Қолданылатын таңдамалы дәрілер: амоксиклав, бензпенициллин, сультамицин.
Клиникалық тиімділікке қол жеткізгеннен кейін амоксициллин тағайындалады: 0,5-1,0 г ішке/тәул. Таңдамалы препарат түрінде бензпенициллинді (венаға 2 000 000 ӘБ 4-6 р/тәул.) метронидазолмен қосып (венаға 0,5г 3р/тәул.) егеді.
Клиникалық нәтиже болғаннан кейін амоксициллинді метронидазолмен қосып, ішке қабылдауға болады.
Альтернативті дәрілер: имипенем немесе метропенем.
Линкозамидтер (линкомицин, клиндамицин) мен аминогликозидтердің (амикацин, гента-мицин) қоспасын немесе фторхинолондар мен метронидазолдың қоспасын немесе цефало-спориндер (цефепим) мен метронидазол қоспасын қолдануға болады.
Аспирациялық пневмонияның антибактериялдық емінің ұзақтығы жеке түрде анық-талады.
Иммунитет жетіспеушілігінен туындайтын пневмонияның антибактериялдық емін жасағанда олардың қоздырғыштары цитомегаловирустар, пневмоцисталар, патогендік саңырауқұлақтар мен басқа микроорганизмдердің бірігіп әсер етуі болатынын ескеру керек. Бұл науқастарды арнайы стационарларда емдейді. Эмпериялық түрде берілетін дәрілер: гликопептидтер, карбопенемдер, цефалоспориндердің ІІІ-ІV буыны аминогликозидтер, саңырауқұлақтарға қарсы қолданылатын дәрілер.
Пневмоцисталық пневмонияда:
Триметоприм сульфаметаксазол венаға 20 мг/кг (триметоприм қарап есептейді) 2-3 рет жіберу 21 тәулік бойына.
Пневмонияны емдегенде қолданылатын антибактериялық ем тиімсіз болса, оны 2 тәулік-тен кешіктірмей түзеу керек.
Пневмонияның асқынуы болмаса, дене қызуы қалыпты күйге оралғаннан кейін 3-4 күн өткен соң антибактериялық емді тоқтатады. Бұл ережеге легионеллездік, микоплазмалық және хламидиялық пневмонияны емдеу жатпайды. Оларды емдегенде инфильтрат баяу тараса, ем 3 аптаға созылуы мүмкін.
Пневмонияны емдеуде қолданылатын антибактериялық препараттар 5-кестеде келтірілген.
5-кесте
Пневмонияны емдегенде қолданылатын антибиотиктер
және басқа антибактериялық дәрілер
Антибиотик | Дозасы | Беру кезеңдігі | Қолдану әдісі | |
Пенициллиндер | ||||
Бензилпенициллин | 2 000 000 ӘБ | 4-6 сағ. сайын | етке, венаға | |
Ампициллин | 1-2 г | 6-8 сағ. сайын | етке, венаға | |
Тикарциллин/клавуланат | 3,2 г | 8 сағ. сайын | венаға | |
Амоксициллин/клавуланат | 0,625 немесе 1,0 | 8 және 12 сағ. сайын | ішке | |
(амоксиклав, аугементин) | 1,2 | 8 сағ. сайын | венаға | |
Амоксициллин | 0,5-1,0 | 8 сағ. сайын | ішке | |
Пиперациллин (тазобактам) | 4,5 | 8 сағ. сайын | венаға | |
Цефалоспориндер | ||||
Цефуроксим (зинацеф, кетоцеф) | 0,5 0,75 | 12 сағ. сайын 8 сағ. сайын | ішке етке, венаға | |
Цефтриаксон (лонгацеф, роцефин) | 1-2 г | 24 сағ. сайын | етке, венаға | |
Цефотаксим (клафорам) | 1-2 г | 8-12 сағ. сайын | етке, венаға | |
Цефепим | 1-2 г | 12 сағ. сайын | венаға | |
Цефтазидим | 1-2 г | 8-12 сағ. сайын | венаға | |
Аминогликозидтер | ||||
Гентамицин | 3-5 мг/кг | 24 сағ. сайын | венаға | |
Амикацин | 15-20 мг/кг | 24 сағ. сайын | венаға | |
Макролидтер | ||||
Азитромицин (сумамед) | 0,5 г бірінші күні 0,25 г кейінгі күні | 24 сағ. сайын | ішке | |
Кларитромицин | 0,5 г | 12 сағ. сайын | ішке, венаға | |
Рокситромицин | 0,15 г | 12 сағ. сайын | ішке | |
Спирамицин (ровамицин) | 3 000 000 ХБ | 12 сағ. сайын | ішке | |
Эритромицин | 0,5-1,0 г | 6 сағ. сайын | ішке | |
Фторхинолондар | ||||
Левофлоксацин | 0,5 г | 24 сағ. сайын | ішке | |
Моксифлоксацин | 0,4 г | 24 сағ. сайын | ішке, венаға | |
Офлоксацин | 0,4 г | 12 сағ. сайын | венаға | |
Тетрациклиндер | ||||
Доксициклин (вибрамицин) | 0,1 г | 12 сағ. сайын | ішке | |
Карбопенемдер | ||||
Имипенем | 0,5 г | 6-8 сағ. сайын | венаға | |
Меропенем | 0,5 г | 6-8 сағ. сайын | венаға | |
Линкозамидтер | ||||
Линкомицин | 0,3-0,6 г | 12 сағ. сайын | венаға | |
Клиндамицин | 0,3-0,9 г | 8 сағ. сайын | венаға | |
Гликопептидтер | ||||
Ванкомицин | 1,0 г | 12 сағ. сайын | венаға | |
Нитроимидазолдар | ||||
Метронидазол | 0,5 г | 8 сағ. сайын | венаға | |
Диаминопиримидтер мен сульфанидтер қоспасы | ||||
Триметоприм (сульфаметаксозол) | 20 мг/кг | 24 сағ. сайын | венаға | |
Қоздырғыш анықталғаннан кейін пневмонияны емдеуде қолданылатын антибактериялық дәрілер (мақсатты ем) 6-кестеде келтірілген.
