Лекции.Орг


Поиск:




Менеджменттегі басқару шешімдері




3.1. Басқарудың барлық процесі ақпаратты қабылдау, өзгерту және жеткізу процесі ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл процестің орталық сәті шешім қабылдау актісі болып табылады.

Шешім қабылдау басқарушы информацияны тудырады, ал мұның өзі жоспарлар, тапсырмалар, нормативтер, бұйрықтар беру түрінде орындаушыларға жеткізіледі де, олар үшін белгілі бір мақсаттарға бағытталған әрі үйлестірілген әрекеттерге бастайтын күш ретінде қызмет етеді. Сонымен бірге шешімдер қабылдау процестері де ақпаратқа сүйенеді, ал олардың негізделу дәрежесі, сайып келгенде, сол ақпараттың толық, анық болуына және дер кезінде келіп түсуіне байланысты болады.

Басқару үшін жалпылама мәліметтер немесе деректер аса маңызды емес.Әр басшы әр түрлі деректердің көрсеткіштері сандық жағынан бірдей болғанымен, тең дәрежеде бағалы болып шықпайтындығын біледі.

Басқару аппаратының қызметкері деректерді ала отырып, оларды жәй ғана қабылдай салуға тиісті емес. Ол деректердің мазмұнын анықтауға, шешілетін міндеттер үшін олардың маңыздылығын бағалауға тиісті. Сонымен ақпарат дегеніміз – белгілі бір міндеттерді шешу үшін пайдалы деп бағаланған, қабылдаған және түсінілген жаңа мәліметтер немесе қандай да бір оқиға туралы, біреулердің қызметі туралы т.б. жағдайлар туралы хабардар болатын мағлұматтар болып табылады.

Деректердің ішінен қажетті информация алынуы үшін, олар үш қабатты сүзгіден (фильтр) өтуі тиіс:

- алдын-ала белгіленген өткізу қабілеті бар табиғи байланыс жолы;

- семантикалық (мазмұндық) фильтр;

- прагматикалық (ұйымдастырушылық) фильтр.

Ұйымдастыру тұрғысынан алып қарағанда ақпарат: жүйеге келтірілген және жүйеге келтірілмеген немесе жүйеленген және жүйеленбеген болып бөлінеді.

Жүйеге келтірілген ақпарат – көрсеткіштердің құралы, хабардың адрестері, дүркінділігі мен мерзімдері, ұсынылу қалыптары бойынша адамға күні бұрын белгіленген мазмұн мен тәртіп бойынша және келісілген мерзім мен айтылған уақытта түсіп тұрады.

Жүйеленген ақпараттарға жататындар: бекітілген статистикалық есеп, өндіріс жұмыстарының барысы, ресурстардың жұмсалуы т.б. туралы күнделікті ақпарат.

Жүйеге келтірілмеген ақпарат – сипаттамалары бойынша толықтай немесе ішінара тәртіптелмеген болады. Бұл әдетте ауық-ауық түрде түсетін ақпарат. Мысалы, төтенше оқиғалар жөніндегі ақпарат.

Басқару процесіндегі ақпараттар – құжатталған және құжатталынбаған ақпараттар деп екіге бөлінеді.

Құжатталынған ақпараттар: есептер, анықтамалар, мәжіліс хаттамалары, баяндау жазбалары, хаттар, қаулылар, жоспарлау, бұйрықтар, жөн сілтеулік нұсқаулар және т.б. түрінде болады.

Құжатталынбаған ақпарат – бұл көбіне телефон арқылы, жеке әңгімелесуде, кеңесте т.б. ауызша түрде берілген ақпарат. Бұл бөлу информацияны жүйеге келтірілген және жүйеге келтірілмеген түрлеріне бөлумен байланысты. Жүйеге келтірілген ақпараттардың барлығы да құжатталынады, ал жүйеге келтірілмеген ақпарат ішінара ғана құжатталынады.

Белгілі бір басқару органына қатысы бойынша ақпарат сыртқы және ішкі болып бөлінеді, ал сыртық өз кезегінде келіп түсетін және шығатын ақпаратқа бөлінеді.

