Топырақтағы зиянды заттарды гигиеналық нормалаудың теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелері төмендегідей, яғни:
1) топыраққа түскен экзогенді химиялық заттарды барлық кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпті деп қарастыру дұрыс емес;
2) топыраққа түскен химиялық заттардың қауіптілігі топырақтың экологиялық (өзін-өзі тазарту) қабілеттілігімен анықталады;
3) нормативтер микробиоценоз және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне әсер ету есебімен экстрималды – климаттық жағдайларда (топырақ ортасынан заттардың қарқынды көшуі) алынған мәліметтерге негізделеді;
4) гигиеналық нормативтер зияндылықтың шектеулі көздерінің есебемен бекітіледі, яғни: жалпы санитарлық, миграциялық, ауалық, органолептикалық, фитоаккумуляциялық (зиянды заттардың өсімдіктерде жиналуы немесе оларға өтуі) және санитарлы-токсикологиялық.
Санитарлы-токсикологиялық нормативтер топырақ құрамындағы заттардың адам ағзасына бір мезетте бірнеше жолдармен, яғни, шаң-тозаң, атмосфералық ауа, ауыз суды тұтыну, тамақ өнімдері және т.б жолдармен түсу мүмкіншіліктерін ескереді.
Топырақтағы ластағыш заттар үш бағытта нормаланады:
- ауыл шаруашылығында пайдаланатын егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;
- кәсіпорынның территориясындағы улы заттардың жинақталуы;
- елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын жер топырағының ластануы.
Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауға екі көрсеткіш қолданылады: ШРКт және уақытша рауалы концентрация (УРКт)
ШРКт- топырақтың егістік қабатындағы заттардың ШРК, мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалануы қабілетіне тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет;
ШРК о- азық-түлік өнімдеріндегі заттардың ШРК, мг/кг.
ШРКт белгілеу үшін қарастырылып отырған заттардың фондық концентрациясы, оның физикалық-химиялық қасиеттері,тұрақтылығы, улылығы туралы мәліметтер қолданылады:
- топырақтағы заттардың ШРК, бұл мөлшер деңгейінде оның тағамдық және жемдік өсімдіктерге өтетін көлемі кейбір руалы қалдықтың мөлшерден аспауы қажет;
- заттар топырақтан ауаға ұшқанда олардың мөлшері ауа үшін белгіленген ШРК-дан аспайтын рауалы концентрациясы;
- микроорганизмдерге және топырақтың өздігімен тазалану процесіне әсер етпейтін концентрация.
Өсімдіктерді зиянкестерден, аурудан, арам шөптерден қоғау үшін қолданылатын кейбір улы химикаттарға да ШРК белгілейді (1 кестеде, мг/кг). Егерде әртүрлі орталар үшін ШРК шамасы белгіленбеген болса, онда уақытша гигиеналық норматив УРК- заттардың уақытша рауалы концентрациясы анықталады. Уақытша норматив белгілі мерзімге 2-3 жылға белгіленеді, оын есептеу арқылы анықтайды. Топырақтың санитарлық жағдайы бірнеше гигиеналық көрсеткіштермен сипатталады: санитарлық сан (белоктағы азот мөлшерінің жалпы органикалық азотқа қатынасы); сонымен қатар, ішектің таяқша құртының (коли-титр), шыбынның балапын құртының, гельминттер жұмыртқаларының бар болуы ескеріледі. Топырақтың тазалылығы осы көрсеткіштердің жиынтығымен бағаланады. Гигиенгалық нормативтер алты көрсеткіштер бойынша ластаушы заттардың шекті рауалы концентрациясын қарастырады, олар: органолептикалық (түс, дәм, өсімдіктердің азықтық құндылығы, атмосфералық ауаның және судың иісі, түсі дәмі); жалпы санитарлық (топырақтың өзін-өзі тазарту процесіне әсері; фитоаккумуляциялық (транслокациялық); су-миграциялық; ауа-миграциялық және санитарлы-токсикологиялық. Топырақтағы кейбір химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының (ШРК) санитарлы нормалары 1- кестеде көрсетілген.
