1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаменттері«Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК-на 10 қаңтарға.
2. «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне 30 қаңтарға тапсырады.
.
Техногенді көздерді қалыпты пайдалану жағдайларында ИСК-мен жұмыс жасайтын персоналдың жеке дозаларын есепке алу бойынша есеп
20 ____ есеп беру жылының _____________ жартыжылдығы үшін
Облыс коды | Аудан коды | Ұйым коды | Қызмет түрінің коды | Ашық ИСК жұмыс жасайтын персонал саны | Жабық ИСК жұмыс жасайтын персонал саны | мына жаста персонал алған тиімді доза, мЗв. | ||||||
Ер | Әйел | Ер | Әйел | 18-25 жас | 25-35 жас | 36-45 жас | 46-55 жас | 56-65 жас | ||||
Ескертпе: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне жіберілетін есепте 2, 3-бағандар бойынша жолдар толтырылмайды.
Ведомстволық статистикалық есеп беру
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаменттері«Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК-на 10 шілдеге және қаңтарға.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне 30 қаңтарға тапсырады.
Радиациялық апат немесе жоспарланған көтеріңкі сәулелену жағдайларында ИСК-мен жұмыс жасайтын персоналдың, сондай-ақ апаттық сәулеленуге ұшыраған халық арасындағы адамдардың жеке дозаларын есепке алу бойынша есеп
20 ____ есеп беру жылының _____________ жартыжылдығы үшін
Облыс коды | Аудан коды | Ұйым коды | Қызмет түрінің коды | ИСК әсеріне екі рет душар болғандардың коды | Ашық ИСК жұмыс жасайтын персонал саны | Жабық ИСК жұмыс жасайтын персонал саны | Мына жаста персонал алатын тиімді мөлшер, мЗв. | ||||||
Ер | Әйел | Ер | Әйел | 18-25 жас | 25-35 жас | 36-45 жас | 46-55 жас | 56-65 жас | |||||
Кәсіптік сәулеленудің дозасын есепке алу және есепке алу-есеп беру нысандарын толтыру тәртібі
«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы»Қазақстан Республикасының Заңына және « Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеу, медициналық рентгендік-радиологиялық процедуралар жүргізу кезінде, сондай-ақ радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерін бақылау мен есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 1277 қаулысына сәйкес жеке сәулелену дозаларын бақылау және есепке алу бірыңғай мемлекеттік жүйе шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс.
Персоналдың жинаған сәулелену дозасы туралы ақпарат ИСК-на пайдаланатын ұйымда, Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдарында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығында жұмыс аяқталғаннан кейін 30 жыл бойы немесе жұмысшыға 75 жас толмағанға дейін сақталады.
Бұл мәліметтерді мыналар:
1) себебін дәлелдей отырып мемлекеттік органдар;
2) ИСК-ны пайдалана отырып жұмыс жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды тұлғалар (ұйымдар және кәсіпорындар);
3) жеке сәулелену дозалары бойынша мәліметтері жиналатын және республикалық деректер қорында сақталатын адамдар ала алады.
1. Қолдану саласы
«Техногенді иондаушы сәулелену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында персонал ішіндегі адамдардың сәулелену дозалары туралы мәліметтер» № 1-ДОЗ нысаны және «Радиациялық апат немесе жоспарланған жоғары сәулеленуден персонал арасындағы адамдардың, сондай-ақ апаттық сәулеленуге душар болған халық арасындағы адамдардың сәулелену дозалары туралы мәліметтер» № 2-ДОЗ нысан.
Персоналдың жеке сәулелену дозаларын бақылау және есепке алу мына мақсатта жүргізіледі:
1) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс жасау, медициналық рентгендік емшаралар жүргізу, сондай-ақ радиациялық фон себебінен алынған персоналдың жеке сәулелену дозасы туралы объективті ақпарат алу;
2) белгіленген шектерден жоғары сәулеленуге душар болатын адамдарды есепке алу;
3) ұйым персоналының сәулелену дозалары туралы объективті және нақты ақпарат алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
4) радиациялық фактордың персоналға әсерін бағалау;
5) персоналдың сәулелену деңгейлерін төмендету бойынша шаралар қабылдау;
Осы ұсынымның № 1-ДОЗ және № 2-ДОЗ нысандарын (бұлан әрі - мәтін бойынша нысан) толтыру бойынша талаптары техногенді иондаушы сәулелену көздерімен (бұдан әрі - ИСК) жұмыс жасайтын, А тобы персоналы бар кез-келген ведомстволық тиістіліктегі және меншік нысанындағы ұйымдарға бірыңғай болып табылады.
2. Жалпы ережелер
№ 1-ДОЗ және № 2-ДОЗ нысандарын:
ведомстволық бағыныштылығына қарамастан ұйымдар және кәсіпорындар;
еңбек үдерісінде персонал техногенді ИСК пайдаланатын және А тобы персоналы бар ұйымдар толтырады.