Ақпарат өз бағыты бойынша бір дәрежедегі органдарды байланыстырушы, ақпараттың көлбеу толқындарына және әр түрлі дәрежедегі органдарды байланыстырушы вертикальдық (жоғары көтерілуші және төмен түсуші) тасқындарына бөлінеді. Жоғары көтерілуші тасқындар – бұл бағынушы органдардан келіп түсетін ақпарат пен жоғары ұйымдарға жіберілетін, яғни шығатын ақпарат. Төмен түсуші тасқындар – бұл жоғары органдардан келіп түсетін ақпарат пен бағынатын ұйымдарға жіберілетін шығу ақпараты.

Өндірісті басқару процесінде пайдаланылатын ақпаратты оқып-үйренген кезде, оны алу және жұмсау тұрғысынан қарағанда, олардың өзін үш ірі топқа бөлуге болады.

1) Ғылыми зерттеу процесінде әр түрлі техникалық қондырғылар конструкциясына және технологиялық процестерді ұйымдастыруда қолданылатын техникалық шешімдер нәтижесінде алынатын ақпарат. Мұндай ақпарат ғылыми және техникалық әдебиетте, патенттерде, жобалау-кострукторлық және технологиялық құжаттарын жүргізуде кездеседі. Оны ғылыми-техникалық ақпарат деп атайды.

2) Басқару процесінде тікелей алынатын ақпарат. Оған жоспарлар жобаларында және әр түрлі мерзімдерге бекітілген жоспарларда, материалдық ресурстарға берілген тапсырыстарда шаруашылық шарттарында, ресми жарлық беру құжаттарында және т.б. жоспарлық, нормативтік ақпараттар жатады. Мұны басқару ақпараты деп атауға болады.

3) Өндіріс процесінде болып өткен фактілер мен оқиғалар, әлеуметтік-экономикалық және өндірістік-шаруашылық процестерінің шын мәніндегі жағдайы мен дамуы туралы ақпарат. Халық шаруашылығын басқару жүйесінде ол кері байланыс ақпаратының рөлін атқарады. Бұл ақпаратты есептеу-статистикалық ақпарат деп атайды.

Ақпарат жүйелері дегеніміз – деректерді жинау, өңдеу, сақтау және оны жеткізу мақсатында, олардың толық, дәл және дер кезінде болуын есепке ала отырып, басқару органдарының жеткілікті түрде өткізгіштік қабілетін, деректердің өтуі мен пайдалануының барлық буындарында оларды біржақты түсіну; әр түрлі деректердің маңыздылығын дұрыс бағалауды, оларға қойылатын талаптарды анықтауы мен басқарудың ұйымдық құрылымының барлық деңгейіндегі басшылар үшін оларды тиісті іріктеуді қамтамасыз ететін құралдар мен әдістердің жиынтығы.

Ақпарат жүйесін жасаудағы бірінші қағида – жүйелік тәртіп. Бұл жердегі оның мәнісі – ақпарат жүйесінің басқару қызметтерімен және ұйымдастыру құрылымын жетілдірумен ғана өзара байланыста құрыла алатындығында. Екінші қағида – даму қағидасы. Бұл жалпылама басқару жүйесін және оның ішінде ақпарат жүйесін ешқандай да күрт әрі кенеттен өзгеріске ұшыратуға болмайтындығын басшыға әдейі дәлелдеп жатудың керегі жоқ деген сөз. Үшінші қағида – тиімділік. Тиімділік дегеніміз – бұл жүйедегі кез-келген өзгерістер экономикалық тұрғыдан негізделуі керек деген сөз.

Әрбір өндірісте немесе кәсіпорындарда қарапайым және күрделі ақпараттық жүйелер болады.

Қарапайым хабарлама жүйелері – ақпарат пайда болған жерден оны адамға ешбір өңдеусіз жеткізуді қамтамасыз ететін жүйелер. Бұл радио, телефон арқылы ауызша берілетін бір жолғы хабарлар болуы мүмкін.

