Медициналық симуляция сценариі
Клиникалық жағдай: «Өкпе ісігінің диагностикасы»
Жағдайлық есеп: Сіз – емхана дәрігерсіз. Қабылдауға 60 жастағы ер адам келді.
Ø Науқасты қарап және анамнезін жинаңыз (стандартталған науқас)
Ø Өкпе аускультациясын жүргізіңіз («Кплюс имитаторында»)
Ø Зертханалық-аспаптық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз
Ø Диагноз қойыңыз
Ø Емдеу жоспарын анықтаңыз (емдеу принциптері)
Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:
Шағымдары: қан жағындысымен қақырықты жөтел, кеуденің оң жақ бөлігіндегі ауру сезімі, әлсіздік, дімкәстік, дауыстың қарлығуы, арықтау.
Сұрақ мәнісі | Әртіске арналған сұрақты құру | Жауабы |
Жөтелдің сипаты | Жөтел қандай сипат алады, жиі, ұстама түрде, құрғақ, ылғалды? | Жөтел тұрақты сипатта қақырықпен |
Қақырық бөлінеді ме? Бөлінсе қандай түсте? | Жөтелгенде қақырық шығады ма, ол қандай түсте? | Қақырық қан жағындысымен |
Кеуде тұсындағы ауру сезімінің сипаты | Кеуде тұсындағы ауру сезімі тыныс алумен байланысты ма? | Кеуде тұсындағы ауру сезімі тыныс алғанда күшейеді |
Арықтаудың ұзақтығы | Қанша уақыт ішінде неше килограмға арықтады? | 6 ай ішінде 15-20 кг арықтады |
Анамнезінде: Бірнеше айдан бері әлсіздік, дімкәстік, тез шаршағыштық мазалайды, кейіннен физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, тәбетінің төмендеуі қосылды және 15-20 кг арықтады.
32 жылдан бері шылым шегеді.
Объективті: бойы 165 см, дене салмағы 55 кг, ИМТ-16. Науқас селқос, әлсіз, ентігу аралас сипатта. Дене бітімі астеникалық. Тамақтануы төмен. Тері жамылғысы боз. Тыныс алу жиілігі – 18 рет мин. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс оң жақ төменгі бөліктерінде әлсіреген, сырылдар жоқ («имитатор Кплюс» код: LSAT В 07).
Лабораторлы-инструментальды зерттеу әдістері:
Жалпы қан анализі Гемоглобин – 105 г/л Эритроциттер - 2,91 х 1012 /л Түсті көрсеткіш - 0,80 Тромбоциттер – 450 х 109/л Лейкоциттер – 8,3 х 109/л Таяқша - нейтрофилдер – 4% Сегментядерлі нейтрофилдер – 70% Эозинофилдер – 5% Моноциттер – 5% Лимфоциттер – 10% ЭТЖ – 65 мм/сағ | Қақырық анализі Түсі-қан аралас Консистенция – қою Эпителий – 8 – 10 к/а Лейкоциттер – 2 – 3 к/а Эритроциты – 10-17 к/а Атипиялық клеткалар- 4-5 к/а | ||
Қанның биохимиялық анализі: жалпы кальций - 4,5 ммоль/л (норма – 2,0-2,5 ммоль/л) | Қанның ИФА: Қандағы CYFRA 21-1:5,3 нг/мл (норма – 2,3 нг/мл көп емес) | ||
Бронхоскопия:оң жақ бронх қабырғасы қалыңдаған, гиперемирленген; шырышты қабаты гиперемирленген,беті фибринмен және некротикалық пленкамен жабылған жаралар бар. Биопсияға материал алынды. | Биопсиялық материалды цитологиялық зерттеу: атипиялық клеткалар анықталды | ||
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
Қорытынды нәтижесі (outcomes):
Ø Өкпе ақауы бар науқасты физикальді қарау және сұрастыруды жүргізу
Ø Өкпе ісігінің клиникалық диагностикасы
Ø Зерттеу мәліметтерін интерпретациялау: жалпы қан анализі, биохимиялық қан анализі, жалпы қақырық анализі, онкомаркерлерге қан анализі, кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы, бронхосокпия.
Ø Емдеу жоспарын құрастыру (емдеу принциптері)
Бағалау парағы (check-list)
«Өкпе ісігінің диагностикасы» клиникалық жағдай бойынша
Емтихан тапсырушының аты-жөні____________________________Емтихан күні __________
Емтихан қабылдаушы _____________________________________________________________
№ | Қадамдарды бағалау критерилері | Баллдық бағалау | ||
Дұрыс орындады | Ескертулермен орындамады | Орындамады | ||
Анамнезін және шағымын жинау | 2,0 | 1,0 | ||
Физикальді қарау – жалпы қарау | 2,0 | 1,0 | ||
Өкпе аускультациясы | 2,0 | 1,0 | ||
Алдын-ала қойылған диагноз | 2,0 | 1,0 | ||
Зерттеу жоспарын тағайындау | 2,0 | 1,0 | ||
Жалпы қан анализін, биохимиялық қан анализін, қанның ИФА интерпретациялау | 2,0 | 1,0 | ||
Қақырық анализін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | ||
Бронхоскопия мәліметтерін интерпретациялау | 2,0 | 1,0 | ||
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасын интерпретациялау | 2,0 | 1,0 | ||
Емдеу жоспарын анықтау (емдеу принциптері) | 1,0 | 0,5 | ||
Науқаспен оптимальді қатынас орнату | 2,0 | 1,0 | ||
Барлығы |
«Өкпе ісігінің диагностикасы»