Ұйымның және кәсіпорынның радиациялық қауіпсіздігіне жауапты адамдар жартыжылдық және жылдық нысандарды толтырады және оны өз кезегінде алынған деректерді жинақтап, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК-на (бұдан әрі – «СЭСжМҒПО» РМКҚ) тапсыратын Қазақстан Республикасының облыстар, Астана, Алматы қалалары, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына тапсырады.
Нысандар есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей, А4 үлгісіндегі ақ қағазда және электронды көшірмелер түрінде тапсырылады. Екі құжат та (түпнұсқа және электронды көшірме) толықтай бірдей болуы тиіс.
3. № 1 –ДОЗ нысанын толтыру тәртібі
№ 1-ДОЗ нысаны ИСК жұмыс жүргізетін және А тобы персоналы бар ұйымдар мен кәсіпорындар жартыжылдық және жыл үшін А тобы персоналының жеке сәулелену дозаларын өлшеу нәтижелері бойынша толтырады. А тобы персоналының ЖДБ мәліметтері болмағанда нысанның тиісті бағандарына есептеу әдісімен алынған дозалар енгізіледі.
Нысанды толтыратын ұйымдар және кәсіпорындар А тобы персоналының уақытша іссапарларға жіберілген адамдарын да есепке қосуға міндетті.
Нысанның бірінші бетіндегі тиісті позицияларында ұйымның толық атауы, ешбір қысқартусыз пошталық индексі бар пошталық мекен-жайы көрсетіледі. Егер ресми қысқартылған атауы бар болса, ұйымның толық атауынан кейін жақша ішінде ол көрсетіледі.
«Пошталық мекен-жай» жолында есеп беретін ұйымның пошталық индексі, мекен-жайы көрсетіледі.
Нысанның бірінші бетіндегі тиісті бағандарға сыныптама бойынша ұйымның коды ретімен енгізіледі (ұйымның тұрақты кодтауын тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары құрастырады):
есеп беретін ұйымның коды (тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен әзірленеді және №1-ДОЗ нысанында ескертпеде көрсетіледі;
1-кесте бойынша есеп беретін ұйым өзінің қызметін жүзеге асыратын аумақтың коды;
есеп беретін ұйым қызметі түрінің коды 2-кестесіне сәйкес көрсетіледі;
1-бағанда – А тобы персоналы адамдарының тәртіптік нөмірі көрсетіледі.
2-бағанада – қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты толық көрсетіледі. Бағанға қызметкер аты-жөнінің бірінші әріптерін жазуға жол берілмейді.
3-бағанда – қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі көрсетіледі.
4-бағанда – қызметкердің туылған айы, күні, жылы жазылады. Ол туылған күніне, айына және жылына сәйкес келетін, нүктелермен бөлініп тұратын сандармен толтырылады. Бұл ретте күні мен айы екі санмен қойылады (10-ға дейінгі санның алдына нөл қойылады), ал жылы толық төрт белгілі санмен көрсетіледі (мысалы: 02.11.1971).
5-бағанда – қызметкердің жынысы жазылады: «Е» - ер адам, «Ә» - әйел адам.
6-бағанда – қызметкердің мәртебесіне сәйкес осы әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаның 3-кестесі бойынша анықталатын кодтар көрсетіледі;
7-бағанда – иондаушы сәуле (ИС) түріне сәйкес осы әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаның 4-кестесі бойынша таңдалатын кодтар қойылады. Бұл ретте бірден алтынға дейінгі реттік нөмірі барлар иондаушы сәулеленудің әртүрлі түрлерімен сыртқы сәулеленуге жатады, ал жетінші – жұмыскерлердің организміне радионуклидтердің түсуі есебінен ішкі сәулеленуге жатады.
8 баған – есепті жылы (мЗв) жұмыскердің сыртқы сәулеленуінің жеке дозиметриясының ресми мәліметтері бойынша толтырылады.
Персоналдың сыртқы сәулеленуінің жылдық тиімді дозасы қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес анықталады.
9-баған есепті жылы (мЗв) жұмыскердің ішкі сәулеленуінің жеке дозиметриясының ресми мәліметтері бойынша толтырылады. Персоналдың ішкі сәулеленуінің жылдық тиімді дозасын ашық күйдегі радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезінде есепке алады және өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағының ауасындағы немесе жеке сынама алғыштарды пайдалан отырып тыныс алу аймағындағы радионуклидтердің көлемдік белсенділігін өлшеу, адамды сәулелеу есептегішінің көмегімен организмдегі радионуклидтерді тікелей өлшеу және (немесе) бөлінділердің биосубстраттарын талдау нәтижелері бойынша анықтайды.
Персоналдың ішкі сәулеленуінің жылдық тиімді дозасы осы әдістемелік ұсынымның 2-қосымшасын пайдалана отырып анықталады.
