124. Шарап (оның ішінде асхана шарабын) өндірудің технологиялық процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) жүзімді және жемістерді жинау және өңдеу;
2) ашытқыны ашыту, сақтау, купаждау және шарапты және жеміс шараптарының (шарап материалдары) толысуын тұрақтандыру;
3) құрғақ шарапты толысуын дистиляциялау;
4) коньяк дистилляты, брендиге арналған дистиллят арқылы шарапты бабына келтіру;
5) дайын өнімді алу және құю.
125. Жүзім шаруашылығы саласы бойынша өндірістік үй-жайларға мыналар жатады:
1) шикізатты қайта өңдеу үй-жайы, ашыту бөлімшесі, шарапты өңдеу және құю, шикізатты, қосымша материалдарды және дайын өнімді сақтау үй-жайлары;
2) құрғақ шарапты (айдау) дистилляция, дистилляттарды ұстау үй-жайлары;.
3) шампан, көбікті және газдалған (оның ішінде газдалған маржан шарап) шараптарды өндіру үй-жайлары.
126. Шарап жасау маусымына өндірістік үй-жайлар мен технологиялық жабдықты дайындау жемістер (жидектер) өңдеуге түсуі басталғанға дейін отыз күнтізбелік күн бұрын аяқталады.
Көрсетілген мерзімге:
1) технологиялық жабдықты және мүкаммалды жөндеу, бояу және тексеру жүргізу;
2) жүзіммен, ашытқымен, шараппен жанасатын жабдықтың бөлшегіне қорғаныш, тот басуға қарсы жабын жағу (егер олар ашытқыға және шарапқа тұрақсыз материалдан жасалған болса);
3) шарап шаруашылығы өнімі үшін сыйымдылықтар дайындау және оларды жөндеу жұмыстарын аяқтау (темір-бетон және металл цистерналардың ішкі бетінің өнімге төзімді қорғаныш жабыны болуы тиіс);
4) таразылар мен бақылау-өлшеу құралдарын, спиртке арналған өлшеу құралдарын, сондай ақ зертханалық жабдықты тексерістен өткізуді аяқтау;
5) өңдеу пункттеріне жемістерді (жидектерді) тасымалдауға арналған көлік құралдары мен ыдыстарды дайындауды аяқтау;
6) жемістерді (жидектерді) қабылдатын және өңдейтін үй-жайларды жөндеу жұмыстарын аяқтау;
7) өндірісті барлық қажетті шикізатпен, қосымша материалдармен, реактивтермен және басқа да қажетті материалдармен қамтамасыз ету қажет.
127. Сыйымдылықтырдың ішкі және сыртқы беттерін қорғау тот басуға қарсы жабынмен жүзеге асырылады.
128. Жүзімді жинау, тасымалдау және уақытша сақтау үшін таза, құрғақ, иісі жоқ ыдыстар пайдаланылады. Күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін ыдыс тазартылады, сумен жуылады және ерітіндідегі массалық шоғырлануы 0,1% күкірт диоксидінің ерітіндісімен дезинфекцияланады. Жүзімді кесу үшін пайдаланылатын құрал-сайман жуылады, кептіріледі және жеке жәшіктерде немесе шкафтарда сақталады.
129. Шаң басуды болдырмау мақсатында жол, құрылыс және агротехникалық іс-шаралар аяқталғанға дейін жүзімді мен жемістерді жүзімдіктер мен бақшаларда тасымалдауға жол берілмейді.
130. Микробиальды таза шараптан босатылған сыйымдылықтар люк жабық кезде 0,5 %-1 % күкірт диоксидінің ерітіндісін немесе қолдануға рұқсат етілген басқа да препараттарды пайдалана отырып, ыстық және салқын сумен жуылуы тиіс.
131. Технологиялық жабдықты және сыйымдылықтарды, стационарлық құбырларды, шлангілерді, шыны өткізгіштерді, сорғыларды және басқа да мүкаммалды өңдеу оларды өнімнен босатқаннан кейін бірден жүргізіледі. Технологиялық жабдықты жуылмаған күйде екі сағаттан артық қалдыруға жол берілмейді.
132. Ашытқыны және шарапты құю ливерлерді, шағын сорғыларды қолдана отырып немесе сифондарға сұйықтықты алдын ала құю арқылы жүзеге асырылады.
133. Шарапты сары қанқызыл тұзбен өңдеуге тек қажетті өндірістік жабдығы және осы процестің жүргізілуіне сенімді бақылау жасауды қамтамасыз ете алатын қажетті өндірістік жабдығы және зертханасы бар объектілерде шарапты сары қанқызыл тұзбен өңдеу нұсқаулығын дәлме-дәл сақтаған кезде ғана жол беріледі.
134. Техникалық құжаттарға сәйкес жартылай тәтті және жартылай құрғақ шарап өнімін минус (бұдан әрі «-») 2оС тан +8оС дейін, басқа типтегі шараптарды +8оС тан +16оС дейінгі температурада сақтауға жол беріледі.
135. Шарабы бар шөлмектерді тығындарының кеуіп кетуін болдырмау және герметикалық қаптаманың бұзылмауы үшін көлденең күйінде сақтайды.
136. Шараптарды сақтау температуралық-ылғалды режимі тұрақты, жасанды салқындатылмайтын, жылытылатын қараңғы қойма үй-жайларында жүзеге асырылады. Бұл ретте:
1) өнімнің бояғыш және басқа да құнды заттарының бұзылуын болдырмау мақсатында боялған шарап өніміне күн сәулесінің тікелей түсуіне;
2) құрғақ шараптар -6оС, күшті шараптар -8оС-ден -10оС дейінгі температурада мұздайтын шараптардың қатуына жол берілмейді. Сақтау кезіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 85% аспайды, полиэтилен немесе металл қақпақтармен герметикалық жабылған шөлмектер үшін салыстырмалы ылғалдылықтың төменгі шегі маңызды емес.