Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар




Көзасты аймағының абсцестері мен флегмоналары. Бұл аймақтың анатомиялық шектері: көз ұясының қыры, жоғарғы жақ сүйегінің альвеолдық өсіндісі, мұрынның бүйір қабырғасы, жақ және шықшыт сүйектерінің жігі. Бұл жерде, борпылдақ (жұмсақ) фасциялармен қоршаған „күлкі бұлшықеттері" орналасқан. Еттердің арасында, көзасты аймағынан шықшыт және ұрт аймақтарына ірің тарайтын шел (май) клетчаткасы болады. Сондай-ақ инфекцияның таралуына, өте көп веналық тордың болуы, оның бұрыштық вена арқылы көз шарасы (ұясы) веналарымен жалғасуы үлкен рөл атқарады. Көзасты аймағында іріңді процестің пайда болуына, бүзылған жоғарғы ит азулары және кіші азу тістер, кей жағдайда кіші күрек тістер мен екінші премолярлар себепші болады.

Клиникасы. „Айбат" шұңқырында, ісік пайда болып, домбығу мұрын қапталына, жоғарғы және төменгі қабақтарға, шықшыт аймағына, жоғарғы ерінге тарайды. Соның әсерінен мүрын-ерін қатпары тегістеледі, езуі төмен түседі, көз саңылауы жабылады. Науқас, көзасты аймағы нервісінің қысылып, тітіркенуінен болатын интенсивті (үдемелі) ауруына шағым айтады. Кейбір жағдайларда, тері қабатының да іріңді процеске шалдығуы ықтымал. Тері қабаты қызарып, қолмен басқанда флюктуация байқалады.

Емдеуі. Іріңді затты шығару үшін, ауыз қуысы арқылы өтпелі қатпарды 3-ші, 4-ші тістің тусында кесіп, сүйектің сыртқы қабығын тіледі де, қан тоқтататын қысқаш арқылы, жоғарғы жақ сүйегінің алдыңғы бетінде орналасқан бұлшықеттердің арасын ашып, „айбат" шұңқыршасына жетеді. Іріңді сырттан шығару үшін үзындығы 2,5 см етіп ерін-мұрын қатпары бойымен тіледі.

Асқынулар. Көзасты қырының остеомиелиті, гайморит, флебит.

Шықшыт (бет) сүйегі аймағының абсцестері мен флегмоналары. Бұл аймақтың шегі шықшыт сүйегінің шегіне сай келеді, жоғарғы жағында орбита қыры мен самай шүңқыршасының төменгі қыры, алдында — көзасты аймағы, астында—ұрт аймағы, артында — құлақ маңы шайнау бұлшықеті аймағы орналасқан.

Бұл аймаққа іріңді зат көрші клетчаткалы кеңістіктерден кіреді де, жайылмалы, өте қатты ауыратын инфильтрат және коллатеральды домбығу пайда болады.

Қабыну құлақмаңы-шайнау бұлшықеті аймағына тараса, төменгі жақ сүйегінің қабыну контрактурасы болуы мүмкін.

Емдеуі тек хирургиялық жолмен жүреді. Инфильтраттың төменгі полюсімен, бет нервісінің бұтақтарына параллель етіп, ұзындығы 2—2,5 см тері қабатын кеседі де, қан тоқтатқыш қысқашпен қабынған тіндерді ашып іріңді шығарады. Ірің шыққан қуысқа хирургиялық қолғаптан жасалған дренаж (түтікше) қойып жараны таңады.

Көз шарасының абсцестері мен флегмоналары. Көз шарасының клетчаткалы кеңістігіне инфекция тромбофлебитте бұрыштық вена арқылы, гаймор куысынан, самайасты жәңе қанатша-таңдай шұңқыршасы флегмонасынан енуі мүмкін.

Көз шарасы флегмонасының клиникалық көрінісі өте ауыр болады: дене қызуы жоғары көтеріліп, зардапты бас ауруы пайда болып, улану күшейеді. Қабақ домбығып, (хемоз) шырышты қабығының айналып сыртқа шығуы (экзафтальм), көздің шарасынан бұлтиып шығуы (диплопия) пайда болады (19-сурет).

