Лекции.Орг


Поиск:




МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА




Тақырып.

1) Менеджмент міндеттерін анықтаңыз.

2) Менеджменттің сипатты аспектілерін атаңыз.

3) Менеджменттің стадияларын білесіз бе?

Әдістемелік нұсқау: берілген сұрақтарды қарастыру барысында менеджменттің негізгі міндеттері мен анықтамаларына назар аударыңыз

 

Бәсекелестердің позицияларының күшеюі нәтижесінде сіздің фирмаңызда компьютерді өткізу қиыншылықтары туындады.

Мәселені шешудің келесі варианттары бар:

1) Компьютерлер өндірісін айына 5000 бірліктен 4000 бірлікке дейін төмендету. Бұл жағдайда сіздің ұтылысыңыз 50000 дол. құрайды.

2) Өндірілетін компьютерлердің модельдерін жақсарту. Бұл жағдайда ұтылысыңыз 20000 дол. (модернизациядан) және 30000 дол. (технологияға енгізген өзгертулерден) болады.

3) Жарнамалық компанияны күшейту. Бұл жағдайда өндіріс бірлігіне деген шығындар 8 дол. өседі.

Сіздің міндетіңіз келесі:

- шешімді қабылдауға ықпалын тигізетін факторларды анықтау;

- пайдалылықты есептеу;

- қорытынды шешімді таңдау;

- қорытындыларды тұжырымдау;

Әдістемелік нұсқау: бұл есепті орындау барысында экономикалық теорияны оқу барысында алған білімдеріңізді қолданыңыз.

 

Шығармашылық деңгей

1. «Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері» атты тақырыпта реферат жазыңыз;

2. Басқарудың қазіргі аспектілеріне арнайы (спецификалық) сипаттамалар беріп, талдау жасаңыз.

Әдістемелік нұсқау: б ұл тапсырмаларды орындау барысында жеке тәжірибеңіз бен аналитикалық мүмкіншілігіңізді пайдаланыңыз.

 

Тақырып

1. Психология және адамдар арасындағы қарым-қатынастар тұрғысынан басқару концепциясының түп негізі неде?

2. Мінез-құлық ғылымы тұрғысынан басқару концепцисының түп негізі неде?

3. Ұлттың және шетелдік мамандардың басқару ауданды қандай ұқсастықтар бар.

Әдістемелік нұсқау: бұл сұрақтарды қарастыру барысында басқару тұрғысымен концепциясына назар аударыңыздар.

Менеджер тұлғасына сай өзіндік және іскерлік қасиеттер үлгісін жасаңыз, оны дәлелдеңіз.

Балды баға әдісін (экспертті жол) әдісін қолдана отырып, өз іскерлік қасиетіңізге баға беріңіз. Бағалау барысында бінеше эксперттердің (минималды эксперттер саны - 5 адам) көрсеткіштерін пайдаланыңыз. Талдау нәтижесін жалпылаңыз.

Әдістемелік нұсқау: бұл тапсырманы шешу барысында алдағы оқып өткен тақырыптарға сүйеніңіз.

Шығармашылық деңгей

1. Мына тақырыптарға реферат жазыңыз «Басқарудың діни-коммерциялық революциясы», «Өндірісті құрлыстық ревалюция», «Г.Фордтың өндірістік принціптері».

2. Келесі тақырыптарға баяндама жазыңыз «Маккиавели теориясы», «Г. Эмерсонның өндірістік принциптері», «Г. Ганттың жоспарлау графигі», «А. Файольдің әкімшілік принциптері».

Әдістемелік нұсқау: бұл сұрақтарды орындау барысында тәжірибеңізбен талдаулық мәліметтерді қолданыңыз.

Тақырып

1.Сыртқы ортаның тікелей әсер ететін факторларына не жатады?

2.Сыртқы ортаның жанама түрде әсер ететін факторларына не жатады?

3.Ішкі орта қандай факторлардан тұрады?

Әдістемелік нұсқау: берілген сұрақтарды қарастыру барысында сыртқы және ішкі орта анықтамаларына назар аударыңыз.

 

1. ҚР мемлекет кәсіпорындарға қалай әсер етеді, ол әсер кәсіпорынның қай ортасына жатады?

2. ҚР Парламенті қарастыратын заңдар кәсіпорынға қай түрде әсер етеді?

Әдістемелік нұсқау: бұл сараптама жүргізу барысында периодикалық әдебиеттерге назар аударыңыз.

 

Шығармашылық денгей

«Д. Томсонның кәсіпорынға әсер ететін факторлары», «Дж. Вудворд жүйесі» тақырыптарына рефераттар жазыңыз.

Әдістемелік нұсқау: бұл берілген сұрақтар бойынша өзіңіздің жеке тәжірибеңізді және сараптамалық біліктілігіңізді қолданыңыз.

 

 

Тақырып.

1.Коммуникациялық процестін элементтері қандай?

2.Ақпаратпен алмасу моделі дегеніміз не?

3.Коммуникация процессінің кезеңдерін атап көрсетіңіз.

4.Ұйымдық және тұлға аралық коммуникациядағы кедергілер қандай?

5.Коммуникацияны жетілдіру жолдары.

6. Қайта байланыс дегеніміз не?

7. Коммуникацияның түрлерін атаңыз?

8. Тік коммуникация дегеніміз не?

9. Көлденен коммуникация дегеніміз не?

Әдістемелік нұсқау: берілген сұрақтарды қарастыру барысында негізгі түсүніктер мен анықтамаларға көңіл аударыңыз.

Ұйымдық көрмені өткізуге экскурсоводтар кажет. Әрбір экскурсовод күніне 4 экскурсия жүргізеді (әрбір экскурсия 25 адам). Көрме жұмысының күнделікті шығыны-800 теңге. Көрмеге күнделікті 50, 100, 150, 200, 250, 300 адам келуі мүмкін. Билет бағасы 200 теңге. Көрме жұмысына қанша экскурсоводты қызметке алуы тиімді деп санайсыз?

Әдістемелік нұсқау: берілген тапсырманы шешу барысында «Экономикалық теория» пәнінен алған біліміңізді қолданыңыз.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 798 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

1003 - | 953 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.