Төсекке камералы зарарсыздандырудан өткен төсек жабдықтары төселініп, төсек жабдықтарына таза төсек жамылғысы жабылады. Науқасқа жеке заттар (аурудың жағдайына байланысты) бөлінеді: стакан, су ішетін ыдыс, түкіргіш, дәрет ыдысы, зәр кабылдағыш, жылытқыш, т.б.
Науқас жазылып шыкқаннан кейін жеке колданылынған заттар дезинфекцияланады.
Науқас ауруханаға түскен кезде өзімен бірге гигиеналық заттарды алуына рұқсат беріледі. Битпен түскен аурулар қабылдау бөлмесінде алғашқы тазалаудан өтеді, ерекше қадағалауда болады және қажет болған жағдайда толық биттен арылу үшін қайта тазалаудан өтеді.
Рұқсатпен әр ауру өз бөлімшесінде гигиеналық душ (7-10 күнде 1 рет) қабылдай алады. Дене және төсек жамылғыларын 7-10 күнде бір рет (душ кабылдағаннан кейін және жамылғы кір болған жағдайда ауыстырылады.
Жамылғыларды ауыстыру мерзімі арнайы журналда тіркеліп отырады, оны бөлімшенің шаруашылық бөлімінің медбикесі жүргізеді. Жамылғыларды іріктеу мен сараптауға арналған арнайы бөлме болу керек. Пайдаланған жамылғыларды еденге лақтырып тастауға тиым салынады. Жамылғылар ауыстырылғаннан кейін палатадагы заттар дезинфекциялық ерітіндіде дымқылданған шүберекпен сүртіледі.
Пайдаланған жамылғыларды іріктеу мен сараптауға арналған бөлме ауасы таза, еденнен 1,5м жоғары плиткамен жапсырылған немесе майлы бояумен боялуы қажет.
Жамылғыларды іріктеу кезінде халат, медициналық қалпақ, маска, резинке қолғап болу қажет. Жамылғыларды іріктеп болғаннан кейін бөлме дезинфекциялық ерітіндімен жуылады, арнайы киім жууға жіберіледі, аяқ киім мен қолғап зарарсыздандырылады. Бөлмелерді жинау үшін жеке белгі қойылған ыдыс пен шүберек бөлінеді, олар жинаудан кейін зарарсыздандырылады.
Науқастар күнде таңертең және кешке, ұйықтар алдында жуыну керек. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу керек. Төсектен тұрмайтын науқастарды жуындыру керек. Төсектен тұрмайтын науқастар үшін жуыну төсектің жанында ұйымдастырылады. Сондықтан бөлімшеде белгі соғылған ыдыстар болуы керек (шәйнек, леген т.б. ыдыстар пайдаланылғаннан кейін зарарсыздандырылады).
Науқастарға палатадағы көрші төсекке отыруына тиым салынады, сонымен қатар келушілерге де науқастың төсегіне отыруға рұқсат берілмейді. Бұл жағдайда палатада орындық болу керек.
Палатаның ауасы күніне кем дегенде 4 рет тазартылуы қажет. Ауруханалар үшін белгіленген түскі астан кейінгі демалыс және күн тәртібі барлық наукастар мен аурухана қызметкерлері үшін қатаң қадағалану керек.
Ауруханалардың бөлімшелерінде пост тәртібі мен күн тәртібі қатаң сақталу керек. Науқастар мен медицина қызметкерлері бәлімшеде дауыстап сөйлемеуі қажет, бөлмелерді таңертең ерте және кешке кешігіп жинамау қадағалануы керек.
Наукастарға басқа бөлімшелерге баруға рұқсат етілмейді. Қолданыста болған аяқ киімдер науқас ауруханадан шыққаннан кейін зарарсыздандырылады.
Бөлімшелерде тәртіп пен тазалық сақталынады. Тазалау күніне 2 рет 2% ыстық сабынды-содалы ерітіндіні немесе 2% ыстық cинтетикалық жуу ерітіндісінің ылғалды тәсілін пайдалана отырып жүргізеді.
Дәретханалар, душ бөлмелері дезинфекция жабдықтарын пайдалана отырып жуылады. Дезинфекция ерітінділерін пайдалана отырып, аптасына 1 рет жалпы тазалау жүргізіледі. Бөлімшенің тазалау мүліктеріне (шелек, шүберек) белгі қойылады және дәретхана, палата, ванна, дәліз, емдеу кабинеттерінде және т.б. бөлмелер үшін жеке пайдаланылады.