19-сурет. Көз ұясының флегмонасы.

 

Ірің көз шарасының тереңіне (бөлімдеріне) кеулесе, „көз алмасының" қимылы бұзылады.

Көз шарасы флегмонасына ұшыраған науқастарды емдеу окулистің, нейрохирургтың, стоматологтың кеңесінен кейін ғана жүргізіледі.

Іріңді шығару үшін көз шарасының төменгі-сыртқы қырының терісін, шел клетчаткасын, фасциясын тіліп, қан тоқтатқыш басы иілген қысқаш аспапты, көз ұясының сыртқы қабырғасымен сүйекке тақай отырып, терең жылжытады да, іріңді шығарады. Жараға дренаж қояды. Көру нервісінің көп уақыт бойы басылып қалуы — соқырлыққа себепші болады. Сондықтан, ауыр қабыну жағдайларында, көз шарасының іріңін, гаймор куысы арқылы

шығаруға тура келеді. Бұл жағдайда гаймор қуысын ашып (трепанация), оның жоғарғы сүйек қабырғасын алып тастайды да көз ұясына кіреді. Гаймор куысын ашық қалдырып, күнделікті жуып тұрады. Гаймор куысының ауыз жағындағы трепанациялық тесігі, 10—15 күнде өз бетімен жазылады.

Самай шүңқыршасының абсцестері мен флегмоналары. Самай шұңқыршасының шегі: жарты ай тәрізді бұлшықет — үстіңгі және артқы шегі, шығыңқы бет сүйегінің маңдай өсіндісі — алдыңғы, шығыңқы бет сүйегінің самай өсіндісі, шығыңқы бет сүйегі доғасы және самайасты қыры астыңғы шегі болып табылады.

Самай шұңқыршасы сыртынан қалың апонерврозбен қапталған, ол бас сүйегімен тығыз бітіскен, тек төменгі шегінде ғана ұрттың май түйіншегі, самайасты және қанатша-таңдай шұңқыршаларымен байланысты. Самай шұңқыршасына инфекция осы клетчаткалы кеңістіктерден кіреді. Әсіресе, іріңді қабынудың пайда болуына үстіңгі азу тістер жиі себепші болады.

Самай аймағында бірнеше қабат клетчаткалы кеңістіктер бар: 1 қабат — теріасты шелі, 2 қабат — самай бұлшықеті мен апоневроздың арасында, 3 қабат — самай бұлшықетінің астында (самай сүйегі бетінде), ең тереңі.

Теріасты шел қабатының флегмонасында — үлкен шегі көмескі инфильтрат пайда болады, бұлшықет қабынбайды, сондықтан контрактура байқалмайды. Клиникалық көрінісі ауыр емес. Іріңді шығару үшін инфильтраттың төменгі шегін бойлай кеседі.

Егер ірің 2-ші қабатта орналасса, клиникалық көрінісі ауырлау болады. Интоксикация күшейіп, II дәрежелі қабыну контрактурасы пайда болады. Іріңді шығару үшін самай шұңқыршасын алдыңғы шегінде тіледі де, жоғарғы азу тістердің өтпелі қатпары арқылы контрапертура жасайды. Дренаж ауыз қуысындағы және сыртындағы кесілген жараны қосып бұруы қажет. Сондай-ақ жараны жылы антибиотик, антисептик және фермент ерітінділерімен жу-ып тұрады. Терең, бұлшықетасты клетчаткасы қабатының флегмонасында да интоксикация күшейіп, дене қызуы жоғары көтеріледі, қабыну контрактурасы пайда болады. Сырт көзбен қарағанда жастық тәрізді көтерілген инфильтратты, қабақтың домбығуын, терінің керіліп тұрғанын көруге болады. (20 сурет)

20-сурет. Самай аймағының флегмонасы.

 

Флегмонаны кесіп — ашу үшін, (терең және жайылмалы) самай бұлшықеті талшықтарының бойымен, ұзындығы 4—5 см етіп, 2— 3 радиальды және самай бұлшықетінің бекіген жерінде доға тәрізді ұзындығы 9 см-дей етіп кесу керек те, бүлшықетті сүйектен ажырату қажет. Ірің шыққан соң жараға бірнеше жерден дренаж қою керек.

