Фестонға белгілі беттен және фестон артындағы газ температурасынан берілген жылу мөлшерін анықтау үшін, екі теңдеу есептеледі
- жылу тепе-теңдiгiнiң теңдеуi
(5.2)
- жылу беру теңдеуі
(5.3)
мұнда мен - фестонның алдындағы және артындағы газдардың энтальпиясы, кДж/кг;
- жылытылатын ортаға газдардың жылу беру коэффициенті, Вт/(м2 К);
мен -газдардың тиімді берілген және фестонның есепті қыздыру бетімен қабылданған жылу мөлшері, кДж/кг;
- фестондағы орташа температуралық тегеурін, оС,
(5.4)
мұнда -барабандағы қысымда судың қайнау температурасы, оС, [3].
мен шамасы тәуелді болғандықтан, есептеу жүйелі жуықтау әдісімен іске асады,фестон артындағы газдарға температура қоя отырып.
Есептеулерді тездету үшін 40 - 80 оС айырмашылығы болатын фестоннан шыққандағы температураға екі мән қою керек.
Жылу беру коэффициенті барлық отындарға мына формула арқылы есептелінеді
(5.5)
мұнда - жылу тиімділік коэффициенті, отын тегіне байланысты, 5.3 кестесі бойынша анықталады.
Кесте 5.2 - Фестонды есептеу үшiн мәлiметтер
Шаманың атауы | Белгіленуі | Өлшем бірлігі | Шамасы |
Фестонның алдындағы газдардың температурасы | оС | ||
Фестон артындағы газдардың температурасы | оС | 2 мән | |
Фестон алдындағы газдардың энтальпиясы | кДж/кг | ||
Фестон артындағы газдардың энтальпиясы | кДж/кг | 2 мән | |
Газдардың орташа температурасы | оС | 2 мән | |
Газдардың орташа көлемi | м3/кг (м3/м3) | ||
Н2О көлемдi еншiсі | --- | ||
RO2 көлемдi еншiсі | --- | ||
Жиынтық көлемдi еншi | --- | ||
Күлдiң шоғырландыруы | кг/кг (кг/м3) | ||
қысымда қайнау температурасы, МПа | оС |
Кесте 5.3 - жылулық тиiмдiлiк коэффициентi
Отын түрі | Жылулық тиiмдiлiк коэффициентi |
АШ және арық көмiрлер | 0,6 |
Тасты, бурыл (Канско-Ачинсктен басқа), тас көмiрлердiң өндiрiс өнiмi | 0,65 |
Канско-Ачинск және Подмосковный бурыл көмірлері | 0,7 |
Торф | 0,6 |
Мазут 4 -12 м/c газдардың жылдамдығында | 0,6-0,65 |
Мазут 12 -20 м/с газдардың жылдамдығында | 0,6 |
Газ | 0,85 |
Конвекциялық шоғыр үшін газдардың қабырғаға жылу беру коэффициентi, Вт/(м2 К),
(5.6)
мұнда - шоғырдың тұрбаларының көлденең ұласуы үшiн қолдану коэффициентi, коэффициент 1-ге тең қабылданады;
- конвекцияның жылу беру коэффициенті, [1, c. 122-123] суреті бойынша анықталады
(5.7)
мұнда - фестонның ерекшеліктері мен физикалық қасиеттерін: температуралар мен газдардың құрамының жылу беру коэффициентіне әсерін есепке алатын түзету коэффициенттері, [1, c. 122-123] суреттiң қосалқы өрiстерi бойынша анықталады;
- сәулеленумен жылу беру коэффициенті [1, c. 141]. сурет бойынша анықталады.
Фестонның ластанған қабырғасының температурасы, оС,
(5.8)
алған мәндерімен жылу беру коэффициенті табылады, фестон артындағы газдардың температурасының екі мәні үшін анықталады. Содан бар мәліметтермен графигі құрылады мен және графикалық интерполяция тәсілімен 8сурет арқылы мәні табылады.
8 сурет – бет сыртындағы газдардың температурасынан тәуелдiлiк графигi
Егер интерполяция жолымен табылған температураның есептік мәні мен жылу беру коэффициентімен анықталатын мәннің айырмашылығы 50 оС тан аспайтын болса, онда бұл температура бойынша есептеудi аяқтау үшiн тек қана жылу қабылдау және баланстың теңдеуiнен жылу қабылдығыш ортаның температурасын анықтап алу керек. Үлкен айырмашылық болған жағдайда осы температура бойынша есептеуді қайта жүргізу керек,сонымен қоса жылу беру коэффициенті мен температуралық тегеурінді де анықтайтын.
Фестон бетінің сыртындағы газдардың температурасын бір мәнмен есептегенде жылу қабылдау мәндерін өзара салыстыру керек.
Егер жылу алмасу теңдеуінен алынған жылу қабылдау мәнінің баланс теңдеуімен анықталған мәннен 2 % аспайтындай айырмашылығы болса,беттің есептелуі анықталмайды. Үлкен айырмашылықта және болса,түпкi температураның жаңа мәндерiн қабылдайды және есептеулердi қайталайды
Егер шама бiрiншi жуықтаудан кейін көбiрек көрсетсе, онда екiншi жуықтау үшiн түпкi температураның мәнi түтiндiк газдар температуралардың арасындағы айырмашылық кiруге және шығуға болатындай етiп қабылданады,және керісінше. Екiншi жуықтаулар үшiн бiрiншi жуықтауда қабылданған температурадан 50 оС-ге аспайтын айырмашылығы болатын мәндi таңдау орынды. Бұл жағдайда жылу беру коэффициенті қайта есептелмейді. Тек қана температуралық тегеурінді қайта есептеп, баланс пен жылу алмасу теңдеуiн қайтадан шешу керек.
Егер айырмашылық және екiншi жуықтаулардан кейiн көрcетiлген шектен көбiрек болса, шын температураларды (8-шi суретке қара) сызықты интерполяция көмегiмен табады.
Осы ұсыныстармен қыздырудың келесi беттерiнiң есептеуiнде де пайдалану керек.