Белгі соғылған тазалау мүліктері катаң белгіленген орындарда сақталады және белгілі бір мақсатта ғана қолданылады. Осы мүліктерді басқа бөлмелерді және басқа да мақсатты істерге пайдалануға рұқсат етілмейді. Пайдаланғаннан кейін мүліктері мен шүберекті жинап зарарсыздандырылады және тиісті жерде сақтайды.
Бөлімшедегі қызметкерлерді медициналық бақылау мен тексеру
Науқастардың арасында ауруханаішілік инфекциялық ауру пайда болған жағдайда барлық қызметкерлерге кезектен тыс медициналық тексеру жүргізіледі.
Аурухана бөлімшелерінде наукастардың инфекциялық ауруларына орай іс-шаралар жүргізіледі. Науқастардың қызуы көтерілген кезінде (37,5° С және жоғары) 5 күн бойы тифопаратифоз, риккетсиоз және басқа да инфекцияларға орай бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алады.
Науқастан жұқпалы ауру белгісі байқалғаннан жұқпалы аурулар ауруханасына (бөліміне) ауыстырғанға дейін оны оңаша палатаға оқшаулау керек.
Инфекциялық аурумен қатысты науқастарды оңаша палатаға ауыстырады және белгілі мерзімге дейін оларға бақылау жасалынады, науқасты шығарар кезде жұқпалы аурумен қатысты болғаны туралы мекен-жайына орай санитарлы эпидемиялогиялық станцияға хабарлайды. Босатылған палатаға соңғы зарарсыздандыру жүргізіледі.
Емдеу бөлімшелерінің асхана, буфеттеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп
1. Аурухананың тамақ бөлімшелерінде қолданыстағы санитарлық ережесінде қаралған тағамның құрамы, дайындауы және сақтау талабы қатаң бақылануы керек.
2. Тамақ бөлімшелерінің көрінетін жерінде Санитарлық ереже ілулі тұру керек. Бұл ереже аурухана басшылығы мен аурухананың тамақ бөлімшесінде жұмыс жасайтын әр қызметкерге мәлімет ретінде жеткізіледі.
3. Тамақ блоктарының, буфет және тарату жұмыскерлерінің медициналық бақылау мен тексеруі медициналық байқаудың қолданыстағы міндетті нұсқауына сай жүргізіледі.
4. Тамақ блоктарының қызметшілері санитарлық минимум сынағынан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі.
5. Тамақ блоктары бөлмелерінде аурухана бөлімшелерінің асхана ыдыстарын жууға қатаң тиым салынады. Асхана ыдыстарын жуу бөлімшенің буфеттерінде өткізіледі.
6. Аурухана бөлімшелерінің буфет пен тамақ блоктарының жабдықтары аурухана жабдықтарының қолданыстағы табеліне сәйкес болу керек.
7. Тамақ тағамдары мен нанды орталықтандырылған түрде жеткізу мүмкіндігі болмағанда, оны тасу үшін арнайы (жабық) көлік бөлінеді, яғни кем дегенде жылына 1 рет санэпидемиялық орындарында құжаттау жүргізіледі. Бұл көлікпен жамылғы, жабдық, науқастарды, т.б тасуға тыйым салынады.
8. Жартылай дайын тамақтар тасу.
9. Аурухананың буфеттік бөлімшелеріне дайын тамақтарды көлікпен әкелу кезінде термос, қол арба, мармитті қол арба немесе тығыз жабылғы ыдыс қолданылады. Оларды жуу және сақтау тамақ блогы жанынан арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асырылады.
10. Аурухана жанындағы буфетті бөлмелер:
- буфетті ыстық сумен қамтамасыз ететін жүйені барлығына қарамастан
ыстық және суық су үздіксіз қызмет көрсету үшін электр қайнатқышпен
жабдықталу керек;
- қосылған қос секциялық жуатын ванна, ыдыстарды кептіру мен шаюға
арналған тор;
- тамақтарды жылытуға арналған электроплитка және мармитті қондырғы;
- асхана ыдыстары мен құралдарын сақтайтын және тағамдарды (нан, тұз,
қант) сақтайтын шкафтар;
- тамақтарды таратуға арналған гигиеналық жабуы бар үстел;
- бір науқасқа арналған ыдыстар жиынтығы: бір шұңғыл, ұсақ және тәтті тағам тәрелкелері, шанышқы, асханалық және шай қасық, кружка;
- ыдыстарды қайнататын және езетін бак;
- дезинфекциялык және жуатын құралдар;
- "Буфет үшін" белгісі бар жинайтын мүліктер (шелек, шүберек, щетка, т.б) қамтамасыздандырылу керек.