Самайасты және қанатша-таңдай шүңқыршаларының абсцестері мен флегмоналары. Самайасты шұңқыршасының анатомиялық шегі: артында — біз тәрізді өсіндіге бекитін бұлшықеттер, алдында — жоғарғы жақ сүйегінің бұдыры, латеральды (қапталында) — төменгі жақ сүйегі бұтағының ішкі беті, үстінде-самайасты қыры, медиальды жағында қанатша-таңдай шұңқыршасымен шектеседі.

Самайасты шұңқыршасы көзасты саңылауы арқылы — көз ұясымен (шарасымен), ал төмен жағында саңылаулы клетчаткалар аралығы арқылы жұтқыншақ маңы, жақ-қанатша кеңістігімен және ұрттың май түйінімен байланысады. Осы аймақта орналасқан қанатша (венозды) өрімдері, коллатеральдар арқылы бас сүйегі вена куыстарымен тіке байланысқан. Сондықтан инфекцияның бас сүйек қуысына тарап, өмірге қауіпті асқынулар тудыруы мүмкін. Самайасты және қанатша таңдай шүңқыршаларында іріңді процестің пайда болуына, жоғарғы азу тістер себепкер болады.

Бұл флегмоналардың клиникалық көрінісі өте ауыр, интоксикация күшейіп, зардапты бас ауыруы пайда болады, дене қызуы көтеріледі. Бірінші тәуліктерде өзгеріс байқай қою қиын, тек ауыз қуысы арқылы жоғарғы жақ бұдырын қолмен басқанда — қатты ауыратыны және өтпелі қатпардың тегістелгені байқалады. Кейінірек шығыңқы бет сүйегі доғасының жоғарғы жағында инфильтрат пайда болып, қабақ домбығады. Ірің жедел түрде жұтқыншақ маңына жайылып, жұтыну және дем алу процестерін қиындатады. Іріңді шығару үшін үлкен азу тістердің тұсында шырышты қабықты 2,5—3 см етіп тіліп, иілген қан тоқтатқыш қысқашты жоғарғы жақ бұдырымен астынан жоғары қарай, сырттан ішке қарай, алдынан артқа қарай бағыттап, қанатша-таңдай шұңқыршасының кіре берісіне жетеді де, қысқаштың аузын ашып сол бойымен кейін шығарады. Ауыз куысын антисептик ерітінділерімен жиі шайқау керек.

Жүмсақ және қатты таңдайдың іріңді процестері. Жұмсақ таңдайдың аумағында аз ғана клетчаткалардың бар екені анық. Сондықтан осы жерде абсцестер мен флегмоналардың пайда болуы ықтимал. Бүл жерге инфекция, көбінесе жоғарғы үшінші азу тістің түбір ұшынан жетуі мүмкін. Жұмсақ таңдай мөлшері дереу үлкейіп, сау жағына қарай жылжыған, бұлшықеттері шала салға, парезге ұшыраған.

Емдеуі. Шырышты қабықтың томпайып көтеріліп тұрған жерін, алдынан артқа қарай ұзындығы 2 см етіп тіледі. Қатты таңдайда абсцестер альвеолдық өсіндінің таңдай бетіне жақын орналасқан, бұзылған тіс түбірлерінен пайда болады (кіші күрек тістер, бірінші азу тістің таңдай түбірі). Қатты таңдайдың шырышты қабығының астына жиналған ірің қатты ауырады, өйткені бұл жерде борпылдақ клетчатка болмайды. Сондықтан шырышты қабық сүйек сырты қабығымен бірге сүйектен ажырап, сезімтал нерв талшықтарының тітіркенуіне әкеп соғады. Абсцесті ашу үшін, шырышты қабықты инфильтраттың дәл ортасынан үшбұрышты не ромбы тәрізді етіп кесіп алып тастау қажет. Сонда ірің дереу, шығады, жараның шеттері тез жабыса қоймайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 538 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2242 - | 2052 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.