Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жағдайлық есептер

Есеп 1. 1-ші сынып оқушыларына БЦЖ ревакцинациясын жасауға таңдау жүргізгенде үш балада Манту сынамасы оң болды (10, 12, 17 мм сәйкес). Осы балалар туберкулезге қарсы егуге жатады ма және қандай мерзімде? Жауабыңызды негіздеңіз.

Есеп 2. 1-ші сынып оқушылары арасында 12 адамда Манту сынамасы теріс болды, оның ішінде біреуі ревматизм, екіншісінде – бронхиальді демікпе, ал үшіншісі 4 ай бұрын дизентериямен ауырған.Барлығын туберкулезге қарсы егуге бола ма, әлде жоғарыда аталған үшеуді шығарып тастау керек па? Жауабыңызды негіздеңіз.

Есеп 3. 7 жастағы балада Манту реакциясы 2 ТЕ күдікті болды. Туберкулезге қарсы ревакцинацияға және оны жүргізу мерзіміне сіздің шешіміңіз. Жауабыңызды негіздеңіз.

Есеп 4. Педиатр қабылдауында 4 айлық бала, онда АбКДС және ОПВ бірге алғашқы егуден кейін оң жақ аяғында бұлшықет тонусының төмендеуі және сіңір рефлекстерінің төмендеуі байқалады (АбКДС оң жақ санға салынған). Сіздің іс-әрекетіңіз? Жауабыңызды негіздеңіз.

Есеп 5. Педиатр қабылдауында церебральді салданумен бала болды. Иммунизацияға қатысты сіздің тактикаңыз?

Есеп 6 Катя С. АИВ-инфицирленген анасынан туылған.

Тапсырма:

1. Осы бала үшін 2 жасқа дейін егу жоспарын құрастырыңыз.

2. АИВ-инфицирленген анасынан туылған балаларға қандай вакциналар қарсы көрсетілген?

Есеп 7 Бала Павел Б. егу күнтізбесіне сәйкес егілген. Қазіргі кезде баланың жасы 1 жыл 1 ай, қызылшаға қарсы егілмеген. Екі күн бұрын баланың анасы инфекционды стационарға жатқызылып, онда қызылша диагнозы қойылған.

Тапсырма:

Педиатр тактикасын көрсетіңіз.

Осы бала үшін 2 жасқа дейін егу жоспарын құрастырыңыз.

Есеп 8 Педиатр қабылдауында болған 3 жастағы бала полиомиелитке қарсы аяқталған вакцинация және 2 ревакцинация алған, құжаттармен расталады, бірақ отбасы 1 ай бұрын Грузиядан оралман болып келген, осы балаға қандай алдын алу шараларын тағайындайсыз?

Есеп 9 Педиатр қабылдауында АИВ-инфицирленген анасынан туылған бала келді, полиомиелитке қарсы қандай вакцинаны сіз ұсынасыз?

Есеп 10 5 жастағы баланың егілген мәліметі жоқ, балалар үйіне рәсімделіп жатыр. Сіз полиомиелитке қарсы иммунизацияның қандай схемасын ұсынасыз?

Есеп 11 Педиатр қабылдауында 18 айлық бала полиомиелиттің бірінші ревакцинациясына жатады, сонымен қатар ол бала қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке қарсы егілмеген. Бір күнде 4 егуді жасауға бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

Есеп 12 Екпе жасамас бұрын, тоңазытқышта сақталған иммуноглобулині бар ампула ыстық суға салынды. Оны судан алған соң ампула ішіндегі сұйықтық лайланып кеткен. Болған жайтты қалай бағалап, қандай әрекет жасау керек?

Есеп 13. Ясли тобында қызылшаға байланысты карантин жүріп жатқанда 2 жасар балаға эпидемиялық паротитке қарсы жоспарлы екпе жүргізуге болама?(бала қызылшамен 1 жасында ауырып кеткен)

Есеп 14. Не себепті жануарлар тістеуінен зардап шеккендерді тек антирабиялық вакцинамен ғана емес, сонымен қоса сіреспеге қарсы препаратпен егеді? Жауабыңызды негіздеңіз.

Есеп 15. Вирустық гепетит А ауруымен науқасты тексеру барысында бөксесінде әлі бітпеген жар анықталды. Анамнезден оны 1 апта бұрын белгісіз ит тістегені анықталды. Науқастың айтуы бойынша, тістеу жағдайы кездейсоқ болған. Қандай әрекет жасау керек:

А. Антирабиялық екпе жасау

Б. (Вирустық гепатит А) ауруын есепке ала отырып екпе жасамау керек. Жауабыңызды негіздеңіз.

