Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ПӘНДІ ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ




Силлабус

 

 

пән Биологиялық статистикаға кіріспе - BS2220

 

мамандығы 5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

 

Курс - екінші Семестр IV
       
Барлығы - 3 кредит (135 сағат)  
       
Дәрістер - 5 сағат  
       
Практикалық сабақтар - 40 сағат  
       
СОБЖӨЖ - 21 сағат  
       
Барлық аудиториялық - 66 сағат  
       
СӨЖ - 69 сағат  
       
Бақылау түрі - Емтихан  

 

 

Алматы, 2014

Силлабус пәнің жұмыс бағдарламасы және типтік оқу бағдарламасы негізінде медициналық биофизика және биостатистика модулінің доценті Аймаханова А.Ш., аға оқытушы Раманқұлова А.А. дайындаған.

 

Силлабус модуль отырысында талқыланған

 

№____хаттама «___»_________2014 ж.

 

Медициналық биофизика және

биостатистика модулінің жетекшісі, доцент ______________________ Байдуллаева Г.Е.


ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

ЖОО аты - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті
Модуль - Медициналық биофизика және биостатистика
Пән - BS2220 «Биологиялық статистикаға кіріспе»
Мамандығы - 5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Оқу сағатының көлемі - 3 кредит (135 сағат)
Курс және оқу семестрі - 2 курс, 4 семестр

Модуль оқытушылары туралы мәліметтер:

Аймаханова Айзат Шалхаровна - доцент
Раманқұлова Алима Абдрамбековна - аға оқытушы
Исмаилова Мадина Маликовна - аға оқытушы
Тулемисова Венера Жанабыльевна - оқытушы
Ахтаева Назгуль Смаилхановна - оқытушы

Байланыс ақпараты:

Медициналық биофизика және биостатистика модулінің мекен жайы: Алматы қ., Богенбай батыр көшесі 151, № 2 оқу корпусы, 2- қабат (оң қанат) тел. 292-69-86.

 

Пәннің саясаты

Студент міндетті:

- дәрістерге, практикалық сабақтарға кешікпей және халатпен келу;

- себепсіз сабақ жібермеу, себепті жағдайда сабақ жібергенде, мысалға, ауырып қалған жағдайда жіберілген сабақтарды өтеуге деканат тарапынан рұқсат алып келу;

- жіберілген сабақтар оқытушы тағайындаған белгілі уақытта өтелуі тиіс;

- практикалық сабақтардың тапсырмалары талапқа сәйкес орындалуы және безендірілуі қажет;

- жұмыстың барлық түрлері тағайындалған мерзімде тапсырылуы керек;

- тағайындалған мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар қарастырылмайды;

- аралық бақылауларды және бақылау жұмыстарын тапсырмағандар, семестр бойы 30 балл (50%) жинамаған студентер диф.сынаққа жіберілмейді.

 

БАҒДАРЛАМА

КІРІСПЕ

Денсаулық сақтау мен клиникалық медицинада клиникалық диагноз, тұрғындардың белгілі бір тобында қандай да бір бағдарламаның мүмкін болатын нәтижелерін болжау, аурудың сырқаттанушылығының ағымын болжау, аурулар үшін емдеу түрін таңдау сияқты мәселелер бойынша шешім қабылдау барысында әртүрлі статистикалық тұжырымдамалар жиі қолданылады. Статистика күнделікті лабораториялық практикада қолданыс табуда.Статистиканы білу қазіргі заманғы медициналық басылымдарды түсіну үшін және оларды сын көзбен бағалай білу үшін де өте маңызды. Сонымен, статистиканың принциптерін білу денсаулық сақтаудағы әртүрлі жағдайлар мен ағымдардың айырмашылықтарын бағалауға арналған зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және талдау үшін, сол сияқты медициналық биология, клиника және денсаулық сақтау салалары бойынша ғылыми зерттеулер орындау үшін тіптен қажет.

Биостатистика – медицина, денсаулық сақтау және эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістерді қолданумен байланысты ғылыми сала. Практикаға дәлелді медицинаның принциптерін ендіру медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері үшін биостатистиканы түсіну қажеттілігінің қаншалықты маңызды екендігін айқындап отыр.

Биостатистика пәні бойынша типтік бағдарламаға медицина-биологиялық статистика теориясының негіздері, статистикалық жорамалдарды тексеру, медицина мен қоғамдық денсаулық сақтаудағы дисперсиялық, регрессиялық, корреляциялық талдаулар негіздері,стандарттау әдісі, тәжірибені жоспарлау және жүргізу негіздері енгізілді.

Теориялық зерттеулерде болсын, сол сияқты қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушысының практикалық қызметінде болсын, медициналық және биологиялық деректерді статистикалық талдау мәдениетін жоғарылату қажеттілігінің туындауы, ең алдымен, деректерді бейнелеу мен жүйелеу мәселелерін компьютерлік құралдармен іске асырудың заманауи жетістіктерімен түсіндіріледі.

Студентке SAS,SPSS статистикалық кәсіптік, Statisticа әмбебап қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана білу және алынған нәтижелерді дәл түсіндіре білу ерекше маңызды.

ПӘН МАҚСАТЫ

Ø Биостатистиканың теориялық негіздерін қалыптастыру.

Ø Статистикалық өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Ø Студенттерде қолданбалы есептерде математикалық талдау жасай білу іскерлігін қалыптастыру.

Ø Кәсіптік әдебиеттермен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

Ø Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру.

 

ПӘНДІ ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ

Ø биологиялық және медициналық деректерді өңдеудің қазіргі заманғы статистикалық әдістері жөнінде білім негіздерін қалыптастыру;

Ø биологиялық және медициналық деректерді өңдеу үшін қазіргі заманғы статистикалық әдістерді қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 423 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2357 - | 2221 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.