1-кесте. Топырақтағы химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының санитарлы нормалары
Затар | ШРК, мг/кг | Шектеуші көрсеткіштер |
Қозғалмалы түр | ||
Кобальт | 5,0 | Жалпы санитарлық |
Фтор | 2,8 | Транслокациялық |
Хром | 6,0 | Жалпы санитарлық |
Суда еритін түр | ||
Фтор | 10,0 | Транслокациялық |
Жалпы құрамы | ||
Бенз(а)пирен | 0,02 | Жалпы санитарлық |
Ксилол (орто-, мета-, пара-) | 0,03 | Транслокациялық |
Мышьяк | 2,0 | Транслокациялық |
Көмір флотац. калдық. | 3000,0 | Сулы және жалпы санитарлық |
Сынап | 2,1 | Транслокациялық |
Қорғасын | 32,0 | Жалпы санитарлық |
Қорғасын +сынап | 20,0+1,0 | Транслокациялық |
Күкірт қосылыс.(S): - кәдімгі күкірт; - күкіртсутек; - күкірт қышқылы | 160,0 0,4 160,0 | Жалпы санитарлық Ауалық Жалпы санитарлық |
Стирол | 0,1 | Ауалы |
Формальдегид | 7,0 | Ауалы |
Хлорлы калий | 560,0 | Сулы |
Хром | 0,05 | Жалпы санитарлық |
Ацетальдегид | 10,0 | Миграционды-ауалы |
Изопропилбензол+ альфаметилстирол | 0,5 | Миграционды-ауалы |
Суперфосфат (Р2О5) | Өсімдікке өту |
Топырақ құрамындағы пестицидтерді нормалау 2- кестеде берілген.
2-кесте. Топырақтағы пестицидтердің шекті рауалы концентрациясы
Пестицидтің аты | ШРК мг/кг топырақта | Шектеуші көздер |
Актеллик | 0,5 | Транслокациялық |
Актеллик | 0,1 | Жалпы санитарлық (рН=5,5 топырақ үшін) |
Атразин | 0,5 | Транслокациялық |
Бетанал | 0,25 | -«- |
Волатан | 1,0 | Транслокациялық және миграционды-ауалы |
Гамма-изомер ГХЦГ | 0,1 | Транслокациялық |
2,4 - ДА | 0,25 | -«- |
Золон | 0,5 | -«- |
Карбофос | 2,0 | -«- |
Метафос | 0,1 | -«- |
Прометрин | 0,5 | -«- |
Раундал | 0,5 | -«- |
Семерон | 0,1 | Сулымиграциялық |
Симазин | 0,2 | Транслокациялық |
Фосфамид | 0,3 | -«- |
Цинеб | 0,2 | Жалпы санитарлық |
Эптам | 0,9 | Транслокациялық |
Қала маңындағы, қара және түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы, химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіптері, машина жөндеу жерлеріндегі топырақ ауыр металдармен, мұнай өнімдерімен, фтор және басқа да уытты заттардың қосылыстарымен ластануына байланысты заттарды нормалау 3- кестеде көрсетілген.
3-кесте. Топырақтағы кейбір заттардың шекті рауалы концентрациясы, мг/кг
Заттар | ШРК | Шектеуші көрсеткіштер |
Бенз(а)пирен | 0,02 | Жалпы санитарлық |
Бензин | 0,1 | Миграционды-ауалы |
Ванадий | Жалпы санитарлық | |
Мышьяк | Транслокациялық | |
Сынап | 2,1 | Транслокациялық |
Қорғасын | Жалпы санитарлық | |
Кобальт | Жалпы санитарлық | |
Мыс | « | |
Полихлорбифенид | 0,06* | - |
* Жуықты мөлшер
Топыраққа әртүрлі көздерден (металлургия, машина жасау, өндірістік кәсіпорындардың қалдықтары мен төгінділері) түсетін көптеген химиялық заттарды бірнеше қауіптілік кластары бойынша жіктейді, 4- кесте.