Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақ өлеңінің құрылымдық бастаулары




Қазақ өлеңінің ырғақтық –интонациялық бастауы ретінде жеті, сегіз және он бір буынды өлшемдер аталып, бұл өлшемдердің ырғақтық –интонациялық жүйесі қазақ өлеңінің құрылымдық негізі туралы ой айтқан Ш. Уәлихано, А. Байтұрсынұлы, З. Қабдолов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, С. Мұқанов, Е. Ысмаилов сияқты ғалымдарда кеңінен талданған. Академик З. Қабдолвтың «Өлең сөздің теориясы» және С. Негимовтың «Өлең өрімі» сияқты еңбектерінде қазақ өлеі құрылысының негізгі түсініктері мен олардың заңдылықтары айқындалып, қазақ өлеңінің ырғақтық интонациялық жүйелерінің тереңіне бойлап, негізгі қағидалары мен ғылыми тұжырымдары жасалған. Жеті буынды түйдекті жыр үлгісі өлең өлшемдернің бастауларының бірі екендігінде шүбә жоқ. Түйдекті жыр өлшемі жеті сегіз буынды кестелердің еркін араласып, тармақтар ой оралымына қарай ұйқасып, серпңндң, ширақ мәнер тудыратын эпикалық жанрларға тұғыр бол,ан. Жеті сегіз буынды және он бір буынды өлшемдер мен қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, кезектес ұйқас, шалыс ұйқас пен аралас ұйқас түрлері қазақ поэзиясымен бірге мәңгілік жасайтын өміршең өлшемдер екендігі даусыз. Толғаулар шешендік, яғни декламативті өлең интонациясының бастауы. Декламативті мәнер шешендік өнердің сөз сқйлеу шеберлігінің жолы. Толғаулардың құрылымдық жүйесі қазіргі қазақ поэзиясындағф еркін өлеңдердің тамыры болып саналады. Жыраулар сияқты өздерінің азаматтық болмысымен биік тұрған ақындар поэзиясы дамуының барлық кезеңінде болған. А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, І. Жансүгіров, қ. Аманжолов, Т. Айбергенов, М. Сатыбалдиев, М. Мақатаев, М. Шаханов, Қ. Мырзалие, Ф. Оңғарсынова, Т. Медетбек, Е. Раушанов, Ұ. Есдәулетов, С. Ақсұңқарұлы, Ж. Бөдешұлы, Т. Әбдікәкімұлы, М. Райымбекұлы, Б. Беделхан сияқты талантты ақындар поэзиядағы жыраулар дәстүрін айналып өтпеген.

7. Шәкәрім қазақтың дәсүрлі өлшемдерінде аса сирек қолданылатын, болмаса мүлде қолданылмаған өлшемдерге шығарған өлеңдері арқылы барлық өлшеммен өлеңдер кестелеу мүмкіндігін көрсетті. Ақынның тоғыз буынды, он буынды, он екі буынды өлеңдері ізденіс ретінде бірді екілі өлеңдермен шектеліп қалып қойса, қазіргі поэзияда бұл өлшемдер дәстүрлі жеті сегіз, он бір буынды өлшемдермен қатар еркін қолданыста жүр. Тоғыз, он, он екі буынды өлшемдермен халық ауыз әдебиетінің тақпақ, санамақ сынды шағын жанрлары ғана өрнектелетін. Ал Шәкәрім бұл өлеңдермен тұтас өлеңдер жазып байқады. Бұл өлеңдердің кейбірі келісті, сұлу мәнер тудырса, кейбірінің ырғақтық интонациялық жүйесі жатық шықпай, келісімсіз мәнер тудырып, бір өлеңмен шектеліп қалды.

Ақынның көп өлеңдерінде дәсүрлі қазақ өлеңінде бұрын жыраулар поэзиясында аракідік ұшырасатын тоғыз буынды өлшем мен сегіз буынды өлшем, сегіз буынды өлшем мен алты буынды өлшем сабақтастығы Шәкәрім поэзиясында құрылымдық жүйе жасап, жаңа интонация тудырады, Ш.нің тоғыз буынды өлшемді сегіз буынды өлшеммен сабақтастырып, біртұтас ырғақтық жүйе жасау тәжірибесі «Анадан алғаш туғанымды» өлеңінен көрінеді.

Анадан алғаш туғанымда

Жыладым неге дыбыстап,

Кіндікті кесіп қинағанда

Анамнан кеттім алыстап

Тоғыз буынды 3+2+4 өрнегі мен сегіз буынды өлшемнің 3+2+3 өрнегі еркін сабақтасып, біртұтас, жатық, жеңіл мәнер тудырады.

Он буынды өлшемнің 3+4+3 өрнегіне Ш үш өлең құрды. Ш.ге дейін он буынды өлшемдердің аясы санамақ, жаңылтпаш, мақал мәтел сынды шағын жанрлардың шеңберінде қалып қойғандығы белгілі. «Тұрақсыз дүние», «Ажалсыз әскер», «Қатындар жас баласын күтеді» сияқты ақынның он буынды өлеңдерінің мәнері тосын. Жатық, бірқалыпты өрбімей мәнері мазмұнды шектегендей, өлең бітпей, кілт үзілгендей әсері байқалады.

