Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Олдан дем алдырудың ауызбен ауыз арқылы әдісі.




 

 

Сурет-23. Алғашқы жәрдем түрлері.

а- бір қолмен маңдайды басып, екінші қолды мойын астына жіберіп

аурудың басын барынша артқа қарай шалқайту керек. б- маңдайдағы

қолмен мұрынды қысып жабады, ал өз аузымен аурудың аузын толық

қамтиды; в- ауызбен ауаны аурудың өкпесіне кеудесі көтерілгенше

үрлейді;

Реанимация кезеңдері:

I - орталық жүйке жүйесіне жедел ауа (газ) жеткізу (оксигенация);

II - қан айналысын қалпына келтіру;

III - қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.

I. Қолдан дем алдыру (жедел түрде кірісу қажет), оның екі әдісі бар:

1. Экспираторлы: ауызбен ауыз, мұрын, түтік арқылы (1 сурет).

2. Аппараттық: дем алдыратын немесе наркоз беретін аппарттар арқылы.

Аппараттық дем алдыру әрқашан жақсы нәтиже береді, бірақ барлық жағдайда дем алдыруды экспираторлық әдістен бастайды. Өйткені бұны ұйымдастыруға ешқандай уақыт кетпейді.

Қолдан дем алдырудың ауызбен ауыз арқылы әдісі. 1) Бір қолмен маңдайды басып, екінші қолды мойын астына жіберіп аурудың басын барынша артқа қарай шалқайту керек. Бұл тілдің көмейге жылжымауын қамтамасыз етеді; 2) Маңдайдағы қолмен мұрынды қысып жабады, ал өз аузымен аурудың аузын толық қамтиды; 3) Ауызбен ауаны аурудың өкпесіне кеудесі көтерілгенше үрлейді; 4) Ауыз бен мұрынды босатқанда еріксіз дем шығады; 5) Бір минут уақытта 12-15 рет ауыз арқылы өкпені үрлейді;

Ауыз-мұрын арқылы қолдан дем беру әдісі. 1) Бір қолмен маңдайдан ұстап, екіншіқолды төменгі жақастына жіберіп ауызды жабады; 2) Ерінмен мұрынды жақсылап жабады, төменгі жақты сол қалпында ұстайды; 3) Ауызбен ауаны аурудың өкпесіне мұрын арқылы кеудесі көтерілгенше үрлейді; 4) Ерінді мұрыннан алып, төменгі жақты ұстап тұрған қолымен ауызды ашқанда еріксіз дем шығады: 5)Бір минут уақыт ішінде 12-15 рет өкпені осылай үрлейді.

Жоғарғы тыныс жолдарын тазарту. Ауыз қуысы және жоғарғы тыныс жолдары құсық, қан, тағы басқа заттармен бітеліп қалған жағдайда, оларды реанимация жасаудан бұрын алып тазалау қажет. Ол үшін ауруды етпеттен жатқызып қолмен жауырын аралығынан ұрады, саусақтарды орамалмен немесе басқа шүберекпен орап ауыз қуысын тазалау керек. Егер кішкене бала болса, оның аяғынан бір қолымен ұстап басын төмен жіберіп ауыз қуысын тазалап, көмекейі мен тамақта тұрған заттарды бос қолдың саусақтары арқылы жауырын ортасынан ұрып түсүруге болады.

Дем алдыратын немесе наркоз аппараттарымен дем беру кеңірдекке түтік жіберу арқылы жасалады. Оны тек анестезиолог-реаниматолог жасаған жөн.

II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)

Бұл қан айналымын қолдан қалпына келтіріп, газдарды ағзалар мен жүйелерге тарату.

Жүректі сырттан сығу. Жүректі кеуде мен омыртқа желісінің аралығына қысу. Аурудың клиникалық өлу уақытында кеудені омыртқа желісіне қарай 4-5 см тереңдікке қысып жылжытуға болады (2а,б-сурет).

