Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде диаграмма құру




 

Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде диаграмма құру

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Excel электрондық кестесі диаграмманың түрлерімен танысу және диаграмма құруды үйрену.

 

Жұмыстың мазмұны:

Диаграмма – дегеніміз сандық мәліметтердің графикалық түрде берілуі. Диаграмма құру үшін кестедегі мәліметтерді ерекшелеп алып, Қою=>Диаграммалар (Вставка=>Диаграммы) лентасындағы диаграмманың керек типін және түрін таңдаймыз (13.1-сурет). Диаграмманың 11 стандартты типі және әр типінің бірнеше түрлері бар. Диаграмманың типтері (13.2-сурет):

Гистограмма (Гистограмма)

График (График)

Дөңгелек (Круговая)

Сызықтық (Линейчатая)

Облыстымен (С областями)

Нүктелік (Точечная)

Биржалық (Биржевая)

Көлемді диаграмма (Поверхность)

Көпіршікті (Пузырьковая)

Жапырақтық (Лепестковая)

 

13.1-сурет.

 

13.2-сурет. Диаграмманың стандартты типтері

 

Жұмыс алаңына диаграмма пайда болғаннан кейін лентада Диаграммамен жұмыс (Работа с диаграммами) пайда болады (13.3-сурет).

 

13.3-сурет. Конструктор беті

 

Конструктор бетінде диаграмманың стилін, макетін таңдауға болады. Сонымен қатар, диаграмманың типін ауыстыруға және мәліметтер диапазонына өзгерістер енгізуге болады (13.3-сурет).

Макет бетінде диаграммаға тақырып енгізе аламыз (13.4-сурет). Аңыздың (Легенданың) орнын ауыстыруға болады.

 

13.4-сурет. Макет беті

 

Сонымен қатар, диаграммаға мәліметтер, пайыз және т.б. қоя аламыз (13.5-сурет).

 

13.5-сурет.

 

Пішім (Формат) бетінде фигураның стиліне өзгеріс енгізе аламыз (13.6-сурет).

 

13.6-сурет. Пішім беті

 

1-тапсырма. Кестеде берілген мәліметтерге Дөңгелек (Круговая) диаграммасын құрыңыз. Ол үшін мәліметтерді ерекшелеп алып, Қою=>Диаграммалар=>Дөңгелек (Вставка=>Диаграммы=>Круговая) командасын орындаңыз. 13.8-суреттегідей диаграмманы безендіріңіз.

 

13.7-сурет.

 

10.8-сурет. Дөңгелек диаграмма

 

2-тапсырма. Сарапшылардыңпікірі бойынша 2030 жылы халық саны ең көп ел тізімі берілген. Гистограмма диаграммасын құрыңыз және оны безендіріңіз (13.10-сурет).

 

13.9-сурет.

 

13.10-сурет. Гистограмма диаграммасы

 

3-тапсырма. 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында турагент фирманың сатылған билететр саны берілген. Әр квартал бойынша сатылған билеттер санына Пирамидалық гистограмма диаграммасын құрыңыз және оны безендіріңіз (13.12-сурет).

 

13.11-сурет.

 

13.12-сурет. Пирамидалық гистограмма диаграммасы

 

4-тапсырма. Әр дүкен бойынша мониторлардың сатылу саны берілген. H5 ұяшығына =C5*$K$5+D5*$K$6+E5*$K$7+F5*$K$8 формуласын енгізіңіз және қалған ұяшықтарды толтырыңыз. Ctr пернесін басып тұрып В5:В9 және H5:H9 ұяшықтарын белгілеңіз, Дөңгелек диаграмма құрыңыз (13.14-сурет).

13.13-сурет.

13.14-сурет.

5-тапсырма. у=х2-2 функциясының графигін [-4;4] кесіндісінде h=1 қадам бойынша графигін салу үшін тиісті кестені толтырыңыз. Кестеде берілген мәліметтерге График диаграммасын құрыңыз. Ол үшін мәліметтерді ерекшелеп алып, Қою=>Диаграммалар=>График (Вставка=>Диаграммы=>График) командасын орындаңыз. Диаграмманың тақырыбын енгізіңіз (13.16-сурет).

 

13.15-сурет.

 

13.16-сурет. у=х2-2 функциясының графигі

6-тапсырма. Z=y2-x2 функциясының графигін (параболоид) , аралықта h=0.1 қадам бойынша графигін тұрғызу қажет. (13.18-сурет).

1) х-тің мәндерін А бағанасына енгізіңіз. Ол үшін А2 ұяшығына -1 мәнін, А3 ұяшығына -0,9 мәнін енгізіңіз. Осы екі ұяшықты ерешелеп алып, пайда болған тіктөртбұрыштың оң жақ төменгі бұрышындағы «+» маркер белгілісі арқылы А22 ұяшығына дейін тышқанмен тартыңыз.

2) у-тің мәндерін А қатарына енгізіңіз. Ол үшін В1 ұяшығына -1 мәнін, С1 ұяшығына -0,9 мәнін енгізіп, B1:V1 ұяшықтар диапозонын толтырыңыз.

3) В2 ұяшығына берілген функцияны =$A2^2+B$1^2 түрінде жазыңыз. Enter пернесіне басыңыз. (Мұндағы $A2 ұяшығының адресінде баған өзгермейді, жолдың нөмері өзгеріп отырады, ал, B$1 ұяшығының адресінде баған өзгереді, жол өзгермейді. Бөл ұяшықтың аралас адресі деп аталады).

B2 ұяшығында 2 саны шығады. B2 ұяшығын қайта шертіп, «+» белгісі арқылы B2:V22 ұяшық диапазонын толытырыңыз.

4) Кестедегі мәліметтерді ерекшелеп алып, Көлемді диаграмма (Поверхность) диаграммасын құрыңыз (13.18-сурет).

 

13.17-сурет.

 

13.18-сурет.

7-тапсырма. функциясы берілген. «Көлемді диаграмма» деп аталатын экзотикалық бетті тұрғызу. Функцияның тәуелсіз айнымалылары х пен у-тің мәндерін алдыңғы мысалдай етіп енгізіңіз. Тек В2 ұяшығына =$A2*B$1*($A2^2-B$1^2)/КОРЕНЬ($A2^2+B$1^2) формуласын енгізіңіз және қалған ұяшықтарды толтырыңыз (13.19; 13.20-сурет).

 

13.19-сурет.

 

13.20-сурет.

 

8-тапсырма. x2+y2+r2=16 функциясына жартысфера құру қажет. Ол үшін B1:R1 ұяшықтарын -4 тен 4 ке дейін 0,5 қадаммен толтырыңыз. Осылай A2:A18 ұяшықтарын -4 тен 4 ке дейін 0,5 қадаммен толтырыңыз. B2 ұяшығына =КОРЕНЬ(16-B1*B1-A2*A2) формуласын енгізіңіз. =КОРЕНЬ(16-B$1*B$1-$A2*$A2) формуласы бойынша ұяшықтардың адресін абсолюттік адреске өзгертіп, B2:R18 диапазонын толтырыңыз. Көлемді диарграмма (Поверхность) диаграммасын құрыңыз.

 

13.21-сурет.

 

13.22-сурет.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2602 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

4849 - | 4367 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.