Қарумен қанша қатты ұрса да

Сөзіме жанның әлі келмейді.

Бұл дүние шыр айналып тұрса да,

Ғаскерім қартаймайды, өлмейді.

Бұл өрнекте ырғақты тежеп, мәнерді ауырлататын бунақтар сабақтастығы. 3+4+3 өрнекте үш буынды бунақтың ілесуі ауырлатса, төрт буынды бунақтан соң үш буынды бунақтың орналасуы кілт үзілгендей оқыс мәнер тудырады. Бұл он буынды өлшемнің келісті мәнерін ақын Қ.Аманжолов «Дариға, сол қыз» өлеңінде жасай білген. Ақынның 3+2+3+2 өрнекті ырғағында нәзік сезімге толы, лириканың болмысына дәп түсетін еркін, толқынды, ширақ мәнер бар.

Абай мен мен Ш өлеңдері айнымалы ырғаққа құрылғанмен, барлық шумақта белгілі ырғақтық және ұйқасу реті сақталады. Қазіргі қазақ поэзиясындағы айнымалы ырғақтарда белгілі жүйе жоқ. Абайдың «Сен мені не етесің?» және Ш.нің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» сияқты өлеңдерінің құрылымдық жағынан тым күрделі, аса сұлу өлең қазіргі қазақ поэзиясында жоқ дерлік.

Қорыта айтқанда, Ш ақынның өлеңнің ырғақтық интонациялық жүйесіне берген маңызды орнын қазіргі қазақ поэзиясының бетке ұстар майталмандары Шаханов, Оңғарсынова, Мырзалиев, Раушанов, Есдәулет, Салықбай сынды ақындар да мойындап, өлеңнің ырғақтық интонациялық жүйесіне көркемдік жүкті ерекше артып жүргені байқалады. Сондықтан олардың өлеңдері мазмұнды, көркем ғана емес, жанды, шынайы, сезімді.

 

8. Сәкен мен Мағжанның қазақ өлең құрылымын дамытудағы жолдары Абай өрнектері мен орыс әдебиетінің әсері арқылы көрінді. «Мағжан қазақ өлеңінде Абайдан кейін дүбірлі өзгеріс әкелген ірі реформатор ақын. Алайда ол Абай стилін жасытып, ізіне түспеді. Реалист Абаймен жарыспады да. М өлеңге романтикалық өң берді.» деген ғалым Кәрібаеваның байламдары М ның ғана емес, Сәкеннің де шығармашылығына қатысы бар. Өлең құрылымныдағы жаңа өрнектердің ішінде Абай өлшемдеріне көбірек жүгініп, оның поэзиялық дәстүрін жаңғыртуда М ның үлесі зор. Абай алты аяғының төрт буынды құрылымына Жұмбақ, Шылым, Александр Блок, Бесік жыры, Көңілді ашар, Төгілген шашы, Балалық шақ, Сүйгенім анық өлеңдерінде еш өзгеріссіз қолданылса, Толқын, Сүйемін, Көкшетау, Хор сипатты қарындас, Г ге, Қысқы жолда, Жазғы жолда, Төбет, Бостандық, Жазғы түнде, Ақ қала, Толқындап ойнап, Тілегім, Жиеленді қара орман, Жылқышы сияқты өлеңдерінде Абай алты аяғының қысқа тармақтарына өзгеріс енгізе отырып, өлеңдердің ұйқас сабақтастығы 1-2, 4-5, 3-6 тармақтарының өзара ұйқас реті сақталады. «Өлең» атты өлеңі сегізаяқ құрылымының ырғақ кестесімен өзгеріссіз түзілсе, Гүдсімге, От, Мені де өлім әлдиле атты өлеңдерінде Абайдың сегіз аяғының қысқа тармақатры ырғақтық интонациялық өзгерістерге ұшырап қолданылады.

М өлеңдерінің құрылымдық негізі ретінде дәстүрлі өлшемдердің үлесі басым. Сегіз буынды өлшемнің аса сирек кездесетін 3+3+2 өрнегіне Шолпы атты өлеңнің ырғақтық жүйесін құрады.

М қысқа өлшемдерді мазмұнға сай түрлендіріп қолдану жағынан да үлкен шеберлік көрсеткен ақын. Оның Қайың деген өлеңінің құрылымдық жүйесі ақынға дейін қазақ поэзиясында жүйе болып орнықпаған бес және төрт буынды бунақтардың жүйесіз сабақтастығына құрылған.

Қайғылы қайың

Аяныш жайың

Сыбырлайсың

Дірілдейсің

Еңкейесің

Күбірлейсің

Ызғарлы жел

Соққан сайын.

Сонымен Мағжан мен Сәкен дәуірі қазақ поэзиясына жаңашылдықпен енді. Абай мен Шәкәрім үрдісін дамыты.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 849 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2457 - | 2326 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.