Лекции.Орг

Поиск:


Устал с поисками информации? Мы тебе поможем!

Миф және Дін




Дүниеге көзқарас ұғымы және оның тарихи типтері: миф (аңыз), дін, философия.Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, ара – арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай , дүние неге бұлай құрылған , адамның тууы мен өлімнің , бақыты мен қайғы – қасіретінің себебі неде деген сияқты мың- сан сұрақтар қояды өзі-өзіне. Сөйтіп, әрбір адамның санасында біртіндеп ол сұрақтар жайында трлеше ой – пікіррлер, көзқаратар қалыптаса бастайды. Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат айыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттілік пен әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылқ дегеніміз не деген сияқты әлеуметтік сұрақтар да қалыптаса бастайды.

Бұл сияқты сұрақтар ға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым , дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кең көлемді көзқарас, ой – пікір керек. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп аталады.

Дүниегекөзқарас адамзат санасының , дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің , ой мен сезімнің , көңіл – күй мен мақсат – мүдденің , үміт пен ниеттің т.б. түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады. Дүниегекөзқарас дегеніміз шындық дүние және адам туралы, адамның мінез – құлқы мен іс — әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы екен.

Дүниегекөзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік – тарихи типтеріне мифология мен дін жатады.

Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда бастамасы, діни сенімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатынастар бейнеленді. Миф ( аңыз , ертегілер ) сананың әлі жіктелмеген біртұтас формасы болды

Мифология ( гректің mifos — аңыз , ертегі және logos — ілім, ұғым деген сөздерінен шыққан ) қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы.

 

Эпос , ертегі , аңыздар, тарихи әңгімелер арқылы мифологиялық кейіпкерлер түрлі халықтардың рухани мәдениетіне — әдебиетіне, музыкасына, сурет – мүсін өнеріне енді. Олар қазақтың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында бар. Мифология қойып кеткен бұл дүниегекөзқарасты сұрақтарға жауап іздеудің барысында дін мен философияның жолы екіге айырылды.

 

Дін — дүниегекөзқарастың шындық дүниені бұрмалап бейнелендіруші формасы. Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі де дүниегекөзқарастың қоғамдық тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір – бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мыңдаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың саны болмашы ғана болды.

Философиялық пайымдауға ақыл – ой бостандығы тән. Діни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл – ойы жетік, рухани жағынан табанды адамдар ғана адамдар қабілетті болды. Ал адамдардың басым көпшілігінің дүниеге көзқарасы дін мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден, адмгершілік мінез – құлық талаптарынан тыс шыға алмады. Тек білім мен мәдениет өскен , ғылыми прогресс іске асқан соңғы екі – үш ғасырда ғана философиялық көзқарас, зерттеулур кеңінен тарай бастады.

Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандықты құдайдан ғана күтетін ол дүние туралы көзқараспен салыстарғанда, философия бірінші орынға бұл дүниені және ондағы адамның орнын білім мен ақыл – ой тұрғысынан түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды. Сөйтіп, нақты бақылауға, логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделген философиялық ой – пікір қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты бұрмалаушы діни жалған сенімдерді біндеп ығыстыра берді. Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниегекөзқарастық ой – пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда үлкен рөл атқарып келеді.



 

Дін — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеум. құбылыс. Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабыл-дай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз — әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие — Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Діннің басты мақсаты — адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжы-рымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және кінәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім — оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді (қ. Ислам). Діни тұрғыдан, дін — бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 — 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр

Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII – VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған балаларда өмірге келді.

Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б. э. дейінгі VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр және Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша , барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің «алғашқы мәні», «бастамасы» деп құрастыру, Фалестің шәкірті Анаксимандр ( б. э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін « Табиғат туралы » шығармасында баяндап берді.

Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б. э. дейінгі 585-525 жж. шамасы ) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, өзінен б ұрынғылардың материалістік көзқарасын ілгері дамытты. Дүниенің бастапқы ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауаға тән қасиет – сүйылу мен қоюланудың арқасында балық заттар пайда болады. Ауа, Анаксименнінің түсінігінше, сондай-ақ тіршілік пен психикалық құбылыстардың да көзі, бастамасы болып табылады.

Милет қаласы ( б. э. дейінгі V ғғ. басында ) саяси дербестікпен айырылуға байланысты ондағы философия күлдырап, оның дамуы тоқтады. Бірақ Милет материалистерінің ілімі Грецияның басқа қалаларындағы философтарға эор әсерін тигізіп, өз ізбасарларын тапты. Солардың бірі Эфес қаласынан шыққан Гераклит ( б. э. дейінгі 530-470 жж. шамасы) болды.

Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында отқа айналады.Жан да отттан пайда болады.

Ертедегі Грецияда сонымен қатар айтарлықтай дамыған идеялистік бағыт та болды. Идеализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор ( б. э. дейінгі 580-500 жж. шамасы) болды. Оның пікірінше, барлық заттардың мәні – олардың санында , сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді. Пифагор өз ілімін негіздеу үшін Милет мектебінің материалистік көзқарасын сынға алды.

Ертедегі Грецияда материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің ( б. э. дейінгі Ү ғ.) есімімен, ол тұжырымдаған материяның атомдық теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша, барлық дүниедегінің негізі – сансыз көп атомдарда. Атомистер дүниені әрі қарай бөлінбейтін бөлшектер – көзге көрінбейтін аса ұсақ атомдардан тұратын біртұтас дүние деп түсіндірді.

