Бір жастан жеті жасқа дейінгі баланың тамақтануы.
Лекции.Орг

Поиск:


Бір жастан жеті жасқа дейінгі баланың тамақтануы.




Баланың балабақшаға келген бірінші күндерден бастап, педагог онда мәдени-гигиеналық дағдыларды, сонымен қатар балалардың бір-бірімен, тәрбиелеушімен, басқа балалармен дұрыс қарым-қатынастарды орнату үшін мәдени мінез-құлықтың қарапайым дағдыларын тәрбиелейді. Екі және үш жастағы балаларғажеке гигиена дағдыларын бойға сіңдіреді. Оларды киімінде, шашында тәртіпсіздікті байқауға үйретеді «Көрдің бе, бауың шешіліп қалды, бұрымшаң тарқатылып кетті - өзің жасай алмасаң, тәрбиелеушіден, күтушіден көмек сұра». Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастырады (киімді кию және шешу, оны мұқият жинап салу, түймені салу және ағыту, аяқ-киімнің бауын шешу және тағы басқа). Үлкендердің көмегімен тамақ ішер алдында және кірленіп қалса қол жууға, өз орамалымен, бет орамалмен, майлықпен сүртінуге, үстел басында тыныш отыруға, ұқыпты тамақ ішуге, қасықты оң қолында ұстауға үйретеді. Осы дағдылардың барлығын бірінші кіші топ балалары меңгеріп алуы керек. Балдырғандарды тазалық пен тәртіп сақтауға, аяғын жақсылап сүртуге, қоқыс тастамауға, жуынғанда еденге су төкпеуге үйретеді.Екінші кіші топта балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіруге жалғастырады. Оларды тамақты өз бетімен, ұқыпты ішуге, асықпай, шайнап жеуге, үстел басында тыныш отыруға, нанды үкпеуге үйретеді. Олар майлықты қолдана білуі керек, қажет болса, ауыздарын, бармақтарын сүрте білуі керек. Тәрбиелеушінің көмегімен балалар жуынғанда жеңді түріп қою, сабынмен жуу, қолды құрғағанша сүрту қажет екендігін ұғып алады. Балдырғандарды бет орамалды қолдануға, сырт келбетінде тәртіпсіздіктерді байқауға және оларды өз бетімен жоюға үйретеді. Тәрбиелеушіден немесе күтушіден көмекті қажет болса ғана сұрауға болады.Біртіндеп балалар ұйымдастырушылық мінез-құлықтың күрделі емес ережелерін меңгеріп алады. Тәрбиелеуші олар өздерін вестибюльде, жуынатын бөлмеде, асханада, ұйықтайтын бөлмеде, далада, қоғамдық орындарда және үйде қалай ұстау керектігін түсіндіреді. Орта топта балаларға қойылатын талаптар күрделіленеді. Төрт-бестегі балалар мінез-құлық мәдениетінің кейбір ережелерін біледі, оларды өз бетімен басшылыққа ала алады. Оларда көптеген мәдени-гигиеналық әдеттер бар, олар өздеріне қызмет көрсете алады: киіне алады, киімін шеше алады, жуына алады. Орта топтың тәрбиеленушілерінде тазалықты, ұқыптылықты тәрбиелей береді, оларды сырт келбетінде тәртіпсіздікті байқап, оны жоюға ғана емес, киімді, аяқ-киімді, жеке заттарды сақтауға үйретеді. Осы жастағы бала тісін ұйқыға жатар алдында тазалай алып, тамақ ішкеннен кейін ауызын шая алуы керек. Майлық пен тарақты өз бетімен және есіне салмай, қолданып, жөтелгенде және түшкіргенде теріс бұрылып, аузын бет орамалмен жаба білуі керек.

Тәрбиелеуші балаларды үстел басында өздерін мәдени ұстауға, тыныш тамақ ішуге, тамақты кішкентай бөлікпен жеуге, үстелден шыққанда үлкендерге рахмет айтуға үйретеді. Үлкен топқа көшкенде балаларда жеке гигиена әдеттері, ұқыпты және таза болу, дене тазалығын қадағалап отыру, шашын, киімін ретке келтіру дағдылары тәрбиеленген. Осының барлығы балаға жинақы болуға, серуендеуге немесе сабаққа барғанда өзінің сырт келбетін тексеру қажет екендігі есте сақтауға көмектеседі.

Мектепке дайындау тобында алдыңғы жас топтарында қалыптастырылған дағдылар бекітіліп, балалардың қажеттілігі болады. Уақтылы кезекшіліктер балаларға аспаптар мен нанды қол жумай, таратуға болмайтындығын, немесе жануарлардың торларын тазалағаннан кейін ең алдымен қолды сабынмен жақсылап жуу керектігін ұғып алуға көмектеседі.

