Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кресло - каталкамен тасымалдау 5 страница




Қайнату арқылы зарарсыздандырғанда ерітінді ыдыстарын 30 минут қайнатқан соң, 6 сағаттан кейін 30 минут тағы қайнатады да аузын жабады, зарарсызданған ерітінділердің сақталу мерзімі екі тәулік.

Қолды зарарсыздандыру. Қолды зарарсыздандырудың көптеген әдістері бар. Ол үшін құмырсқа қышқылын, раккаланы, церигелді және басқадарды пайдаланады. Ең соңғы әдістерінің біріне ультрадыбыспен зарарсыздандыру жатады.

Қолды зарарсыздандырудың теріге әсер етпейтін, ең сенімді, әрі қарапайым классикалық тәсілдеріне тоқтала кетейік.

Спасокукоцкий –Кочергин тәсілі. Ластанған қолда (алақан мен білекті (ағып тұрған жылы судың астына сабындап тазалап жуады. Егер қол таңба таза болса, алдын ала жуудың қажеті жоқ, эмалданған екі шараға құйылған жылы аммиак ерітіндісіне (мұсәтір спиртіне) алма кезек жуу арқылы іске асырады. Ол үшін әр-шараға 2 литр қайнаған су құйып, оған 10 мл аммиактан қосады. Қолды зарарсыздандыралған дәкеден жасалған шаршылармен жуады. Алақанды ысқылап жуумен қатар, көп уақыт ерітіндінің ішіне батырып тұрған дұрыс. Бірінші шарадағы ерітіндіде негізінен білекті, тырнақ көбелерін, алақанды мұқият ысқылап жуса, екіншісінде –саусақтар мен білек буынына дейінгі аралықты жуады. Әр ыдыста қолды 3 минут жуған дұрыс. Содан кейін қолды зарарсызданған орамалмен немесе шаршымен ұқыптап тұрып сүртеді. Құрғатылған қолды (саусақтары мен білек буынына дейінгі аралықты) 2ұ минуттен 96% этил спиртімен екі мәрте мұқият сүртеді.

Жоғарыдағы тәсіл қолдың терісіне зиянын тигізбейтін сенімді, кез келген жағдайда пайдалануға қолайлы тәсіл болып саналады.

Фюрбрингер тәсілі. Қолды қылдан жасалған екі шөткемен бірінен соң бірін ауыстырып ағып тұрған жылы судың астында 10 минуттей сабындап жуады. Содан соң қолды зарарсызданған шаршымен құрғатып, 70% этил спиртімен, сынап дихлоридының (сулема) 1:1000-ға дейін сұйытылған ерітіндісімен 3 мин сүртеді. Тырнақ көбелеріне йодтың спирт ерітіндісін жағады.

Жедлел жағдайда қолды тездетіп өңдеудің тәсілі. Қолды ағып тұрған судың астында сабындап жуып, таза орамалмен сүртіп құрғатады. Содан кейін кішкене мақтаға немесе дәкеге 5-7 мл теріні жұмсартатын немесе дезинфекциялайтын ерітіндіден қйып, алақанды, саусақтарды 1-2 минут мұқият сүртіп тазалайды.

Қолдың терісін жұмсартып тазалау үшін этил спиртін, 5% танин ерітіндісін пайдаланса, дезинфекциялау үшін 5% фенол ерітіндісін (карбол қышқылы), сұйытылған ертіндісін, диоцид ерітіндісін (1:5000), 0,5% хлорамин ертіндісін пайдаланады. Егер зарарсызданған қолғаптар болса, оларды тазаланбаған қолға киюге болады. Көмек көрсетіп жатқан кезде қол былғанып қалатын болса, қайтадан дезинфекциялайтын ерітінділермен жуып тазалап отыру керек.

Хирургиялық құрал-саймандарды өңдеу және залалсыздандыру

Хирургиялық құрал-саймандар инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс. Микроорганизмдерді жою дезинфекциядан, тазалаудан және залалсыздандырудан тұрады.

Іріңді операциялар мен таңулардан кейін, сонымен қатар соңғы 5 жыл ішінде гепатитпен ауырған науқастарға жасалған, қолданылған құрал-саймандарды басқалардан бөлек өңдейді. Дезинфекция мен өңдеудің барлық процедураларын медицина қызметкері міндетті түрде жеткілікті қалыңдықтағы латекстен жасалған қолғаптар мен халатта, маскада, су өтпейтін алжапқышпен өткізеді. Өткір заттардан абай болып жұмыс істеу қажет.

