Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар




Асқынулар жалпы және жергілікті болып бөлінеді.

Жалпы асқынулар: талу, коллапс, шок, аллергиялық реакциялар, жансыздандыратын дәріден улану. Жалпы асқынулар дәріні көтере алмаудан немесе уланудың салдарынан болады.

Талу - мидың қан айналысының бұзылуынан (анемиядан) аяқ астынан болатын жағдай. Оның себептері науқастың хирургия аспаптарын, қанды, мамаңдардың қимылын көргеннен, алдағы болатын іс-шараларды ойлап қатты қорқуы. Бейбімдейтін жайлар: қалжырап шаршау, ұйқының қанбауы, жүйкенің жұқаруы, аштық, улану т.б.

Клиникалық көрінісі. Бет куқыл тартып көз қарауытады, әлсіреп басы айналып, лоқсып, құлағы шулайды, қол-аяғы мұздап, салқын тер шығады. Көзі аларып, қарашықтары улғайып науқас естен танып, қолдары еріксіз салбырап, орындықтан сырғып немесе құлап түсуі мүмкін. Тамырдың соғуы жиілеп, білінер-білінбес болады. Бұл көрініс бірнеше минутқа созылады, сосын барып науқас есін жияды. 20-40 мин уақыт бойы ол әлсіреп, басы ауырады.

Емі. Отаны шұғыл тоқтатып, басты төмендету, орындықтың арқасын түсіру немесе науқасты төсекке (тіпті еденге) жатқызу. Терезені ашып, тыныс алуға кедергі жасайтын, белдік, іш-киім ілгектерін босату. Мүсәтір спиртін иіскету. Егер бұл шаралар нәтиже бермесе, жүрек пен тыныс қызметін жақсартатын дәрілер егу керек (10% кофеин, 10-20% камфора майы, 1% лобелин, цититон ерітінділері).

Алдын алу. Бейімдейтін жайларды болдырмау, ал олар белгілі болса, кіші транквилизаторларды алдын ала егу-медикация жасау керек.

Коллапс — организм қызметінің күрт бұзылып нашарлауы. Талудан күрделірек асқыну.

Бейімдейтіи жайлар. Ол көп қан жоғалтқан, жарақат алған жүйкенің қалжыраған, уланған, жұқпалы аурумен ауырған кездерінде болуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Күтпеген жерден науқастың өңі бозарып, құрғайды (кейде қызарып, терлейді-вазомотор). Ақыл-есі қалпында, көруі нашарлайды. Жүрек қызметі бұзылады (жүрек соғуы нашарлайды, тамыр соғуы әзер білінеді, аритмия, қан қысымы 60/30 мм с.б.аздап қолаяқ тырысуы сезіледі).

Емі. Науқасты көлденең жатқызып, жайғастырып, аяқ-қолды көтеріңкі етіп ұстаған жөн. Қымтап жылытып, ыстық шай немесе кофе ішкізеді. Содан соң тамыр тарылтқыш (адреналин, мезатон), глюкокортикоид (преднизолон, гидрокортизон), жүрек (0,5-1,0 мл 0,5% строфантинді 10-20 мл 40% глюкоза немесе физиологиялық ерітіндіге араластырып егеді) дәрілерін егеді. Коллапс кезінде науқасқа керекті әрекеттер жасалынып, тез жәрдем көрсетілмесе өлім қаупы төнеді.

Кейбір заттарға ағзаның ерекше сезімталдығы (аллергиясы) бар науқастарға қолданылатын алдын алу шаралары:

Алдын алу шарасының негізі - емханада мұқият жиналған сырқат жайындағы мәліметпен танысу (анамнез) және оны талдаудан басталады.

А.С. Лопатиннің (1983) пікірінше барлық науқастарды екі топқа бөлуге болады.

1). Кейбір заттарға ағзаның ерекше сезімталдығы жеңіл түрдегі жиналған сырқат жайындағы мәліметпен танысу-аллергиялық анамнезді.

2). Кейбір заттарға ағзаның ерекше сезімталдығы ауыр түрдегі жиналған сырқат жайындағы мәліметпен танысу-аллергиялық анамнезді.

Екінші топ тәуекел тобы болып есептеледі. Бұлар 3 дәрежеге бөлінеді, оларды емдеу күрделірек.

І дәрежелі тәуекел - жиналған сырқат жайындағы мәлімет- анамнезінде дәріден ағзаның ерекше сезімталдығы-аллергия болмаған, бірақ түрлі жұқпалы аурулармен (экзема, ревматизм, тыныс демікпесі, коллагеноз, поллиноздар) ауырғандар. Анафилактикалық шоктың алдын алу үшін бұларға скарификация, содан соң теріаралық нақтамалы-диагностикалық сынақ жасалады. Нәтиже теріс болса жансыздандыратын дәрі-анестетик терапевтік мөлшерде қолданыла береді.