Күрделі ақпараттық жүйелер – оларды құрастырушы ақпараттық үлгілердің информациялық өңделуін бастапқы ақпарат негізінде туынды информация алуын және олардың талдануын күрделі есептеулер жасалуын керек ететін жүйелер.

Қорыта айтқанда, басқарудың негізгі басқарушы ықпал етуші ақпараттарды жасап шығару мақсатымен басқарушы адамның басқарылатын көмекші жүйенің жай-күйі жөнінде мәліметтер мен хабарламалар алып, өңдеу процесі болып табылады.

3.2. Коммуникация дегеніміз – басшылардың тиімді шешім қабылдауы үшін хабарлар, мәліметтермен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған шешімдерді жеткізуі.

Басқару қызметтерінің барлық түрлеріндегі ақпараттар, хабарлар, мәліметтер айналымы коммуникациядағы байланыс процестері деп аталынады.

Ұйымдардағы коммуникациялық процестерді қарастырсақ:

3.Ұйым аралық және оның сыртқы ортамен қарым-қатынастары. Әрбір ұйымдардағы қызметтер жөніндегі жазбалар, телефон арқылы сөйлесу, формальды есептер, видиоленталар, көзбе-көз әңгімелесі, кеңестер т.б. қарым-қатынастар байланыстырудың негізгі көзі болып табылады.

Ұйымдар сыртқы ортамен байланыста болуы үшін бірнеше құралдарды қолданады.

Потенциалды тұтынушылармен болатын байланыстар, олардың жарнамалары және тауарларды базарға өткізулері арқылы қоғаммен байланыстары, олардың халықаралық және ұлттық деңгейдегі бейнесі арқылы көрінеді.

2) Бөлімшелер мен деңгей арасындағы байланыстар – тік байланыс шеңберінде жүргізіледі. Ол хабарлар жоғары деңгейден төменге келіп түседі немесе бәсеңдеп түсуі мүмкін. Осы арқылы бағынышты деңгейлерге алдағы міндеттер, нақты тапсырмалар туралы хабарланады.

3) Бөлімшелер арасындағы байланыстар. Ұйымдарда жоғарыдан төмен және төменнен жоғары хабарлар байланысы болып қана қоймай, сонымен бірге көлденең байланыстар да болуы қажет. Ұйымдар бірнеше бөлімшелерден тұратын болғандықтан олардың ортасындағы хабарлардың айналымы немесе алмасуы мақсаттарды үйлестіріп, іс-қимыл әрекетін жасау үшін қажет.

4) Басшылар мен бағыныштылар арасындағы байланыстар. Байланыстың ең негізгі компоненті ретінде басшы және бағынышты арасындағы байланыстар қарастырылады. Бұл қатынастардағы жан-жақты және түрлі хабарлар – мақсаттарды белгілеу, бір нәрсені ойлап табу және оның қорытындысы, бөлімшелердің мақсатқа жетулері үшін атсалысуы, тиімді жұмыс істеу үшін талқылаулар жасау, қол жеткізген тапсырмалар мен жетістіктері үшін ынталандыру, бағыныштылар қабілетін дамыту және жетілдіру, бағыныштыларды алдағы өзгерістер жайлы хабардар ету, идеялар туралы мәліметтер, ұсыныстар т.б. арқылы іс жүзіне асады.

5) Басшы мен жұмысшы топтары арасындағы байланыстар. Басшы мен бағыныштылар арасындағы байланысқа қосымша ретінде, басшылар мен жұмысшы топтары арасындағы байланыстар қарастырылады. Бұл байланыс жалпы басшыларға топтардың тиімді жұмыс атқаруы үшін қажет. Хабарлар, мәліметтер айналысы кезінде топтардың барлық мүшелері қатынасатын болғандықтан, олар болашақтағы жұмыс мақсаттары, олардағы өзгерістер мен жаңалықтар т.б. туралы өз ойларын ортаға салып бір кісідей талдап, шешім қабылдайды. Кейде жұмысшы топтары басшының қатысуынсыз да өздері көптеген мәселелер бойынша жинала береді. Мұндай жиналыстар әр жұмысшының өзінің қызметіне жеген жауапкершіліктерін арттырады және өз еңбегіне қанағаттанады.