11. Дайын тамақты дайындап болғаннан кейін, оны бөлімшелерге жеткізіп таратуды қосқанда 2 сағат бөлінеді. Тамақ тарату кезінде және көлікпен әкелгенде ластанбауы керек.
12. Ерекше технологиялық талаптарға емдеу тағамдарын дайындауда диеталық тағам патогенді микроорганизмдерді дамытуға қолайлы болып есептеледі.
13. Науқастарға таратқаннан калған тамақты буфетке қалдыруға қатаң тиым салынады. Сонымен қатар тамақ қалдығын жаңа тағамдармен араластыруға болмайды.
14. Науқастарға тамақты кезекші мейірбике немесе буфетші таратады.
15. Тамақты "тамақты тарату үшін" деген халатпен тарату керек.
16. Палаталарды немесе басқа да бөлмелерді жинайтын техникалық қызметкер тамақ таратуға жіберілмейді.
Бөлмедегі ауыр науқастардан басқа науқастар арнайы бөлінген асхана бөлмелерінде тамақтанады. Науқастардың жеке тағам өнімдері (үйден келген тағам) шкафта (құрғақ тағам) тумбада және арнайы мұздатқыш шкафта (тез бұзылатын тағам) сақталады.
17. Науқастарға берілген тағам өлшемі мен ассортименті дәрігердің рұқсатымен қабылданады.
18. Әркез тамақты таратқаннан кейін буфет пен асханалар дезинфекциялық ерітінді пайдалана отырып, мұқият тазаланады.
19. Ыдыстардың майсыз болуы қарастырылады. Ыдыстардын, кірлеуін қарастыра отырып, мына ретпен жуылады: шайқасық пен кружка, тәрелкелер, содан соң асханалық құралдар. Буфет бөлмелерінің көрінетін жерінде ыдыстарды зарарсыздырудың және жуудың нұсқауы ілулі тұру қажет. Асхана ыдыстарын жуу;
- қалдықтарға арналған ыдысқа тамақ калдықтарын щетка немесе күрекшемен салады;
- 45 минут деохлор 0,015 % ерітіндісімен зарарсыздандырылады;
- жуу құралдары қосылған 40°С қыздырылған сумен жуу;
- 1 -секциялы ваннаға қарағанда 2 есе аз жуу құралдары қосылған 40°С
қыздырылған сумен жуу;
- ағып тұрған ыстық суда (40°С) ыдыстарды шаю;
- кептіру.
Асхана жабдықтарын ыстық суға буландырады.
20. Ыдыс пен үстелдерді жууға арналған шүберектерді тазалап болғаннан кейін, 0,1 % деохлор ерітіндісіне 60 минутқа малып қояды, сосын кептіреді және арнайы белгіленген орында сақтайды.
21. Тазалағыш мүліктерді еден жуып болғаннан кейін, сол тазалауға қолданылатын шелекке 0,1 % деохлор ерітіндісін құйып қояды, одан әрі ағып тұрған суға шайып, кептіреді, мүліктің қажеттілігіне орай, қолданылуына бақылау жасалынып отырады.
22. Тамақ бөлмесі мен буфеттегі қызметшілер жеке бас гигиенасын ережеге сай сақтауға міндетті. Тамақ бөлімшесінің қызметкері дәретханаға барар алдында халатын шешу керек. Дәретханадан кейін қолын 2 минуттай О,1 % "Дезоксона- 1%" ерітіндісінде өңдейді.
23. Аурухана бөлімшелеріндегі тамақ бөлімдері мен буфеттегі жабдықтарға және тамақтың ұйымдастырылуына аурухананың бас дәрігері жауап береді.
24. Тамақты дайындау және тарату кезіндегі санитарлық талапты бақылауға бөлімшенің буфетшілері мен аспаздар жауап береді. Диеталық дәрігер тамақ бөлімшесінің қызметкерлерінің санитарлық талабына бақылау жасайды.
