Лекции.Орг

Поиск:


Устал с поисками информации? Мы тебе поможем!

Философия және дін




Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған XX ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. XXІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ояну процесі басталды. Бұл – кең көлемдегі тоқтаусыз процесс. Болашаққа қол созған жарқын істеріміздің, ұдайы алға жетелейтін үмітіміздің маңызды бір бөлігі – діни өрлеу.

Діни білім туралы мұсылман дінтанушысы Абу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-Ғазали (1059-1111) былай деген: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім».

Қазіргі кезеңде адамзатты әлемдік қауымның болашағы қалай қалыптаспақ деген сұрақтар ойландырады. Өткен ғасырда алып мемлекеттер “дүниенің жаңа тәртібін” түзуде бірқатар табыстарға жетті десек те, жер бетінде зұлымдық, адамгершілікке жат құбылыстар азайған жоқ. Адам мәніне дұрыс көзқарас, дегенімен, толық қалыптасқан жоқ. Профессор А.Дж.Тойнби айтқандай: “коммунизм де, капитализм де – бұл екеуі де христиан дінінің некесіз тапқан балалары болып табдылады”. Бұл сөздің астарында болашақ жаңа әлемдік қауымдастық туралы ой қозғамақ әрекеті жатыр. Иудей – христиандық ойлаудың үш мың жылдық тарихы, шығыс діндерінің өткен тарихы біздің санамызда қасиетті бір ғажап тілекті оятады, ол тілек – жаңа адам , жаңа қоғам құру.

Әл-Фарабидің “Қарапайым қала тұрғындары көзқарастары” атты еңбегінде жүрек туралы мынадай ойлар айтылады: “Адамның негізгі қабілеттері: қоректену, сезімдік, елестету, ойлау, ұмтылу – бәрі де жүректе орналасқан. Сондықтан жүрек ең басты орган және ол басқаға тәуелсіз… жүрек туа біткен жылулықтың қайнар көзі”. Жүрек жылуы басқа қабілеттердің жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.

Абсолюттің қалыптасуы процесіндегі діннің маңызын Гегель талай рет қарастырған болатын. Оның мындай пікірі болған: “Қабылдап алынған (снятое) өнер дінмен барабар, қабылдап алынған (снятая) дін абсолютті біліммен барабар”.

Діннің мәдениеттегі орнын аша түсу үшін Гегельдің “тарих - бұл еркіндікті ұғыну прогресі” деп қарастырған пікірін талдаудың көмегі бар. Шығыс тек бір ғана еркін адамды білген, ол - патша, басқаның бәрі құлдар. Антикалық Грецияда және Римде қоғамның біршама бөлігі еркін деп есептеліне бастаған. Христиан діні (жаңа дүниеге өту) жаңа принцип орнатты: әлеуметтік жікке қарамай барлық адамдардың еркіндігі мен теңдігі принципі. Бұл принцип алдымен тек дінде ғана қабылданса, кейіннен бүкіл қоғамдық салаларға жайылып кетті.

Гегель үшін діннің қоғамдық сана формасы ретінде де , таным процесінің сатысы ретінде де маңызы бар. Оның айтуынша: “Дін – бұл адамзаттың ойлап шығарғаны емес, дін – бұл құдіретті рухтың жемісі”. Бұл пікір болмыс пен шектік, шүбәсіз кемелдік арасында жақындық бар екеніне ой салады. Псевдо-Дионисий Ареопагит (V ғ.), А.Августин (V ғ.), Ф.Аквинский (ХІІІ ғ.) де осылай ойлаған. Ф. Аквинский былай деген: “Сущее и благое суть понятия взаимозаменимые”. Дін біздің бір бөлшегіміз болып қала бермек, себебі оның қайнар көзі – тарих (ғылымның айтуынша), сондай-ақ діннің қайнар көзі – мәңгілік (теологияның айтуынша).

 






Дата добавления: 2015-08-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1751 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Поиск на сайте:

Рекомендуемый контект:





© 2015-2021 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.002 с.