СИЛЛАБУС
Пән: Азаматтық істер бойынша процессуалдық құжаттар
Кредит: 1
Семестр: 7
Оқытушы туралы мәлімет (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, офисі т.б.) | Өткізу уақыты және орны | Байланыс ақпараты | ||
Аудиториялық сабақ (лек., прак./ семин., лаб./студ.) | офис-сағаттары ОСӨЖ (ауд.) | тел. | ||
Касенова Айгуль Жумжумановна, з.ғ.к., доцент м.а. | Семинар – 30 сағ. Пәнді өткізу уақыты және орны: Оқу кестесіне сәйкес | - | kassenova.aigul@sdu.edu.kz |
Курстың қысқаша сипаттамасы
«Азаматтық істер бойынша процессуалдық құжаттар» арнайы курсы - оқу жоспарында студенттердің процессуалдық құжаттарды құрастыруға дағдыландыру үшін көзделген маңызды курстардың бірі.
Арнайы курсты оқытудың пәні болып процессуалдық құжаттардың нақты түрлерінің мазмұны және оларды құрастыру тәртібі табылады.
Арнайы курсты оқытудың мақсаты – студенттердің процессуалдық құжат нысаны мен мазмұны жағынан қандай болуы тиістігін ұғынуы.
Аталған курсты оқытудың міндеті - процессуалдық қүжаттарды сауатты құрастыра білу, сондай-ақ құжаттарды тәжірибеде қолдана отырып, жұмыс істей алу.
«Азаматтық істер бойынша процессуалдық құжаттар» арнайы курсын оқу негізінде студент
- азаматтық істер бойынша процессуалдық құжаттардың түсінігін, түрлерін, сот актілері жөнінде, оларды құрастырудың ережелері мен принциптерін біледі;
- әртүрлі процессуалдық құжаттарды құрастырғанда теориялық материалдарды және нормативтік құқықтық актілерді қолдану тәсілдерін меңгереді.
Пән пререквизиттері:
№ | Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар) |
Азаматтық құқық – Азаматтық құқықтың субъектілері; Сенімхат; Мәмілелер; Талап қою мерзімі; Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы; Тапсырма шарты | |
Еңбек құқығы – Еңбек дауларын шешу | |
Отбасылық құқық – Алименттік қатынастар; Ата-ана құқығынан айыру; Бала асырап алу; Қамқоршылық және қорғаншылық | |
Салық құқығы – Мемлекеттік баж | |
Қылмыстық іс жүргізу құқығы – Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап | |
Азаматтық іс жүргізу құқығы – барлық тақырыптары | |
Атқарушылық іс жүргізу - Атқару құжаттары |
Пән постреквизиттері:
азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері, азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен қолданылу тәжірибесі, азаматтық істердің жекелеген санаттарын қараудың ерекшеліктері.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Апталар | Аудиториялық сабақтар | СӨЖ (ОСӨЖ) Тапсырмалар түрлері мен мерзімі | |||
Тақырып аталуы | Дәріс | Прак/ Лабор* | Оқуға арналған тараулар | ||
сағат | сағат | ||||
Процессуалдық құжаттардың түсінігі. Процессуалдық құжаттарды құрастырудың маңызы және принциптері | - | 1. Процессуалдық құжаттардың түсінігі және маңызы. 2. Процессуалдық құжатқа қойылатын талаптар: заңдылық, негізділік, сенімділік және шынайылық; құжаттағы материалдың орналасу қисындылығы және бірізділігі; сауаттылық және мәдениеттілік. Процессуалдық құжаттарды құрастырудың принциптері. 3. Процессуалдық құжаттардың түрлері. | Процессуалдық құжаттардың түсінігі. Процессуалдық құжаттарды құрастырудың маңызы және принциптері. Келесі тақырыптар бойынша реферат жазу: 1. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында құрастырылатын процессуалдық құжаттар 2. Сот актілері. 3. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдары. 4. Сот шешімі. 5. Сырттай шешім. 6. Сот бұйрығы. | ||
Азаматтық істі қозғау кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар | - | 1. Талап қоюдың тәртібі. 2. Талап арыз. Талап арыздың нысаны мен мазмұны. 3. Талап қоюшылық емес іс жүргізудің істері бойынша арыздар (шағымдар) (ерекше талап қою арқылы іс жүргізу; ерекше іс жүргізу; бұйрық арқылы іс жүргізу). Арыздың (шағымның) нысаны мен мазмұны. 4. Сотта азаматтық істі жүргізуге сенімхат. 5. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым. 6. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым. 7. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым. 8. Талап арызды қабылдау және азаматтық істі қозғау туралы ұйғарым. | Азаматтық істі қозғау кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар Келесі құжаттарды құрастыру: Талап арыз. Талап қоюшылық емес іс жүргізудің істері бойынша арыздар (шағымдар) (ерекше талап қою арқылы іс жүргізу; ерекше іс жүргізу; бұйрық арқылы іс жүргізу). Сотта азаматтық істі жүргізуге сенімхат. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым. Талап арызды қабылдау және азаматтық істі қозғау туралы ұйғарым. | ||