Қолданған құрал-саймандар, дезинфекциялаушы ерітіндісі бар ыдыста жуылып, басқа дезинфекциялаушы ерітіндісі бар ыдысқа құрал-саймандар толығымен батырылады. Экспозия уақыты қолданылған дезинфекциялық ерітіндіге байланысты.

Залалсыздануды өткізгеннен кейін құрал-саймандар ағынды сумен жуылады. Тазалау құрал-саймандарды жуатын арнайы ерітіндіге (оның құрамына жуғыш зат, сутектің асқын тотығы және су кіреді) батырып қою арқылы жүргізіледі. Экспозиция уақыты 40-45º температурада 15-20 минут. Бұдан кейін құрал-саймандар осы ерітіндіде щеткамен жуылып, ағынды немесе тазаланған суда шайылады.

Кептіруді табиғи жағдайда жаялықта немесе құрғақ бу шкафында 80º температурада 30 минут өткізеді.

Металдан жасалған кеспейтін хирургиялық инструменттер құрғақ бу шкафында немесе автоклавта залалсыздандырылады. Бір рет қолданылатын инструменттер сәулелік әдіспен залалсыздандырылады. Кесетін инструменттерді залалсыздаудың негізгі әдісіне химиялық антисептикалық ерітінділерді қолдану жатады. Кейде құрғақ бу шкафында да залалсыздауға болады. Олар үшін ең тиімді әдіс газбен немесе сәулемен залалсыздау. Резеңкелі медициналық заттарды (катетрлер, зондтар, дренаждар, қолғаптар) залалсыздау автоклавтау әдісімен 1 атм қысымда 30 минут бойы жүргізіледі.

Соңғы уақытта медицина тәжірибесінде зауыттық сәулелендіруден өткен медициналық және пластмасты бір реттік резеңкелі заттар көп қолдануда. Оптикалық құралдарды залалсыздау үшін (лапароскоп, гастроскоп және т.б.) залалсыздаудың газды әдісі немесе суық химиялық түрі қолданылады.

Қолды өңдеу – емдеу, алдын алу мекемелеріндегі медицина қызметкерлері мен науқастар арасында микроорганизмдердің таралуын болдырмау үшін қолданатын ең тиімді әдіс.

Аздап ластанған қолдарды қарапайым сабынды сумен жуып, теріде болатын көптеген микроорганизмдерді кетіреді. Қолды жууды тамақтану алдында, науқастарға тамақ беру кезінде, тағам өнімдерімен жұмыс істеу алдында, дәретханадан шыққан кезде, науқастарға күтім жасаудың алдында және кейін, қолдың ластануының барлық түрлерінде, қолды хирургиялық өңдеуге дейін өткізеді.

Қолды антисептикалық заттарды қолданып дезинфекция жасау микроорганизмдерді жоюдың тиімді тәсілі.

Қолдың дезинфекциясын иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жасар алдында, жараларды таңу мен катетрлерді қою, күтім жасау алдында және кейіннен, ағзаның биологиялық сұйықтықтармен қарым-қатынас болғаннан кейін және хирургиялық іс-шаралар өткізу үшін қолғаптарды киер алдында және болғаннан соң жасайды.

Қолдың хирургиялық өңдеуін барлық өткізілетін хирургиялық іс-шаралар алдында жүргізіледі. Ол микроорганизмнің транзиторлы флорасын жояды және қолғап зақымдалған кезде хирургиялық жараның ластану қаупінің алдын алады.

Қолды өңдеудің классикалық әдістеріне жататын Спассокукоцкий – Кочергин, Альфред тәсілдерінің тек тарихи мәні бар және олар қазіргі таңда қолданылмайды.

Қазіргі заманда қолданылатын әдістерге қолды первамурмен, хлоргексидинмен, дегминмен, дегмицидпен, церигельмен, АХД, АХД – специаль, евросептпен өңдеу жатады.

Қолды первамурмен өңдеу: Первамур бұл құмырсқа қышқылынан, сутектің асқын тотығынан және судың қоспасынан тұратын ерітінді. Бұл қоспа ретінде теріде жұқа қабат түзеді және оның тесіктерін толығымен жабатын күшті антисептик болып есептеледі, 2-4% ерітіндісі қолданылады. Өңдеуді 1 минут бойы ыдыстарда жүргізіп, одан кейін қолды залалсызданған сүлгімен кептіреді.

