Лекции.Орг

Поиск:


Устал с поисками информации? Мы тебе поможем!

Фихтенің субективті идеализмі




И.Фихте (1762-1814 жж.) Канттың трансцендентальды философиясының негіздерін әрі қарай жалғастырды және оған тән қайшылықтардан арылтуға тырысты. Өзінің философиялық жүйесін құрып, оны Жаңа дәуірдегі механистік детерменизммен салыстырды. Механистік детерменизм болмыстың табиғи және қоғамдық салаларын ажыратпады, «Мен»-нің «дербестігін» ескермеді.

Фихте идеалдық бастаудың болмысын анықтауға тырысты, ол үшін «Менді» «үздіксіз рухани әрекет» ретінде cипаттай келіп, «Мен» және «Мен-еместі» (сыртқы өмір, табиғат) салыстырады. «Меннің» қызметінің мәні, оның ойынша, өзін-өзі санамен түсінуге тырысуында және сол себепті ол сырттай ықпал ететін «Мен-еместен» «қашықтайды». «Мен» және «Мен-емес», бұлардың бірі – субъекті болса, екіншісі – объекті. Олар бірін-бірі толықтырып, анықтайды, сондай-ақ біріне бірі қарама-қайшы болады.

Фихте үшін «объектінің субъектіге қалай айналатынын, болмысты қалайша анықтауға болатынын» білу маңызды, оны білу кез келген философияның басты мәселесі деп біледі. Субъективтік идеализм тұрғысынан ол мынадай тұжырымдар жасайды: «затты тану, білу туралы айтқанда да біз өзімізді-өзіміз танып, біліп жатқанымыз; біз санамызбен тек өзімізді және өзіміздің берген анықтамаларымызды ғана ұға аламыз». Оның философиялық жүйесінде «Мен» «Мен-емес» арқылы, ал «Мен-емес» «Мен» арқылы түсіндіріледі. Түптеп келгенде, Фихте бұл жерде «Мен»-сіз «Мен-емес» те болмайды деген ой айтады. Басқалай айтқанда, «мен жоқ жерде маған керекті «әлем» де жоқ».

Өзінің ілімінің мәнін Фихте былайша түсіндіреді: «Мен»-ге «Мен-емес»-ті, ал жеке «Мен»-ге жеке «Мен-емес»-ті қарсы қоя аламын. Одан арғысына ешбір философия бара алмайды, әрбір тиянақталған, негізделген философия оның тереңіне жетуге тырысуы керек; солай еткендіктен де ол ғылыми ілімге айналады (яғни философияға айналады).

«Мен»-нің (ойлау, сана) ақиқаттылығын, жалғыз екендігін мойындай отырып, «Жалпы ғылыми ілім негіздері» еңбегінде Фихте «белсенділік оның табиғатына тән болып келеді» дейді. «Мен»-нің қызметі өзіндік санаға (өзін-өзі тануға) бағытталады. «Мен»-нің ақиқаттылығына шек келтіруге болмайды: «Мен дегеніміз – мен», бұл – ойлаудың басты заңдылығы». «Мен»-ді тану сыртқы «эмпирикалық» тәжірибемен келеді: «Мен-емес» «Мен»-ге ықпал етеді, оның қызметін шектейді. «Мен» табиғи ортаны да, қоғамдық ортаны да «адамиландырып» өзіне бейімдеп, қолайлы етіп алады. Осыдан кейін Фихте табиғатты «Мен»-нен ажыратылған туынды деп есептейді.

Фихтенің ойынша, әлем біз оны қалай елестетсек, сондай болып көрінеді, себебі «Мен»-нің практикалық қатынасы оны бізге осылай «көрсетеді». Өзін-өзі түйсінген кезінде «таза Мен» субъекті мен объектінің арасындағы қайшылықтарды шешеді. Фихтенің ойынша, адамдардың ойлау әрекеті әлемді интуитивтік деңгейде белсенді әрі мақсатты түрде өзгертеді. Демек, «Мен-емес», яғни сыртқы орта дегеніміздің өзі «Мен»-нің шығармашылық процесс барысында санасыз объективтенуі болып саналады. Бұл жердегі «Мен» таным жолындағы ойлаудың белсенді әрі шығармашылық қызметі – оның шынайы болмысы осы. Канттың «заттардың ішкі байланысына» негізделген пайымдаударынан басты айырмашылығы да осында.

Фихтенің «ғылыми ілімін» бағалай келіп, орыс ғалымы П.Таранов оған «... мәдениет философы, яғни адамға дейінгі емес (себебі оған дейінгі философтардың пайымдауларында ол объекті ретінде қарастырылған болатын), адамнан кейінгі ақиқатты айтқан аналитик. Адамды және оның рөлін басшылыққа алған әлем туралы философия Фихтеге дейін болмаған еді» деп ерекше баға береді.

Өмірінің екінші кезеңінде Фихте абсолютті болмысты өзінің философиясының басты қазығы етіп белгілейді. Философ үшін абсолютті болмыс Құдаймен тең. Фихтенің белсенділік философиясының мәні адамға тән ойлаудың шығармашылық табиғатын, таным процесінің динамикалы әрі қайшылықты қырларын ашуда ерекше маңызды. Субъекті (адам) мен объектінің (сыртқы орта) арасында әрдайым өзара байланыс бар, ол байланыстардың барысында «қайшылықтардың» теңдігі өзгереді. Фихте әлемді тануға болатындығына, қоршаған ортаны адам практикалық басқара алу қабілетіне ие болатынына сенді. Оның ойынша, адамзаттың адамгершілік міндеті табиғатпен қоғамды адамның «Мен»-ін шынайы танытатындай етіп өзгерте алуында. Қоршаған ортаны адамның «Мен»-інің айнасындай етіп өзгерте алуында. «Өзгелердің бізге әсер етуін еркін пайдалану арқылы өзімізді-өзіміз жетілдіру және еркін тіршілік иелері ретінде керісінше өзгелерге әсер ету арқылы оларды жетілдіру – біздің қоғам алдындағы міндетіміз осы» – адамға тән «Мен»-нің мәні осында. Осылайша Фихте адам мен табиғатты және барша әлемнің біртұтастығын субъективтік идеализм тұрғысынан дәлелдейді.






Дата добавления: 2015-08-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1240 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Поиск на сайте:

Рекомендуемый контект:





© 2015-2021 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.002 с.