Күн сайын аяқты жуу, тіс тазалау, ауызды тамақ ішіп болғаннан кейін шаю – осының барлығы үлкен балалардың басқа әдеттерінің ішінде болуы керек. Тәрбиелеуші әрбір баланың өз киімінің, аяқ-киімінің тазалығы, ұқыпты сырт келбеті, қоршаған ортадағы тәртіп туралы ойлайтындай, сырт келбетіндегі кемшіліктерді жоятындай жасауға тырысады. Ол қажет болса өз тәрбиеленушілерін түймені немесе үзіліп кеткен тоқыма бауды, аспа бауды тігуге, киім мен аяқ-киімді тазалауға үйретеді. Тәрбиелеуші оларды барлығын өз бастамасымен, үлкендердің ескертуінсіз жасай алуына дайындайды.

№9 практикалық сабақ тақырыбы:Асқорыту жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшелігі.

1. Асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі

2. Тамақтану гигиенасы

9- ОЖСӨЖ тақырыбы:Зат алмасу процестері

1.Тістер, тістердің алмасуы.

2.Зат және энергия алмасу

Есеп беру түрі: ауызша жауап беру.

СӨЖ тапсырмалары:

Физикалық даму, даму көрсеткіштері. (соматоскопиялық, физиометриялық, соматометриялық).

Есеп беру түрі: Кесте құру.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша)

1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

Оныншы апта

№ 10 дәріс тақырыбы :Мектеп жасына дейінгі балалардың тері гигиенасы

1. Балалардың тері ауруларының негізгі шығу себептері

2. Баладан шектен тыс тері бөліну себептері

Тері талдағыштары.Тері құрылысы.1 —Фатера —Пачини денешігі; 2 —Мейсснер денешігі; 3 — шаш қапшықшасындағы нерв шумақталуы; 4 —Краузе колбасы; 5 —мүйізді қабаттың нерв шумақталуы; Н — жүйке талшығы. «Енді жуынамыз» - дейді тәрбиелеуші жыл басында және барлығын көрсетеді: қалай жең түріп алу, қолды қалай сабындап, қалай жуу, қалай құрғағанша сүрту керектігін көрсетеді. Балалардың барлығы үлкеннің бақылауы мен байқауымен әрекет етеді. Осылай, күннен-күнге. Осы күнделікті қызметте мәдени-гигиеналық дағдылар жетілдіріп, әдеттер қалыптастырылады: тамақ ішер алдында және кірленгенде қол жуу, өзінің сырт келбетін қадағалап отыру. Бірақ балалар өсіп келеді. Және тәрбиелеуші біртіндеп оларға көбірек дербестікті береді. Ол балаларда ережелерге, сендіруге, ережелердің мәнін түсіндіруге деген саналы қатынасын дамытуға мүмкіндік беретін тікелей нұсқаулардан еске салуға, көрсетуден кеңес беруге, мысалдан әдіске көшеді. Педагог балалардың үнемі өсетін тәжірибесін, олардың дағдыларының жетілдірілуін, белгіленген ережелерді өз бетімен орындай алуын ескерген жағдайда ғана, балаларда тұрақты әдеттер қалыптастырылады, жаңа шарттарға көшкенде бұзылмайтын болады. Осыны ескермей, балаларда үлкендердің талаптарына бағыну әдеті ғана қалыптасады.Жуынуды дұрыс ұйымдастыру – мәдени-гигиеналық дағдылардың қалыптасу шарттары ғана емес (әсіресе үлкен топтарда), мектепке дейінгі үлкен бала бәрін өз бетімен де жасай алады: мұқият жуынуға, өзін ретке келтіруге, алайда мұндайда балалардың арасындағы жағымды қарым-қатынастарды тәрбиелеу аса маңызды. Жуынатын бөлмеде балалар әрқашанда өздерінің құрдастарының арасында болады. Тәрбиелеуші оларды қасындағыларға көңіл бөлуге, сыпайы, кішіпейіл болуға үйретеді. Мысалы, жолдасы өте алатындай, шетке шығу, жерге түсіп қалған орамалды көтеріп, орнына ілу, басқа балалар да уақытында жуынуы және үстел басына отыруы керектігін есте сақтап, басқа ештеңеге алаң болмау, кезекші өз міндеттерін орындауды уақытында бастауы үшін оны өз алдына өткізу.Құрдасқа деген жағымды қатынасты, қасында отырғандарға, сонымен қатар тамақты дайындаған адамдарға деген сыпайы қатынасты қалыптастыру үшін алуан түрлі жағдайларды қолданады.

