Сұрау-жауап Тексеріп көру және Термометрия
Шағымы зерттеудің объективті Электроодонтометрия
Аурудың келіп түрлері Сәулелі, Цитологиялық шығу тарихы Бет-жақ аймағының Морфологиялық Кәсіптік зияндылық сыртқы көрінісі Сиалография, Сиалометрия
Кейбір заттарға Сипап тексеру Микробиологиялық
ағзаның ерекше Ауыз қуысын Биохимиялық, Иммунологиялық сезімталдығы тексеру-зерттеу Қызметтік нақтама қою
Науқастың өмір Ауыз қуысының мақсатында зерттеу әдістері:
тарихы негізгі бөлігін реография, полярография,
Науқастың ауырған тексеру-зерттеу миография, допплерлік
ауруының түрлері сүңгі құрал мен сәулеліфлуометрия,
тексеру-зерттеу мастикациография,
тісті тықылдатып термовизиография,
тексеру-зерттеу жақтардың қалыптарын дайындау,
бетті компьютерлі мүсіндеу,
Зертханалық зерттеу әдістер:
Қанның және басқада биологиялық
сұйықтықтардың құрамын зерттеу.
Кесте -1.
Қарап-байқау. Мұнда науқастың сыртқы бет-пішініне, тері қабатының түсіне, көзге көрінетін шыршы қабығына және ақаулар болса, оларға назар аударылады.
Бет-әлпетінің ісінуі — домбығудан, қабыну инфильтратынан, ісіктен, гематоманың және сынған жақ сүйегінің орнынан жылжуынан пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бет мүшелерінің ақаулары мен деформацияларында да бет құрылысы өзгереді.
Тері қабаты қызарып (қабыну кезеңдерінде), көкшіл тартып (қан тамырларынан пайда болған ісіктерде, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда) шектен тыс және жеткіліксіз пигменттелуі мүмкін (туа біткен пигментті дақ, жүкті кезде пайда болатын дақтар, тыртық жердің дақтануы). Сонымен бірге тері қабатында пайда болған патологиялық өзгерістерге (жаралар, тыртықтар, жыланкөздер, жырылған жаралар сияқты) назар аудару керек.
Көру мүшелерін тексергенде - көз симметриялығына, тығыз жабылуына, қабақтың қимылына, көз алмасының өзгерістеріне (мүлдем жоқ болуы, деформациясы, шарасынан шығып тұруы немесе ішке кіруі), көздің қарашығының формасынан, жарыққа реакциясына, конвергенциясына, аккомадациясына назар аударған жөн. Саусақтардың көмегімен көздің өткірлігін тексеріп, оның шұғыл төмендегіндігін немесе мүлдем жоқтығын анықтауға болады. Сондай-ақ, заттың көз алдында қосарлануы байқалса, ол көзді (қимылдататын) кері тартатын немесе шығыршықты жүйкелер қызметтерінің жетіспеушілінен және жоғарғы жақ сүйегінен-көз саңылауына еніп, өсіп бара жатқан ісіктің әсерінен, көз алмасының жоғары қарай жылжып кетуінен болады.
Мұрынды тексергенде-оның пішіміне, сүйекті-шеміршекті бөлігінің өзгерістеріне (ақауы мен деформациялары), мұрын қуысының шырышты қабықтарының түрін және бөліп шығаратын затының сипатын анықтайды.
Бет жүйкесі бұтақтарының зақымдануы ымдау бұлшықеттерінің қызметі бұзылып, шала салдану-парез немесе сал ауруы-паралич түрінде байқалуы мүмкін. Оған беттің жұмсақ еттерінің зақымдануы, құлақ алдындағы сілекей безіне операция, бассүйек-ми зақымдануы және ортаңғы құлақ ауруларының әсері болады.
Ерінді тексергенде - оның анатомиялық пішініне, жоғарғы және төменгі еріндердің бірдейлігіне, қимылы мен тығыз жабылуына, езулерінің симметриялылығына көңіл бөлу керек.
Сондай-ақ еріннің суланып тұруын, патологиялық өзгерістердің бар-жоқтырын анықтайды.