ІІ дәрежелі тәуекел — жиналған сырқат жайындағы мәлімет- анамнезінде тамақ пен химиялық заттардың, дәрілердің кейбіріне ағзаның ерекше сезімталдығы-аллергиялық реакциясы бар адамдар.Оларға нақтамалы-диагностикалық сынақтың тамшы, скарификация, теріаралық түрлерін бір-бірлеп қолданып көреді. Нәтиже теріс болса жансыздандыратын дәрі-анестетиктің терапевтикалық мөлшерін қолдана беруге болады.

ІІІ дәрежелі тәуекел — көптеген дәрілерді көтере алмай ағзаның ерекше сезімталдығы-аллергиялық реакциясы ауыр түрде болған адамдар. Оларды тексеруді иммунологиялық лабораториядан бастау керек.

Нақтамалы-диагностикалық сынақтар стоматология емханасына немесе стационарда өткізіледі. Ол үшін анафилактикалық шоққа қарсы шаралар жүргізуге сақадай сай тұру керек. Жиналған сырқат жайындағы мәлімет-анамнезінде жергілікті жансыздандыратын дәріге-анестетикке ағзаның ерекше сезімталдығы-аллергиясы бар науқастың аллерголог-дәрігерге көрінуі шарт. Аллергологиялық анамнезі ауыр науқасқа эфир тобындағы (новокаин) жергілікті анестетиктерді қолданбау керек. Оған жалпы жансыздандыру-наркоз қолдануға болады.

Аллергиялық реакция беретін жансыздандыратын дәріні-анестетикті қолданудан 2-3 күн бұрын гистаминге қарсы, стероид дәрілерімен алдын алу емі жүргізіледі (кетотифен, циметидин, фенкарол). Эпсилон аминокапрон қышқылының 0,1 г/кг мөлшері ағзаның ерекше сезімталдығы-аллергияға қарсы жақсы нәтиже береді. Бір тәулікте оның 15-16 г емдеу курсына 45-80 Б. жұмсап, үнемі каогулограмманы қадағалап отыру шарт.

Кейбір заттарға ағзаның ерекше сезімталдығы серпілісі-аллергиялық реакциялар:

Есекжем. Жүйке жүйесінің қызметінің-функциясы бұзылған кезде пайда болады. Жансыздандыратын дәрі-анестетик енгізген соң аяқ астынан терінің әр жері күлдіреп, қатты қышып, ашып мазалайды. Кейде күлдіреген жерде торсылдақ пайда болады. Жұтқыншақ пен көмейдің кілегей қабығының күлдіреуі салдарынан жөтел мен тұншығу мазалайды. Ауру жедел ағымды, көп күндер ішінде күлдіреу бір жерде жоғалса басқа жерде пайда болып жалғасып отырады. Есекжемнің созылмалы қайталанатын түрі де бар.Сурет-34.

 

Емі. Димедрол, бром ішу күн сайын 0,1 % 1 мл-ден тері астына адреналин егу. Жағдай ауырласа суда ерігіш гормондар (преднизолон, гидрокортизон) қолданылады.

Квинке ісігі теріде, кілегей қабықта болатын шектелген, жедел ағымды ісік. Жұтқыншақ, көмекей ісігі тыныс алу мен жұтуды қиындатады. Ісіктер қышымайды, ауырмайды, тек бозарып тұрады. Аймақтық лимфа түйіндері өзгермейді. Квинке домбығуы қалқанша безі қызметі нашарлаған адамдарда жиірек болады.

Емі. Тері астына атропин, көк тамырға-венаға 10% хлорлы кальций ерітіндісі енгізіледі. 6-8 күндей димедрол не супрастин ішу керек.

Шок -барлық маңызды ағзалар қызметінің күрт төмендеуі X.П.Шустердің (1989) қорытындылауы бойынша: а)науқас жағдайының қиындағаны туралы хабар; б)шығу себебі мен бейімдейтін жағдайларға қарамастан, организмнің өте қиын халде болуы; в)жарақат ауруының басталуы; г)организмнің жарақатқа жауап әрекеті. Даму себептеріне байланысты шок: геморрагиялық, анафилактикалық жарақаттық, кардиогендік, психогендік т.б. болып жіктеледі. Іс жүзінде стоматологияда анафилактикалық шок жиі кездеседі. Новокаиннің анафилактикалық шок тударатын дәрілердің ішінде 4-ші орында екендігін есте ұстаған абзал. Бұл асқыну өзінің ағзаның ерекше сезімталдығы-аллергиялық ауруы бар немесе жақын туыстарының бірінің жиналған сырқат жайындағы мәлімет- аллергиялық анамнезі ауыр болған науқастарда жиі кездеседі. Анафилактикалық шоктың белгілі кардиальды, астмоидты, церебральды, абдоминальды түрлері бар. Ол жай түскендей, ауыр, орташа, жеңіл болып бөлінеді. Белгілі түрінде — кейбір адамдар дәріні енгізген соң біраздан кейін мазасызданып, қорқып беті мен қол-аяғы қышып, жыбырлап құлағы шулап басы ауырады, терлейді. Беті бозарып тамырлары тартылып, естен тануы мүмкін. Көз қарашығы ұлғайып, жарыққа қимыл әсері сақталады. Төс тұсы ауырып, ол жүрекке қарай жылжиды. Тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы төмендейді. Эпигастрия аймағындағы сезілген ыңғайсыз жағдай іштің шаншуына ұласып, лоқсу күшейіп науқас құса бастайды. Кейбіреулердің іші кеуіп, еріксіз зәрі мен нәжісі шығып кетеді. Кейде тыныс тарылса, кейде тыныс алуы-асфиксия болады.