Есеп 16. 10 күн бұрын 3000 МЕ сіреспеге қарсы сарысу мен 1 мл АС – анатоксинін алған аңшыны түлкі тістеп (саусақ ұшы, мойыны мен берінде көптеген жарақаттар) жарақаттаған. Қандай әрекет жасау керек?

Есеп 17. Адамды тістеген үй хайуанаттарын тістеген сәттен бастап не себепті 10 күн бойы бақылауға алады? Жауабыңызды негіздеңіз.

Есеп 18. Травматологиялық пункт дәрігеріне 30 жастағы әйел қаралған, ол қойма жұмысшысы, бетін ит тістеп алған. Науқастың айтуына қарағанда ит тістегені кездейсоқ болған, ит қойма территориясында тіршілік еткен, құтыруға қарсы егілмеген, тістегеннен кейін ит өлтіріліп, өлексесі табылмаған. Әйелдің сіріспеге қарсы алған екпесі туралы мәліметтері жоқ. Сіздің ұсынысыңыз. Жауабыңызды негіздеңіз

Есеп 19. Антирабиялық вакцинаның толық курсын алып жүрген адамға сіз қандай режимді ұстануды ұсынасыз.

Есеп 20. Костя Ф., 3 жас 4 айда, жоспарлы егу күнтізбесіне сай мерзімде егілген. Соңғы жылы ЖРВИ-мен 7 рет ауырған. Мектепке дейінгі балалар мекемесіне баруға дайындалып жүр. Осы баланы ары қарай иммунизациялауға ұсыныс беріңіз.

Есеп 21. Бала Петя И. HBs – антигенін тасымалдаушы анасынан туылған.

Тапсырма:

1. Баланы вакцинациялауда педиатр тактикасын көрсетіңіз.

2. Осы бала үшін 2 жасқа дейін егу жоспарын құрастырыңыз.

Есеп 22. Лена П., 1 жыл 9 айлық. 1 жас 7 айлығында желшешекпен ауырған.

Тапсырма:

1. 3 жасқа дейін егу жоспарын құрастырыңыз.

Есеп 23. БалаСергей Н. вакцинация перзентханада жасалмаған. Нәрестелердің патология бөлімінде орталық нерв жүйесінің гипоксиялық зақымдалуы бойынша жатқан. Участкелік педиатр бақылауымен 1 ай 10 күнінде үйге шығарылды.

Тапсырма:

1. Осы балаға стационардан шықпас бұрын қандай егулер жүргізілу керек?

2. Осы бала үшін 1 жасқа дейін егу жоспарын құрастырыңыз.

Есеп 24. Таня Х. 4,5 айлық. АбКДС, ИПВ және гепатита В қарсы 1-ші вакцинация жүргізгеннен кейін екінші күнінде балада АбКДС салған жерде гиперемия, ісіну 4×4 см байқалған және дене қызуы 37,9°С көтерілген.

Тапсырма:

1. Осы балаға ары қарай егулерді жүргізу тактикасын көрсетіңіз.

2. Осы бала үшін 1 жасқа дейін егу жоспарын құрастырыңыз.

Есеп 25. Бала Ольга Н. алдын алу егулері 11 айға дейін жүргізілген. Ары қарайғы егулерден және туберкулинодиагностикадан ата-анасы бас тартқан. Анасы педиатрға баланы балабақшаға рәсімдеу бойынша келген (жасы 3 жыл 2 ай) және алдын алу егулерді жасауға рұқсат берді.

Анамнезден белгілісі, бала қызамық және скарлатинамен ауырған.

Тапсырма:

Осы балаға алдын алу егу күнтізбесін құрастырыңыз.

Сұрақтар:

1. БЦЖ вакцинасының сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.

2. Полиомиелитке қарсы вакцинаның сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.

3. Желшешекке қарсы вакциналардың сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.

4. Қызылша, қызамық, паротитке (ҚҚП) қарсы вакциналардың сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.

5. Ротавирусты инфекцияға қарсы вакциналардың сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.

6. Адамның папиллома вирустарымен (АПВ) шақырылған инфекцияға қарсы вакциналардың сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.

7. Көкжөтелге қарсы (АбКДС) вакцинаның сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.

8. Пневмококктық инфекцияға қарсы вакцинаның сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер. Пневмококктық инфекцияға қарсы вакцинаның сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.

9. Гемофильдік инфекцияға қарсы вакциналардың сипаттамасы (HIB-вакцина). Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.

10. Гепатит В қарсы вакцинаның сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Правовая основа медицинской деятельности по оказанию качественной медицинской помощи | Требования к составу и комплектности изделия.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 986 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2298 - | 1987 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.