Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып 1.4. ХАЛЫҚ АУРУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ




 

Мақсаты: Студенттер халық аурулығын бағалау және есептеу әдістерін білуі керек.

Аурулық – халық арасында аурудың таралуы.

Алғашқы аурулық (ауру сырқаулық) халық арасындағы жаңа, бұрын еш жерде тіркелмеген және биылғы календарлық жылда алғаш рет анықталған аурулардың жиынтығы.

Жалпы аурулық (таралуы) – бұл биылғы жылы бірінші рет анықталған аурулар мен өткен жылы анықталып, биылғы жылы сол аурудың салдарынан бірінші рет қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиынтығы.

Нақты аурулық (дәлелденген аурулық) – бұл қаралу кезіндегі плюс медициналық тексеру кезіндегі аурулық минус медициналық тексеру кезінде расталмаған аурулық. Нақты аурулықтың деңгейін анықтау өте қиын.

Медициналық тексеру мәліметі бойынша аурулық (патологиялық зақымдалу) дәрігерлік қарауда айқындалған аурулар мен түрлі морфологиялық және функционалдық өзгерістердің жиынтығы.

Аурулар диагнозы мен өлім себептерін унификациялау, оларды статистикалық тіркеу, аурулардың ішкі және халықаралық таралу деңгейлерін салыстыру, ақпараттық база құрастыру мақсатында Халықаралық жіктелу ұсынылды, ол қайта қаралып және толықтырылып отырады. 1996 ж. БДҰ 43-ші халықаралық конференциясында аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің Халықаралық статистикалық жіктелуінің (қысқаша ХАЖ-10) Х қаралымы бекітілді. Жалпы этиологиясы, патогенезі, орналасуы бойынша біріктірілген аурулар негізінде әріппен белгіленген 21 класс қалыптастырылды. Әрбір класста үш мәнді рубрикадан тұратын, оның біріншісі әріп, екеуі санмен белгіленген100 ауру тобы бар. Үш мәнді рубрикадан құралған әр топ 10 ауру кодына немесе ауру тобына бөлінеді. ХАЖ-10 төрт мәнді рубриканы қолданғанда шамамен 25000 ауруды, үш мәнді рубриканы қолданғанда шамамен 2500 ауруды индивидуализациялауға мүмкіндік береді.

Қазақстан халқы арасында алғашқы аурулық құрылымында негізгі рангтік орындарды тыныс алу жүйесі аурулары, тері және тері асты шел қабаты аурулары, жарақаттар мен уланулар, зәр шығару, ас қорыту аурулары алады, жалпы аурулық құрылымында – тыныс алу жүйесінің аурулары, ас қорыту, зәр шығару, қан айналым жүйесі аурулары, көз және оның қосалқылары аурулары алады.

Халық аурулығы жөніндегі мәліметтер халық арасында таралған аурулардың деңгейі мен құрылымын анықтауға, қауіп- қатер факторларын табуға, емдеу-профилактикалық шараларды ендіру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Олар денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарына жедел басқару, күнделікті және перспективті жоспарлау, жалпы денсаулық сақтау жүйесін немесе жеке мекемелерді жетілдіру үшін қажет.

Аурулықты зерттеу статистикалық зерттеудердің жалпы қабылданған схемасы және қатаң кезекті этаптар бойынша жүргізіледі.

Халық аурулығын бағалау үшін 1000. 10000, 100000 тұрғынға есептеліп шығарылған орташа жылдық халық санына қатысты аурулар саны ретінде есептелген көрсеткіштер қолданылады. Аурулықта себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін халықтың құрамын (жасы, жынысы, жанұя жағдайы, әлеуметтік статусы және т.б.) ескеру қажет.

Басқа статистикалық зерттеулер тәрізді аурулықты зерттеу әдістері жаппай немесе таңдамалы болады. Жеке территориядағы немесе оның жеке топтарында халық аурулығын зерттеу әдісін таңдау зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай анықталады. Аурулықтың деңгейі, құрылымы және динамикасы жөніндегі бағдарлық мәліметті емдік-профилактикалық мекемелердің есебінен немесе жаппай әдісті қолданатын басқару органдарының есептерінен алуға болады. Аурулық заңдылығын және себеп-салдарлық байланысты терең анықтау үшін таңдамалы әдіс кезінде алғашқы тіркеу құжатынан қажетті мәліметтерді статистикалық картаға көшіру арқылы анықтауға болады.