Шоктың басқа түрлерінде бір ағзаның жаралануы айқын білінеді. Шок жай түскендей немесе ауыр жүрген жағдайда науқасты тез арада жоғалтып алу қаупі төнеді. Ал шоктық орташа, жеңіл өткен түрлерінде жаңағы аталған белгілер білінеді.

Емі. Жағдайға байланысты түрліше әрекеттер жасалады. Науқастың басын бүйіріне қарай бұрып, тілін шығарып, аузын құсықтан тазалап, төменгі жақты алға қарай жылжытып, жоғарғы тыныс жолдарын ашып күштеп (жасанды) тыныс алдыру керек. Антигеннің қанға тарап кетуін әрі қарай тежеу үшін ине шаншылған жерді айналдыра 0,1% 0,5 мл адреналинді 5-10 мл-дей натрий хлорлы изотоник ерітіндісіне араластырып егеді. Бұлай ету мүмкін болмаса 1 мл-дей адреналинді жансыздандыратын дәрі-анестетик жіберген жерге енгізеді. Гистаминге карсы дәрілер (1% 2-4 мл димедрол, 2,5% 2-3 мл супрастин, 2,5% 2 мл пипольфен, 3% 3-5 мл преднизолон, 0,1% 0,5 мл гидрохлорид адреналин венаға, бұлшықетке) қолданады. 5%100-120мл эпсилон-аминокапрон қышқылын қолдану жақсы нәтиже береді. Бронхоспазм күшейе бастаса 2,4% 10 мл эуфиллин немесе 0,5% 2 мл изадрин жібереді. Жүрек қызметін қалыптастыру үшін диуретиктер, жүрек глюкозидтерін 2-4 мл лазикс, 0,06% 0,5-1,0 мл коргликон егеді. Дәрілер көк тамырға-венаға жіберіледі. Бұлшықетке егілген дәрілер жақсы әсер бермейді. Сонымен қатар оттекті ішке жұту- ингаляциясы жасалады.

Жағдай жөнделмесе дәрілерді қайтадан қолданамыз. Қажет болған кезде жүрек-өкпе жүйесі реанимацияланады. Анафилактикалық шокты бастан кешкен науқастар жүрек, бүйрек, асқазан-ішек жолдарынан болатын асқынулардың алдын алу үшін арнайы бөлімдерде жатады. Мұқият зерттеп талданған жиналған сырқат жайындағы мәлімет- аллергологиялық анамнез асқынулардың алдын алуға жол ашады.

Идиосинкразия. Қазір жергілікті жансыздандыратын дәрілерге-анестетиктерге идиосинкразия көбірек ұшыраса бастады. Оның белгілері: теріде қызыл дақтардың пайда болуы, қышу, ыстықтап барып терлеу, кейде бет-ауыздың көгеруі, талу.

Аталған жайларды жою үшін көк тамырға венаға 1% 1-2 мл димедрол, яғни 2,5% 1-2 мл пипольфен, супрастин ерітінділерін 10% -10,0 мл хлорлы кальцийге араластырып жібереді. Науқасты жатқызып, оның тамырын, қан қысымын, тыныс алуын қадағалайды. Жағдайы нашарлай бастаса жедел реаниматорды көмекке шақырады, себебі, организмнің жансыздандыратын дәріге-анестетикке сезімталдығы өте жоғары болса, алғашқы белгілер өрістеп коллапс, анафилактикалық шокқа жалғасуы ықтимал. Терідегі қызыл дақтар жайлап өшіп науқас жағдайы қалыптаса бастаса 1 сағаттың ішінде үйіне қайтаруға болады. Науқасқа қай жансыздандыратын дәріге-анестетикке реакция болғандығы жайлы ескертеді. Сырқатнамасының бірінші бетіне жаңағы жансыздандыратын дәріні-анестетикті көтере алмайтыны жайлы белгі қояды.

Алдын алу. Науқасқа бір кездерде жағымсыз әсер еткен дәрілерді сынап көру. Бірнеше рет жансыздандыратын дәрі-анестетик қолданылатын науқастарға алдын ала (3 күн бұрын) гистаминге қарсы дәрілермен (пипольфен, димедрол, супрастин)алдын ала егу-премедикация жасалады.

Новокаинмен, тримекаинмен улану. Организмге новокаин мен тримекаинді белгілі мөлшерден артық ендіру улануға соқтырады.