№10 практикалық сабақ тақырыбы:Тері аурулары

1. Іріңді аурулар

2. Қышыма т.б. терідегі өзгерістерді ажырата білу.

10 - ОЖСӨЖ тақырыбы:Талдағыштар

1.Есту талдағышы

2.Тері талдағышы, олардың таралуы.

Есеп беру түрі: ауызша жауап беру.

СӨЖ тапсырмалары:

Тепе-теңдік немесе қозғалыс талдағыштары

Есеп беру түрі: реферат.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша)

1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

 

Он біріншы апта

№ 11 дәріс тақырыбы:Мектепке дейінгі ұйымдардағы орта гигиенасы

1. Мектепке дейінгі мекемелерді жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар

2. Жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар

№11 практикалық сабақ тақырыбы:Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісіне қойылатын талаптар.

1. Балабақша режиміне қойылатын гигиеналық талаптар.

2.Ғимараттарға қойылатын тәртіп құрылымы.

11 - ОЖСӨЖ тақырыбы:Адамның функционалдық жағдайы.

1.Баланың денсаулық жағдайының кешендік бағасы.

2.Денсаулық топтары

Есеп беру түрі:баяндама даярлау.

СӨЖ тапсырмалары:

И.И.Мечников пен П.Эрлихтың иммунитет туралы ілімі

Есеп беру түрі: реферат.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша)

1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

Он екінші апта

№12 Дәріс тақырыбы:Киім және аяқ киімді гигиеналық тұрғыда бағалау

1. Мектепке дейінгі балалардың киімі мен аяқ киіміне қойылатын гигиеналық талаптар

2.Бала киімін белгілеу.

Баланың балабақшаға келген бірінші күндерден бастап, педагог онда мәдени-гигиеналық дағдыларды, сонымен қатар балалардың бір-бірімен, тәрбиелеушімен, басқа балалармен дұрыс қарым-қатынастарды орнату үшін мәдени мінез-құлықтың қарапайым дағдыларын тәрбиелейді.Екі және үш жастағы балаларға жеке гигиена дағдыларын бойға сіңдіреді. Оларды киімінде, шашында тәртіпсіздікті байқауға үйретеді «Көрдің бе, бауың шешіліп қалды, бұрымшаң тарқатылып кетті - өзің жасай алмасаң, тәрбиелеушіден, күтушіден көмек сұра». Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастырады (киімді кию және шешу, оны мұқият жинап салу, түймені салу және ағыту, аяқ-киімнің бауын шешу және тағы басқа). Үлкендердің көмегімен тамақ ішер алдында және кірленіп қалса қол жууға, өз орамалымен, бет орамалмен, майлықпен сүртінуге, үстел басында тыныш отыруға, ұқыпты тамақ ішуге, қасықты оң қолында ұстауға үйретеді. Осы дағдылардың барлығын бірінші кіші топ балалары меңгеріп алуы керек. Балдырғандарды тазалық пен тәртіп сақтауға, аяғын жақсылап сүртуге, қоқыс тастамауға, жуынғанда еденге су төкпеуге үйретеді.

№12 практикалық сабақтың тақырыбы:Күн тәртібінің гигиенасы. Жеке бас гигиенасы.

1.Күн тәртібі.

2.Дене күтімі.

3.Киім мен аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.

12-СОӨЖ тақырыбы:Шаршау туралы түсінік

1.Жұмыс істеу қабілеті туралы түсінік.

2.Жұмыс істеу қабілетінің өзгеруі.

Есеп беру түрі:Реферат.

СӨЖ тапсырмалары:

Өсу мен даму заңдылықтары, олардың көрсеткіштері

Есеп беру түрі:презентация.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша)

1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

 

Он үшінші апта

№13 Дәріс тақырыбы:Баланы шынықтыру

1. Шынықтыру- денсаулықты нығайтуға және ағзаның қарсылығын арттыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде

2.Шынықтыру принциптері

Мектепке дейінгі жаста баланың организмі жылдам өседі. Оның жүйке жүйесі, сүйек-бұлшық ет жүйесі белсенді қалыптасып, тыныс алу аппараты жетіледі. Бұл кезеңде мықты денсаулықтың және дененің толыққанды өсуінің негіздері салынады. Мақсатты дене шынықтыру тәрбиесі балдырғандардың ақыл-ой дамуына жағымды әсер етеді: қоршаған заттар мен құбылыстар туралы білімдер көбейеді, кеңістікте және уақытта бағдарлау жетілдіріледі, мінез-құлықтың жақсы жақтары қалыптастырылады. Балалар құрдастар ұжымында әрекет етуге үйренеді: оларда байсалдылық, дербестілік, белсенділік, бастамашылдық, серіктестік сезімі, өзара көмектесу сезімі сияқты қасиеттер қалыптасады.Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу баланың денсаулығын нығайтуға бағытталған. Осымен қатар, ол маңызды міндет – мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу міндетін атқарады. Балалардың денсаулығының, олардың денелерінің өсуінің қамын ойлау оларда тазалыққа, ұқыптылыққа, тәртіпке деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуден басталады. Балаларда қоғамдық гигиена дағдыларын тәрбиелеу олардың денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады, тұрмыста, қоғамдық жерлерде өзін-өзі дұрыс ұстауға жағдай жасайды. Балалардың қажетті гигиеналық ережелерді және мінез-құлық нормаларын білулеріне және оларды орындауларына олардың денсаулығы ғана емес, басқа балалар мен үлкендердің денсаулығы да байланысты болады. Мәдени-гигиеналық дағдылар адам мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ұқыпты болу, бетті, қолды, денені, шашты, киім мен аяқ-киімді таза ұстау қажеттілігі гигиена талаптарымен ғана емес, адам қарым-қатынастарының нормаларымен де түсіндіріледі. Мәдени-гигиеналық дағдыларды ойдағыдай қалыптастыруға ұтымды ұйымдастырылған жағдай, анық күн тәртібі және үлкендердің балабақшада да, үйде де, балаға жақын, үйдегідей жылы жағдайда басшылық етуі жатады. Педагогтар және ата-аналар балалардың бойына балалық шақта сіңдірілген дағдылар, оның ішінде мәдени-гигиеналық дағдылар да адамға оның келесі өмірі бойы көп пайда әкелетіндігін есте сақтау керек. Мәдени-гигиеналық дағдыларды бала үлкендердің басшылығымен бойына сіңіп алады. Басқа балалармен бірге ол қол жууға, тамақты ұқыпты ішуге, киімінің дұрыс болуын бақылап отыруға, заттарға күтімді қарауға үйренеді. Онда дербестілік пен ұйымдастырушылық, мұқияттылық пен құнттылық қалыптасады да, үлкендер мен құрдастарға деген сыпайы қатынас тәрбиеленеді. Дене шынықтыру сабақтарында жалпы білім беру жаттығулар кезінде балаларға осы не басқа қимыл-әрекеттердің денсаулық және даму үшін пайдалы екендігін, бұл жаттығуларды жақсы желдетілетін залда немесе далада жасауға маңызды екендігін, өз дене шынықтыру киімін дұрыс ұстау қажеттілігі туралы, сабақ аяқталғаннан кейін оны мұқият жинап салып, қолын шынтағына дейін сабынмен жуып алу (беліне дейін сумен ысқылау) қажеттілігі туралы айтып беруге болады. Балалар мектепке дейінгі жаста жеке гигиенамен ажырағысыз байланысты қоғамдық гигиенаның қарапайым ережелерін, мысалы қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, кір қолын өзі ауырып қалмауы үшін және басқа адамдарды жұқтырмау үшін жуу керектігін білуі өте маңызды. Үлкен мектепке дейінгі балаларға алуан түрлі жолмен, оның ішінде кір қол, заттар арқылы берілетін жұқпалы аурулар туралы кейбір мәлімет беріп, осы ауруларды жұқтырып алуды қалай болдырмайтындығын түсіндіріп беруге болады. Үлкендер балалардың жуылмаған көкөністер мен жеміс-жидектерді жеп алмауын, тырнақтарын кемірмей, ауыздарына алуан түрлі заттарды, қарындаштарды салмауын, кітаптарды парақтағанда бармақтарын сілекеймен суламауын қадағалап тұруы керек. Балалардың жеке гигиена ережелерін игеруі баланың ол болатын алуан түрлі жерлерде өзін-өзі ұстай білуін талап етеді. Балалар пәтерде, топ бөлмесінде, қоғамдық ғимараттарда ғана емес, далада, саябақтарда, аулаларда, көлікте де қоқыс лақтыруға болмайтындығын жақсы ұғып алу керек. Мұнда көп нәрсе үлкендердің өздеріне байланысты болады, олардың өздері қаншалықты тәрбиеленгеніне, қандай мысал өз балаларына беретіндігіне байланысты болады. Мәдени-гигиеналық дағдылар жөніндегі барлық мәліметтер балалардың бойына күнделікті өмірде сіңдіріледі, яғни режимнің әрбір құрамдасында гигиеналық тәрбие үшін жағымды кез табуға болады.

