Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ойлауды тәрбиелеу - бала психикасын жан жақты дамытудың алғы шарты.




Төменгі сынып окушыларының ойлауы негізінде нақтылы келетіндіктен, олар көп нәрселерді өз қалпында түсінуге бой ұрады. Мәселен, бір зерттеуде үшінші сыньптағылардың аллегориялык ұғымдардың мәнін жете түсінбейтіндігі анықталған. Олар: «білімді» деген ұғымды тек «оқитын адам»; «дүние» ұғымын «байлық», «ақша»; «жақсылық» ұғымын «жақсы нәрсе»; «ер» ұғымын «аттың ері» деп олардың заттық, бейнелік жақтарына көбірек көңіл аударады да, осы ұғымдардың мәнін салыстыру, теңестіру арқылы түсіндіріп бере алмайды

Балалардың құбылыстарды түсіне алуында олардың сөз байлығьн, сөздік қорының өсіп отыруын қадағалау зор маңыз алады. Мұғалімнін жаңа сабақты түсіндірудегі методикалық шеберлігінің (әр ұғымды өз мәнінде толық түсіндіру, сөйлемдердің қысқа, ықшам болып келуі, екі ұшты сөйлемеу т. б.) жоғары болуы бала түсінігінің жақсы дамуына қатысы бар басты факгорлардың бірі.

Ойлау мәдениеті. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамем белсенді қарым-қатынас жасауының нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Мәселен, бір жасар бала әжесінің саусағындағы жараға жағылған йод ерітіндісіне көз салады. Он бес айлық бір бала өзі сүйрсй алмаған жәшіктің ішіндегі нәрсслерді көріп, біртіндеп оларды азайта бастайды, сонан соң оны жылжытатын болады.

Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады. Мектепке түскенге дейін бала ойлауы дамудың үзақ жолынан өтеді. Ойлау бүл кезеңде нақтылы — бейнелі болып, әрекетпен әлде де тығыз байланысып жатады.

Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші рөл атқарады. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы қалайша дамып отыратындығы өткен параграфтарда айтылды. Бала ойлауын дамыту үшін мүғалім тиісті жүмыстар жүргізіп втыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты шаралардың кейбірі мына төмендегілер:

1. Балаларды белгілі ережелер (грамматикалык, матсматикалық) жөнінде өз беттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін мұғалім сабақта мүмкіндігінше эвристикалық өдісті жиі пайдаланыи отыруы қажет. Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас өзгешеліктерін ескере отырып ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндіктер туады.

2. Балалардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын дамытуға үлкен өсерін тигізеді (бүл жөнінде толығырақ мағлүмат оқулықтың келесі тарауында беріледі).

3. Ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан оқушының сабақты мүмкіндігінше жақсы кабылдай алуына, слестердің тиянақты қалыптасуына мүғалім айрықша қамқорлық жасамаса болмайды.

4. Мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Бұған оқу процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

5. Оқушылардың өз беттерінше жасаған ой операцияларының дүрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру (тапқыштық пен зеректік) ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығару, шығармалар жаздыру — бала ойлауын тәрбиелеудің тиімді жоддары.

6. Ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз үштасып жатады. Бүл оның білуге құмарлығын, тану қызығуларын, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Мәселен, қораш сөз, солғын сезім ойдың айқын болуына бөгетжасайды, ал ақылға қонымды жақсы сөз жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге жетелейді, қысқасы, ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен үштасьш жатады деген пікірді жақсы дәлелдейді.

7. Төменгі сыныпта сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдары

Баланың сөйлеуі мектепке дейін тек қарым-катынас рөліы атқарса, мектепте жүргенде білім жүйелерін меңгерудің негізгі қүралы қызметін атқарады. Мектепке түсу бала тілінің жоспарлы түрде дамуына өтс қолайлы жағдай туғызады. Сауат ашу, оқып, жаза алуға үйрену, мектепке дейін өз бетінше меңгерген ана тілін енді арнаулы пән ретінде (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық түрғыдан) оқып-үйрену бала тілінің дамуына бүрын-соңды болып көрмеген үлкен өзгерістер енгізеді. Тілді меңгеру барысында баланың сөйлеу ерекшеліктері онан сайын жетіле, дами түседі.