Улану орталық жүйке жүйесін қоздырады, содан кейін оның қызметін тежеп қоллапсқа, тыныс алу мен жүрек қызметін тоқтатуға соқтырады. Уланудың жеңіл түрінде науқас лоқсып, басы айналады, ыстықтап, аяқ-қолының еті тартылады. Уланудың ауыр түрінде бұл аталған жайларға жүйке жүйесінің қозуы, тырысу қосылады. Көп кешікпей қозу тоқтап, тежеу басталып тыныс алу тоқталады. Қозу мен тежеудің тез алмасуы бірнеше минут ішінде болуы (кейде сағаттарға созылуы) мүмкін.

Емі. Уланудың жеңіл түрінде науқасты жатқызып, мүсәтір спиртін иіскетіп тыныс халде қалдырған жеткілікті. Уланудың ауыр түрінде көк тамырға-венаға тез әсер ететін барбитураттар (13% 1-2 мл тиопентал натрий) жібереді. Барбитураттар жансыздандыратын дәрінің-анестетик күшін азайтып оның улау әсерін тежейді. Қажет жағдайда 10-20 минуттан соң барбитураттарды қайтадан көк тамырға-венаға жіберуге болады. Тыныс алу нашарлағанда (респиратор арқылы) күштеп тыныс алдыру керек. Онымен қатар тырысуға қарсы кураре тәрізді дәрілерді қолданамыз. Қажет болса жүрек, қантамыр дәрілері деқолданылады. Уды организмнен айдап шығу үшін тездетілген сідікті шығару-диурез (маннитол, лазикс) жасау қажет.

Емханада уланудың белгілері сезіле бастағаннан-ақ оған қарсы күрес шараларын жүргізіп, жедел жәрдем шақыру керек. Улануға қарсы қолданылатын дәрілер емханада дайын тұруы қажет.

Жергілікті асқынаулар. Иненің сынуы. Үстіңгі жақ пен төменгі жақ анестетиясының кез келген түрінде ине сынуы мүмкін. Ине көбіне канюляның түбінен сынады. Ол коррозияға ұшыраған, тозған инені қолданғанда немесе анестезияны инені күштеп жылжытып жасағанда сынады.

Алдын алу. Иненің бүтін жаңа екендігін тексеріп отыру, нысанаға жеткенде сыртта 1 см-дей қалатындай ұзынырақ инені қолдану, жансыздандыру әдісін-анестезия техникасын дәл және бұлжытпай орындау.

Емі. Иненің орналасқан жерін дәл анықтау үшін бірнеше проекцияда рентген суреттері түсіріледі. Ине ешқайда жылжымай бір орында қалып, тұрған жері ауырмаса аса қауіп тудырмайды уақыт өте келе капсулаланып қалып қояды. Олай болмаса, оны стационарда хирург ота кезінде алып тастайды.

Қан тамырлары мен оның тармақтарының жаралануы. Өтпес, ұшы майысқан инелерді қолданғанда, жансыздандыру әдісін-анестезия техникасын дәл ұстамағанда болуы мүмкін. Тубералды жансыздандыру- анестезиясы кезінде қанат тәрізді көк тамыр-вена өрімдері жараланып, тез арада қанның ұюы-гематома пайда болады, ұрттың жұмсақ тіндері ісіп шыға келеді. Қанның ұюы-гематома өздігінен ыдырап тарайды немесе іріңдейді.

Алдын алу. Жақсы инелерді пайдалану, инені жылжытқанда сүйекті жағалап ине алдына жансыздандыратын дәріні-анестетик жіберіп отыру. Бұл асқыну тубералдыжансыздандыруда- анестезияда жиі кездесетіндігін ескеріп, оны толық қажеттілік туғанда ғана жасау.

Емі. Қанның ұюы-гематома пайда бола бастаған сәтте, ол жерді басып тұрып, қысып таңып, бір тәулік бойы мұздатып ұстаған жөн. Іріңдеп кетпеуі үшін алғаш қабынуға қарсы дәрілер, кейінірек оны ыдырату үшін УЖЖ, құрғақ ыстық қолданылады. Іріндеген қанның ұюын-гематоманы тіліп, қабынуға қарсы, десенсибилизация дәрілерін тағайындайды.

Бет терісінің ишемиясы. Осы жерді қамтамасыз ететін қан тамырының тарылуынан болады, сондықтан бет терісі тез ағарып кетеді. Бірақ бұл көрініс көп ұзамайды. Емнің қажеті жоқ. Инфраорбиталды, менталды жансыздандыруда-анестезияларында жиі кездеседі.