Материяның мәңгі қозғалысының ішкі себептерін ашып беретін Демокриттің атомистік теориясынан одан әрі дамытқан Эпикур ( б. э. дейінгі 341-270 жж.) болды. Атомдар қозғалысының себебі, деді ол, олардың ішкі қасиеті – ауырлығы. Атомдар түзу сызық бойымен қозғалғанда одан өздігінше ауытқуға қабілеттілігі жайындағы Эпикур пікірінің ерекше зор маңызы болды, өйткені атомдардың өздігінше қозғалуы жайындағыоның бұл идеясы материализмнің дамуына қосылған үлкен үлес болып табылады.

 

Демокрит пен Эпикурдың материалистік идеяларын кейіннен ілгері дамытқан ертедегі Рим философы Тит Лукреций Кар ( б. э. дейінгі 95-55 жж.) болды. Лукрецийдің ойынша, әлем уақыт пен кеңістік жағынан шексіз, ал оған енетін дүниелер, оның ішінде Жер де, оның құратын барлық бөлшектер де уақытша өмір сүреді, өткінші.

Материалистік көзқарасқа қарсы идеализм қалыптасты. Объективтік идеализм ілімдерінің пайда болуына әсерін тигізген алғашқы ірі ойшыл афиндік Сократ ( б.э. дейнгі 469-399 жж.) еді. Мүсіншілік кәсіппен айналысқан Сократ өзі жазбаша түрде ештеңе қалдырған жоқ – ол өз ілімін әңгімелесу және пікір таластыру түрінде ауызша баяндады. Сондықтан оның ілімінің мазмұнын шәкірттері мен замандастарының , әсіресе шәкірті Платонның т.б. ол жайында қалдырған пікірлер салыстыру арқылы анықтауға болады. Сократ философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті.

Сократттың философияның ілгері дамытқан аса ірі идеалист Платон( б.э. дейнгі 427-347 жж.). Ертедегі грек идеализмі Платонның философиясында тұңғыш рет материализмге қарама – қарсы дүниегекөзқарас формасында көрінеді.

Оңдаған ғасырларға созылған феодалдық қоғам өмірінің соңына қарай( ХV-XVI ғ.) Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде өнеркәсіп, сауда – саттық, теңізде жүзу ісі т.б. дами бастады, ол техниканың, жаратылыстанудың, математика мен механиканың дамуын тудырды. Қолөнер өндірісінен машина өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік қатынастардың одан әрі дамуы ХV ғ. аяғы мен XVI ғ. басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына алып келді. Бұл бағытты Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары Н. Кузанский (1401-1464), Н. Коперник (1473-1543), Дж. Бруно (1548-1600), Г. Галилей (1564-1642) және т.б. жақтады.

Бұл дәірде жаңа мәдениет – гуманизм пайда болды. Мәселен, Николай Кузанский адамның дүниетану қабілетінің шексіздігін атап көрсетті, адамды ақыл – ойының жасампаздық қабілеті жағынан құдайға ұқсатты.

Коперниктің теориясы дүниеге материалистік көзқарастың айтырлақтай тереңдей түсуіне көмектесті . Әлемнің қозғалмайтын орталығы Жер, ал жұлдыздар мен Ай , Күннің бәрі Жерді айналып жүреді деген Аристотель — Птолемейдің геоцентрлік теориясын, оны жақтаған діни көзқарастың жалғандығын дәлелдеп берген поляктың ұлы ғалымы Николай Коперниктің гелиоцентрлік теориясы ғылымдағы ірі революциялық төңкеріс болды.

Қайта өрлеу дәуірінің қажеті тудырған алыптарының аса бір көрнектісі Дж. Бруно философиялық танымның мақсаты құдайды емес, табиғатты танып- білу деп есептеді, мұнымен қатар ол табиғаттын шексіздігін және әлемдік дүниенің шексіз көптігі жайында идеялар айтты. Таным теориясында Бруно адамды табиғатын ажырамас бөлігі ретінде қарастыра отырып , ол сырықты дүниені, табиғаты бейнелейді деп есептеді. Бірақ ол сезіммен ақыл- ойды бір — біріне қарама — қарсы қойды: сезімдік қабылдау – танымның сенімсіз негізі, тек ақыл – ой ғана нағыз білімнің көзі деп есептеді. Классикалық механиканың негізі болған эксперименттік – теорилық жаратылыстанудың бастамасын салған Г. Галилейдің ғылыми – философиялық қызметі Еуропада филисофиялық ойдың дамуының жаңа кезеңінің бастамасын – механистік және метафизикалық материализмнің іргетасын қалады. Галилей ашқан астрономиялық жаңалықтар, ең алдымен Юпитердің спутниктерін ашуы, Коперниктің гелиоцентрлік теориясының ақиқаттығын көрнекі түрде дәлелдеді . Таным процессінде ол екі тәсілді: анализді ( талдау ) және одан кейін жүретін синтезді ( біріктіру ) пайдалану қажет деп есептеді. Ақиқат білім – синтездеу мен анализдеудің, сезімдік пен абстрактылықтың бірлігінің нәтижесі. Сондықтан табиғатты таным – білуде адам тек өзінің ақыл – ойын ғана басшылыққа алуы тиіс, оған дін араласпауы керек , өйткені ғылымның объектісі – табиғат пен адам,ал дінннің қарастыратыны « дінге бой ұсыну мен тіл алғыштық», діни адамгершілік нормалары

 






Дата добавления: 2015-08-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3471 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Поиск на сайте:

Рекомендуемый контект:





© 2015-2021 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.