Жазбаша сөйлеу — баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекіпе ықпал жасайтын қуаггы фактор. Жазбаша сейлеуді меңгеруге бала мектеп есігін аттағаннан бастап белсенді кіріседі. Баланы жазу сөзіне үйрету - бастауыш мектептегі оқуды пайызға шаққанда жартысына жуығын алады. Өйткені жазу техникасын меңгеру — психологиялық түрғыдаы өте күрделі процесс.# Бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі сөзі мен жазбаша сөзін салыстыра зерттеу — көптен қолға алынып жатқан жүмыс. Ертеректе жүргізілген осындай зерттеудің бірінде екінші, үшінші сынып оқущыларының жазба сөзі ауызша сөйлеуінен сан жағынан да, сапа жағынан да көш кейін қалып отыратындығы, олардың сөздік қорында зат есім мен стістіктердің көп үшырасатындығы (60 пайыздан артық), сөздік қоры жеткілікті дамыған балалардың жазу жүмыстары да (дәптерге сөз ойлап жазу, мазмүндама жазу т.б.) жоғары болатындығы байқалған. Соңғы кездегі зерттеулер дс осы пікірдің дүрыстығын анықтап отыр. Балалардың орфографиялық дағдыларьмен қатар, жазу жұмысының дағдыларын үйрену жазба сөйлеуді меңгерудің негізгі элементі болып табылады.

Жазба сөйлеудің дамуы хат тани білуден. басталады. Хат тану арнаулы дағдылардьщ болуын қажет етеді. Мұндай дағдыларды оқу дағдысы дейді. Хат тану негізгі үш кезеңнен түрады. Мұның бірінші кезеңінде оқушы әріптің аттарымен танысады. Бұған қоса, сол әріптердің тілдегі дыбысқа қалайша сәйкес келетіндігі, олардың буынға бірігуі, буыннан сөздің қалайша құралатыны да осы кезенде үйретіледі. Баланың әріптен буын, буыннан сөз құрауы өте баяу, көптеген қиындықтармен жүріп отырады. Мұның бірнеше психологиялық себептері бар. Біріншіден, бала әріптердің графикалық өрнектерін жөнді ажырата алмайды, бірімен-бірін шатастырады. Бұл — дағдының қалыптасуына үлкен бөгет келтіреді. Екіншіден, оқушы білетін әріптерін дыбыстармен байланыстырғанда үлкен қателіктер жібереді. Дыбыс пен әріптің арасындағы айырмашылықтар бала қабылдауына біраз қиындык келтіреді. Осының нәтижесінде сөздің элементтерін синтездеу және оларды тану қиынға түседі.

Оку дағдысының бірінші кезеңін психологияда анализдік (талдау) кезеңі деп атайды.

Екінші кезеңде оқушы сөздің элементтерін онша қиналмай-ақ бір-біріне жеңіл қоса алатын болады. Әрине, мүнда да ол кдте жібереді. Бала түтас сөзді тезірек оқуға асығады да оның жеке бөліктерін ежіктеп жатпай долбарлап қабылдайды. Қатенің көбі осындайдан шығады.

Әсіресе, бала оқыған сөздер сырт жағынан біріне-бірі өте үқсас болса (көру-кіру, аю-ою, жазу-жағу т. б.), қателер көбірек кетеді. Оқу дағдысын меңгерудің екінші кезеңін синтездік (жинақтау, топтастыру) кезең дейді.