АСЕПТИКА ЖӘНЕ АНТИСЕПТИКА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Ауада, қоршаған ортада, адамның терісі мен шырынды қабығында өмір сүретін өте көп әртүрлі микробтар болады. Бұл микробтар адам организміне өздігінен ене алмайды, тек адамның терісі мен шырынды қабығының қорғану қабілеті (барьерлі функциясы) бұзылған немесе әлсіреген кезде (терісі жырылып кетсе, жарақаттанып қалса, күйсе) және медициналық ем-дом жасау тәртібінен ауытқыған кезде (ине шаншу кезінде, вена тамырына ине шаншу сәтінде) организмге енуі мүмкін. Хирургиялық манипуляциялардың зардабынан мысалы: терідегі тілік, дәрі құйған жер, операция жасаған орын арқылы денеге еніп, бүкіл организмге тарауы ықтимал. Микроорганизмдердің денеге енуінің зардабынан әртүрлі қабунылар пайда болады. Микроб тілікке түссе жарасы іріңдеп кетеді. микробтардың тері астындағы тіндерге түсуі кесірінен дүмпіп қабыну (флегмона) мен соқталанып қабыну (абсцесс) кездеседі. Егер микроб пен ірің қанға түссе, онда жалпы организмде хирургиялық инфекцияның етек алып өрбуіне жағдай туады. Мұны хирургиялық сепсис немесе септикопиемия дейді. Инфекцияның бүкіл денеге таралуына жалпы организмнің қорғану қабілетінең кенеттен төмендеуін, оның мұздауы, арықтауы, созылмалы кеселге ұшырауы кесірін тигізеді. Жараның іріңдеуін болдырмау үшін, оған түскен микроорганизмдердің денеге тарауына қарсы күресу.шін «Асептикаң және «Антисептиң деп аталатын шаралар жүзеге асыру қажет.
Асептика дегеніміз микробтардың жараға түсуінен сақтандыратын қарсы шаралар. Медицина қызметкерлерінің құрал-саймандары, таңатын және тігетін материалдарындағы микробтар мен олардың жұмыртқаларын (спораларын) зарарсыздандыру (стерилизациялау) арқылы асептикаға қол жеткізуге болады. Зарарсыздандыру үшін ежелден-ақ қайнатуды, күйдіруді, қыздыруды, құрғақ бумен булауды, ылғалды бумен жоғары қысымда ұстауды пайдаланып келгені белгілі. Осы заманғы зарарсыздандыру әдістеріне ультрафиолетті сәулелер (бактерицидті шамдар), гамма-сәулелері, ультрадыбыстар жатады.
Зарарсыздандыруды қажет ететіндер: таңатын жабдықтар, әртүрлі (төсеніштер, жаялықтар, халаттар), құрал-саймандар, шприцтер, сырқат күтіміне арналған жабдықтар, сол сияқты хирург пен мейірбикештің қолдары.
Жараларды таңуға қажетті шүберектер мен жабдықтарды авитоклавтың ішінде жоғары бу қысымымен зарарсыздандырады. Сондықтан бұл әдісті автоклавтау деп атайды.
Таңуға қажетті шүберектер мен жабдықтарды металдан жасалған қобдишалардың (бикстердің) ішінде сақтайды. Бикстердің кенерелерінде бу кіретін тесіктері болады, жабдықтар зарарсызданып біткен соң, жылжымалы ішкі кенересін жылжыту арқылы жауып қояды. Егер бикс кенерелерінде тесіктер ашық қалса, онда оның ішіндегі жабдықтары зарарсызданбаған болып есептеледі. Таңатын жабдықтарды қатты тоқымадан жасалған дорбалардың ішіне салып та зарарсыздандыруға болады. Автоклавтаудан өткен жабдықтарды зарарсызданғанын арнайы жасалатын сынаулар көмегімен бақылайды. Бике ішіне жабдықтармен қосып балқу нүктесі 120ӘС болтын күкірт ұнтағын антипирин, амидопирин немесе басқа бір заттарды қосып салады. Жоғары температурада (120-134ӘС) салынған заттар балқиды. Егер заттар балқымай қалса, онда бикстің ішіндегі жабдықтар зарарсыздану температурасына жетпеген. Кейде Микулич әдісін пайдалануға болады: фильтрлі қағазға қарындашпен “зарарсызданған” деп жазып, үстіне крахмал клейстер жағады да, йодтың суға ерітілген ерітіндісіне малып алады, сол кезде қағаз біркелкі көк түске боялып жазу көрінбей кетеді. Осы қағазды жабдықтармен бірге бикстерге салады. 110ӘС-дан жоғары температураның әсер етуімен крахмал декстринге айналады да, көк түске боялған қағаздың өңі қайтадан ағарады, сөйтіп “зарарсызданған” деген жазу қайта көрінеді.
Күмәнді болмас үшін зарарсызданған шүберек жабдықтар міндетті түрде құрғақ болуы керек.