Жүйкенің жаралануы. Жансыздандыру әдісін-а нестезия техникасын бұзған кезде нысанадағы жүйке пен бірге оның маңындағы жүйкелер жаралануы мүмкін. Жүйке ішілік жансыздандыру-Эндоневрал анестезиясы кезінде ине жүйке талшықтарын үзіп, жыртып кетуі белгілі белгілер-симптомдар (парестезия, ауыру, температура, тактилді сезімдердің төмендеуі) арқылы білінеді. Кейде көп мөлшірдегі жансыздандыру дәрілерін-анестетикті жылдам енгізгенде де жүйке талшықтары жарақаттанады. Мандибулярлы жансыздандыру-анестезия кезінде инені шектен тыс терең бойлатып жіберсе бет жүйкелері жансыздану салдарынан ымдау етінің салдануы-парезі пайда болады. Осы сияқты инфраорбиталді жансыздандыруы кезінде бет жүйкесінің ұрт пен бет тармақтары жансызданады. Үшкіл жүйкенің жарақаты күннен айларға созылатын сезімталдығы жоғалып-парестезия мен невралгия түрінде болып, оның тармақтарының тітіркенуі бет жүйкесі мен симпатикалық жүйкелерге тарауы мүмкін.

Алдын алу. Үшкіл жүйке пен оның маңындағы жүйкелердің жақ пен бет аймағында жайласуын-топографиясын жете білу, жақсы инелерді қолданып, жансыздандыру әдісін-анестезия техникасын мүлтіксіз орындау.

Жүйке ішілік-Эндоневральды жарақаттарда невритке қолданылатын ем (физиотерапия - УЖЖ, соллюкс, аналгетиктер, витаминдер) жасалады. Дәрінің әсерінен болған салданулар-парез өзінен-өзі кетеді, оған ем қажет емес.

Ауа эмболиясы. Шприцте ауа қалып, оның жансыздандыру дәрісі мен-анестетикпен бірге қантамырға түсуі. Бұл асқыну дәрігердің олақтығының салдары болып табылады.

Жаңылысып басқа дәрілерді (спирт, сілті, сутегінің қостотығы т. б.) қолдану. Ауыр асқынулар қатарына жатады. Бұл дәріханадан жаңылысып басқа дәрі беру немесе емханада жансыздандыратын дәрі-дәрмектерді-анестетиктерді басқа дәрілермен аралас сақтау, дәрігерлердің ұқыпсыздығының салдары.

Бұл қателіктің алғашқы белгісі -дәріні ендіре бастағанда-ақ қатты ауыру.

Алдын алу. Жансыздандыратын дәрі-дәрмектерді-анестетикті басқа дәрілерден бөтен сақтап, қолданар алдында қолдану нұсқасына- этикетикасына назар аударып, органолептиктік тексеру (дәмі, иісі, түсі), новокаинге Лукомский сынағын жасау.

Емі. Жаңылыс жіберілген дәрінің мөлшерін-концентрациясын төмендету үшін жедел түрде сол аймаққа 0,25% новокаин, физиологиялық ерітіндімен (80-120-150мл) қоршау-блокада жасалады. Содан соң барып тілу керек. Іріндеп шіріп кетпеуі-некроз болмауы үшін антибиотиктер қолданып, жараны гипертоник ерітіндісімен жуып, қадағалап тұрады.

Инфекция ендіру. Асептика ережелері бұзылғанда (анестетик, ине, шприц залалсыздандырылмаған болса) абсцесс, флегмона, қан тамыры және жүйке жараланғанда қабынудың бастапқы кезеңі басталады.

Алдын алу. Асептика шарттарын қатаң түрде сақтау (ерітінді, инструменттер, дәрігердің қолы, ота аймағы залалсыздандырылған болуы керек). Ине шаншудан бұрын ауызды әлсіз антисептик ерітіндісімен шайып, ине шаншитын жерді йод ерітіндісімен залалсыздандырады.

Емі. Қабыну кезеңдерінде жалпы ем жүргізіледі.

Бұлшықет жарақаты (жақтың, қарысуы). Мандибулярлы, торусалді жансыздандыруда кездеседі. Асқыну қанат тәрізді етті өтпес немесе ұшы майысқан инемен жаралау, бұлшықетке шектен тыс көп жансыздандыратын дәрілерді-анестетик енгізуден болады.

Клиникалық көрінісі. Ауырсынып, ауызы жақсы ашылмайды.

Емі. Ауызды сода ерітіндісімен шаю, жақ астына жылу қою, қарысыпқалуды-контрактураны тарататын терапия, механикалық ем.

Таңдайдың кілегей қабығының өлеттенуі. Жаңылысып басқа ерітінділер енгізумен бірге,жансыздандыратын дәріні-анестетикті көп мөлшерде (1,0 мл-ден артық) жіберсе де (кілегей қабық сүйек қабығымен бірге сүйектен ажырап кетуі мүмкін) болады. Сүйек қабығының ажырауы тіндердің қоректенуін бұзып жұмсақ таңдаймен сүйектің өлеттенуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Алдын алу. 0,5-0,75 мл-ден артық жансыздандыратын дәріні-анестетик жібермеу, ине ұшы кілегей қабық астында болуы керек.