6) Бейресми байланыстар. Жоғарыда айтылғандай жалпы ұйымдар: ресми және бейресми ретіндегі екі компоненттен тұрады.

Бейресми байланыстар арнасы сыбыс-қауесет таратушы арналары деп айтуға болады. Бейресми арналар арқылы берілген мәліметтер мен хабарлар немесе сыбыс-қауесеттердің 80-90%-ы әрқашанда дәл деп танылады.

Коммуникациялық процесс дегеніміз – екі немесе одан да көп адамдардың топтарының хабарлар, мәліметтер т.б. алмасулары. Оның негізгі мақсаты хабарлардың осы алмасуы үстінде түсінісушілікті қалыптастыру болып табылады.

Хабарлар алмасу процесінде мынадай негізгі төрт элементті қарастыру қажет:

1) жөнелтуші, жіберуші – хабарларжы жинақтап, өңдеп жіберуші адам;

2) хабардар ету немесе жариялау – шартты түрде символдар арқылы берілген хабар;

3) арналар – хабарлардың берілу құралы;

4) хабар алып тұрушы немесе хабар алу – хабарлар арналған және оны өз бетінше түсіндіретін адам.

Хабар алмасу үстінде хабарды жәберуші мен қабылдаушы арасында бірнеше өзара байланыс кезеңдері болады. Олар:

1) Идеялардың тууы. Информация мен алмасу әрқашанда ойда немесе идеяны тұжырымдау арқылы іске асады. Хабарды жөнелтуші алмасу болу үшін қандай мәліметті айырбас процесі етуі керек екенін ойластырады.

2) Шартты белгі және арналардың таңдалуы. Идеяны бермес бұрын жөнелтуші символдардың көмегімен хабарды кодтау керек. Бұл үшін жөнелтуші сөздер, дауыс ырғағы, дене қимылы қолданылады. Бұндай кодтау идеяны хабарға айналдырады.

3) Хабарлар (тапсыру, алып беру). Бұл кезеңде мәліметті жөнелтуші қабылдаушыға жететіндей арнаны табады. Бұл хабарды түп нәтижесінде коммуникациялық процесс деп айтуға болмайды, тек қана бір кезеңді ғана бейнелейді.

4) Декодтау (ақпаратты қайта кодтау) – алынған хабарды түсіндіру, ұғындыру. Қабылдаушыға келіп түскен мәлімет сол мағлұматтарды түсіндіру үшін қызмет етеді. Түсіну немесе ұғыну дегеніміз – хабар жолдаушының символының қабылдаушының ойына, сана-сезіміне жетуі.

Ең алдымен хабарламалар мен мәліметтер айналысын, кезеңдерін қарастыра отырып, өте қажетті екі тұжырымдаға тоқталған жөн. Олар:

- кері байланыс;

- кедергілер немесе шуылдар.

Кері байланыс арқылы жөнелтуші және қабылдаушы өздерінің коммуникативтік бейнелерімен алмасады.

Шуылдар дегеніміз – хабарлардың өрескел түрде бұрмалануы.

Байланыстарды ұйымдастырудағы тосқауылдар:

1) Хабардың бұрмалануы. Хабарлар төменнен жоғары және жоғарыдан төмен түскен кезде аз да болса бұрмаланады. Мұндай бұрмалануға себеп бар:

- жеке дама аралық түсінбеушіліктен пайда болған бұрмалану;

- басшы хабармен келіспеген жағдайда хабар бұрмаланады;

2) Шамадан тыс мәліметтердің болуы. Әр басшы барлық хабарларға тиімді жауап қайтара алмайды. Сондықтан ол өзіне өте қажетті мәліметті ғана таңдап алуға тырысады.