3-4 | Істі сотта қарауға әзірлеу кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар | - | 1. Істі сотта қарауға әзірлеудің түсінігі және мәні. 2. Істі сотта қарауға әзірлеу кезінде судья шығаратын процессуалдық құжаттар. 3. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым. 4. Талап арызға пікір (қарсылық). 5. Талапты қамтамасыз ету туралы арыз. Талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарым. 6. Сараптама тағайындау туралы арыз. 7. Сот тапсырмасын жіберу туралы ұйғарым. 8. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арыз. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы ұйғарым. 9. Дәлелдемені талап ету туралы өтінім. Соттың сұратуы. 10. Істі сотта қарауға тағайындау туралы ұйғарым. | Істі сотта қарауға әзірлеу кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар Келесі құжаттарды құрастыру: Істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым. Талап арызға пікір (қарсылық). Талапты қамтамасыз ету туралы арыз. Талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарым. Сараптама тағайындау туралы арыз. Сот тапсырмасын жіберу туралы ұйғарым. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арыз. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы ұйғарым. Дәлелдемені талап ету туралы өтінім. Соттың сұратуы. Істі сотта қарауға тағайындау туралы ұйғарым. | |
4-5 | Істі сотта қарау кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар | - | 1. Сотта қарау: түсінігі, мәні және маңызы. 2. Істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым. Құрастыру тәртібі және мазмұны. 3. Бітімгершілік келісімін бекіту туралы арыз. 4. Қарсылық білдіру туралы арыз. 5. Талап арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым. 6. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым. Құрастыру тәртібі және мазмұны. 7. Сот отырысының хаттамасы, мазмұны және оның маңызы. Сот отырысының хаттамасына ескертпелер. | Істі сотта қарау кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар Келесі құжаттарды құрастыру: Істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым. Құрастыру тәртібі және мазмұны. Бітімгершілік келісімін бекіту туралы арыз. Қарсылық білдіру туралы арыз. Талап арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым. Сот отырысының хаттамасына ескертпелер. | |
6-7 | Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істерді қарау нәтижелері бойынша сотпен құрастырылатын процессуалдық құжаттар | - | 1. Сот актілерінің түсінігі және түрлері (шешім, ұйғарым, сырттай шешім, сот бұйрығы). 2. Шешімдердің түрлері: қысқаша шешім, дәлелді шешім, сырттай шешім, қосымша шешім. Сот шешіміне қойылатын талаптар: заңдылық, негізділік, толықтық, анықтылық, шартсыздық, жазбаша нысан. Шешімнің мазмұны (кіріспе бөлігі, сипаттау бөлігі, дәлелдеу бөлігі, қарар бөлігі), оны құрастыру тәртібі. Сот шешімінің заңды күші. 3. Ақшалай сомаларды өндіру туралы шешім. 4. Мүлікті тағайындау туралы шешім. Қосымша шешім: негіздері және құрастыру тәртібі. 5. Сырттай шешім және оны құрастыру тәртібі. 6. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдары. Ұйғарымның түрлері. Ұйғарымның құрамдас бөліктері (кіріспе, сипаттау, дәлелдеу, қарар). 7. Арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым. 8. Тараптардың бітімгершілік келісімін жасауына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым. 9. Жеке ұйғарым: негіздері және құрастыру тәртібі. 10. Бұйрық арқылы іс жүргізу: түсінігі, мәні, маңызы. Сот бұйрығы: түсінігі, мазмұны және оны құрастыру тәртібі. | Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істерді қарау нәтижелері бойынша сотпен құрастырылатын процессуалдық құжаттар Келесі құжаттарды құрастыру: Ақшалай сомаларды өндіру туралы шешім. Мүлікті тағайындау туралы шешім. Қосымша шешім. Сырттай шешім. Арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым. Тараптардың бітімгершілік келісімін жасауына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым. Жеке ұйғарым. Сот бұйрығы. | |