10 бағанға ИСК әсеріне душар болған ағзаның немесе тіннің түріне сәйкес 3-қосымшаның 5-кестесі бойынша анықталатын кодтар қойылады. Бұл ретте доза шегі РҚН-да белгіленген ағзалар (тіндер) үшін ғана мәліметтер енгізіледі:
11-бағанға персоналдың көз бұршағындағы, қолдың буыны мен табандарындағы, іштің төменгі бөлігіндегі (45 жасқа дейінгі әйелдер үшін) осы ағзалардың жеке дозиметриясы нәтижесінде алынған эквивалентті доза (мЗв) мәндері енгізіледі. Бұл мәліметтер тек жоғарыда аталған ағзалардағы эквивалентті дозаны бақылау қажет болатын және жүргізілетін жағдайларда ғана енгізіледі.
Егер сыртқы немесе ішкі сәулеленуді не ағзадағы (тіндегі) дозалар өлшенген шама қолданылатын өлшеу құралы үшін метрологиялық белгіленген ең аз өлшенетін мәннен аз болса, онда тиісті бағанға (8, 9, 11) «0» мәні қойылады. Бұл ретте 10-бағанға сызықша «-» енгізіледі.
Жоғарыда аталған сәулелену түрлерінің біреуі тіркелген болса, бірақ тиісті дозаның сандық мәні белгісіз болса тиісті бағанға (8, 9, 11) доза шамасының орнына «-1» коды қойылады.
4. №2-ДОЗ нысанын толтыру тәртібі
№2-ДОЗ нысанына жоспарланатын жоғары сәулеленумен және радиациялық апат нәтижесіндегі сәулеленумен байланысты жеке дозалар енгізіледі.
Персоналдың рұқсат етілетін тиімді дозасынан (жылына 20 мЗв) асып кеткен жағдайда. ескертпеде себебі, жоғары доза қай кезеңде және кім, қандай жағдайларда (тегі, аты-жөні, жасы, тұратын жері) алғанын, ұйымның толық атауы (пошталық мекен-жайы), әсер ететін ИС түрі, жүргізілген іс-шаралар және тексеру бойынша ұсынымдар көрсетілуі қажет.
№2-ДОЗ нысанның 1-кестесіне персоналдың жоспарланатын жоғары сәулеленуімен немесе радиациялық апат нәтижесіндегі сәулеленуімен байланысты, сондай-ақ есепті жылы халықтың апаттық сәулеленуі орын алған тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының жеке дозалары енгізіледі.
Нысан жыл сайын персоналдың жоспарланатын жоғары сәулеленуінің және радиациялық апат жағдайындағы сәулеленудің, сондай-ақ есепті жылы апаттық сәулеленуге ұшыраған адамдардың жеке дозаларын өлшеу немесе есептеу нәтижелері бойынша толтырылады.
Халықтың апаттық сәулелену дозалары осы радиациялық апаттан кейінгі бірінші жылға қатысты нысанға енгізіледі. Кейінгі жылдарда өткен радиациялық апаттар есебінен халықтың сәулелену дозалары енгізілмейді.
Нысанды толтыратын ұйымдар және кәсіпорындар есеп беруге уақытша іссапарға келген адамдарды да енгізуге міндетті.
Апатты сәулеленуге ұшыраған адамдарды анықтауды және радиациялық апат болған кәсіпорын персоналының жеке сәулелену дозаларын бағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жүргізеді, апаттың себептерін тексеруді арнайы комиссия жүргізеді. Бұл жұмысқа апаттың көлеміне байланысты апаттың салдарын жоятын тиісті министрліктер және ведомстволардың мекемелері (кәсіпорындары) да қатыса алады.
«Есеп беретін ұйым атауы» жолында ешбір қысқартуларсыз ұйымның толық атауы жазылады. Ұйымның толық атауынан кейін ұйымның ресми қысқартылған атауы болса, ол жақшаның ішіне жазылады.
«Пошталық мекен-жайы» жолында есеп беруші ұйымның пошталық индексі және толық пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
Нысанның бірінші бетіндегі тиісті бағандарға ретімен ұйым кодтары сыныптамасымен енгізіледі:
есеп беретін ұйым кодын; ұйымға тұрақты кодтауды тиісті аумақтардағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жүргізеді (түсіндіруді ескертпеде көрсету керек);
есеп беретін ұйым өзінің қызметін жүзеге асыратын аумақтың коды 1-кесте бойынша көрсетілген;
есеп беретін ұйымның қызметінің коды 2-кестеде белгіленген;
1-бағанда А тобындағы персоналдың және халықтың реттік нөмірі көрсетіледі.
2-бағанда қызметкердің тегі, аты әкесінің аты толық жазылады. Бағанды қызметкердің аты-жөнінің бірінші әріптерімен толтыруға жол берілмейді.
3-бағанда жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі жазылады.
4-бағанда қызметкердің туылған күні көрсетіледі. Ол нүкте арқылы бөлінген туылған күніне, айына және жылына сәйкес келетін сандармен толтырылады. Бұл ретте күні және айы екі санмен (10-ға дейінгі санның алдына нөл қойылады), ал жылы төрт мәнді санмен толық жазылады (мысалы: 02.11.1971).
5-бағанда қызметкердің жынысы жазылады: «Е» - ер адам, «Ә» - әйел адам.