Хлоргексидинмен қолды өңдеу: 0,5% хлоргексидиннің спиртті ерітіндісі қолданылады. Қолды өңдеу антисептигі бар тампонмен 3 минут бойы сүртеді.

Дегминмен және дегмицидпен өңдеу: Бұл антисептиктер беткей әсер ететін белсенді заттар тобына жатады. Өңдеу ыдыстарда 5-7 минут бойы жүргізіліп, кейіннен қол залалсызданған сүлгімен кептіріледі.

Церигельмен өңдеу: Церигель – қабат түзгіш антисептик. Өңдеу үшін оны 3 минут бойы қолдың бетіне жақсылап жағады.

АХД, АХД – специаль, евросептпен өңдеу: Бұлардың құрамында этанол, полинолдың май қышқылының эфирі, хлоргексидині бар біріктірілген антисептиктер. Қолды өңдеу үшін ерітіндіні екі рет қол терісіне 2-3 минут бойы сіңдіріп жағу жолымен өткізеді. Бұл қазіргі таңда ең көп таралған және жетілдірілген әдіс болып есептеледі.

Науқастың қанымен қарым-қатынаста өтетін операциялар мен манипуляциялар тек қолғаппен жасалынуы тиіс. Кіші манипуляцияларды жасау немесе өлім алдындағы жағдайларда қолға арнайы өңдеу өткізбей-ақ міндетті түрде залалсызданған қолғапты бірден киюге болады.

Операция аймағын өңдеу

Операция аймағын өңдеу 2 кезеңнен тұрады.

І кезеңде сабынды сумен гигиеналық жуу, түктерді қыру өткізіледі.

ІІ кезең операция алдында жүргізіледі.

Қазіргі кезде операция аймағын өңдеу үшін йодонат, йодоперин, хлоргексидин биглюконат, 70% спирт, первамур, АХД, бриллиант жасылы қолданылады. Кең ауқымды өңдеуді операция аймағын залалсызданған жаялықпен шектеу алдында, кесуді жасар алдында және жараға тігіс салу алдында және тігіс салып болғаннан соң орталықтан шетке қарай 2 рет жүргізіледі.

Залалсызданғандықты бақылау әдістері

Медициналық заттардың залалсызданғандығы міндетті түрде бақыланады. Сонымен қатар құрал-саймандарды залалсыздандыруға дейінгі өткізілетін өңдеу бақылауға алынады.

Залалсыздандыруды бақылауда ең тура мәлімет беретін-бактериологиялық әдіс. Залалсызданған заттардан жұғымды алғаннан кейін бактериологиялық лабораторияда олар әр түрлі қоректі орталарға егіледі. 3-5 күннен соң бактериологиялық ластану дәрежесі анықталады. Залалсыздандырғандықтың бактериологиялық зерттеуі міндетті түрде 7-10 күнде 1 рет өткізіледі.

Залалсыздандырудың термиялық тәсілдерімен тікелей емес бақылау жүргізіледі және ол залалсыздандыруға қажетті температураны анықтайды.

Автоклавтау кезінде залалсыздандыратын қорапқа балқу температурасы 110-120º аралығында болатын ұнтақ тәрізді заты бар ампула салынады. Егер залалсыздандырудан соң зат еритін болса, онда бикстегі медициналық құрал-саймандар залалсызданған болып саналады. Бұл әдіс үшін бензой қышқылы, (балқу температурасы 120º), резорцин (балқу температурасы 119º), антипирин (балқуы 110º), термоиндикаторлар қолданылады.

Залалсыздандыруды құрғақ булы шкафта өткізгенде балқу нүктесі жоғары заттар қолданылады: аскорбин қышқылы (балқуы 190º), янтарь қышқылы (балқуы 180º), тиомочевина (балқу температурасы 180º), термоиндикаторлар.

Залалсыздандыруға дейінгі өңдеудің сапасын анықтауды құрал-саймандарды өңдегеннен кейін және кептіргеннен соң өткізеді. Гемоглобиннің (қанның) болуына, тотықтырғыштардың, хлорлы заттардың, жуатын заттардың, тотықтың болуына тексеріледі. Қанды анықтау үшін амидопиринді және азопирамды сынамалар өткізіледі. Жуатын заттарды анықтау үшін фенолфталеинді және азопирамды сынамалар жасалынады.

Тотықтырғыштардың құрамында хлоры бар заттардың және тотықтың бар жоғын анықтау үшін азопирамды сынама жүргізіледі.