ЕМХАНАДА САҚТАЛЫНАТЫН АСЕПТИКА ЖӘНЕ АНТИСЕПТИКА ЕРЕЖЕЛЕРІ
Аурухана ішілік инфекция деп ауруханада ем қабылдап жүрген немесе емханаға емдік көмекті қажет етіп келген науқастардың және емдік мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлердің денсаулығын зақымдайтын әр түрлі жұқпалы ауруларды атайды. Тыныс алу жолдарының және зәр шығару жүйесінің инфекциясы ең көп таралған инфекция.
Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында аурухана ішілік жұқпалы ауруларға инфекциялық бақылауды жүргізу кезіндегі жұмыс жағдайы мен медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ережесі мен нормалары 15 тамыз 2006 жылғы №349 бұйрықта көрсетілген.
Аурухана ішілік инфекцияның дамуы үшін қандай да бір эпидпроцестің үш бағыты болуы қажет: қоздырғыш, қоздырғыштың тарауы және адам ағзасының инфекцияны қабылдау қабілеті. Қоздырғыштар қатарына бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, паразиттер жатады. Тарау жолдары:
- ауа-тамшысы, шаңды-ауа;
- қарым-қатынас арқылы;
- тағамдық;
- ортифициальды (жасанды).
Инфекцияға ауру салдарынан немесе операциядан кейінгі әлсіреген науқастар бейім. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алу шараларының негізгі жолдарына – инфекция қоздырғыштарының көзін жою (науқастар мен медицина қызметкерлерін зерттеуден өткізу, антибиотиктерді дұрыс тағайындау, антисептикалық заттарды алмастыру), тарау жолдарын тоқтату (асептиканы қатаң сақтау, залалсыздану мен дезинфекцияға тиімді бақылау өткізу), адам ағзасының ауруға қарсы тұру қабілетін (иммунитет) жоғарлату үшін егу жұмыстарын жүргізу (тұмау, БЦЖ, дифтерия, сіреспе, гепатит т.б.) жатады.
Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын алу шаралары №8.01.011.2001, 06.03.2001 жылғы санитарлық ереже мен қағида арқылы жүргізіледі.
Асептика
Асептика деп жараға немесе науқас ағзасына микроорганизмдердің енуінің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жиынтығын атайды.
Асептиканың мақсаты ағзаның әсіресе науқастың операциядан кейінгі жарасын инфекциядан сақтау.
Инфекция науқастың өзінің организмде (эндогенді) орналасуы мүмкін. Оның көзі – науқас терісі, асқазан – ішек жолдары, ауыз қуысы, түрлі аурулар кезінде болатын инфекция ошақтары (тіс жегісі, созылмалы инфекция). Инфекция ошағынан микроорганизмдер жараға гематогенді, лимфогенді, қарым-қатынас арқылы беріледі. Эндогенді инфекцияның алдын алу үшін емдік – профилактикалық мекемеге ем қабылдауға келген науқастар толық зерттеуден өткізіледі. Бұл зерттеуге жалпы қан және зәр анализдері, RW-ға және 50 формаға (адамның иммунотапшылығын тудыратын вирустың антиденесін анықтау үшін) биохимиялық қан анализдері, нәжісті глистке қарау, ауыз қуысына санация жасау жатады. Аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу мақсатында жедел респираторлы аурулармен ауыратын науқастарға немесе жедел жұқпалы аурулармен ауырып болғаннан кейінгі балаларға екі апта мерзім ішінде жоспарлы операция өткізуге болмайды. Жедел операциялар кезінде, уақыттың аздығынан баланы толық зерттеуден өткізу мүмкін болмаса, операциядан кейінгі кезеңде емдеу үшін қосымша антибиотиктер, антисептиктер тағайындалады.
Экзогенді инфекция жараға сыртқы ортадан ауа-тамшы жолымен (шаңның бөліктері бар ауа мұрынға, жұтқыншаққа, жоғарғы тыныс алу жолдарына түседі), қарым-қатынас арқылы (залалсызданбаған құрал-саймандардан, таңуға арналған маталардан, медицина қызметкерлерінің қолдарынан), имплантациялық жолмен (тігуге арналған және пластикалық материалдардан, протездерден) енеді.
Ауа – тамшылық жолмен енетін инфекцияның алдын- алу үшін көптеген шаралар жиынтығы өткізіледі. Оның ең негізгісіне хирургиялық бөлімшелерде асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтау принципі жатады. Қабылдау бөлімінде науқастар санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізіледі:
- гигиеналық ванна немесе душ;
- науқасқа таза киім кигізу;
- науқасты қарау.