3) Ұйымдар құрылымдарының қанағаттанарлықсыз болуы. Ұйымдардағы байланыстарды жетілдіру әдістері:

- мәліметтер ағымын реттеу және басқару. Мұнда басшы ұйым деңгейіндегі өзінің және қызметкерлерінің хабарларға деген қажеттігін қанағаттандыруы қажет.

- басқарушылық іс-әрекеттерін жасау. Мәліметтер ағымын реттеу үшін, басшылар болашақтағы өзгерістер жайында бағыныштыларымен қысқа мерзімді кездесулер жасап отырулары қажет.

4) Кері байланыс жүйесі қызметкерлерге сұрақ беру арқылы жүргізіледі.

5) Ұсыныстар жинақтау жүйесі арқылы:

- ұсыныс жәшіктерінің болуы;

- өнім үйірмелері;

- телефон арқылы сөлесу.

6) Мәлімет бюллетендері. Кәсіпорындар өз қызметтері жайында жарнамалар, публикациялар, видео жазбалар беру.

7) Қазіргі кезеңдегі ақпараттық технологиялар:

- компьютерлердің пайда болуы;

- электронды байланыс.

3.3. Ұйымдастыру шешімдерін қабылдайтын және олардың басқа адамдар арқылы жүзеге асыратын адамдарды ғана менеджер дей аламыз.

Шешім қабылдау – ақпарат алмасу сияқты кез-келген басқару қызметінің құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы мен сол мақсатқа жетуіндегі іс-қимылын түгелдей қамтиды.

Кез келген басқару өнерін игерем деген адам үшін, шешім қабылдау табиғатын түсіну аса маңызды мәселе. Осы мәселелерге көмек ретінде басқарушылардың шешім қабылдау түрлерін, қолданылатын тәсілдерін, осы процестің тиімділігін арттырудағы ғылыми әдістерін және басқару шешімдерін қабылдаудағы негізгі факторларға көңіл аудару қажеттігін қарастырамыз.

Шешім қабылдау процестерінің табиғаты

Шешім қабылдау басшы жұмысындағы түбегейлі процедура, ол басқару процесінің бұдан кейінгі бүкіл барысын анықтайды.

Адамдардың есейе келе тәжірибе жүзінде шешім қабылдау процесін ұғына алмауы мүмкін емес. Қатынас қабілеті сияқты, шешім қабылдау қасиеті де бірте-бірте тәжірибе жүзінде дамитын ептілік. Біздің әрбіреуіміз күніне жүздеген, ал өмір бойына мыңдаған шешімдерді қабылдаймыз.

Шешім – дегеніміз бұл баламаны (альтернативті) таңдау.

Альтернатива – мүмкін болған екі ұйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік.

Жеке өмірде шешім қабылдауға қарағанда басқарудағы шешім қабылдау - өте қатаң жүйеленген процесс. Жеке адамның жеке-дара таңдауы алдымен өз өміріне және онымен қарым-қатынаста жүрген адамдарға байланысты болады. Менеджер іс-қимыл бағытын тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге ұйымдар мен басқа жұмысшылар үшін де таңдайды. Ірі ұйымдардың жоғарғы деңгейіндегі басшылары миллиондаған шешімдер қабылдайды.

Маңызды шешімдерді қабылдаудағы жауапкершілік – басшыға ауыртпалық әкеледі. Егер басшы бағыныштыны жұмыстан шығарса, соңғысы қатты күйзелуі мүмкін, егер нашар жұмысшыны дер кезінде ескертпесе – ұйым күйзелуі мүмкін. Сондықтан басшылар ойланып қарастырылмаған шешімдерді қабылдай алмайды. Басшының іс-әрекетін неғұрлым және жүйелі түрде түсіну үшін жалпылама шешім қабылдау, оның басқару процесімен қарым-қатынасына және ұйымдық шешімдердің мінездемелеріне тоқталу қажет.

Ұйымдық шешім:

Коммуникациялық процесс сияқты, шешім қабылдау да басқарудың барлық аспектілерінен орын алады.