6-бағанда қызметкердің статусына сәйкес 3-кесте бойынша анықталатын кодтар көрсетіледі.
7-бағанда иондаушы сәуле (ИС) түріне сәйкес 4-кесте бойынша таңдалатын кодтар енгізіледі. Бұл ретте 1-ден 6-шы реттік нөмірге дейінгілер иондаушы сәулеленудің әр түрлерімен сыртқы сәулеленуге қатысты, жетіншісі – жұмыскерлердің организміне радионуклидтердің түсуі есебінен ішкі сәулеленуге қатысты.
8-баған есепті жылы (мЗв) жұмыскердің сыртқы сәулеленуінің жеке дозиметриясы ресми мәліметтері бойынша толтырылады.
9-баған есепті жылы (мЗв) жұмыскердің ішкі сәулеленуінің жеке дозиметриясының ресми мәліметтері бойынша толтырылады. Персоналдың ішкі сәулеленуінің жылдық тиімді дозасын ашық күйдегі радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезінде есепке алады және өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағының ауасындағы немесе жеке сынама алғыштарды пайдалан отырып тыныс алу аймағындағы радионуклидтердің көлемдік белсенділігін өлшеу, адамды сәулелеу есептегішінің көмегімен организмдегі радионуклидтерді тікелей өлшеу және (немесе) бөлінділердің биосубстраттарын талдау нәтижелері бойынша анықтайды.
10 бағанға ИСК әсеріне душар болған ағзаның немесе тіннің түріне сәйкес 5-кесте бойынша анықталатын кодтар қойылады. Бұл ретте доза шегі РҚН-да белгіленген ағзалар (тіндер) үшін ғана мәліметтер енгізіледі:
11-бағанға персоналдың көз бұршағындағы, қолдың буыны мен табандарындағы, іштің төменгі бөлігіндегі (45 жасқа дейінгі әйелдер үшін) осы ағзалардың жеке дозиметриясы нәтижесінде алынған эквивалентті доза (мЗв) мәндері енгізіледі. Бұл мәліметтер тек жоғарыда аталған ағзалардағы эквивалентті дозаны бақылау қажет болатын және жүргізілетін жағдайларда ғана енгізіледі. Эквивалентті дозалар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын арнайы әдістемелік құжаттарға сәйкес анықталуы тиіс органдар (тіндер) үшін ғана анықталады.
12 бағанға 6-кесте бойынша үш позициядан тұратын код енгізіледі;
Нысанға есепті жылы екі рет жоспарланатын жоғары сәулеленуге ұшыраған А тобындағы персоналға жататын адам үшін жылдық жеке дозаның мәні енгізіледі. Ол үшін бұл бағанға «1П2» коды қойылады.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметі органдарының персоналдың дозаларын есепке алу нысанын толтыру тәртібі
Ұйым персоналының дозаларын есепке алу жөнінде деректер алған мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мәліметтерді жинақтайды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК-на (бұдан әрі – «СЭСж МҒПО» РМҚК) тапсырады.
Нысанның бірінші бетіндегі тиісті позицияларында ұйымның толық атауы, ешбір қысқартусыз пошталық индексі бар пошталық мекен-жайы көрсетіледі. Егер ресми қысқартылған атауы бар болса, ұйымның толық атауынан кейін жақша ішінде ол көрсетіледі.
Кестенің тиісті торларына мыналар енгізіледі:
бірінші бағанға – 1-кесте бойынша облыс кодтары;
екінші бағанға – ИСК қолданатын ұйымдардың орналасқан аудандары (түсіндірілуін ескертпеде көрсету керек);
үшінші бағанға - ИСК қолданатын ұйымның коды (түсіндірілуін ескертпеде көрсету керек);
төртінші бағанға – 2-кесте бойынша ұйым қызметі түрінің коды;
бесінші және алтыншы бағандарға – ашық ИСК-мен жұмыс істейтін персоналдың жалпы саны;
жетінші және сегізінші бағандарға – жабық ИСК-мен жұмыс істейтін персоналдың жалпы саны;
тоғызыншы бағаннан бастап он үшінші бағанға дейін - персоналдың жас бойынша ең төмен және ең жоғары ауқымдағы алған тиімді дозасы енгізіледі, мЗв-пен.