Жұмсақ таңдайдың салдануы. Таңдай- палатиналді жансыздандыру- кезінде дәріні таңдайдың үлкен тесігінен артқа енгізгенде шектен тыс көп мөлшерде жансыздандыратын дәріні-анестетик жібергенде пайда болады. Науқас лоқсып, құсып, жөтеліп, тандайда бөгде зат бар сияқты сезінеді.

Алдын алу. 0,5-0,75 мл-ден артық жансыздандыратын дәріні анестетик жібермеу, жансыздандыру әдісін-анестезия техникасын бұзбау.

Емі. Жұмсақ таңдай тілшесін, тілдің түбіне тимейтіндей етіп ауызды кере ашып, терең тыныс алу, отаны тез аяқтау.

Мұрын түбінің кілегей қабығының жаралануы. Күрек тістер жансыздандыруында-анестезиясында инені 0,3-0,5 мм-ден терең енгізгенде болады. Қан ағуы мүмкін.

Диплопия. Қосарланып көріну инфраорбиталды жансыздандыру-анестезия кезінде инені тереңдетіп сұғудан, көп мөлшерде жансыздандыратын дәріні-анестетик жіберуден келіп шығады.

Алдын алу. Инені өзек ішінде 7-10 мм-ден артық сұғуға, 0,5-0,75 мм-ден артық жансыздандыратын дәріні-анестетик жіберуге болмайды.

Емі. Асептика бұзылмаса ешқандай емнің қажеті жоқ.

Көз алмасының жаралануы. Инфраорбиталды жансыздандыру- анестезиясы кезінде инені өзекке тым терең бойлата сұққанда немесе инені өзекке емес, көз шарасының төменгі қырынан жоғары сұққанда болады.

Ішке сіңу жансыздандырудан кейінгі ісік пен аурулар. Дәрінің дұрыс даярланбауынан (ерітіндіні изотоник емес жай суда даярланғанда), жансыздандыратын дәріні-анестетикті сүйек қабығының астына жібергенде, ұзақ уақыт тұрып қалған жансыздандыратын дәріні- анестетиктерді қолданудан келіп шығады.

Алдын алу. Ж ансыздандыратын дәріні-анестетиктер жаңадан даярланған болуы, анестезия кезінде сүйек қабығын жараламау, иненің сүйекке жанай қозғалуы қажет.

Жансыздандыратын дәрінің-анестетиктің жергілікті зиянды әсері (ісік, дерматит) жиі және ұзақ уақыт теріге жансыздандыратын дәрінің- анестетиктердің әсерінен туады (медицина мамандарында кездеседі). Кейбір тым сезімтал науқастарда новокаин жіберген жерде дерматит байқалуы мүмкін егер жиналған сырқат жайындағы мәлімет-анамнезде жансыздандыратын дәріні-анестетиктеріді көтере алмайтыны белгілі болса, онда алдын ала организмнің жансыздандыратын дәріні-анестетикке сезімталдығын анықтап алған жөн. Содан кейін қажет болса басқа жансыздандыратын дәріні-анестетикті қолданылады.

Тұжырым: Науқасқа жансыздандыру үшін, науқасқа бірнеше сұрақтар беріп оның жауабын күту керек. Мысалы: Сіз соңғы-ақарғы кезде дәрігер-стома-тологта болып көмек алдыңыз? немесе қашан?. Сіз тісіңізді жақын арада дәрігер-стоматологта болып, тісіңізді жұлдырдыңыз ба? немесе емдеттіңізбе? және т.б. Осындай сауал-жауаппен жансыздандыратын дәріні қолдану керек пе немесе тағыда қосымша зерттеу шараларын өткізу керектігі және тағы басқада жағдайларды анықтауға болады. Жансыздандыратын дәріні тағдай білу керек. Дәріні қолданудан бұрын аңдатпасына, қысқаша мазмұнына көңіл аударумен қатар оны мұқият оқып көру керек. Жансыздандыру жасалатын аймақтың анатомиялық және орналасу құрылымын (бұлшықетті, қан-тамыр-лар және жүйке жүйесін) жақсы білу қажет. Бұл жергілікті және жалпы асқынудың алдын алудың алғашқы шараларының бірі болып саналады.

 

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. Хирургиялық стоматологияда көбірек қолданылатын жансыздандыру дәрілері немесе анестетиктер химиялық құрылымы жағынан олар....... бөлінеді.

А) екі топқа

Б) үш топқа

В) бес топқа

Г) жеті топқа

Д) төрт топқа

2. Хирургиялық стоматологияда көбірек қолданылатын жансыздандыру дәрілері немесе анестетиктер химиялық құрылымы жағынан олар....... болып бөлінеді.

А) күрделі эфирлер, амидтер тобы

Б) амидтер тобы, тотықтар тобы

В) күрделі эфирлер, металлдар тобы

Г) амидтер тобы, металлдар тобы

Д) күрделі эфирлер, тотықтар тобы

3. Жергілікті жансыздандыруды (анестезияны) күшейту және оның уақытын ұзарту үшін тамыр тарылтқыш заттар........аз мөлшерде жансыздандыру дәрілеріне (анестетиктерге) қосылады.