6-кесте
Пневмонияны мақсатты емдеуде қолданылатын антибактериялық ем
Ауру қоздырғышы | Антибиотиктер |
Пневмококк | -пенициллиндер, оның ішінде амоксиклав -цефалоспориндер ІІІ буын, линкомицин |
Пенициллинге төзімді пневмококк | -ванкомицин -цефалоспориндер, IV буын -макролидтер |
Окациллинге сезімтал алтынсары стафилококк | -амоксиклав -клиндамицин -линкомицин -оксациллин цефалоспориндер І-ІІ буын |
Оксациллинге төзімді алтынсары стафилококк | -ванкомицин -линезомид -рифампицин -цефалоспориндер, І-ІІ буын |
Клебсиела | -макролидтер -цефалоспориндер ІІІ-IV буын |
Легионелла | -рифампицин + эритромицин (кларитромицин) -рифампицин + фторхинолон венаға |
Гемофильді таяқша | -ампициллин -цефалоспориндер, ІІ-ІІІ буын -фторхинолон (спарфей) -макролидтер |
Микоплазма | -эритромицин -доксициклин |
Хламидия | -доксициклин -эритромицин -фторхинолондар |
Ішек таяқшасы | -ампициллин -цефалоспориндер, ІІІ буын -аминогликозидтер -левомицетин |
Энтеробактер, протей | -карбапенемдер -фторхинолондар -цефалоспориндер IV буын |
Көкшіл-ірің таяқшасы | -аминогликозидтер + көкшіл-ірің таяқшасына қарсы беталактамдар (пикарциллин, пиперациллин, цефало-спориндер, карбопенемдер) |
Стрептококтер | -пенициллин -пенициллин + аминогликозид -цефалоспориндер ІІІ буын -макролидтер -карбопенемдер -ванкомицин |
Анаэробтар | -лактамдар (лактамаз ингибиторлары) -клиндамицин |
Патогенетикалық ем. Антибактериялық ем ауру қоздырғышының эрадикациясын тудырғанымен қабыну процесіне әсер етпейді. Сондықтан да патогенетикалық емнің бір буыны бейспецификалық қабынуға қарсы ем жасау болып табылады. Бұл мақсатта қабынуға қарсы бейстероидтық препараттар (ҚҚБП) (индометацин, вольтарен) мен глюкокортикоид-тар (аллергия мен астма болса) беріледі.
Бронх өткізгіштігін қалпына келтіру үшін қақырық жүргізетін дәрілер (калий йодиді, термопсис туындысы т.б), муколитиктер (мукалтин, ацетилцистеин, бромгексин, ыссы сұйықтық ішу), бронх лаважы, бронхолитиктер (беротек, сальбутамол) қолданылады.
Иммунологиялық реактивтілікті көтеру үшін берілетін ем: - гипериммундық антистафилококтік плазма, гамма-глобулин, иммунитетті сергітетін дәрілер (левамизол, зимозан, диуцифон, Т-активин, тималин);
- жалпы әлдендіруші дәрілер: адаптогендер (жень-шень тұндырмасы, лимонник, элеутерококк (сығындысы);
- витаминдер;
- биогендік сергіткіштер (алоэ).
Қан айналысы мен тынысты қалпына келтіру үшін вазопрессорлар (сульфокамфокаин, кордиамин, кофеин), жүрек гликозидтері, оттегімен емдеу, емдік тыныс гимнастикасы қолданылады.
Қабыну инфильтраты тарау үшін физиотерапия (диатермия, индуктотермия, ультра жоғары жиіліктегі ток), кеуденің массажы, ЕДТ қолданылады.
Дезинтоксикациялық ем ретінде сұйықтықты көп ішу және гемодезді, реополиглюкинді, физиологиялық ерітіндіні құю қолданылады.