Қазақстан Республикасының ЖДБ-мен қамтылған облыстарының кодтары
1-кесте
№ | Облыс атаулары | коды |
Ақмола облысы | С 001 | |
Ақтөбе облысы | D 002 | |
Атырау облысы | E 003 | |
Алматы облысы | B 004 | |
Шығыс Қазақстан облысы | F 005 | |
Жамбыл облысы | H 006 | |
Батыс Қазақстан облысы | L 007 | |
Қарағанды облысы | M 008 | |
Қостанай облысы | P 009 | |
Қызылорда облысы | N 010 | |
Маңғыстау облысы | R 011 | |
Павлодар облысы | S 012 | |
Солтүстік Қазақстан облысы | T 013 | |
Оңтүстік Қазақстан облысы | X 014 | |
Алматы қ. | A 015 | |
Астана қ. | Z 016 |
Техногенді ИСК-мен жұмыс жасайтын және А тобының персоналы бар ұйымдар қызметі түрлерінің кодтары
2-кесте
р/с № | Ұйым атауы | коды |
Медициналық мекемелер, оның ішінде медициналық бейіндегі ҒЗИ | М 01 | |
Өнеркәсіптік кәсіпорындар, оның ішінде ИИ қолданатын жабдықты жөндеуді, баптауды, мөлшерлеуді орындайтын ұйымдар | P 02 | |
Ғылыми-зерттеу институттары, оның ішінде медициналық бейіндегілерден басқа жоғары оқу орындары | S 03 |
ИСК бар қызметкер статусының коды
3-кесте
№ | Қызметкердің мәртебесі | Код |
Есепті жыл бойы жұмыс істеді | ||
Есепті жылы іссапарға жіберілді* | ||
Есепті жылы жұмыстан шықты** | ||
Есепті жылы зейнеткерлікке шықты | ||
Есепті жылы қайтыс болды |
* көрсетілген мәртебесі бар қызметкер үшін дозалар іссапар уақытына көрсетіледі.
** көрсетілген мәртебесі бар қызметкер үшін дозалар жыл басынан жұмыстан шыққан күнге дейін көрсетіледі.
Өзінің қызметінде ИСК қолданатын ұйымдардың кодтары
4-кесте
р/с № | ИС түрі | коды |
Рентгендік | R 101 | |
Альфа | A 102 | |
Бета | B 103 | |
Гамма | G 104 | |
Нейтрондық | N 105 | |
Радионуклид | I 106 | |
Басқалары | X 107 |
ИСК әсеріне ұшыраған ағзалар мен тіндердің кодтары
5-кесте
№ | ИСК әсеріне душар болған ағзалар мен тіндердің түрі | Код |
Жыныс бездері | ||
Қызыл сүйек кемігі | ||
Тоқ ішек | ||
Өкпе | ||
Асқазан | ||
Қуық | ||
Емшек бездері | ||
Бауыр | ||
Өңеш | ||
Қалқанша безі | ||
Көзбұршақ | ||
Тері | ||
Буындар мен табандар | ||
Сүйектердің үстіңгі беттері | ||
Басқалары | ||
Іштің төменгі бөлігі * |
* - 45 жасқа дейінгі әйелдер үшін ғана белгіленеді.
ИСК әсеріне ұшыраған адамдар кодтары
6-кесте
Код позициясының нөмірі | Коды | Мәні |
А тобындағы персонал | ||
Б тобындағы персонал | ||
Персоналға жатпайтын жұмыскерлер | ||
Апатты сәулеленуге ұшыраған басқа да халық | ||
А | Апатты сәулелену | |
П | Жоспарланатын көтеріңкі сәулелену | |
1-ден басталатын нөмірлер | Есепті жылы осы адамның жоспарланатын жоғары немесе апатты сәулелену жағдайларының саны |
_________________________
«Радиациялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар санитариялық қағидаларына
14-қосымша
Ұйымның радиациялық-гигиеналық паспортының
Лгілік нысаны
Иондаушы сәулелену көзін пайдаланатын ұйымның (кәсіпорынның) радиациялық-гигиеналық қорытындысы __________ жылғы жағдай бойынша
(Қазақстан Республикасының субъектісі әкімшілігі 20 қаңтарға дейін ұсынады)
Ұйымның (кәсіпорынның) атауы __________________________________
____
Ведомстволық тиесілігі ____________________________________________
Ұйымның (кәсіпорынның) мекен-жайы _________________________________________
____
Әкімшілік телефоны _______________________ факсы ________________
Ұйымның (кәсіпорынның) Жарғысын тіркеу күні, нөмірі және орны ____
____
Иондаушы сәулелену көздері бар бөлімшелердің атауы _______________________________________________________________
Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына лицензия беру күні және нөмірі
_______________________________________________________________
Санитариялық паспорт беру күні және тіркеу нөмірі
____
1. Ұйымда (кәсіпорында) иондаушы сәулелену көздерін (бұдан әрі мәтін бойынша ИСК) пайдаланатын жұмыстың сипаты
1.1. ИСК-мен рұқсат етілген жұмыс түрі (ашық, жабық, өндіретін, ядролық қондырғыларды пайдалану) _________________________________________
және типі (үдеткіш, радиоизотопты аспаптар және т.б. және т.с.с.)