Үшінші кезеңде бала әріптерді тез танып, бір-біріне қосып оқи алады. Осы әдіспен оқытылған бала үзамай хат танып кетеді, енді ежіктеуді қойып, бір қалыппен оқитын болады. Шапшаң оқу баланың сыныбы жоғарылаған сайын артатүседі. Мәселен, әліппені бітірген бірінші сынып окушысы кітапты дауыстап оқығайда, төртінші сынып баласынан үш есе жай оқиды. Сөздің мағынасына түсініп, ойланып оқукүрделі ой процестері (салыстыру, жалпылау, нақтылау, жүйелеу т. б.) жүйесінің болуын қажет етеді. Өйткені ойдың осы төсілдері балада бірсыдырғы дамыған болса, оқыған кітабының мазмүнын дүрыс аңғара бастайды, ондағы негізгі, басты ойларды түсінуде көп қиналмайтын болады. Текстің мазмүнын түсініп оқуға бала бірден жетпейді, бүл әр окушыда әр түрлі болып келеді. Оқыған материалды нашар түсінетін оқушылардың, көбінесе, сөздік қоры өте аз болады. Текстегі негізгі ойды таба дағдыланса, смле қателерін аз жіберетін болады. Әсіресе, өзінің үнемі қате жіберетін сөздерін осылай айтып дағдылануы дұрыс. Баланың орфографиядан (емле) жіберетін қателерді психологиялық түрғыдан екі типке бөледі. Оның біріншісін — үйреншікті қате, екішпісін — білмегендіктен туған қате деп атайды. Қатенің үйреншікті түрі төменгі юіасс оқушыларында жиі кездеседі. Мүндай қателер түрақсыз болады. Мәселен, бала сөзді бүгін бір түрлі жазса, ертең басқаша жазады. Мұндай қателерді түзету онша қиын емес, орфографияны, сөздердің жазылу ережесін саналылықпен меңгеру — осы секілді қателердің болмауының басты шарты. Үйреншікті қателерден арылуға орфографияны білу жеткіліксіз. Баланың қате жазып үйренген сөздерін қайтадан дүрыстап жаздыру үшін арнаулы жаггығулар үйымдастыру қажет. Сөздердің дүрыс жазылуы бала санасына берік орнау үшін жазу дағдысын жетілдіре түскен абзал. Емле қателерін жібермеу - баланың өз жазғандарын қадағалай алу, оның дүрыс-бүрыстығына көз жеткізе білу қабілетінің дамуына да байланысты. Өзін-өзі бақылай алу қабілеті әр жастағы балаларда түрліше болады. Бүл олардың ой процесінің дамуымен де шартгасып жатады. Мәселен, ой тәсілдері біршама дамып жетілген үшінші, төртінші сынып оқушыларында емле қателерін байқай алу қабілеті жақсы да, бірінші, екінші сыныптағыларда бүл жағы жетіспей түрады.

Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді, әсіресе, мектеп жағдайында қолға алу үшін мүғалімге төмендегідей жүмыстарды жүргізуге болады:

1) Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді,

фонетикалық, лексикалық жағынан дүрыс жаза, айта алуына, ана тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет. Сабақтың үстінде де, сабақтан тыс кездерде де оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеуінің дүрыстығын қадағалап отыру, жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөздік дәптеріне жазғызу, әрбір сөйлемді тиянақты ой білдіретіндей етіп қүра алуға үйрету — бастауыш мектеп мүғалімдерінің күнделікті оқу-тәрбие процесіндегі ең абыройлы міндетінің бірі.

2) Оқушының тілінде байқалатын кемшіліктерді (мәселен, кекеш, түтықпа, кей дыбыстарды дүрыс айтпау т.б.) жою мәселесі де мүғалімге қатысты мәселе. Осы мәселе жөнінде ол логопедтермен (тіл кемістігін түзейтін мамандар) тығыз байланыс жасап, профессор М. Е. Хватцевтің мүғалімдерге арнап жазған «Недостатки речи у школьников» (М., 1958.) атты кітабында көрсетілген қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Өйткені осы кітапта төменгі сынып оқушыларының тіл кемістігін түзеу мәселесі өте жақсы баяндалған. Бүл кітаппен мүғалімдермен бірге әрбір ата-ана да танысатын болса өте игілікті іс болар еді. Бала тілінің кемістігін түзбтудегі жолдары тіпті фольклорда да мол. Соның бірі — жаңылтпаштар. Мүны тілдің қайрағы деу өте орынды. Мәселен, «р», «ң» дыбыстарын дүрыс айта алмайтын бірінші сынып оқушыларына «Ай, Тайқарбай, малыңды жадыраға жай, Тайқарбай. Ай, Тайқарбай, дегенім, қай Тайқарбай» деген сөйлемдегі «Тайқарбай» сөзін жылдам айтқызып үйретсе, (егер бала оны қате айтатын болса, бірнеше рет қайталаттырса), бүрынғысынан гөрі анық сөйлеуге машықтанатын болады, сайып келгенде, баланың сөздік қорын қорландыруға да себін тигізеді.

2. Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп, олардың екі тілде дүрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.

3. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу — оку-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі. Өйткені сөйлеу мәдениеті — мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 986 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

2293 - | 2055 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.