Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі




Жеделдеу кезеңінде (1,5-2 апта) науқастың жалпы жағдайы жақсарады, ұйқысы түзеледі, тәбеті көтеріліп, дене қызуы басылады. Беттің домбығуы азайып, жұмсақ тіндердің ұйыспасы-инфильтрациясы шектеледі, операциялық жара грануляциялық тінмен толып, өлеттенген тіндерден тазарады. Оның ортасында бір немесе бірнеше жыланкөздер түзіледі. Бөлініп тұрған сұйық біртіндеп азайып, нашар иісі жойылады, экссудат қоюланады. Аймақтық-региональды лимфа түйіндері қатайып, қозғалмалы болып, ауыру сезімі азаяды, ауыз ашылып, тек остеомиелит ошағы төменгі жақ бұтағында болғанда шектелуі мүмкін.

Ұяшық-альвеолды өсінді мен ауыз кіреберісінің кілегейлі қабығы көгерген (цианоз). Сүйек қабыасты іріңдіктерді тілген жерлердегі жыланкөздерден іріңді сұйық бөлініп тұрады. Тіс ұяшығынан грануляция өсіп шығады. Қабыну ошағында орналасқан тістер босап, ал шеткері тұрған тістер сәл қатайған. Қан көрсеткіштері өзгереді, лейкоциттер азайып нормаға жақындайды. Жас нейтрофильдер жойылып таяқша ядролы клеткалар қалпына келеді. ЭТЖ төмендейді несепте сәл ғана өзгеріс болады.

Жеделдеу сатының рентген суретінде пішіні әртүрлі шекарасы анық емес бір немесе бірнеше ыдыраған ошақтар көрінеді. Жақ сүйегі шетінде түрліше тығыздықтағы, қалыңдығы мен ені әртүрлі толқынды көлеңке көрінеді. Ол сүйектенуші периост пайда болуына байланысты.

Емі. Жедел одонтогенді остеомиелиттің емі кешенді-комплексті түрде БЖА стационарында жүргізілуі тиіс. Ем сүйектегі және қоршаған жұмсақ тіндердегі іріңді қабыну кезеңін-процессін жойып, инфекциямен күресу, организм қызметін қалпына келтіру шараларын жүргізуте бағытталады.

Жедел остеомиелиттің біріншілік сатысында себепші тісті жұлу осы емінің негізгі міндетті түрі болып табылады. Оыда іріңдікке шығар көз ашылып, сүйек іші қысымын төмендетеді, қан айналымын жақсартады, сүйекте қайтымсыз кезең-процесс болуынан сақтандырады. Қозғалмалы тістерді шеңдеуішпен шендейді. Тіс жұлумен қоса сүйекқабы астындағы және жұмсақ тіндердегі іріңді ошақты ашып өлеттенген тіндерді-некротомия жасайды. Біраз ғалымдар- ошақты қашыртқы-дренаждау үшін остеоперфорация жүргізуді ұсынады (1979). Яғни төменгі жақ жиегі бойымен теседі. Әсіресе төменгі жақтың кортикальды табақшасын-пластинкасын тесу тиімді. Кейбір хирургтер бұл жағдайда сүйек миы орналасқан төменгі жақ өзегіне сәйкес жерден декортикация жасауды ұсынады. Олардың айтуынша қоршаған жұмсақ тіндер есебінен бұл кезде экссудат шығуы күшейіп сүйектің қанмен қамтамасыз етілуі жақсарады.

Жедел остеомиелит кезінде барлық ота-оперативті шаралар сенімді жергілікті немесе жалпы жансыздандырумен жасалады. Бөлек әлсіз қосымша аурулары бар науқастарға тісті жұлу жедел процесс басылғанша кейінге қалдырылуы мүмкін.

Іріңді жараны күтіп, тазалауға ерекше көңіл бөлініп, жуып-шаю, инстилляция жүргізіледі. Әр түрлі антисептиктермен, нитрофуран препаратымен, антибиотиктермен, иммунды препараттармен жергілікті ем жасалады.

Іріңді жараны тазалаған соң физиоем тағайындалады: Соллюкс лампасы, УЖЖ, димексидпен, кальций хлоридімен ионофорез жасау, гелийнеон сәулесін қолдану.

Науқас клиникаға түскеннен бастап антибактериальды терапия жүргізіледі. Сүйек тініне сіңе алатын антибиотиктер (тетрациклин, линкомицин, морфоциклин, фузидин натрий т.б.) тағайындалады. Онда науқастың препаратқа сезімталдығын ескеру керек. Бактериологиялық себінді нәтижесін алғаннан кейін ем тұрақтандырылады.

Антибиотик пен антибактериальды препараттардың өзара әсерлерін ескере отырып сульфаниламидтер, нитрофурандар (мезоцим, трипсин, химопсин т.б.) бұлшықетке инъекция түрінде тағайындайды. Бұл емді шектелген остеомиелитте 8-10 күн, диффузды түрінде 2 апта жедел көріністері басылғанша жүргізеді.

Асқынулардың алдын алу үшін, әсіресе кең спектрлі антибиотиктерді қолданғанда, саңырауқұлақтарға қарсы препараттар (нистатин, леворин) қолданылады.

Организмді дезинтоксикациялау үшін және қанның реологиялық қасиетін жақсарту, тұз-су алмасу, белоктық баланстың бұзылуын дұрыстау үшін көк тамырға-венаға гемодез, реополиглюкин, 5% глюкоза ерітіндісі, Рингер ерітіндісін тамшылатып жібереді.

Организм сенсибилизациясы және тамыр қабырғаларының өткізгіштігін төмендету үшін 10% кальций хлориді, антигистаминді препараттар (супрастин, тавегил, фенкарол т.б.) тағайындайды.

Кешенді-комплексті емге витаминдер (С, В тобы), антигенді стимуляторлар (метилурацил, пентоксил, натрий оротаты, продиглозан), дибазол, женьшень, қытай лимоннигі т. б. 2-3 күн кварцпен сәулелендіру жақсы стимулдеуші әсер береді.

Жүрек қан тамырлар жүйесіне баса көңіл бөлінеді. Оның соғуын күшейту үшін кофеин, кордиамин, кокарбоксилаза т. б. береді. Сонымен қатар ауру сезімін басатын, қабынуға қарсы препараттар-амидопирин, анальгин 0,25-0,5 г 3-4 рет (күніне) тағайындалады.

Кешенді-комплексті емге тағы көп сұйықтық ішу, әсіресе витаминдер, минералдар бар су ішу қосылады. Науқас белокпен витаминдерге бай тағамдармен тамақтану керек. Ауыздың ашылуы қиындаған жағдайда тағам сұйық болу керек. Тамақтанып болған соң ауыз қуысын мұқият шайып отырған жөн. Организмнің қорғаныс күшін жоғарылату үшін аутогемотерапия, иммуномодулятор — тималин, тимоген (бірақ міндетті түрде қан анализі мен иммунограмманы бақылап отыру керек) қолданады.

Жақ сүйектер остеомиелитінің жеделдеу түріндегі ем алдында жүргізілген емдеу-терапияның нәтижесіне байланысты. Соған байланысты иммуномодуляциялық, жалпы жағдайын жақсартатын физиоем қолданылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 736 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2283 - | 1989 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.