А) адреналин, норадреналин, вазопрессин

Б) вазопрессин, димедрол, супрастин

В) норадреналин, тималин, строфантин

Г) вазопрессин, хлорлы натрий, хлорлы кальций

Д) норадреналин, тетрациклин, белсендірілген көміртек

4. Тістер, жақ, ауыз бен беттің жұмсақ тіндері, көз, сезу мүшелері түгелімен дерлік............ (5 жұп) арқылы жүреді.

А) үшкіл жүйке

Б) қол жүйке

В) мойын жүйке

Г) арқа жүйке

Д) бел жүйке

5. Үшкіл жүйке (n.Trigeminus)....... жүйке болып есептелінеді,

А) аралас жүйке

Б) қосымша жүйке

В) жанама жүйке

Г) бүйір жүйке

Д) көлденең жүйке

6. Үшкіл жүйкен жуан түбіршегі...., жіңішке түбіршегі...... жүйкелері.

А) жуан түбіршегі — сезу, жіңішке түбіршегі- қимыл жүйкелері

Б) жуан түбіршегі — көру, жіңішке түбіршегі- қимыл жүйкелері

В) жіңішке түбіршегі- қимыл, жуан түбіршегі — ымдау жүйкелері

Г) жуан түбіршегі — сезу, жіңішке түбіршегі- есіту жүйкелері

Д) жіңішке түбіршегі- қимыл, жуан түбіршегі — жұту жүйкелері

7. Сезу түбіршегі самай сүйегінің пирамида ойығында (Мекель қуысы)............ түйінін құрайды.

А) Гассердің жарты ай

Б) Анреп

В) Воод

Г) Кулаков

Д) Сағатбаев

8. Гассердің жарты ай түйінін құрайды да....... бөлінеді.

А) үш тарамға

Б) бес тарамға

В) төрт тарамға

Г) жеті тарамға

Д) тоғыз тарамға

9. Үшкіл жүйкенің (n.Trigeminus) тармақтарын атаңыз.

А) көз, жоғарғы жақ, төменгі жақ

Б) төменгі жақ, көз, құлақ

В) жоғарғы жақ, төменгі жақ, негізгі

Г) төменгі жақ, көз, мұрын

Д) жоғарғы жақ, төменгі жақ, желке

10. К іші қаз табанда (pes anseris minor) жалғасқан жүйке талшықтары.......... өзіне тиісті бөлігін жүйкелендіреді

А) жоғарғы ерін, төменгі қабақ, мұрын қанатының, кеңсірік пердесінің

Б) төменгі қабақ, мұрын қанатының,төменгі ерін, иектің

В) жоғарғы ерін, мұрын қанатының, құлақ терісінің

Г) кеңсірік пердесінің, төменгі қабақ, иектің терісінің

Д) төменгі қабақ, мұрын қанатының, құлақ терісінің

11. Таңдайдың кілегей қабығын......... талшықтар жүйкелендіреді.

А) қанат-таңдай түйінінен тараған

Б) төменгі жақ бұрышы түйінінен

В) қолдың ұзын сүйектерінен

Г) жамбас сүйектерінен

Д) мойын сүйектерінен

12. Қанат-таңдай түйіні...... жүйесіне жатады.

А) парасимпатикалық жүйке

Б) сезімтал

В) көру

Г) иіс сезу

Д) есіту

13. Қанат-таңдай түйінінен тарайтын жүйке талшықтарын атаңыз.

А) вегетативті парасимпатикалық, симпатикалық,сезімтал талшықтар.

Б) сезімтал, көру, иіс сезу

В) вегетативті парасимпатикалық, сезімтал, көру

Г) симпатикалық, иіс сезу, сезімтал

Д) сезімтал, вегетативті парасимпатикалық, есіту талшықтары

14. Қанат-таңдай түйінінен тарайтын жүйке талшықтарының неше түрі

бар.

А) үш түрі

Б) бір түрі

В) екі түрі

Г) төрт түрі

Д) бес түрі

15.Жоғарғы жақты өткізгішті жансыздандыру түрлерін атаңыз.

А) төмпешікті, көз асты, таңдай, күрек тістік

Б) көз асты, таңдай, мандибулярлы, иек асты

В) төмпешікті, күрек тістік, иек асты, торусалды

Г) күрек тістік, мандибулярлы, иек асты, торусалды

Д) таңдай, самай, иек, мойын

16.Төмпешікті жансыздандыруды жасау әдістерін атаңыз

А) ішкі, сыртқы

Б) сыртқы, артқы

В) ішкі, алдыңғы

Г) сыртқы, алдыңғы

Д) ішкі, артқы

17. Көз асты жансыздандыруды жасау әдістерін атаңыз

А) ішкі, сыртқы

Б) ішкі, артқы

В) сыртқы, алдыңғы

Г) ішкі, алдыңғы

Д) сыртқы, артқы

18. Таңдай жансыздандыруды жасау әдістерін атаңыз

А) ішкі

Б) сыртқы

В) алдыңғы

Г) артқы

Д) таңдай сызығының бойымен

19. Күрек тістік жансыздандыруды жасау әдістерін атаңыз

А) ішкі, сыртқы

Б) сыртқы, артқы

В) ішкі, алдыңғы

Г) сыртқы, алдыңғы

Д) ішкі, артқы

20. Төменгі жақты өткізгішті жансыздандыру түрлерін атаңыз.