Сынаманың оң нәтижесі кезінде құрал-саймандар жағылған ерітінді түсін өзгертеді. Емдік – профилактикалық мекемелерде әр өңделген партиядан 1-4% заттар медициналық бақылауға алынады, ол 3-5 бірліктен кем болмауы тиіс. Сынама оң нәтиже көрсеткенде бұл заттардың барлық партиясы қайта өңдеуге жіберіледі.

 

 

Емдеу бөлмелерін (палаталар, дәліз, дәретхана, жуынатын бөлме) жинастырудың ерекшеліктері:

Бөлмені ағынды жинастырудан өткізу мақсаты: санитарлық-гигиеналық талапты сақтау, ауруханаішілік жұқпаның алдын алу. Емдеу сауықтыру мекемелерінде ағынды жинастыру 2 рет ылғалды әдіспен, кей жағдайларда жиірек жүргізіледі. Ол үшін қажетті заттар: шелек, швабра, шара, еден жуу үшін шүберек, таза шүберек (шаң сүртуге), зарарсыздандыру ерітіндісі, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялай, өлшемі бар ыдыстар.

Іс-әрекеттер: Орамалды тағып, халатты, алжапқышты киіп, резеңке биялайды киіңіз. Зарасыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеңіз. Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізіңіз: таза шүберекті ерітінділердің біріне малып, жиһаздарды, терезенің алдын сүртіңіз. Еденді мынандай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға жинаңыз, содан соң төрден төмен қарай жуамыз. Ылғалды жинастырудан соң бактерицидты шамды 30 минутқа қосыңыз, терезе есікті 10-15 минутқа ашып желдету.

Коридор (дәліз) жинастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі бұл барлық жатқан науқастар, науқастардың туыстары, медицина қызметкерлерінің және көрінуге келген науқастардың бәрі жүретін жер. Күніге 2 рет ылғалды жинау және ластануына қарай тазалау керек. Бактериоцидты шамды 30 минутқа қолданады. Оның өзінің шелегі, швабрасы, шаңдарды сүртуге (терезе есік) арналған шүберегі, еденді жууға арналған шүберегі болады және бәрінде белгісі болуы керек. Аптасына 1 рет қорытынды жуу, бактерицидты шамды 1 сағатқа қою.

Дәретхана – аурухананың әр бөлімшесінде бірнешеуі болуы керек, себебі: медицина қызметкерлеріне арналған, ер адамдарға және әйел адамдарға арналған болады. Бөлімшенің санитарлы - гигиеналық бөлмесіне жақын жерде орналасқан болуы керек. Әжетхана ішінде дезинфекциялық ерітіндісі бар үлкен ыдыс болуы керек, оған дәрет ыдыстарын 1 сағатқа салып қою қажет және терезесі ашылатын желорай болуы шарт. Әрі су жақсы ағатын, қағаз салатын шелек, өзінің еденін жуу үшін шелек, шүберек, швабрасы оның өзінің белгісі (маркировка) болуы керек, күніне бір неше рет жуылады және ластануына қарай сүртіледі.

Жуынатын бөлмені тазарту ерекшеліктері бар: бір айда бір рет қорытынды жуу, күніне екі рет ылғалды жуу. Аяқтың астына ағаштан жасалынған тор таяқша немесе резеңке төселінеуі керек. Терезесі ашылатын, жарық әрі әйнектерден адам бойы көрінбейтіндей етіп бояу жағылуы керек. Бөлме термометрі, су термометрі және жеке сабын, жеке жөке, жеке сүлгі және жеке сыртқы киімдеріне арналған шкаф болуы қажет. Дезинфекциялық ерітінділермен толтырылған ыдыс, арнайы су құйғыш болуы керек. Медициналық шкафта қайшы, стакан, станок тағы да басқа керекті заттар әр науқасқа бір біреуден болуы керек.

Тұтас (генеральный) жинау ерекшеліктері

Емдеу бөлімшесінің палаталары кең, жарық, көп дегенде 6 адамға есептелген болуы керек.

Қабырға майлы бояумен боялып, еденге линолеум төселінеді, палаталар ең қажетті жабдықтармен (төсек, үстел, тумба, орындықтармен) жабдықталады. Төсектер ыңғайлы болуы тиіс. Ауруханалық жиһаздардың беті жұмсақ, жеңіл жуылатын болу керек.

1-2 адамдық палаталарға бірінші кезекте ауыр науқасты емделушілер жатқызылады.

25-30 емделушіге бекітілген мейірбикелік бекет болады.