Сипап қарау (пальпация) — қосымша тексеру тәсіліне жатады. Беттің жұмсақ тіндерінің қызуын, жиырылғыштығын, тығыздығын, ісіктің бар жоғын, олардың қандай тереңдікте орналасқанын, көлемін, ауыру сезімін сипау арқылы білуге болады. Егер бет тіндеріндегі өзгеріс беткей орналасса, сипалауды оң қолдың саусақтарымен, өзгеріске ұшырамаған тұстан бастайды. Терең сипап қарау-пальпацияда - бұлшықеттердің немесе жақ-бет аймағындағы мүшелердің жағдайын анықтайды. Ол үшін тері қабатын немесе бұлшықетті қатпарға жинап, олардың қалыңдығын, жиырылғыштығын және созылғыштығын бақылайды. Сондай-ақ сипап қарау арқылы жақасты, иек, құлақарты, мойын лимфа түйіндерінің санын, көлемін, тығыздығын, ауыратын ауырмайтындығын, жылжығыштығын да білуге болады. Егер лимфа түйіндері үлкейген және ауыратын болса, ол қабыну кезеңдеріне тән. Ал үлкейген, тығыз, аз қимылдайтын лимфа түйіндері, көбінесе қатерлі ісіктердің әртүрлі даму кезеңінде пайда болуы мүмкін. Жақасты, иек және жақ артындағы лимфа түйіндерін сипап қарағанда дәрігер науқастың оң жағында болып бір қолымен оның басын ұстап; келесі қолының 2, 3, 4 саусақтарын жақ астына орналастырады да, айналдыра сипалау арқылы лимфа түйіндерінің жағдайын анықтайды. Иек астындағы түйіндерді оң қолдың үш саусағымен сипап қарайды да, мойын, лимфа түйіндерін 2-3-4 саусақтарымен төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің алды-артындағы және бұғанаүсті аймағында тексереді.
Бет сүйектерінің құрылысын, сырт көзбен ғана қарап қоймай, сипап та қарау керек. Бұл жағдайда, сүйек өзгерістерін (жуандағанын, ісінгенін, сынып төмен түскенін), ақаудың бар-жоғын, қозғалысын, сықырлауын анықтауға болады. Бұл өзгерістер — сүйек дамуындағы кемістіктер мен жарақаттардың әсерінен, жақ сүйегінде ісікті заттың болуынан пайда болуы мүмкін.
Төменгі жақ буыны қызметінің бұзылу дәрежесін ауызды ашып-жауып, жан-жаққа қимылдату арқылы анықтайды.
Төменгі жақ сүйегінің буын басының қимылын құлақалды өсіндісінің маңынан сипалап немесе екі қолдың сұқ саусақтарын науқастың сыртқы есту тесігінің ішіне кіргізіп анықтайды. Қалыпты жағдайда, науқас аузын 4,5-5 см ашуы тиіс. Ал егер буында патологиялық өзгеріс болса (қабыну, буын анкилозы, жақ контрактурасы төменгі жақ сүйегінің буындық өсіндісінің сынуы) онда ауыздың ашылуы жартылай немесе мүлдем шектелеп, жақ сүйек жан-жаққа қимылдамай қалады).
Ауыз қуысын тексеруді қызыл еріннен бастайды, өйткені онда ақ дақтар, жарылған жерлер, жаралар болып, эпителийдің қабыршықталуы байқалуы мүмкін. Ауыз қуысын стоматологиялық айнаның, қалақшаның, шымшуырдың, сүңгі құралдың көмегімен тексереді.
Ауыз қуысының кіреберісін тексергенде, еріннің, жақ шоқтығының шырышты қабығына назар аударған жөн.
Онда төмендегідей өзгерістер болуы мүмкін: а) бояудың түсінін, өзгеруі, пигменттік дақ, сұр немесе қоңырқай түсті дақтар (организмге қорғасын, висмут, сынап түскен жағдайда) және қабыну процестерінің әсерінен қан кернеп қызаруы; б) шырышты қабықтың құрылысының өзгеруі (папуланың, дөңестіктің, гиперкератоздың пайда болуынан); в) шектелген сұйықдықтың жиналуы (пустула, іріңдік, шырышты қабықтағы бездің сарысулы ісігі); г) шырышты қабық бүтіндігінің бұзылуы (эрозияның, жараның, жыланкөздің болуынан).
Сонымен бірге шырышты қабықтың кеуіп солғанын да байқауға болады. Шырышты қабықпен бірге, өтпелі қатпардың жағдайына, жақ шоқтығының биіктігіне (әсіресе тіс жоқ жағдайларда) қызыл иекке назар аудару керек.
Тілді тексергенде, оның қалпына, мөлшеріне, түсіне, ылғалдығына, жараның, жолақтанып қызарудың, жұқа жараның, тыртықтың бар-жоғына және қалыңдығына (жуандығына) көңіл бөледі. Туа біткен патологияларда, қабыну кезеңдерінде, ісік тілдің құрылысын өзгертіп, салмағы артуы мүмкін. Ал тіласты жүйкесінің салдануында, керісінше тіл кішірейеді. Тілді тексерудің негізгі әдісі — сипап көру. Оны жүргізу үшін сол қолдың екі саусағымен тілді сыртқа тартып ұстап тұрады да, оң қолдың екі саусағымен сипап көреді.