____
1.2. ИСК-мен жұмыс бойынша ұйым (кәсіпорын) қызметінің негізгі бағыты ____
____
1.3. Жұмыс сыныбы ________________________________________________________
2. Қоршаған ортаны радиоактивті ластанудың әлеуетті көзі ретінде ұйымның (кәсіпорынның) сипаттамасы
2.1. Радионуклидтердің рұқсат етілген шекті шығарындыларынан жоғарылауы _
____
2.2. Радионуклидтердің рұқсат етілген шекті төгінділерінен жоғарылауы______________
____
2.3. Санитариялық-қорғаныш аймағы шекарасындағы сыртқы сәулеленудің эквивалентті дозасының орташа жылдық қуаты_____________________________ мкЗв/ч
2.4. Санитариялық-қорғаныш аймағында ауадағы, ашық су объектілері суындағы радионуклидтердің орташа жылдық көлемді (меншікті) белсенділігі (халық үшін рұқсат етілген көлемді белсенділік бірліктермен – бұдан әрі мәтін бойынша РКБхалық, халық үшін рұқсат етілген меншікті белсенділік бірліктермен – бұдан әрі мәтін бойынша РМБхалық)
____
2.5. Тізім бойынша байқау аймағының қоршаған орта объектілерінде радионуклидтердің орташа жылдық меншікті (көлемді) белсенділігі, бақылау регламентіне сәйкес (ауа, су, тамақ өнімдері үшін РКБхалық және РМБхалық бірліктермен) ______________________________________________________________
____
____
3. Ұйым (кәсіпорын) қызметі есебінен азаматтардың сәулелену дозалары
3.1. Персоналдың жылдық сәулелену дозалары:
- техногенді көздермен жұмыс істейтін тұлғалар (бұдан әрі мәтін бойынша – А тобы)
- техногенді көздердің әсер ету саласындағы жұмыс жағдайлары бойынша болатын тұлғалар (бұдан әрі мәтін бойынша – Б тобы)
А тобы бойынша | Б тобы бойынша | |
Орташа жеке жылдық тиімді доза, мЗв | ||
Жылдық тиімді ұжымдық доза, адам-Зв | ||
Персонал үшін негізгі дозалық шектерден асатын тұлғалар саны: |
3.2. Байқау аймағында тұратын халық саны: _____________
3.3. Байқау аймағында тұратын халықтың ұйым (кәсіпорын) қызметі есебінен жылдық сәулелену дозалары:
- Орташа жеке жылдық тиімді доза, мЗв __________________
- Жылдық тиімді ұжымдық доза, адам -Зв ________________________
- Халық үшін негізгі дозалық шектерден асатын тұлғалар саны
3.3.(*) Халықтың медициналық жылдық сәулелену дозалары (тек медицина ұйымдары толтырады)
Жылына өтетін емшараның саны | 1 емшараға (мЗв) орташа тиімді доза | Ұжымдық доза, адам.- Зв/ жылына | |
Рентгенографиялық | |||
Рентгеноскопиялық | |||
Радионуклидтік |
4. Радиациялық қауіптілік саласындағы радиациялық қауіптілікті және нормаларды, қағидаларды және гигиеналық нормативтерді орындауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың тиімділігін бағалау
__________________________
5. Радиациялық апаттар, оқиғалар ___________________________________
____
6. Радиациялық апаттарды, оқиғаларды және олардың салдарын жою бойынша іс-шаралар жоспарының, құралдардың және күштің бар болуы ______________
____
Радиациялық-гигиеналық қорытындыны толтыратын және ұйымдағы (кәсіпорындағы) радиациялық қауіпсіздікке жауапты адамның қолы және лауазымы ___________________
(лауазымы)
_________________________ ______________________ ___________________
(Тегі, А.Ә.) (қолы) (күні)
7. Есепті жылы ұйым (кәсіпорын) әкімшілігінің бағалауы бойынша қалыпты пайдалану үшін радиациялық көрсеткіштің жоғарылау параметрлері
____
____
____
Ұйымның (кәсіпорынның) басшысының қолы және күні:
_________________________ _____________________ ___________________
(Тегі, А.Ә.) (қолы) (күні)
8. Тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының қорытындысы, стохастикалық әсерлердің пайда болуының жеке және ұжымдық тәуекелдерін бағалау
____
____
____
Аумақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері (облыс,қала, аудан)
_________________________ _____________________ ___________________
(Тегі, А.Ә.) (қолы) (күні)
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның қорытындысымен ұйымның (кәсіпорынның) басшысы танысты:
_________________________ _____________________ ___________________
(Тегі, А.Ә.) (қолы) (күні)
Аумақтың радиациялық-гигиеналық паспортының
Лгілік нысаны
Аумақтың радиациялық-гигиеналық қорытындысы
________жылғы жағдай бойынша
Қазақстан Республикасының субъектісі аумағының атауы
____
Тұрғындардың саны ________________________________________
Қазақстан Республикасының субъектісі аумағының алаңы _______________ км2
Әкімшілік телефоны _________________________ факсы _________________
1. Иондаушы сәулелену көздерін пайдаланатын объектілер тізбесі
____
____
____
2. Иондаушы сәулелену көздерін пайдаланатын объектілердің жалпы сипаттамасы
____
____
____
3. Қоршаған ортаның радиоактивті ластану сипаттамасы:
3.1. Топырақтың ластану тығыздығы
Цезий-137
Ең аз ________________ орташа _________________ ең жоғ. ______________
Стронций-90
Ең аз ________________ орташа _________________ ең жоғ. ______________
Плутоний-239 және т.б.