Халықтың және оның жеке топтарының аурулық деңгейін, құрылымы мен динамикасын бағалау кезінде көрсеткіштерді республика, облыс, район, қала көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Аурулықты зерттеудің негізгі әдістеріне жатады:

- емдеу-профилактикалық мекемелерге өз бетімен қаралуы бойынша

- өлім себептері мәліметтері бойынша (Өлім туралы дәрігер куәлігі (106/у)

- медициналық тексеру мәліметтері бойынша (профилактикалық тексерулерді тіркеу картасы (131/у)

Осындай көздерден алынған халық аурулығы туралы мәліметтер толық болып келмейді, ол көптеген факторлар кешеніне тәуелді. Халық аурулығын зерттеу көздерінің әрқайсысының артықшылығымен қоса кемшіліктері де бар.

Сонымен, осы аталған үш әдісті жалпылау арқылы нақты (дәлелденген) аурулықты - өз бетімен қаралуы бойынша аурулық, медициналық тексеру кезінде анықталған аурулықпен толықтырылу және өлім себебі бойынша аурулықты анықтауға болады.

Денсаулық және аурулықты зерттеудің қосымша әдісіне сұрастыру (анкеталық немесе интервьюлік) әдісі жатады. Анкеталық әдісті кейбір ауруларды анықтау үшін, мысалы жүректің ишемия ауруларын және осы аурудың қатер топтарын қалыптастыру үшін халықты жалпылай тексерудің бірінші кезеңінде қолдануға кеңес береді.

Әрбір ауру сәйкесінше тіркеу мен есепке алудың қабылданған талаптарына сай міндетті түрде тіркеуге алынады. Өз бетімен қаралу бойынша аурулықты тіркеу медициналық көмекті қажет еткен пациенттің қаралу орнына сәйкес жүргізіледі:

- амбулаторлық-емханалық ұйымдарға қаралғанда – амбулаторлық науқастың медициналық картасы (025/у), қорытынды (анықталған) диагноз тіркелген статистикалық талон (025/2у), амбулаторлық пациенттің статистикалық картасы (025-05у).

- стационарда - стационарлық науқастың медициналық картасы (003/у), аурудың стационардан шыққан картасы (066/у)

- диспансерге – венерологиялық ауруы бар науқастың медициналық картасы (065/у), саңырауқұлақ ауруы бар науқастың медициналық картасы (065/1у), туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы (081/у)

- жедел жәрдемге – жедел және шұғыл медициналық көмекті шақыру картасы (110/у), медициналық көмек станциясының жолдама парағы (114/у).

Ауру жағдайларын жалпы қабылданған тіркеумен қатар, кейбір аурулар белгілі бір себептерге байланысты арнайы тіркеуді қажет етеді:

- эпидемиға қарсы шараларды қажет ететін жұқпалы аурулық. Жұқпалы аурулық, тамақтан немесе жедел кәсіби улану, екпеге ерекше реакция (058/у) кезінде жедел хабарлама санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығына 12 сағат ішінде жіберіледі және Жұқпалы ауруықты тіркеу (060/у) журналында тіркеледі. Осы журналдағы жазу негізінде жұқпалы аурулардың қозғалысы есебі жасалады.

- маңызды эпидемиялық емес аурулық кейбір әлеуметтік-маңызды аурулар туралы ақпарат береді және осындай аурулардың анықталуы кезінде өмірінде бірінші рет анықталған белсенді туберкулез, жыныс жолы арқылы берілетін инфекция, трихофития, микроспория, фавус, қышыма, трахома, психикалық аурулар туралы Хабарлама (089/у); өмірінде бірінші рет анықталған рак немесе басқа қатерлі ісік ауру туралы Хабарлама (090/у); өмірінде бірінші рет анықталған нашақорлық туралы Хабарлама (091/у) толтырылады.

- уақытша еңбекке жарамсыздық аурулығы жұмысқа шықпауға себеп болған ауруларды зерттеуге және экономикалық шығындв анықтауға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

1. Халық аурулығының негізгі түрлері.

2. Жалпы және алғашқы аурулық көрсеткіштерді есептейтін әдісі.

3. Халық аурулығың зерттеу әдістері.

4. Аурулықты зерттеудің артықшылығы мен кемшіліктері.

5. Аурулар мен денсаулықпен байланысты мәселелердің Халықаралық жіктелуінің мәні.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 672 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

756 - | 712 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.