­леуге ұмтылып өскен ұрпақпыз. Қазіргі әде­биеттегі алпысқа келгендер мен тө­мен­гі буынның барлығының әдеби болмысында міндетті түрде Сырбайдың рухы, Сыр­­­байдың әсері бар десем, асыра айтқан болмаспын. Сырбай – тек өз мектебі бар ақын ғана емес, қазақ поэзиясын жарқыраған жа­ңа кезеңге көтеріп бере алған кемел құ­былыс. Бұл тұрғыдан келгенде Сырбай – қа­зақтың ұлттық әдебиеті­нің классигі. Классик деген ұғым кез келген кісіге ай­ты­луға тиісті емес, бүкіл ұлттық әдеби бол­мысқа өзінің ізін, өне­ге­сін тастаған адам ғана осындай атқа ла­йық болуға тиісті. Бұл реттен келсек, қа­зіргі қазақ поэзия­сы­ның көш басындағы сарбаздары Сырбайды да алдымен ауызға алады деп ойлаймын. Қара ормандай қазақ поэзиясының іші­не еніп кетсек, биік қарағайды да, еңселі еменді де, ақ жолақ қайыңды да, жапы­ра­ғы жайқалған талай талдардың түр-түрін көріп таңғалмасқа хақың жоқ. Сарыар­қа­дай кеңдік пен Алатаудай биік­тікті, Кас­­пий­­дей тереңдікті алып жатқан осынау жыр орманының ішінде Абай тұлғасы анық көрінері ақиқат. Сол тараптан Мағ­­­­жанның да мағыналы бейнесі бой көрсе­те­ді. Одан бері Қасым салған қасқа жол, сені Сырбайдың сырлы әлеміне алып келеді. Осы сырлы әлемнің ішінде туған табиғаттың тылсым сыры, күркіреп аққан өзендер, бұрқырап аққан бұлақтар, тебі­реніп тұрған таулар, сол таудың етегінде құлпырып тұрған бақша-баулар бәрі-бәрі де Сырбай жүрегінің дүрсілімен дүниеге нұр сыйлап, жыр сыйлап тұрғандай. Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1018 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2172 - | 2117 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.015 с.