Бекет орнында дәрі-дәрмек құралдарына арналған шкаф, үстел, орындық, күту жабдықтарына арналған шкаф, тез бүлінетін дәрі-дәрмек құралдарына арналған мұздатқыш, дәрі-дәрмек құралдары тарататын жылжымалы үстелше, әртүрлі манипуляциялар дайындайтын үстелше, шүмекті раковина болу керек. Мейірбикелер бекетінен барлық палаталар көрініп тұруы қажет. Бекет орны ауыр науқасты емделушілермен байланысты болу керек. Бекетте барлық ауруханалық бөлімшелердің телефон тізімінің болғаны дұрыс.

 

Стерилизация (залалсыздандыру) -бұл физикалық факторларменжәне химиялық заттармен микроорганизмдерді және олардың спораларын жою.

Жарақаттармен жанасатын, қан немесе инъекциялық препараттармен қатынаста болатын, қолдану кезінде кілегей қабықтармен жанасатын, олардың жарақаттануына алып келуі мүмкін болған медициналық саймандарды залалсыздандыру қажет.

Залалсыздандырудың мақсаты асептика ережелерін сақтау

Залалсыздандыру екі түрге бөлінеді:

1. Физикалық: қайнату, ылғалды бу, ыстық ауа, гамма сәулесі.

2. Химиялық: газбен,салқын әдіспен.

Қазіргі уақытта ЕПҰ- да залалсыздандырудың бірнеше түрі қолданылады.

Ауамен залалсыздандыру (ыстық, құрғақ ауамен), автоклавтау (ыстық будың қысымымен), химиялық залалсыздандыру (түрлі химиялық заттарды қолдану), газды залалсыздандыру (гамма сәулесімен жүргізілетін залалсыздандыру).

Залалсыздандырудың ең көп тараған түрі автоклавтау.

Автоклавтау туралы түсінік

Автоклавтау булы стерилизаторлармен жүзеге асады. Булы стерилизаторларда жоғары температура (138˚С ке дейін) және жоғары қысым (2,5 атм дейін) орнатылады.

ЕПҰ-да стерилизацияның 2 режимі ұсынылады.

1 режим – температура 132˚С, қысым – 2 атм, уақыты-20 минут.

Бірінші (негізгі) режим бөз дәкеден жасалынған таңу материалдарын, киімдерін, жаймаларды және коррозияға төзімді металдан, шыныдан жасалған саймандарды залалсыздандыруға арналады.

2-режим – температура 120˚С, қысым 1,1 атм, уақыты 45 минут.

Екінші режим (сақтаушы) резина, латекстен (хирургиялық қолғаптар т.б.), полимердің кейбір түрлерінен жасаған саймандарды залалсыздандыруға ұсынылады. Жоғары қысымды бумен залалсыздандырылатын саймандарды алдын ала арнайы бикс немесе контейнерлерге орналастырады немесе арнайы крафт-пакетке немесе бөз матаға оралады.Залалсыздандырудың бұл түріне тиімділік, сенімділік тән. Залалсыздандырудың сенімді нәтижесін алу үшін материалдарды бикске өзара бос орналастырып, залалсыздандыру уақытын нақты ұстау керек.

Залалсыздандырудың шарттары:

Залалсыздандыру филтрлі, филтрсіз қорапшада, бөз матада немесе дымқылдықты өткізбейтін қағаздан жасалған қорапшада, Е маркалы автоматтарда бұйымдар орағыштарға арналған қағаз қорапшада өткізіледі. Бикске салудың универсалды, мақсатты, түрлі (видовая) түрлері бар:

- Универсалды бір бикске бір түрдегі халаттар салынған, салфеткалар, мақта шариктер.т.б.

- Мақсатты үлкен операцияға арналған таңу материалы мен жаймалар салынады.

- Түрлі кезінде бір операцияға арналған барлық материал бір бикске салынады.

