Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып 2.3. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ




Мақсаты: Студенттер Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесін заңдылық реттеудің негізгі принциптерін білуі қажет.

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғауды құқықтық қамтамасыз ету жүйесі келесі негізін қалаушы актілерді қамтиды: Қазақстан Республикасының Атазаңы; заң күші бар ҚР Президентінің нұсқаулары; Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулылары; Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің нормативтің актілері (бұйрықтар, ережелер, нұсқаулар және т.б.).

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің әрекет етуі заңдылық құжаттармен қамтамасыз етіледі, олардың негізгісі болып Қазақстан Республикасының Атазаңы (30 тамыз 1995 ж) табылады. Қазақстан Республикасы Атазаңының 29 бабында былай дейді:

1. Қазақстан Республикасының азаматтарының өз денсаулықтарын қорғауға құқықтары бар.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары бекітілген заңға сәйкес медициналық көмектің кепілді көлемін алуға құқылы.

3. Мемлекеттік және жеке-меншік емдеу мекемелерінде, сонымен қатар жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу бекітілген заң тәртібі негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы туылғаннан бұл құқықпен қамтамасыз етіледі. Бұл құқық Қазақстан Республикасы азаматы болып тұрған өмір барысында оған тұрақты түрде тиесілі. Денсаулығын қорғауға құқығы мемлекет қатысуымен іске асатын әлеуметтік құқықтарға жатады. Мемлекет Қазақстан Республикасы Атазаңына денсаулықты қорғау құқысын бекіте отырып, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетумен қоса осы құқыны іске асыруды қамтамасыз ету міндетін өзіне алады.

29 бабынан басқа, Қазақстан Республикасының азаматы денсаулығына тікелей қатысы бар басқа да құқықтарға ие: өмір сүруге құқығы (15 бап), жеке бас еркіне құқығы (16 бап), адамның абыройына нұқсан келтірмеу құқығы (17 бап), жеке адам өміріне, отбасына, отбасы құпиясына, өз ар-ожданы мен абыройын қорғауға нұқсан келтірмеуге құқысы (18 бап), еңбек еркіндігі құқысы (24 бап), демалысқа құқысы (24 бап, 4 п.), тұрғын-жайға құқысы (25 бап), жеке-меншікке құқысы (26 бап), өмір сүруге және денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға құқысы (31 бап), жасына, ауыру жағдайына, мүгедектік, асыраушысын жоғалту жағдайына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету құқысы (28 бап), балаларын қорғауға және оларды тәрбиелеуге ата-ананың құқығы (27 бап), білім алуға құқығы (30 бап) және т.б. Атазаңмен бекітілген құқықтары мен еріктерінен басқа Қазақстан Республикасының азаматы өз кезегінде ҚР Атазаңы мен заңдылықтарын сақтауға, басқа тұлғалардың құқықтарын, еркін, ар-ожданы мен абыройын құрметтеуге міндетті (34 бап).

Халық денсаулығын қорғау тек денсаулық сақтау жүйесі құзыреті шегінен шығып кетеді. Осыған байланысты халық денсаулығын қорғау әрекеті қазақстандық құқықтың көптеген салаларын қамтиды: әкімшілік, азаматтық, жер, отбасылық, еңбек, қылмыстық, экологиялық және т.б..

«Қазақстан – 2030» «Барлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайының жақсаруы» Стратегиясының ұзақмерзімді 4 приоритеті «Азаматтардың денсаулығы, білімі және жағдайын жақсарту». Осы мақсатты іске асыруда Стратегия келесі компоненттерден тұрады: аурудың алдын-алу және салауатты өмір салтын ынталандыру, есірткі және наркобизнеспен күрес, алкоголь және табак қолдануды қысқарту, аналар мен балалар денсаулығын жақсарту, ана мен бала денсаулығын қорғау, тамақ сапасын жақсарту, қоршаған орта тазалығы және экология, ішер судың тазалығын қамтамасыз ету, гигиена және санитария ережелерін сақтау.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдаулары денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бөлімдерін қарастырады, олардың қатарына медициналық қызмет сапасы мен нәтижелілігін жоғарылату бойынша тапсырмалар кіреді; мемлекеттік-жеке-меншік серіктестік механизмін қолданумен 100 аурухана салу; оқытудың, аттестация және дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді даярлаудың халықаралық стандарттарына өту; медициналық қызметкерлердің еңбекақысын көрсетілген медициналық көмектің сапасын, көлемін, күрделілігін ескере отырып еңбек нәтижелілігіне, сонымен қатар біліктілік деңгейіне байланысты төлеу; бюджеттік сфера қызметкерлерінің еңбекақысын 2012 жылға дейін сатылап көтере отырып 2 есеге жоғарылату және т.б.

Азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқықтарын және олардың орындалу кепілдерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында көптеген заңдар қабылданып, кейін олар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің (18 қыркүйек 2009 жыл) негізін құрады. Медициналық сфераны регламенттейтін алдында қабылданған 11 заңды алмастыратын Кодексті қабылдау лейтмотиві – денсаулықты қорғауға азаматтар құқысын бекітуге, ұлттық медицина статусын жоғарылатуға, денсаулық сақтау аймағындағы отандық заңдылықтарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге максимальды түрде жағдай жасау.

Кодексте денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың принциптері бекітілген:

1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алудағы азаматтардың құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;

2) жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайтудағы мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың өзара жауапкершілігі;

3) ана мен баланы қорғау;

4) ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету;

5) денсаулық сақтау жүйесі жұмысындағы профилактикалық бағыттың маңыздылығы;

6) медициналық көмекке қол жеткізу;

7) медициналық көмек сапасын тұрақты түрде жоғарылату;

8) халықтың санитарно-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

9) медициналық көмек көрсетудегі денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтестігі;

10) оқытудың кейінгі технологияларын қолданып, медициналық және фармацевтикалық білімнің үздіксіздігі мен өзара қатынасын қамтамасыз ету;

11) отандық медициналық ғылымды мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтауға ғылым мен техниканың, дүниежүзілік тәжірибенің жетістіктерін ендіру;

12) ерікті риясыз донорлықты қолдау;

13) отандық өндірісті мемлекеттік қолдау және медициналық және фармацевтикалық өндірістің конкуренткеқабілеттілігін дамыту;

14) азаматтардың денсаулығын қорғаудағы қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;

15) халық қажеттілігін қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағытты денсаулық сақтауды дамыту;

16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға атсалысу;

17) халық денсаулығын, қауіпсіздігін, дәрілік заттардың сапасы мен тиімділігін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу.

Үйлестіру материалы: «Power Point» бағдарламасында дайындалған 10 слайд.

Әдебиет:

1.Қазақстан Республикасының Атазаңы.

2.Назарбаев Н.А. «Казақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайын жақсарту» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы.– Алматы, 1999. – 67 б.

3. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.

4.Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жөнінде: Негізгі заңдылық актілер. – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 182 б.

5.Сагиндыкова А.Н. Конституционно-правовые проблемы охраны здоровья граждан в Республике Казахстан. – Алматы, 1997. – 167 с.

Бақылау сұрақтары:

1.Денсаулықты қорғауға конституциональды құқының мәні?

2. «Казахстан – 2030» Стратегиясындағы денсаулық приоритетінің мазмұны?

3.Денсаулық сақтау жөніндегі заңдылықты не реттейді?

4.Денсаулық сақтаудағы заңдылықты реттеуде қандай құқы салалары қатысады?

5. Денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 655 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

874 - | 786 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.