Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде мәліметтер қорын құру




 

Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде мәліметтер қорын құру

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Excel электрондық кестесі мәліметтер қорын құруды, оларды сұрыптауды, мәліметтерге сүзгі қолдануды және топтауды үйрену.

 

Жұмыстың мазмұны:

Адамдар немесе белгілі бір объектілер туралы мәліметтердің жиынтығын мәліметтер қоры деп айтамыз. Мәліметтер қорындағы бағаналар - өріс, ал қатарлар - жазу болып табылады. MS Excel электрондық кестесінде мәліметтер қорын құруға болады. Мәліметтермен жұмыс істеу үшін лентада Мәліметтер (Данные) бетіндегі батырмаларды пайдаланамыз (14.1-сурет).

 

14.1-сурет. Мәліметтер беті

 

Кестеге мәліметтерді енгізгеннен кейін оларды сұрыптауға, сүзгі пайдалануға болады. Сұрыптау үшін мәліметтерді ерекшелеп алып, батырмасына басамыз. Мәліметтерді сұрыптау сұқбат терезесі пайда болады (14.2-сурет). Бұл сұқбат терезеде Сұрыптау (Сортировать по) өрісінде сұрыпталатын бағананың атын, Қатар (Порядок) өрісінде таңдалған бағанадағы мәліметтердің өсу немесе кему қатарымен сұрыпталатынын таңдаймыз. Деңгей қосу (Добавить уровень) батырмасына бассақ екінші бағана бойынша екінші деңгеймен сұрыптауды жүргізуге болады.

 

14.2-сурет. Мәліметтерді сұрыптау сұқбат терезесі

 

Егер сұрыптауды немесе батырмаларымен орындасақ, онда мәліметтер бірінші ерекшеленген бағана бойынша өсу қатарымен немесе кему қатарымен сұрыпталады.

Мәліметтерді белгілі бір шарт бойынша таңдап алу үшін сүзгіні пайдалануға болады. Ол үшін курсорды бағана тақырыбына қойып, Мәліметтер=>Сұрыптау және сүзгі=>Сүзгі (Данные=>Сортировка и фильтр=>Фильтр) батырмасына басамыз. Сонда бағана тақырыптарына батырмасы пайда болады. Кеңейтілген сүзгі пайдалану үшін Қосымша (Допольнительно) батырмасына басамыз. Кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр) сұқбат терезесі пайда болады (14.3-сурет).

 

14.3-сурет. Кеңейтілген сүзгі сұқбат терезесі

 

1- тапсырмадағы мәліметтерден тек қыз балаларды тізімін шығару үшін Жынысы бағанасындағы стрелкаға басамыз. Ұл жанындағы жалаушаны алып тастап, ok батырмасына басамыз (14.4-сурет).

 

14.4-сурет.

 

Нәтижеде жұмыс алаңына тек қыз балалардың тізімі ғана шығады.

Мәліметтерді бағана немесе қатар бойынша топтауға болады. Ол үшін мәліметтерді ерекшелеп алып, Мәліметтер=>Құрылым=>Топтау (Данные=>Структура=>Группировать) командаларын орындаймыз. Мысалы, 1-тапсырмадағы 5:19 қатарды ерекшелеп, Топтау батырмасына басамыз. Нәтижеде(14.5-сурет) (-) таңбасы бар сызық пайда болады. Сонымен қатар терезенің сол жақ бөлігінде 1 және 2 сандары бар батырмалар пайда болады. 1 немесе - батырмасына бассақ мәліметтерді жинайды (14.6-сурет), 2 немесе + батырмасына бассақ мәліметтерді толығымен көрсетеді (14.5-сурет).

14.5-сурет.

 

14.6-сурет.

 

1-тапсырма. Мәліметтерді кестеде берілгендей енгізіңіз. Мәліметтерді фамилия бойынша өсу қатарымен сұрыптаңыз. Сүзгіні пайдаланып 1 курс студенттерінің тізімін шығарыңыз. Мәліметтерді қатар бойынша топтаңыз.

 

14.7-сурет.

 

2-тапсырма. Мәліметтерді кестеде берілгендей енгізіңіз. Мәліметтерді авиакомпания бойынша кему қатары бойынша сұрыптаңыз. Ұшып келген ұшақтардың тізімін шығарыңыз. Сағат 6:05 дейінгі ұшақтардың тізімін шығарыңыз. Мәліметтерді қатар бойынша топтаңыз.

 

14.8-сурет.

 

3-тапсырма. Видеокассета прокат пункті берілген. Бағаналардың атын видеокассетаның аты, ұзақтығы, жанры, тақырыбы, шыққан жылы, шыққан жері, кинокомпания, басты актерлар деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.

4-тапсырма. Кинотеатр мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын кинотеатрдың аты, кионтеатрдың адресі, фильмнің аты, фильмнің жанры, фильмнің бағасы, уақыты, күн деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.

5-тапсырма. Ресторан мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын тағамның аты, тағамның бағасы, кухня түрі, категориясы (бірінші, екінші және т.б.; етті, балық, салат және т.б.), тағамның компоненттері деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.

6-тапсырма. Кітапхана мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын кітаптың шифры, аты, авторы, шыққан жері, баспасы, беті, шыққан жылы деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2099 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2443 - | 2258 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.