А) торусалды, мандибулярлы, иекті

Б) төмпешікті, көз асты, таңдай, күрек тістік

В) симпатикалық, иіс сезу, сезімтал

Г) таңдай, самай, иек, мойын

Д) сезімтал, вегетативті парасимпатикалық, есіту талшықтары

21. торусалды жансыздандыруды жасау әдістерін атаңыз

А) ішкі, сыртқы

Б) сыртқы, артқы

В) ішкі, алдыңғы

Г) сыртқы, алдыңғы

Д) ішкі, артқы

22. иектік жансыздандыруды жасау әдістерін атаңыз

А) ішкі, сыртқы

Б) сыртқы, артқы

В) ішкі, алдыңғы

Г) сыртқы, алдыңғы

Д) ішкі, артқы

23. мандибулярлы жансыздандыруды жасау әдістерін атаңыз

А) ішкі, сыртқы

Б) сыртқы, артқы

В) ішкі, алдыңғы

Г) сыртқы, алдыңғы

Д) ішкі, артқы

24.Бет сүйекасты-қанат тәрізді сүйек жолы жансыздандыру

(С.Н.Вайсблат ұсынған) әдісінде нысана белгісі ретінде....... алынады.

А) құлақ-көз, трагоорбитал сызығы

Б) көз асты, жақасты маңы

В) мойынның ымдау бұлшықеттері, құлақ-көз

Г) трагоорбитал сызығы, жақасты маңы

Д) мойынның ымдау бұлшықеттері, көз асты

25.Үшкіл жүйкенің 2-ші тармағын жансыздандыру әдісінде нысана

белгісі ретінде....... алынады..

А) қанат-таңдай шұңқыры.

Б) көз асты, жақасты маңы

В) мойынның ымдау бұлшықеттері, құлақ-көз

Г) трагоорбитал сызығы, жақасты маңы

Д) мойынның ымдау бұлшықеттері, көз асты

 

 

VІІ ТАРАУ

ТІС ЖҰЛУ ОТАСЫ

Адамзат арасында тіс жұлу отасы ең көп жасалатын ота. Басқа оталармен салыстырғанда тіс жұлу отасының біраз ерекшеліктері бар. Ол кейде оңай және тез болғанымен, кейде өте күрделі болып ұзаққа созылуы да мүмкін. Онда дәрігерге көмекші, көптеген аспаптар қажет болады. Күрделі оталар аурухананың арнайы бөлімшелерінде көпке созылған жалпы жансыздандыру арқылы жасалады.

Жалпы тіс жұлу ауыр ота болып есептеледі, себебі, тіс өз ұясынан күштеп жұлынып алынады. Тіс жұлынған кезде дөңгелек сіңір, периодонт, сүйек қабығы қан тамырлары мен жүйке талшықтары үзіледі, тіс ұясы да жараланады, оған ауыздағы заттар түседі. Ауыз қуысының адам организміндегі микробқа ең бай жері екендігін, онда залалсыздандыруды жүргізу өте қиын екендігі және мүлдем мүмкін еместігін еске алсақ, онда тіс ұясындағы жарақатқа инфекцияның енуі түрлі қабыну кезеңдеріне жол ашу қаупін арттыра түседі.

Тіс жұлу кезіндегі науқастың уайым-қайғысын (тыныс алу мен тамыр соғуының жиілеуі, қан қысымының көтерілуі, кейбір ағзалар қызметінің бұзылуы) жаңағы аталған жарақатқа қоса есептесе жергілікті немесе жалпы асқынуға себептің жеткілікті екендігін анық түсінуге болады.

Тіс жұлу отасы көне замандардан белгілі (Эскулаптан). Ол туралы алғашқы жазба мағлұматтар Гиппократқа тиесілі (Р. Бауме, 1899).

Алғашқы қорғасын қысқыштардың үлгісі Дельфит храмында сақтаулы. Темірден жасалған қысқыштар жайлы Аристотель жазып қалдырған.

Тістердің анатомиялық ерекшеліктері есепке алынбаған көне дәуірде тіс жұлу күрделі ота болып саналған. 1826 ж. Гаррис Фай тістердің анатомиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып қысқыштар үлгісін ұсынған, ол сол үшін күміс жүлденің иегері атанды. Кейінірек 1841 ж. Джон Томс анатомиялық қысқыштар жасады, олар көп өзгеріссіз күні бүгінге дейін қолданылуда.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2429 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2611 - | 2185 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.