Хирургия бөлімшесінде антисептикалық заттармен таңертең және кешке күнделікті ылғалды тазалау жүргізіліп, соңынан кварцтау өткізіледі. Қабырғаларды ылғалды маталармен 3 күнде 1 рет жуып, сүртеді. Айына бір рет қабырғалардың жоғарғы бөлігін және төбенің жарық шамдарын, терезе мен есіктің жақтауларын шаңнан тазартады. Сырқаттарға келуші адамдардың хирургиялық бөлімшеге кіруі үшін олардың сыртқы түрі, киімі және жағдайы сай болуы қажет. Медицина қызметкерінің ауыстыратын аяқ киімі, халаты (арнайы киім), бас киімі, маскасы мен қолғабы болуы керек. Арнайы киіммен бөлімшеден тыс жерге шығуға тиым салынады. Инфекцияның алдын-алу мақсатында бөлімшені міндетті түрде таза және іріңді – септикалық палаталарға бөледі.
Операциялық блокта асептика ережелері қатаң сақталынуы керек. Ауаның ластануын болдырмау үшін аймақтық принцип қолданылады: абсолютті залалсызданған аймақ (операциялық және залалсыздау бөлмесі), салыстырмалы залалсызданған аймақ (наркоз, операцияға дейінгі, жуатын бөлме), шектелген режимдегі аймақ (қанды сақтайтын, аппарат тұратын бөлмелер, жедел анализдерді жасайтын зертхана, медбикелер мен дәрігерлер бөлмесі, киім – кешек бөлмесі, дәліз) жалпы аурухана ішілік режим аймағы (бос медбикенің және бөлім меңгерушісінің бөлмесі, кір жаялықтарға арналған бөлме).
Операция және таңу бөлмелерінде тазалаудың бірнеше түрлері өткізіледі:
- алдын-ала тазалау (жұмысты бастамас бұрын дезинфекциялайтын ерітінділермен барлық горизонтальды беткейлерді сүрту, залалсызданған үстелді дайындау);
- ағымды тазалау (күні бойы өткізілетін). Пайдаланған таңу материалдарынан, құрал-саймандардан, жаялықтардан (операция бөлмесін) босату, үстелдерді, еденді дезинфекциялайтын ерітінділермен сүртіп, келесі болатын операцияға құрал-саймандар мен залалсызданған үстелді дайындау;
- соңғы тазалау (барлық операциялардан кейін, жұмыс күні аяқталғаннан соң едендер мен горизонтальді беткейлерді жуу, бактерицидті шамды қосу);
- түпкілікті тазалау аптасына 1 рет өткізіледі (барлық беткейлер тазалану керек: еден, қабырғалар, төбе, шамдар, аппараттар).
Ауада болатын инфекциялармен күресу үшін бактерицидті шамдар қолданылады. Бір бактерицидті шам 2 сағат ішінде 30 м2 ауаны залалсыздандырады. Олар операция бөлмесінде, таңу, процедура бөлмелерінде (егу бөлмесі), операциядан кейінгі және реанимация бөлмелерінде, іріңді ауруларға арналған палаталарда міндетті түрде болуы керек. Шамды қосқаннан кейін науқастар мен медицина қызметкерлері ол бөлмеден шығуы керек, ал қатаң төсектік режимдегі науқастар жаялықпен жабылуы тиіс. Сондай-ақ бөлмені желдету және вентиляция өткізу арқылы ауаның микроорганизмдермен ластануын азайтуға болады. Бактериальді фильтрі бар кондиционерлерді қолдану өте тиімді.
Хирургия бөлімшелерінде жұмыс жасайтын медицина қызметкерлерінің жеке бас гигиенасының сақталыну ережелері бақыланады, тұмау мен іріңді аурулардың бар-жоғы тексеріліп, 3 айда 1 рет жұтқыншақтан стафилококк тасымалдаушылығына зерттеу жүргізіледі.
Микроорганизмдердің ауа-тамшылық жолмен таралуының алдын-алу үшін маскаларды қолдану керек. Маскалар мұрын мен ауызды толығымен жауып тұрады және оларды ылғалданған кезде ауыстыру қажет. Маскаларды операция, таңу бөлмелерінде, егу бөлмесінде, операциядан кейінгі палатада, әр түрлі манипуляциялар өткізген кезде міндетті түрде киеді.