Профессор Фрэнк Хариссон былай деген: «Шешімдер қабылдау – бұл кез-келген бағыттағы басқарудың интегралдық бөлігі».

Шешім қабылдау бейнесінде Минцберг басшының төрт кейіпте болатынын атап көрсеткен: кәсіпкер, жұмыстағы жауапкершіліктің бұзылуын жөндеуші, ресурстарды бөлу маманы және келісімдерді жүргізуші маман.

Әрбір басшы маман ос ыбейнелер арқылы өз жұмысын толықтырып отырады.

Әрбір басқару қызметі өмірде жүзеге асырылуды талап ететін жалпылама және тіршілікке қажетті маңызды шешімдермен байланысты.

Ұйымдық шешімдегеніміз лауазымды адамдардың өздеріне берілген міндеттерді орындауы үшін таңдай білу қабілеттіліктерінің болуы. Оның мақсаты ұйымның алдында тұрған мәселелер қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да тиімді ұйымдық шешім деп қабылданған және орындалған мақсатты айтуға болады.

Ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп бөлуге болады.

Бағдарланған шешім математикалық теңдеулерде қолданылатын әрбір қадам мен қимылдың белгілі бір сәйкесиілігін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Немесе іс-қимылдың айқын, белгілі бір қисынға сәйкес, нәтижелі түрде жүзеге асырылуы.

Мұнада альтернативаның мүмкіндік саны шектеулі және таңдаулар ұйымдар белгілеген бағыттарда жүзеге асырылады.

Бағдарлау тиімді ұйымдық шешімдер қабылдаудың көмекші құралы. Шешімдердің қабылдануына қарай басшылар кемшіліктерді жояды.

Бағдарланбаған шешімдер.

Мұндай шешімдер белгісіз фактормен ілесе жүретін анықталған өлшемде, жаңа болатын жағдайларда талап етіледі. Сол себепті қажетті қадамдардың нақтылы реттілігін алдын-ала құру мүмкін емес.

Бағдарланбаған шешімдер қатарына мына типтегі шешімдер жатады: ұйым мақсаттары қандай, өнімді қалай жақсартуға болады, бөлімшенің құрылымын қалай жетілдіру қажет, бағыныштыларды қалай ынталандыру керек.

Нарықтық экономикаға өту кезінде кәсіпорындардағы өндірістік процестер мен әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың күрделілігі соғұрлым алуан түрлі шешімдер қабылдау қажеттігін туғызады.

Шешілетін мәселелрдің ауқымдылығы жағынан басқарушылық шешімдердің жалпы және жеке түрлері бөлініп көрсетіледі. Жалпы шешімдерге жататындар – тұтас алғанда бүкіл шаруашылыққа қатысты шешімдер. Жеке шешімдерге жататындар - өндірістің жекелеген жақтарын, қызметкерлердің жекелеген топтарын қамтитын шешімдер.

Жалпы және жеке басқарушылық шешімдердің арасында тығыз байланыс бар.

Шешімнің жүзеге асырылу ұзақтығы жөнінен шешімдердің мынадай негізгі түрлерін: ұзақ мерзімді (перспективалық), орташа мерзімді (ағымдағы), қысқа мерзімді (оперативті) шешімдер деп бөлу керек.

Ұзақ мерзімді шешімдердің жүзеге асырылуы бірнеше жылдарды керек етеді.

Орташа мерзімді шешімдер бір жыл ішінде жүзеге асырылады және әдетте өндірістің жылдық кезеңімен байланыста болады.

Қысқа мерзімді шешімдер мәселелердің неғұрлым шағын тобын қамтиды да, өзінің сипаты жағынан көбінесе жеке шешімдер болады.

Ықпал ету объектілері жөнінен сыртқы және ішкі шешімдер деп бөлуіге болады.

Сыртқы шешімдер белгілі бір шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен, басқа кәсіпорындармен қарым-қатынастарын қамтиды.

Ішкі шешімдер шаруашылықтың өз өмірінің түрлі жақтарын қамтиды. Сыртқы шешімдердің белгілі бір тобын орындамайынша, ішкі шешімдер көп ретте жүзеге асырылмай қалады.