Медициналық саймандарды мен операциялық жаймаларды дайындау және бикске орналастыру

ü Биксті, халаттарды, жаймаларды, таңғыш материалдарды дайындаймыз;

ü Бикстің ақаусыздығын тексереміз;

ü Бикстің ішін 2 рет сүртеміз;

ü Бикстің ішіне жайма төсейміз:

ü Бикске біріңғай материалдан жасалынған заттарды саламыз;

ü Халаттарды, жаймаларды, орамалды, салфеткаларды, мақта шариктерін т.б

ü Бикске тек қана залалсыздандыруға дайын материалды қатаң тәртіппен саламыз;

ü Бикске салынатын материалдардың саны белгіленген болуы керек;

ü Таңу материалдарын 10 дана етіп, орам түйіншегімен саламыз:

ü Дәкелі шариктерді 50-100 дана етіп, дәкелі түйіншекке саламыз;

ü Бикстің ішін спиртті салфеткамен өңдеп аламыз;

ü Сосын жайманы төсейміз, материалдарды салып, жайманың шеттерімен үстін жабамыз, арасына бу кіріп, жақсы зарарсыздандыру үшін бос етіп саламыз;

ü Материалдарды жайғастырған кезде вертикальді және қатарымен салуды қадағалау керек;

ü Бикстің қақпағына индикатор қағазын саламыз;

 

Ыстық, құрғақ ауамен залалсыздандыру

Металл және шыны саймандарда ұсынылады. Стерилизация камерасында жұмысшы 180˚С температура, уақыты – 60 минут

Дайындау қажет:

Крафт пакетке салынған және ашық эмаль астаушаға салынған шприц және инелер, хирургиялық саймандар: пинцет, зажим, корнцанг т.б., тиомочевина салынған флакон.

Алгоритм іс-әрекеттері:

1. Крафт-пакеттерді ашық эмальды астаушаға салынған шприц пен инелерді хирургиялық саймандарды арнайы ыстық-құрғақ ауа шкафқа жайғастырылады.

2. Шкафтың қызуын өлшеу үшін тиомочевинасы бар флакон салады.

3. Стерильдеу 180˚С –та 1 сағат жүргізіледі.

4. 1 сағат уақыт өткеннен соң шкафты ашып, тиомочевина тексеріледі, егер тиомочевинаның ұнтағы сары қоңыр теске кірсе, онда шкафтың ішіндегі ауаның қызуы жеткілікті екенін білдіреді.

5.Медициналық құрал-саймандар стерильді деп саналады.

Есте сақтау. А/ крафт пакеттегі медициналық құрал - саймандардың стерильдігі 3 тәулікке дейін сақталады.

Б/ ашық эмальды астаушадағы медициналық құрал-саймандар тез арада қолданылуы керек.

В/ бұл шкафқа жұмсақ бөз орамын салуға болмайды.

Ауалы стерилизаторларда (құрғақ ауалы шкафтарда) жұмыс істеу тәртібі

1. саймандар суық стерилизаторға орналастырылады;

2. қыздыру;

3. стерилизация (180˚С – 60 минут);

4. суыту 40-50˚С –ке дейін;

5. босатып алу.

Химиялық заттармен залалсыздандыру

Сүтегінің асқын тотығы – залалсыздандыру үшін 6% ерітінді қолданылады – экспозиция 180 минут, температура 50˚С, полимер, резина, шыны және коррозияға төзімді металдарды толық батыру – экпозиция 360 минут, температура 18˚С болу қажет. Осы уақыттан кейін саймандар 2 рет залалсызданған сумен шайылып, залалсызданған контейнерге орналастырып, қақпағы жабылады (залалсыздану мерзімі – 3 тәулік) немесе қолдану үшін залалды аспаптарды үстел үстіне жайып қойылады.

«Дезоксон-1» - түссіз, сірке қышқылына ұқсас иісті, суда, спиртте жақсы ериді.

Залалсыздандыру үшін 1% жұмысшы ерітінді қолданылады (препараттың 200 мл – 800 мл сумен араластырылады) – экспозиция 45 минут температура 180˚С, ерітінді 1 тәулікке жарамды, тек 1 рет қолданылады.

Залалсызданған саймандар залалсыз сумен 3 рет шайылады, сосын залалсызданған стерилизациялық қорапшаға залалсыз жайма үстіне орналастырылады. 3 тәулікке дейін сақтауға болады.

Залалсызданғандықты бақылау

Бактериологиялық, техникалық, термиялық әдістер арқылы жүргізіледі.

Бактериологиялық әдістер - өте анық, бірақ орындау үшін уақытты талап етеді. Стерилизатор жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Техникалық әдістер – камераларға термометр, жұмысты бақылау манометрлерді орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Термиялық әдістер – күнделікті жүргізіледі. Ол кейбір ұнтақ түрінде заттардың белгілі температура әсерінен түсін өзгерту және еру қасиетіне негізделген. Бақылау үшін температуралы қысымды уақытқа анықтау саймандары, химиялық тесттер, термохимиялық индикаторлар, биотесттер қолданылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 699 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2215 - | 2158 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.015 с.