Тамақ астын тексергенде, оның шырышты қабығына, жақ және жақ асты сікелей бездерінің өзегіне, одан бөлінген сілекейдің түр-түсіне назар аударған жөн.
Осы аталған бездердің қызметін білу үшін, екі қолды сипап көру- екі қолды (бимануальды) cипау жүргізеді, яғни сұқ саусақты ауыз қуысына кіргізіп, келесі қолдың саусақтарын жақ астына орналастырып, бір-біріне тақай сипалай қимылдатады. Сонда ғана бездің құрылысын байқап білуге болады.
Қатты және жұмсақ таңдайды тексергенде, олардың шырышты қабықтарына ғана емес, сонымен бірге туа және жүре пайда болған ақаулардың, ісік тәрізді заттардың бар-жоғына, жұмсақ таңдай қимылына да назар аудару керек (тыртықтанып тартылу, ымдау еттің парезі немесе параличі, жұмсақ таңдайдың жарылуы т.б.). Сонымен бірге бадамша бездеріне, жұтқыншақтың артқы және бүйір қабырғаларында өзгерістің бар-жоғын да қарау керек.
Тіс қатарын тексергенде, олардың дұрыс жабылуын қадағалайды, өйткені жақ сынғанда, шығып кеткенде, әртүрлі ақауларда ол өзгеруі мүмкін. Тіс жанындағы тіндерді тексергенде қызыл иектің шырышты қабығына, онда терең қалталардың, іріңді заттың бар жоғына, тістің қызыл иек тінінен жалаңаштанбағанына және қанайтын-қанамайтындығына назар аудару керек. Егер тіс босаған болса, себебін анықтайды (ісіктің, жарақаттың салдарынан, парадонтоз т. б.).
Әсіресе тіс сауытының бүтіндігіне, түсін, егер сауытта қуыс болса, оның тереңдігіне, сүңгі құралмен тексергенде ауыратын-ауырмайтындығына көз жеткізу қажет. Периодонттың жағдайын тісті аспаппен жайлап соғып тексереді. Егер жедел ағымды қабыну кезеңі болса, тісті аспаппен соққанда ауырады.
Науқастарды қосымша тексеру әдістері - клиникалық нақтаманы-диагнозды толық қою үшін қажет. Емдеудің әр сатысында нәтижесінің дұрыс екенін анықтау үшін стоматологияда көбінесе рентгенография әдісі қолданылады (ауыз қуысы ішінен және сыртынан). Көбіне ауыз қуысы арқылы жасалатын рентген әдісі жиі қолданылады. Өйткені бұл тіс пародонтының жағдайын анық көрсетеді. Ол үшін рентген пленкасын қатты таңдайдың шырышты қабығына немесе төменгі жақ сүйегінің ішкі бетіне қапсыра ұстайды. Егер ауыз ашылуы шектелген болса, жұқа қабықты-пленканы тістетіп қойып түсіреді.
Ауыз сыртынан жасалатын рентген суретін көбінесе жоғарығы жақ сүйегін, мұрын қуыстарын, шығыңқы бет сүйегін, оның доғасын, бас, мұрын сүйектерін, шықшыт, сілекей бездерін және жұмсақ тіндерді тексергенде қолданады. Рентгенография арқылы сүйек тініндегі өзгерістерді, жақтың сынған жерлерін, шықшыттың жағдайын, ісіктің немесе қабыну процестерінің шегін, жұмсақ тіндерде жатқан бөгде заттың орнын, сілекей бездерінде немесе өзегінде жатқан «тастардың» өлшемін анықтауға болады.
Бет сүйектерінің құрылысын, қуысты денелерді, сілекей бездерін толық тексеру үшін арнайы рентгенографиялық әдістерді қолданады.
Томография- арқылы әртүрлі тереңдікте жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін шықшыттығы өзгерістерді түрлі тереңдікте «кесіп» көрсетуге болады. Панорамды рентген суреті - бүкіл тіс қатарын, жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің шоқтықтарын көруге мүмкіншілік береді. Телерентген үлкен фокусты ара қашықтықтағы рентген суреті (150 см) тексерілетін сүйек затының анық өлшемін білуге мүмкіншілік береді (бас, бет сүйектерінің, оларды қоршап жатқан жұмсақ тіндердің жиектерін). Телерентгенограмада бұрыштық және сызықтык, өлшемдер жүргізеді.
Сілекей бездеріндегі, қуысты денелердегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін - контрасты рентгенография әдісі қолданылады. Ол сілекей безінің өзегіне және Гаймор қуысына контрасты (йодолипол) зат енгізу арқылы жүргізіледі.