Ең аз ________________ орташа _________________ ең жоғ. ______________
3.2. Атмосфералық ауадағы радиоактивті заттардың көлемді белсенділігі
____
3.3. Ашық су қоймалары суындағы радиоактивті заттардың меншікті белсенділігі
____
3.4. Ауыз сумен жабдықтау көздері суындағы радиоактивті заттардың меншікті белсенділігі
____
3.5. Жергілікті өндірістің тағамдық өнімдеріндегі радиоактивті заттардың меншікті белсенділігі
____
3.6. Жергілікті шикізаттан алынған құрылыс материалдарындағы радиоактивті заттардың меншікті тиімді белсенділігі
____
4. Аумақта радиациялық ауытқулар мен ластанудың бар болуы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____
5. Медициналық емшара кезіндегі тұрғындардың сәулелену құрылымы
Жылына өтетін емшараның саны | 1 емшараға (мЗв) орташа тиімді доза | Ұжымдық доза, адам.- Зв/ жылына | |
Рентгенографиялық | |||
Рентгеноскопиялық | |||
Радионуклидті |
6. Тұрғындардың, оның ішінде техногенді көздермен жұмыс істейтін тұлғалардың - персоналдың (бұдан әрі мәтін бойынша А тобы) және техногенді көздердің әсері аясында жұмыс жағдайлары бойынша болатын тұлғалардың (бұдан әрі мәтін бойынша Б тобы) сәулелену дозасын талдау.
6.1. Персоналдың жылдық сәулелену дозалары:
А тобы бойынша | Б тобы бойынша | |
Орташа жеке жылдық тиімді доза, мЗв | ||
Жылдық тиімді ұжымдық доза, адам.-Зв | ||
Персоналға арналған негізгі дозалық шектен асатын тұлғалар саны: |
6.2. Байқау аймағында тұратын халық саны: ____________
1) орташа жеке жылдық тиімді доза, мЗв _________________
2) жылдық тиімді ұжымдық доза, адам.-Зв _______________________
3) халық үшін негізгі дозалық шектен асатын тұлғалар саны: __
6.3. Халықтың жылдық тиімді ұжымдық дозасының құрылымы (адам.-Зв):
1) иондаушы сәулелену көздерін пайдаланатын кәсіпорын қызметінен ____
2) ғаламдық жауын-шашыннан ____________________________
3) табиғи көздерден ____________________________
4) медициналық зерттеулерден ____________________________
5) радиациялық апаттар мен оқиғалардан ____________________________
7. Радиациялық апаттар мен оқиғалардың саны ________________________
8. Сәулелік патология жағдайының бар болуы (жылына ауру саны) __________
9. Жылына радиациялық қауіпсіздік саласындағы радиациялық қауіпсіздікті және нормаларды, ережелерді және гигиеналық нормативтерді орындауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды талдау
____
____
____
10. Радиациялық апаттарды және оқиғаларды жою үшін Қазақстан Республикасының субъектісі аумағының әкімшілігінде тиісті құрылымның, құралдар мен күштің бар болуы
____
____
Аумақтың радиациялық-гигиеналық паспортын толтыратын адамның қолы және лауазымы (облыс, қала, аудан)
___________________
(лауазымы)
_________________________ _____________________ ___________________
(Тегі, А.Ә.) (қолы) (күні)
11. Қазақстан Республикасының субъектісі аумағы әкімшілігінің есепті жылы аумақтағы радиациялық жағдайды бағалауы
____
____
____
Қазақстан Республикасының субъектісі аумағы әкімшілігінің басшысы
_________________________ _____________________ ___________________
(Тегі, А.Ә.) (қолы) (күні)
12. Тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының қорытындысы, стохастикалық әсерлердің пайда болуының жеке және ұжымдық тәуекелін бағалау
____
____
____
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер
_________________________ _______________________ ___________________
(Тегі, А.Ә.) (қолы) (күні)
Тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның қорытындысымен таныстым (Қазақстан Республикасының субъектісі аумағының әкімшілігі басшысының лауазымы, Т.А.Ә.) _______________
_________________________ _____________________ ___________________
(Тегі, А.Ә.) (қолы) (күні)
_________________________
«Радиациялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
15-қосымша
МГК ұйымдары жұмыскерлерінің табиғи көздермен сәулелену
дозаларын бағалау әдістемесі
1. Жұмыскерлердің сыртқы сәулеленуін бақылау
1. Ұйым жұмыскерлерінің сәулеленуінің тиімді дозалары гамма-сәулелену дозасы қуатының орташа мәндерімен және жұмыскерлер сәулеленуге ұшырайтын уақытпен айқындалады.
2. Жұмыскерлердің сыртқы сәулеленуінің тиімді дозасын бағалауды жұмыс орнында жер бетінен (еденнен) 1 м биіктікте сыртқы гамма-сәулеленудің өлшенген дозалары қуатының (бұдан әрі - Р) мәні және осы жұмыскердің қаралатын учаскеде 1 жыл ішіндегі жұмыс уақыты (бұдан әрі - Т) негізінде жүргізу керек.