8-9 | Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар | - | 1. Сот актілеріне апелляциялық шағымданудың (наразылық келтірудің) түсінігі, мәні және маңызы. Апелляциялық шағым беру (наразылық келтіру) құқығы. 2. Апелляциялық шағым (наразылық). Мазмұны және құрастыру тәртібі. 3. Апелляциялық шағымға қарсылық. 4. Іске жаңа дәлелдемелерді тіркеу туралы өтінім. 5. Апелляциялық шағымды (наразылықты) қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым. 6. Апелляциялық сатының апелляциялық шағымды (наразылықты) қайтару туралы ұйғарым. 7. Апелляциялық қаулы және шешім: мазмұны және оны құрастыру тәртібі. 8. Жеке шағым (наразылық): түсінігі, мазмұны және оны құрастыру тәртібі. | Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар Келесі құжаттарды құрастыру: Апелляциялық шағым (наразылық). Апелляциялық шағымға қарсылық. Іске жаңа дәлелдемелерді тіркеу туралы өтінім. Апелляциялық шағымды (наразылықты) қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым. Апелляциялық сатының апелляциялық шағымды (наразылықты) қайтару туралы ұйғарым. Апелляциялық қаулы немесе шешім. 8. Жеке шағым (наразылық). | |
10-11 | Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар | - | 1. Сот актілеріне кассациялық шағымданудың (наразылық келтірудің) түсінігі, мәні және маңызы. Кассациялық шағым беру (наразылық келтіру) құқығы. 2. Кассациялық шағым (наразылық). Мазмұны және құрастыру тәртібі. 3. Кассациялық шағымға қарсылық. 4. Кассациялық шағымды (наразылықты) қайтару туралы ұйғарым. 5. Кассациялық қаулы: мазмұны және оны құрастыру тәртібі. | Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар Келесі құжаттарды құрастыру: Кассациялық шағым (наразылық). Кассациялық шағымға қарсылық. Кассациялық шағымды (наразылықты) қайтару туралы ұйғарым. Кассациялық қаулы. | |
12-13 | Қадағалау сатысындағы сотта іс жүргізу кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар | - | 1. Соттық қадағалаудың түсінігі және мәні. 2. Қадағалау тәртібімен наразылық. Құрастыру тәртібі және мазмұны. 3. Сот актісіне дау айту және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініш: мазмұны және құрастыру тәртібі. 4. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы: нысаны, мазмұны және құрастыру тәртібі. | Қадағалау сатысындағы сотта іс жүргізу кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар Келесі құжаттарды құрастыру: Қадағалау тәртібімен наразылық. Сот актісіне дау айту және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініш. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы. | |
Істі жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар | - | 1. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз. Оны тапсыру тәртібі және мазмұны. 2. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандыру туралы ұйғарым. 3. Шешімді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудан бас тарту туралы ұйғарым. | Істі жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде құрастырылатын процессуалдық құжаттар Келесі құжаттарды құрастыру: Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандыру туралы ұйғарым. Шешімді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудан бас тарту туралы ұйғарым. | ||
Атқару құжаттары. Атқарушылық іс жүргізудің актілері | - | 1. Атқарушылық іс жүргізу актілерінің түсінігі. 2. Атқару парағы. Беру тәртібі және мазмұны. Атқару құжаттарының түрлері және олардың құқықтық маңызы (атқару парағы, сот бұйрығы және т.б.). 3. Сот орындаушысының іс-әрекеттеріне берілетін шағым. Сот орындаушысының іс-әрекеттеріне берілетін шағым бойынша ұйғарым. 4. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы. 5. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы. 6. Атқару құжатын өндіріп алушыға қайтару туралы қаулы. 7. Мүліктің тізімдемесі. | Атқару құжаттары. Атқарушылық іс жүргізудің актілері Келесі құжаттарды құрастыру: Атқару парағы. Сот орындаушысының іс-әрекеттеріне берілетін шағым. Сот орындаушысының іс-әрекеттеріне берілетін шағым бойынша ұйғарым. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы. Атқару құжатын өндіріп алушыға қайтару туралы қаулы. Мүліктердің тізімдемесі. | ||
16-17 | Қорытынды емтихан |