Әдісі. 1) Ауруды шалқасынан қатты нәрсеге (жерге, еденге, столға, арбаға) жатқызады. 2) Реаниматордың алақаны кеуденің төменгі 1/3 орналасып, кеудеге тек білезік сүйегі тиюі қажет. 3) Төсте жатқан алақанның сыртқы жағына екінші қолдың алақаны қойылып кеудені омыртқа желісіне қарай, шынтақ буынын сәл бугіп, кеуденің жоғарғы жағынан барлық салмағымен бір ырғақпен қысу қажет. 4) Ересек ауруларға 1 минут уақыт аралығында 50 рет кеудені басу керек, ал балалар кеудесін бір қолмен немесе саусакдіен 1 минут уақытта 100-120 рет басу қажет.

 

5) Жүрек массажы (қысу) қолдан дем берумен қатар жүргізіледі. Егер реанимацияны бір адам жасайтын болса, онда 2—3 рет ауыз немесе мұрын арқылы дем бергеннен кейін кеудені 15 рет басу қажет. Ал екі адам жасаған уақытта бірі дем салып, ал екіншісі кеудені басады. Бұл жерде айтатын өте қажет жағдай, өкпені үрлеу мен кеудені басу бір-бірімен қатар болмай, бірінен соң бірі жасалуы керек.

 

 

 

Сурет -24. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)

 

а — реаниматордың алақаны кеуденің төменгі 1/3 орналасып, кеудеге тек

білезік сүйегі тиюі қажет. (указано стрелкой); б — төсте жатқан

алақанның сыртқы жағына екінші қолдың алақаны қойылып кеудені

омыртқа желісіне қарай, шынтақ буынын сәл бугіп, кеуденің жоғарғы

жағынан барлық салмағымен бір ырғақпен қысу қажет.

 

 

Сурет-25. Жүрекке сыртынан жабық массаж жүргізу

 

2. Журекке ашық немесе тікелей массаж (уалау) жасау. Жүректі сырттан сығу тәсілі 1-2 минут ішінде нәтиже бермеген жағдайда, кеудені ашып оны тікелей сығу тәсілі қолданылады. Ол үшін асептиканы ескермей, қолға түскен өткір пышақпен, төстің сол жағынан бір елі қалдырып кеудені IV—V қабырға аралығымен жұмсақ тіндерді орталық қолтықасты сызығына дейін кесіп кеудені және жүрек қабын ашады. Осыдан кейін жүректі екі алақан арасына салып минутына 60—80 рет бір қалыпта қысады. Бұл әдісті жүрек жұмысы қалпына әкелгенше жасайды. Содан кейін жүрек қабын жиналған сұйықтан босатып оны тігеді, Кеуде тіндері қат-қабат тігіледі.

3. Журек массаждарының (сыртқы, ішкі) нәтиже көрсеткіштері. Егер қан айналымын қалыпты жағдайға келтірсе (әсіресе мидың) жүрек массажы жақсы нәтиже берген болып есептеледі. Массажды 5 секундтан (Гордан) артық уақытқа тоқтатуға болмайды. Оны үзіліссіз жасау қажет, Жүрек массажының нәтижесі болған жағдайда оның соғуы және дем алуы қалпына келгенімен, мидың толық тірілуі болмайды. Сондықтан жүрекке массаж жасағаннан соң бірден оның жұмыс нәтижесін тексеру керек.

Жүрекке массаж нәтижесінің көрсеткіштері: 1.Кеудені басқанда немесе жүректі қысқанда ұйқы тамырларының соғуы білінеді.

2. Егер атропин, эфедрин, адреналин сияқты, көз жанарын қысатын дәрілер енгізілмесе ол кішірейеді. Сонымен қатар бетке және ерінге қан жүгіріп, олардың түсі жақсарады.