№13 практикалық сабақтың тақырыбы:Бала денесін шынықтыру тәсілдері

1.Шынықтыруға орта факторларының әсері, шынықтыру тәсілдері

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың денелік дамуы

13-СОӨЖ тақырыбы:Оқу жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар

1. Оқу партасы мен орындықттарды дұрыс таңдау

2. Оқу құралдарын дұрыс пайдалану гигиенасы

Есеп беру түрі:Реферат.

СӨЖ тапсырмалары:

Арнайы шынықтыру процедураларын өткізу әдістері

Есеп беру түрі:Әдістемелерді өткізу.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша)

1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

Он төртінші апта

№14 Дәріс тақырыбы:Зақымданған кезде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек

1. Механикалық зақымданған жағдайда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек

2.Жарақат алғандағы алғашқы көмек

№14 практикалық сабақтың тақырыбы:Алғашқы дәрігерлік көмек

1.Ыстықтан және электр көзінен зақымдану

2.Үсік шалғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек

14-СОӨЖ тақырыбы:Асхана гигиенасы

1. Дәруменге бай тағам таңдау ережелері.

2. Күн рационының бала ерекшелігіне сай қадағалануы

Есеп беру түрі:Ауызша жауап беру.

СӨЖ тапсырмалары:

Дәрумендердің жіктелуі. Зиянды тамақ түрлері.

Есеп беру түрі:Әдістемелерді өткізу.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша)

1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

 

Он бесінші апта

№15 Дәріс тақырыбы:Балалардың аурулары және олардың алдын алу

1. Балалардың жұқпалы емес ауруларының пайда болуының негізгі себептері.

2.Алдын ала егілулер – балалар ауруынан сауықтырудың негізгі шаралары.

Балалардың гигиенасының әлеуметтік гигиена және эпидемиологиямен (адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының объективті заңдылықтары, профилактикалық әдістер және ол ауруларды жою туралы ғылым ) көп ортақтастығы бар, өйткені олар организмнің биологиялық табиғатының қоғамдық ортаға қатынасын зерттейді және керісінше. Балалар мен жасөспірімдер гигинеасы сол сияқты зияңды әсер ететін факторларды жою немесе әлсірту және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстар жасауға міндетті.Адам гигиенасы мен физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәурінде – Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы Абу-Али Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымның ережелері» деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған.Балалар мен жасөспірімдердің отандық гигиенасы көне замандағы «Владимир Мономахтың балаларға нақылы» (XI ғ.), Епифаний Славинецкийдің «Балалар әдеттерінің азаматтығы» (XVII ғ.) Феофан Проконовичтің «Жастытың адал айнасы немесе күнелтіс жүрістерінің көрсеткіші» (XIII ғ.) сияқты ескерткіштермен тамырлас. М. В. Ломоносов, оның замандастары әрі прогресшіл қайраткерлер И. И. Бецкой, Н. И. Новиков Россиядағы халықтың, соның ішінде балалардың денсаулығын жақсатуды жақтады. А. Н. Радищев Россиядағы өскелең ұрпақтың тұрмысын жақсарту және денсаулығын сақтауды крепостнойлық қоғамды жоюмен, оқытумен, дене шынықтырумен және балалардың мұңтаздайлығын арттырумен байланыстырады.Россиядағы балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі проблемаларын экспиременттік жолмен шешу, сол сияқты арнаулыф құралдар басып шығару тек Петербург дәрігерлік – хирургиялық академиясында гигиена кафедрасы ашылған соң (1871) ғана мүмкін болды. Кафедраны А. П. Доброславин (1842 – 1889) басқарды.А. П. Доброславин гигиенаның басты мақсаты «қоғамдық іс - әрекеттің әр түрлі жағдайларында, организмдегі физиологиялық тепе – теңдік заңдарын зерттеу және организмнің өндіргіш күштерінің сақталуы мен дамуы ең қолайлы жағдайларын зерттеу»деп есептеді.

№15 практикалық сабақтың тақырыбы:Иммунитет

1.Шынықтыруға орта факторларының әсері, шынықтыру тәсілдері

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың денелік дамуы

15-СОӨЖ тақырыбы:Ұйқы гигиенасы

1. Бала ағзасына ұйқының тигізетін әсері

2. Дұрыс ұйықтау ережелері.

Есеп беру түрі:Реферат.

СӨЖ тапсырмалары:

Баланы ұйқысыздық пен шаршаңқылықтан сақтандыру.

Есеп беру түрі:Әдістемелерді өткізу.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша)

1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990





Дата добавления: 2016-11-23; просмотров: 1120 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.024 с.