Ауыз қуысындағы шырышты қабықта кездесетін өзгерістерді анықтау үшін стоматоскопия әдісін қолданады.
Ол үшін арнайы 28—30 есе үлкейтіп көрсететін аспап арқылы, шырышты қабықтың өзгерген жерін қарайды. Бұл әдіс пен өзгеріске ұшыраған шырышты қабықтың шегін, түсін, қабыну кезеңінің бар-жоғын анықтауға мүмкіншілік туады. Сондықтан стоматология, стоматологиялық алғашқы қарау бөлмелерінде, алдын алу мақсатында-профилактикалық тексеру кездерінде шырышты қабық ауруларын гистологиялық тексеруге дейін анықтау қажет. Кейбір патологиялық кезеңдерде, ісіктердің нақтамасын анықтау үшін морфологиялық әдіс қолданады. Қазіргі кезде кең тараған әдіс - цитология болып табылады. Ол жасуша бөлшектерін-клетка элементерін, олардың құрылысының ерекшелігін, шоғыр жинақ-конгломераттарын зерттеу арқылы жүргізіледі.
Тексеру заттары-материалы ретінде бетте, ауыз қуысында орналасқан жолақтанып қызарудың-эрозияның не жараның бетінен тырнап немесе «дақ» ретінде және жыланкөзден, күдікті денелерден, қабынған мүшенің тінінде жасушалардың ұйыспасынан-инфильтраттан, ісіктен алынған заттар қолданылады.
«Дақты» тексергенде, майдан әбден тазартылған шыны қолданылады. Оны тексеретін жерге бірнеше рет басу арқылы жүргізеді.
Биопсия - кесіп алынған тірі тінді тексеру әдісі дұрыс нақтама қоюға бағытталған. Гистологиялық тексеру - емнің тиімді әдісін қолдануға, нәтижесін, отаның көлемін анықтауға, отадан кейінгі емдік шараларын дұрыс жүргізуге көп көмек тигізеді.
Биопсияның төмендегідей түрлері бар: инцизиялық, пункциялық, аспирациялық.
Инцизиялық биопсияда (ауруға) патологияға ұшыраған тіндер аумағы түгел кесіліп алынады. Яғни, өзгеріске ұшыраған тіндермен қатар, сырт көзге өзгеріссіз көрінетін тіндер де (әсіресе терең қабаттағы) кесіліп алынып, 10—20% формалин ерітіндісі құйылған ыдысқа салынуы тиіс. Содан кейін дәрігер биопсияға алынған не зат екені туралы қағаз толтырады.
Пункциялық биопсияда — әртүрлі диаметрдегі торакарлармен бірнеше миллиметр қалыңдықтағы тіндерді алып, парафин немесе целлоидин ерітіндісін құйып тексереді.
Аспирациялық биопсияны — жіңішке иненің көмегімен, аз ғана мөлшерде материал алып тексереді. Функционалдық диагностикалық тәсілдердің ішінде мастикоциография (шайнау қимылын жазу) миотонография, (шайнау еттерінің тонусын анықтау) электромиография (бұлшықеттердің электрофизиологиялық жағдайын білу үшін биопотенциалдарды тіркеу) тәсілдері кеңінен қолданылады. Тістерді тексеру үшін электроодонтодиагностика тәсілінің мәні зор. Бұл тәсілде сау тістер 2—6 мкА ток күшіне сезімталдығы болады. Парадонтоз ауруында тіс ұлпасының қозуы артады да (2 мкА тоқтан төмен), тіс сауытының ұлпасы үлкен болса, оның ток, күшіне сезімталдығы төмендейді (60 мкА күшіне дейін).
Хирургиялық стоматологияда, соңғы кездері функционалдық нақтама әдістерінің ішінде - реография кеңінен қолданылады. Бұл организмдегі тірі тіндердегі қан толу-қан айналу кезеңдерін, тіндердің электр тогына қарсылығы арқасында пайда болатын, пульсті тербелуді жазу (тіркеу) арқылы жүргізіледі.
Тіндердегі қан тамырларын, қан айналу процестерін білудің маңызы зор. Өйткені бұл жағдайлар-факторлар тіндердің қоректенуі мен қайта қалпына келтіру мүмкіншіліктерін анықтайды. Ал бұл өз алдына, жақ-бет аймағында ауыз қуысында жүргізілетін хирургиялық емнің күрделілігін алдын ала анықтауға мүмкіндік тудырады, фотоплетизмография әдісінде де, тіндердегі қан толу кезеңі анықталады. Егер реография әдісінде қанның толуын электрометриялық әдіспен тіркесе, фотоплетизмографияда тіндердің оптикалық тығыздығы өзгерісінің негізінде тіркейді.