3. Көбінесе, сфигмометр арқылы қан қысымын анықтауға болады. Әдетте оның деңгейі сынап бағанасымен 70—80 мм жетеді. Бірақ, көп жағдайда қосымша ем тәсілдері қолданылады.

Жүрек жұмысын қалпына келтіру. Қолдан дем беріп, жүрек массажын бастағаннан кейін бірден миокард және қан тамырлары жұмысын көтеретін шаралар қолдану қажет. Олар үшін:

а) Миокардтың күшін көбейтетін дәрілер қолдану. Норадреналин - 0,5 мл немесе адреналин— 0,5 мл. Қосымша - 5,6 мл 10% кальций, 1 мл 0,1% атропин ерітінділерін бір шприцпен ұзын ине арқылы төс сүйегінің сол жағасынан 1 елі алып IV—V қабырғалар арасымен, жүректің сол жақ қарыншасынан енгізу керек. Енгізер алдында поршенді сыртқа қарай тартқанда шприцке қан құйылуы қажет. Егер массаж бен қолдан дем беру нәтижелі болса, онда бұл дәрілерді вена ішіне жіберуге болады.

б) Метаболды ацидозбен күресу. Ол үшін венаға— 75 мл 5% бикорбонат ерітіндісін әрбір 5 минут сайын жіберіп отыру керек (Сафар). Бір тәулік ішінде 200-600 мл бикорбонат құюға болады (Неговский). Ерітіндіні дайындау әдісі: 5 г соданы 100 мл ыстық стерилді дистиляциядан өткен сумен араластырады. Тығыз тығынмен аузы бекітілген, ішінде 5% бикорбонаты бар флаконды 30 минутқа автоклавқа салып стерилизация жасау керек.

в) Жүректі электр тогымен дефибриляция жасау. Егер массаж, қолдан дем беру нәтижелі бола тұрып және жоғарғы айтылған дәрілерді енгізгеннен кейін жүрек жұмыс істемесе, онда жүрек қарыншаларының фибриляциясы (дірілдеуі) болғаны. Онда жүрекке электр тогын жіберу арқылы дефибриляция жасау қажет. Дефибрилятордың электродтарын хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісімен ылғалданған дәкемен бірін оң жақ жауырын астына, екіншісін жүрек ұшына қатты басып ұстайды.

Дефибриляцияны 3,5 Ку ток күшінен бастап, әр бірінде 0,5 Ку қоса отырып 6 Ку дейін апарады. Дефибриляция жасаған кезде ауруға ешкім жанаспау қажет.

г) Глюкокортикоидтарды енгізу. Ол үшін келесі дәрілерді қолдануға болады: преднизолон 30-60 бірлік, 150-300 мг (ерітінді ампулада 25 мг, оны енгізу алдында 5 мл бикорбонат ерітіндісімен қосу қажет); 150-300 мг гидрокортизон ацетатын 5% глюкоза ерітіндісінің 250-500 мл қосады. Осы айтылған дәрілерді венаға енгізеді.

д) Жүрек энергетикасының қорын молайту үшін: 30% глюкоза +12 бірлік инсулин; 1% глюкоза + 2мл АТФ; В витамині, кокарбоксилаза ерітінділерін венаға құю қажет.

з) Жүректің тоқтау себебін жою. Жоғарыда айтылған реанимациялық шаралармен бірге, жүректі тоқтатқан себептермен күресу қажет. Мысалы: қан азаюымен күрес, организмді удан тазарту т.б.

Есте сақтайтын негізгі қағидалар; 1)Жүрек жұмысы өз бетімен дұрысталмағанша жүрек массажын және қолдан дем беруді тоқтатпау қажет. Үзіліс тек жүрек ішіне дәрілер енгізу және дефибриляция жасау уақытында ғана; 2)Жоғарыда айтылған барлық ем жүрек массажын және қолдан дем берумен қатар орындалады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1825 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2152 - | 2108 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.