Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып: Іnternet-ке қосылу. xDSL технологиялары




Қысқаша мазмұны: Функция және архитектурасы. Локальды ресурстарды басқару. Үлестірілген ресурстарды басқару. Кәзіргі замандағы операциялық жүйелерге шолу. MS Windows 2000, Unix операциялық жүйелер тобы, Novell Net Ware

Novell Net Ware жұмыс сервисынан және жұмыс станцияларынан құрылады. Файлдық сервермен жұмыс станциялар арасын желілік сегменттер біріктіреді.

Желілік сегмент ретінде коксильді кабелді не бұралмалы провод пайдаланылады.

Желілік сегменттің максимальды ұзындығы шамамен 185 метрге тең. Ал керек жағдайларда арнаулы пайдаландыратын құрылғылар арқылы желілік сегментті бес есе арттыруға болады.

Жұмыс станцияларға қойылатын талаптар:

· оперативті жады 8-16 Мбайт;

· қатты диск 650-800Мбайт;

Net Ware операциялық жүйесіне жалпы сипаттама. Novell фирмасы бұл компьютерлік әлемде IBM немесе Microsoft фирмалары сияқты атақты. Ол көбіне желілік операциялық жүйелерді шығарады. Бірнеше менеджерлері мен программисттері бар бұл фирма 1982 жылы шықты. 1990 жылға дейін бұл фирманың жылдық айналымы 500 млн. доллар болды. Оның желілік операциялық жүйесі дербес компьютерлар сату әлемінде де бірінші болды. Ол осындай атағын өзінің сенімділігі мен сапалылығының арқасында алды. Қазіргі кезде Net Ware-дың 6-шы нұсқасы көп тараған. Ал қолданып үйренгенге оның 4-ші версиясы жақсы.

Net Ware 5 – бұл 32- разрядты операциялық жүйе, ол Intel Pentium жүйелік блогында жұмыс жасайды. Net Ware-мен жұмыс жасау үшін келесі аппараттық құралдар қажет:

· аз дегенде 16 Мбайт жедел жады болу керек, кейде үлкен серверлер жедел жады 4 Гбайт болатынды сұрауы мүмкін;

· көлемі 1 Гбайт қатқыл диск;

· бір немесе одан да көп желілік интерфейс тақшасы;

· желілік кабель, пайдаланатын желілік тақшаға байланысты оның түрі;

Net Ware операциялық жүйесінің негізі «ядро» болып табылады. Ол Net Ware пайдаланушыларының мына қызмет құралдарымен қатынас құруын қамтамасыз етеді.

· Файлдарды ашу, жабу және оқу мен мәліметтерді жазу;

· Файлдарды блокировкалау;

· Қорғау;

· Хабардар ету;

· Баспа және басқару;

· Басқа серверлермен католизациялану және синхронизациялану;

· Мәліметтерді өткізу және оларға қосылу;

· Желімен басқару;

Желілік операциялық жүйе жұмыс станциясы мен сервер арсындағы хат ағымын басқару үшін керек. Ол кез келген жұмыс станциясынан бөлінетін желілік дискімен немес физикалық түрде сол станцияға қосылған принтермен жұмыс істейді.

Кейбір компьютерлік желіде файлдық сервердің функциясын орындайтын белгілі бір автономды компьютер бар. Ондай жүйелер «файлдық сервері бар ЖЕЖ» (Жергілікті Есептеуіш Желі) деп аталады. Басқа кішігірім ЖЕЖ-дерде жұмыс станциясы бір уақытта файлдық сервер функциясын орындай алады. Бұл - бір рангілі ЖЕЖ.

Әр жұмыс станциясымен файлдық сервердегі желілік операциялық жүйелердің компоненттері бір-бірімен тіл арқылы байланысады. Оны «протокол» деп атайды. Сол ортақ протоколдардың бірі болып IBM фирмасының Net Bios (Networw Output Input System – енгізу және шығару) протоколы болып табылады. Басқа да көп тараған протоколдардың бірі Novell фирмасының IPX протоколы

Төмендегі кестеден сіздер кейбір операциялық жүйелерді және олардың өндірушілерін көре аласыздар:

 

Операциялық жүйе Өндіруші
Apple Talk Apple
LANtastic Arisoft
Net Ware Novell
Net Ware Lite Novell
Personal Net Ware Novell
NFS Sun Microsystems
OS\2 LAN Manager Microsoft
OS\2 LAN Server IBM
Windows NT Advanced Server Microsoft
POWER fusion Performance Technology
POWER Lan Performance Technology
Vines BA

 

Novell компаниясы ЖЕЖ-ді шығарушы бірінші компаниялардың бірі болды. Ол құрылғылы өнімдерді ғана емес, сонымен қатар программалық өнімдерді өндіреді, соңғы уақытта Novell фирмасы программалық құралдарды шығаруға көп көңіл бөлуде. Төменде Net Ware фирмасының кейбір кейбір программалық өнімдеріне сипаттама берілген:

· Net Ware операциялық жүйесі Dos, Dos және Window, OS\2, UNIX, Win NT, Mac System 7 және т.б. операциялық жүйелердің басқаруындағы жұмыс станцияларын қолдауға мүмкіндігі бар.