Функциялық сипаты жөнінен экономикалық, технологиялық, қаржылық, әкімшілік шешімдер болады.

Экономикалық шешімдер жоспардардың, нормалар мен нормативтердің, еңбекақы төлеудің бүкіл жүйесін жасаумен, бағамен, өнімді өткізу және табыстарды бөлумен байланысты.

Технологиялық шешімдер өндіріс процестерін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Бұл шешімдер әрбір салада тиімді технологияны таңдап алуды, жұмыстарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді белгілеп береді.

Қаржылық шешімдер жоспарлық және есеп беру қаржы баланстарын белгілеп, бекітуге, түрлі қорларды бөлуге, несиелер алып, оларды өтеуге бағытталады. Ол шешімдерге ақшалай есеп айырысудың бүкіл жүйесі жөніндегі шешімдер де жатады.

Әкімшілік шешімдер әдетте басқару аппаратының өз жұмысына қатысты болады және қызмет бабындағы адамдардың, бөлімшелердің құқықтары мен міндеттерін реттеп отыруға, олардың жұмыс істеуі мен өзара қарым-қатынасының тәртібін белгілеуге бағытталады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Коммуникацияның ролі және олардың түрлері

2. Коммуникация процесі

3. Тұлға аралық коммуникациялар

4. Коммуникациялық желілер және стильдер

5. Басқарушылық шешім түсінігі

6. Шешім қабылдау тапсырмасы

7. Шешім қабылдау процесі

Бақылау тесттері:

<question>Екі немесе одан да көп адамдардың бір-бірімен ақпарат- мәліметтер алмасу процесі.......... деп аталады.

<variant>Коммуникация

<variant>Бейресми байланыс

<variant>Бөлімшелер арасындағы байланыс

<variant>Ұйымдар арасындағы байланыс

<variant>Адамдар мен топтар арасындағы байланыс

<question>Ұйымдастыру тұрғысынан алып қарағанда ақпарат.......... бөлінеді.

<variant>Жүйеге келтірілген және жүйеге келтірілмеген

<variant>Анықталған және жүйеленген

<variant>Жүйеленбеген және анықталмаған

<variant>Анықталған және анықталмаған

<variant>Дұрыс жауабы берілмеген

<question>Екі ұйғарымның бірін ғана таңдап алуға деген мәжбүрлік

<variant>Альтернатива

<variant>Семантика

<variant>Шешім қабылдау

<variant>Міндеттеме

<variant>Бағдарланған шешім

<question>Екі немесе одан да көп жақтар арасындағы келіспеушілік

<variant>Қақтығыс

<variant>Күйзеліс

<variant>Жүйе

<variant>Барлау

<variant>Хабарлау

<question>Френч пен Рейвеннің айтуы бойынша билік формалары:

<variant>Заңды, сараптау, мәжбүр етуге негізделген, марапаттауға негізделген, эталондық билік

<variant>Басқару, хабарлау, мәжбүр етуге негізделген, марапаттауға негізделген, эталондық билік

<variant>Мәжбүр етуге негізделген, марапаттауға негізделген, эталондық билік, құрметтеу, сараланған

<variant>Міндеттелген, заңды, сараптама, жүйеленген, эталондық

<variant>Дұрыс жауабы берілмеген

 

Әдебиеттер:

1. Теория и практика менеджмента /Под ред.д.э.н., профессора Кубаева К.А.-Алматы: Қазақ Университеті, 2005

2. АхметовҚ.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. Менеджмент негіздері. Оқулық.

3. Бердалиев К.Б. Основы менеджмента.-Алматы. КазГАУ, 1999

4. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник.-3-е изд. –М.: Гардарики, 1999

5. Управление организацией /Под ред. Поршнева А.Г., Румянцевой З.П., Соломатина Н.А. – М.: ИНФРА, 1999

4. РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІНІҢ

ЖҮЙЕСІ

Мақсаты: Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3818 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

840 - | 710 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.