Сыртқы гамма-сәулеленуді жылдық тиімді дозасы (Е1сыртқы) мына формула бойынша есептеледі:
(Е1сыртқы) = Ке Рy Тр, мЗв/жыл, (1)
мұнда: Ке – мәні мынаған тең болып алынатын дозалық коэффициент:
1) 0,006 мЗв/мР, егер Рy – сағатына миллиРентгенмен (бұдан әрі – мР/сағ) экспозициялық дозаның қуаты;
2) 0,0007 мЗв/мкЗв, егер Рy - эквиваленттік дозаның қуаты мкЗв/сағ.
3. Гамма-сәулелену дозасының қуаты (Рy) дозиметрдің өзінің аясының деңгейі (Рф) және оның космостық сәулеге (Рк) жауап беруін ескере отырып анықталуы тиіс:
Рy = Р1- (Рф+Рк) (2)
мұнда: Р1 - өлшеу нүктесіндегі дозиметрдің көрсеткіші.
(Рф+Рк) параметрлерінің сандық мәні әрбір дозиметр үшін жеке жағадан 50 м немесе одан да көп қашықтықта тереңдігі кемінде 5 метр судың бетінде орындалған бірнеше қайтара өлшеу жолымен анықталады.
4. Әртүрлі технологиялық учаскелерде жұмыс уақыты Тр(сағ) жылына 0-ден 2000 сағатқа дейін ауытқуы мүмкін. Егер жұмыскер бір жылдың ішінде Р-дың мәні өзгеріп отыратын бірнеше учаскеде (№ жұмыс орны немесе жұмыс операциясы) жұмыс істесе, онда ол үшін сыртқы сәулелену есебінен жылдық тиімді доза мынаны құрайды:
(3)
мұнда Рy- n - учаскенің бетінен 1 м биіктіктегі дозаның қуаты;
Трn - n - учаскесінде 1 жылдың ішіндегі жұмыс уақыты.
5. Жұмыскердің сыртқы сәулелену дозасын анықтау барысында мына шарт орындалуы тиіс:
(4)
мұнда Тр - жұмыскердің 1 жыл бойы штаттағы жұмысының ұзақтығы, сағ.
2. Құрамында өндірістік шаң бар ұзақ мерзімдік радионуклидтердің
ингаляциялы түсуі есебінен жұмыскерлердің сәулеленуін бақылау
6. Құрамында өндірістік тозаң бар табиғи радионуклидтердің (ТРН) ингаляциялы түсуі есебінен ішкі сәулелену дозасы радионуклидтік құраммен және тозаңданатын материал мен тозаңның меншікті белсенділігімен, өндірістік аумақтағы ауаның жалпы тозаңдануымен және нақты жағдайлардағы жұмыс уақытымен, тыныс алу органдарының жеке қорғаныш құралдарын қолданумен анықталады. Радионуклидтік құрам, тозаңның меншікті белсенділігі және ауаның жалпы тозаңдануы технологиялық үдерістердің параметрлеріне, жұмыстың температуралық режиміне, қолданылатын химиялық реагенттерге, материалдың дисперсиялығы мен көлеміне байланысты.
7. Жұмыскердің бір тұрақты жұмыс орнында өндірістік тозаңмен бір радионуклидтің ингаляциялы түсуі есебінен ішкі сәулеленуінің тиімді дозасы мына формула бойынша анықталады:
Еішкі = kd ∙ Cn ∙ f ∙ V ∙ Т, мЗв/жыл, (5)
мұнда kd – мәні уран мен торий қатарындағы негізгі радионуклидтер үшін 13-қосымшада келтірілген дозалық коэффициент (Зв/Бк);
Cn - өндірістік тозаңдағы радионуклидтердің меншікті белсенділігі кБк/кг;
f - ауаның орташа тозаңдануы, мг/м3;
V - жұмыскерлердің тыныс алуының орташа жылдамдығы, м3/с;
Т - жыл бойы тозаңды аумақта болу уақыты, сағ/жыл;
Сn, f және V шамалары мәндері тұрақты болғанда сәулелену дозасын бағалауда (5) формуласы дұрыс.
8. Бір немесе бірнеше параметрлердің уақытқа байланысты ауыспалы мәндері болғанда сәулеленудің барлық уақытын бірнеше кезеңдерге бөлу қажет, олардың әрқайсысының ішіндегі параметрлер тұрақты болып саналады. Кейіннен сәулеленудің барлық кезеңі бойынша жиынтықтай отырып әрбір кезең үшін дозалар 5 формула бойынша бағаланады.
9. Жұмыс аймағындағы радионуклидтердің қосылыс түрлері белгісіз немесе ішкі сәулелену дозасын есептеу үшін радиоактивтік тепе-теңдік болмаған жағдайда осы санитариялық қағидаларға 13-қосымша бойынша дозалық коэффициенттердің ең жоғары