· Net Ware-дің ЖЕЖ-і басқа да операциялық жүйелерге қарағанда көптеген желілік адаптердің түрлерімен жұмыс істей алады.

· Net Ware-да ARC net, Ethernet, Token Ring және т.б. да желілік адаптерлерді қолдануына болады.

· Net Ware ЖЕЖ-нің үлкен көлемге дейін ұлғаюына болады

· Net Ware ЖЕЖ-і сенімді жұмыс істейді.

· Net Ware-да мәліметтерді қорғау басқа ЖЕЖ-дерге қарағанда өте жоғары

· Net Ware-да 200-ге дейінгі желлік адаптердің түрлерін, 100-ге дейінгі мәлімет сақтайтын орынды, мәліметтерді және файлдық серверді қайталау құрылғыларын пайдалануға мүмкіндік береді

· Novell фирмасы Net Ware операциялық жүйесін қолдау туралы Bell Atlantic Dec, Hewlett-Packard, Intel, Prime, Unisys және Xerox сияқты үлкен қуатты тәуелсіз бірлестіктермен келісімшарт жасасқан.

Берілген операциялық жүйенің структурасын толықтай қарастырайық. Net Ware-дағы файлдық сервер жай ғана ДК-дегідей болады. Басқару функциясы жұмыс станциясының координациясын және файлдарды бөлу процесі мен ЖЕЖ принтерін орнату мен айналысады. Барлық жұмыс станцияларының желілік файлдары жұмыс станцияларының дискінде емес, қатты дискінің файлдық серверінде сақталынады. Net Ware операциялық жүйесінің 3 версиясы бар. 2.2 версиясы 80286 компьютерінде жұмыс істейді. Ол файлдық сервер ретінде пайдаланады. Операциялық жүйені сатып алған кезде оған қолданушылар санына лицензия алу керек. (5, 10, 50, 100). Net Ware-дың кейбір түрлері көптапсырмалы және көпқолданушы операциялық жүйелер, яғни OS\2, UNIX және т.б. басқаруымен болатын жұмыстарға арналған

Net Ware операциялық жүйесінің 3.12 версиясына 20, 100, немесе 250 қолданушылардың қосылуына болады, ал Net Ware-дың 4-ші версиясының 1000 қолданушымен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар.

Операциялық жүйенің барлық версиялары бір-бірімен жақсы қатынаста, сол арқылы бір компьютерлік желіде Net Ware-дың әртүрлі файлдық серверін алуға болады.

Net Ware операциялық жүйесінің кейбір командалары

NPrint – текстік файлды принтерге жібереді

Login – серверге қосылу командасы. (Шығу командасы Logout)

Whoami – қолданушының идентификациясы

UserList – дәл сол кезде ЖЕЖ-ге қосылған қолданушылар аттары

Send – қандай да болсын қолданушыға хат жіберу

Net Ware-да жинақтаушылардың үш типі бар: жергілікті жинақтауыш, желілік жинақтауыш және ізденуші жинақтауыш. Жергілікті жинақтауыш – физикалық түрде жұмыс станциясына қосылған. Желілік жинақтауыш – ол файлдық сервердің қатты дискісіндегі жинақтауыштар. Сол сияқты Net Ware-да іздеуіш жинақтауыш сияқты түсініктер қолданылады..

МАР – жинақтауыштың қазіргі статусын көру (параметрлерінсіз) және оларды қайта жою (параметрлерімен)

Net Ware операциялық жүйесінде файлдар мен директорияларды басқарудың түрлі амалдары бар. Онда көшіруге, жоюға, атын өзгертуге, жазуға, қағазға шығаруға және ЖЕЖ-де файлдарды бөлуге болады.

Rights – берілген директориялардағы сізде бар құқықтардың тізбегі

Ncopy – файлдарды көшіру

Ndir – берілген директориядағы директория тізімі. Dos-тағы Dir командасына қарағанда ол әр файл мен директорияға қосымша ақпарат шығарады.

Capture – баспаны бөлінетін желілік серверге қайта бағыттау

Net Ware-дың кеңейтілген модульдік структурасы бар. NLM модулі желіні басқаруға, мәліметтер базасына қызмет көрсетуге, мәліметтермен алмасуға, архивизациялауға, алмасулар мен хаттар, баспаның қосымшаларына және оларды сақтауға мүмкіндігі бар. NLM-нің кейбір модульдері Net Ware-мен бірге келеді, ал кейбіреулерін Novell немесе басқа да фирмалардан алуға болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 852 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

2219 - | 2173 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.