Қазақстанның Ресейге қосылуы. Қазақ халқын ағарту саласындағы патша саясаты. 1768 ж. орыстан басқа халықтарға қатысты білім беру реформаларының жобасы. Әскер бай-шонжарлардың кадет корпусы (1741). Алғашқы ұлттық мектептері: Орынбордағы татар мектебі (1744), Омбыдағы азиат мектебі (1786). Омбыдағы әскери училище (1813). Мұсылман мектептері (1836). Орынбордағы Неплюев кадет корпусы (1844). Омбыдағы кадет корпусы (1847). Жәңгір хан мектебі (1841). «Мамания» мектебі (1889). Орыс-туземдік мектебі және аралас мектептер. Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары мен іс-әрекеті. Ағартушы-демократтар Ш.Уалиханов, А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.
Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстар. Алаш-Ордалықтардың педагогикалық және қоғамдық іс-әрекеттері. Ахмет Байтурсыновтың прогрессивті көзқарастары мен қоғамдық іс-әрекеті. Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық еңбектеріндегі ізгілікті педагогика идеялары. Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық іс-әрекеті мен жалпыадамзатық тәрбие идеялары. С.Көбеевтің отбасы тәрбиесі туралы педагогикалық көзқарастары. Назипа Құлжанованың мектепке дейінгі тәрбие беру теориясы мен әдістемесі.
Білім мазмұны және мұғалім кадрлерін даярлау. Мектеп құрылысы мәселесі. Ә.И. Сембаев еңбектеріндегі кеңестік кезеңдегі Қазақстан педагогикасына сипаттама. Р.Г.Лембергтің ғылыми мұраларындағы дидактика және білім беру мазмұны мәселелері. Т.Тәжібаевтің балалардың еңбек және отбасы тәрбиесі мәселесіне психологиялық-педагогикалық көзқарастары. Қ.Бержановтың педагогикалық мұраларындағы республикада ұлттық мектепті дамыту және мұғалім кадрлерін даярлау мәселелері.
Білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар. ҚР «Білім туралы» Заңы. Білім берудің мемлекеттік стандарты. Білім беру тұжырымдамалары. Тәрбие мен оқытудың педагогикалық технологиялары, олардың жіктемесі. Қазақстанда педагогикалық кадрларды даярлау бағытындағы ұлттық жоғары оқу орындарының іс-әрекеті. Ғалым - педагогтар зерттеулерінің негізгі бағыттары.
Ұсынылатын әдебиеттер: 8, 9, 10, 12, 18, 19, 22, 24, 27, 31, 47, 65, 75, 80, 97.
Дәріс тақырыбы. Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
Педагогика - қазіргі адамтанудың саласы. Педагогика ғылым ретінде. Тәрбие - тұлғаны әлеуметтік мәдени модель үлгісінде қалыптастырушы және қоғамдық қызмет.
Педагогика пәні, оның негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Пәнаралық ұғымдардың (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру) педагогикалық ғылымдар жүйесінде қолданылу ерекшелігі. Педагогиканың әлеуметтік және мәдени қызметі. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың философия, психология, әлеуметану, физиология және т.б. ғылымдармен байланысы. Педагогикалық теория мен практиканың диалектикалық өзара әрекеттестігі.
Педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері жөніндегі түсінік. Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамалық ережелер жиынтығы. Философиялық заңдар, заңдылықтар. Диалектиканың заңдары, олардың жалпы сипаты. Таным теориясы. Жүйелі әдіс-тәсілдердің құбылыстар байланысындағы жалпылама бейнесі. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Әлеуметтендіру теориясы.
Педагогика ғылымдарының әдістері. Педагогика ғылымдарының қазіргі қоғамның даму жағдайындағы міндеттері. Мұғалімді кәсіби дайындаудағы педагогикалық теориялардың маңызы.
Ұсынылатын әдебиеттер: 9, 10, 11, 14, 17, 25, 39, 49, 51, 52, 61, 64
Дәріс тақырыбы. Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әртүрлі жастағы топтарды көрінуі
Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінудің және оны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен әдіснамалық негізі. « Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың өзара байланысы. Тұлға құрылымының көп күрделілігі, көпқырлылығы және барлық компоненттерінің өзара байланысы. Тұлға іс-әрекет және өзін-өзі дамыту субъектісі ретінде. «Даму», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарына сипаттама және олардың арақатынасы. Адамның биологиялық және әлеуметтік дамуының арақатынасы, оның тұлғасын қалыптастырудың негізгі тұжырымдары (биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік). Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар (тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие), олардың өзара байланысы. Іс-әрекет және қарым-қатынас тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың факторы ретінде. Тұлға - тәрбиенің, өзіндік дамуының объектісі және субъектісі. Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Өзін-өзі тәрбиелеу - тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі.
Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті. Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама. Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы («жас ерекшеліктер дағдарысы», «дарынды балалар», «акселерация») және балалардың базалық психо-әлеуметтік талаптары мәселелері, оларды оқу-тәрбие үдерісінде есепке алу. Жеке тұлға дамуының әлеуметтік жағдаяттары. Оқушылардың шынайы оқу мүмкіндіктері, оларды педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда есепке алу. Әр түрлі жастағы білім алушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері. Білім алушылар тұлғасының даралық және жыныстық жас ерекшеліктеріне сипаттама. Ұл және қыз балаларды әлеуметтендірудегі гендерлік айырмашылық және заңдылық. Педагогикалық үдеріс жағдайында жыныстық тәрбиені меңгерту динамикасы. Балалардың даралығындағы ерекше қажеттіліктерін есепке алу. Білім алушыларды дамыту, оқыту, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету. Білім берудегі инклюзивті тәсіл және оны Қазақстанда іске асыру. Педагогикалық іс-әрекеттің барлық субъектілерінің инклюзивті білім беру және педагогикалық қолдауды таратудағы ынтымақтастыққа дайындығы.
Ұсынылатын әдебиеттер: 3, 9, 10, 22,24 27, 37, 40, 44, 46, 49, 52, 54