Ауыз сұйықтығы микрофлораның және тағам қалдықтарының резервуары болып табылады, олардан тіс жұғындылары қалыптасады; тіс жұғындылары мен ауыз сұйықтығында микроағзалардың сандары арасында тығыз корреляция анықталды. Осыны, сонымен қатар ауыз сұйықтығы – тіс қағына қарағанда зерттеу үшін қолжетімді материал екенін ескере отырып, клиникалық тәжірибеде жиі сілекейдегі микроағзалар құрамын зерттейді және зерттеу нәтижелері бойынша тіс жұғындыларының сапасы туралы жаңа түрде баға беріледі.
1. Spreptococcus mutans концентрациясын бактериологиялық анықтау. Ауыз сұйықтығын (3-5 мл) пробиркаға жинап, лабораторияға жібереді. Материалды сумен араластырып, селективті ортаға себеді, оны инкубациялайды. Сілекейдің 1 мл өсіп шыққан колониялар санын ескереді. Нәтижені КТБ – колония түзуші бірлікпен есептеліп, стрептококктардың индексі деп аталады. 2×105 КТБ/мл-ден артық индекс шамасы тіс жегісі даму қаупінің факторы ретінде қарастырылады.
2. Lactobacillus концентрациясын бактериологиялық анықтау. Әдістің техникалық орындалуы S.mutans анықтаудан колонияларды өсіруге селективті шарттарымен ерекшеленеді. Лактобацилл индексі 1×106 КТБ/мл жоғары болса, тіс жегісі даму қаупі едәуір екенінен қорытынды жасайды. Lactobacillus индексінің шамасы тәттіні қолдану деңгейі және КПЖС–мен өзара байланыстырады, бірақ гигиена индексі бойынша анықталатын тіс жұғындыларының санымен сәйкес келмейді.
3. Батырылған әйнектер әдісімен Spreptococcus mutans концентрациясын анықтау. Ауыз сұйықтығын жинау, тасымалдау, материалдық инкубация жағдайы және ортаны таңдау осы сатыларды жеңілдету үшін соңғы 30 жылда далалық жағдайда қолдануға болатын бактериологиялық тест–жүйесі жүргізіледі. Тест– жүйесі селективті қоректік ортамен толтырылған (құрамында S.mutans және S.sobrinus басқа осы ортада өсуге қабілетті барлық басқа оральды микроағзалардың өсуін тежейтін антибиотик бацитрацин бар), оның қақпағына кішкене пластиналы әйнек шпатель қондырылған флакон болып табылады. Материальды жинау үшін шпательді тіластына орналастыру жеткілікті, өйткені S.mutans кез келген жазық беткейге тез бекиді. Флаконды тығыз жабады, бұл кезде шпатель қоректік ортаға түседі. Флаконды термостатта 4 тәулік бойына инкубациялағаннан кейін шпательде өсіп шыққан колониялардың санын (тығыздығын) зерттейді. Өзінің материалын калибрлі бактериологиялық зерттеулер барысында тест–жүйесінің шығарушыларымен алынған КТБ/мл=1×103; 1×104; 1×105; 1×106 сәйкес келетін шаблондар– фотосуреттермен көзбен салыстыра отырып, бағалауды жүргізеді. КТБ/мл=105 кезінде тіс жегісінің жоғары қаупін анықтайды (сур. 5.12).
Сур. 5.12. Стрептококктар сандарының идентификациясы үшін шкала.
Сур. 5.13. Lactobacillus–тест.
4. Батырылған әйнектер тәсілімен ауыз сұйықтығындағы Lactobacillus концентрациясын анықтау. Тест–жүйе флаконнан және оған орналастырылып селективті ортамен жабылған шпательден (заттық әйнек) тұрады. Шпательдің беткейіне жаңа жиналған реттелген сілекейді құяды (шпательдің беткейінде сілекейдің 1 мл қалады деп есептейді), оны бос флаконға орналастырып, 2 тәулік бойы инкубациялайды (сур. 5.13). Нәтижелерін стрептококктар санын анықтағандай суреттер–шаблондар көмегімен бағалайды.
5. Лактобактериялар титрі. Материальды (ауыз сұйықтығын) тамақтанғаннан соң 1-3 сағаттан кейін жинайды. Бактериологиялық лабораторияда ауыз сұйықтығын біртіндеп он шақты рет 7-9 реттілікпен (10-9) араластырады, әрбір «ерітіндіні» қоректік ортасы бар бөлек флаконға сеуіп тастайды. Лактобациллалардың өсіп шыққан ең көп ерітіндінің логарифмдік көрсеткіші титр деп аталады. Титрі £10-4 жоғарылаған болса, сәйкес тіс жегісінің даму қаупі жоғары деп есептейді.